Қызылсая орта мектебі «Бір шаңырақтың астында»



Дата17.06.2018
өлшемі0,55 Mb.
#42576
Қызылсая орта мектебі

«Бір шаңырақтың астында»

Тақырыбы:

Менің Қазақстаным- менің болашағым

Сыныптан тыс іс-шара

Орындаған:

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Мақсаты:

  1. Патриотизм сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әрбір оқушылардың санасында мемлекеттік нышандарын мән –маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Оқушылардың сұрақтар арқылы ой-өрісін, ойлау қабілетін белсендірілігін арттыру. Тарихи дүниетанымын арттыру.

  3. Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Сендерді бүгінгі білім күні мерекесімен, жаңа оқу жылдарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз! Бүгінгі тәрбие сағаты Қазақстан Республиксының Ата заңы мерекесіне арналады. Кең байтақ Қазақстаным алтын Орда

Аңсаған еркіндікті алдық қолға,

көтеріп Республика шаңырағын.

Түстің сен егемендік, сара жолға.

ҚР халқы соңғы 5-ғасырда , 300-ге жуық озаттық көтерілістерді бастап кешірді. Оның ішінде, 1986 жылы желтоқсан оқиғасы егемендік үшін күрестің соңғы нүктесі болды. Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл философ А.Байтұрсынов армандаған: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздіктерге күш беретін – өнер, білім, сол өнерге , білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астына жаншылмас едік, біз де өз алдымызда бір жұрт екендігімізді білер едік»- деген егемендікке қазақ халқы екі жарым ғасыр үздіксіз күресу арқылы жетті.

Сауал: - Қазақстан Республикасы қай жылы өз егемендігін алды?

Жауап: - 1991 жылы 16 желтоқсанда.

Сауал: - осы 10 жылдан астам уақытта елімізде қандай тарихи , мәдени, саяси өзгерістер болды?



  • Дұрыс айтыңдар, ұмтылуға айналған салт-дәстүріміз жаңғырып, тілімізмемлекеттік мәртебе алды, Ата Заңымыз қабылданды.

Сауал: - Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?

Жауап: - 1995 жылы 30 тамызда.



Конституция – мемлекеттің негізгі заңы.

  1. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР-нің бірінші Конституциясы қабылданды.

  2. 1995 жылы 30 тамызда екінші рет өткізілген референдум қорытындысына сәйкес, қазіргі қолданылып жүрген Конституция қабылданды.



  • Балалар мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?

  • Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

Оқушыларды мектеп көлеміндегі міндеттері және құқықтарымен таныстыру.

Қорытынды сөз: Құрметті оқушылар! Қазақстанның қандай болмағы, оның әлемде қандай орын алмағы тек сіз бен бізге байланысты. Біздің ісіміздің таразысы – тарих!





Қызылсая орта мектебі

Тақырыбы:

Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым- Желтоқсан.

Сыныптан тыс іс-шара

Орындаған 3-сынып мұғалімі Каербекова Ляззат Тасымқызы

Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүрсілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 16- желтоқсанына арналған тәрбие сағатына өткізбекпіз. 1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы қыста Қазақ елінің азаттық көктемі үшін солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұл қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емеспіз.

1986 жылы 16 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! Деген тілек білдіреді. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейрімсіз пішіндер. Одан кейін темір киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы. Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйрелген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбала. Шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күні

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты .

Өтірік жала өктем күн

Надан жасалған сұмдықтан .

Адамдар азап шеккен күн.


Жас арудың ажанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табаныңда –Желтоқсан

Қаһарлы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.


Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.


Намысымның шырағы да Желтоқсан

Сұрқай өмір сынады да Желтоқсан

Жігіттіктің ұраны да Желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан.


Желтоқсан – заман, талғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күндік наланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ляззат пенен Сабира,

Құрбаны болған жаланың .


Түн. Кәдімгі милиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып, соғып өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген , оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Қайрат: Шаңғырдым да шындықты

Шындықты айтым жаңғырдым

Кете бардым жетегінде тағдырдың

Бірге өткізген студенттік шақтарды,

Хош аман бол

Оралам ба жан құрбым!

Ол әділдіктің шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша, қазақшаға бірдей, өте сауатты , өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттың қорыққан Колбин мен оның қол шоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарылды.


Өкінішке орай , 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.
Өлең «Желтоқсанның желі»
Желкеге тиді сілтеген күрек қамшылар

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар.

Жастарға шашқан мұз судан , мұз шашырап

Ауылда жатқан мағанда тиді тамшылар.


Желтоқсан- қозғалысына қатысқандардың бірі – Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты стедент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып емханаға түседі де екінші күні қайтыс болды. Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдерді алып барады. . Ата-анасы баласын жылап жүріп жерлейді.
Иттерін қосып жендеттер есер қабағын.

Ай-ару қыз қарындастарымызды талаған.

Құрбаны болып әміршіл өктем жүйенің

«Нашақор» болып сотталып кетті –ау сан адам.


Осыдан 20 жыл бұрын сонау 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанның да ұлт намысын жыртып, алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ляззат Асанова да болып еді. Чайковский атындағы музыка училищесінің 2 курс студенті , қаршадай елік қыз қарауылықтың құрбаны айналарын сол сәт білмеген де болар. Ар – ожданы озбырлықтың табанына тапталып, жас жүрегі зұлымдықтан жапа шеккен Ляззаттың қазасына әлі күнге жұмбақ. Мезгілінен бұрын салған қызғалдақ ғұмырдың обал-сауабы кімнің мойнында? Мұны анықтау болашақтың еншісі.
Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қарақөз қазақ қыздарын.

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегізжылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы пед училищесінің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 22 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы ЦУМ маңайына жиналған. Бұл жерге жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, өздерінің ізгі тілек ниетін білдіруге барған. 26 желтоқсан күні өткен жиналыста анасымен бірге барған Сабираны айыптап, бар кінәні оған үйіп-төгіп, сөккен, қатқыл сөздер айтып, тіртіпсіз деп бағаланған. Мұның бәрі Сабираның ашу-ызасын тудырды. Сөйтіп, албырт жас жатахананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секірді.

Қасқалдақ ұшып көлінен.

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен.

Қарғалар билік алған күн.

Адал мен арсыз аярды.

Айырып халық ұққан күн

Саф алтындар бәз баяғы,

Сары жез болып шыққан күн.
Желтоқсан оқиғасының құрбанына айналған, қыршын кеткен жастарды және осы күнге дейін оның ызғарынан жан азабын тартып жүргендерді құрметтеп, осы залда отырған азаматтардан бір минут үнсіз орындарынан тұруын сұраймыз.
Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық.

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің енсесін

Жаншыды – ау жанын батпан күн.


Барлығы: Енді қайтып келмесін, сол бір қарғыс атқан күн!
Әнұранды орындау.
Шығармаларын оқыту.



Қызылсая орта мектебі

Тақырыбы:

Отаным – бақыт ордасы.

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Отаным- бақыт ордасы

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды ұлтжандыққа , инабаттылыққа , адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: ҚР картасы , Әнұран, Көкбайрақ. Елтаңбасы, нақыл сөздер.

Барысы: Кіріспе сөз.

Еліміз басынан сан қилы тарих өткізді. ХҮғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Жоңғар қалмақтары түтқиылдан шабуыл жасап, қалын жұртты қан жылатты. 1923-1933 жылдары адам айтқызсыз ашаршылықта 6 миллиондай халықтың 22 миллионы опат болды. 1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ батырларының ерлік істері ерекше еді. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы дауға айналды. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып дүние жүзіне танылды. 120- дан астам ұлт өкілдері бар, егіні теңіздей толқыған , төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекеде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, қызғыш құстай қорғауын керек.

Хормен орындау: Әнұран «Менің Қазақстаным» ту және Елтаңбаға тоқталу.

Хормен оқу. Қазақстан Елтаңбасымен еңселі Туымен тұғырлы Әнұранымен айбатты.

«Ой-шақыру» Сұрақтар



  • Отан деген не?

  • Отанымыз қай ел?

  • Қазақстандағы мемлекеттік тіл, қай тіл?

  • Тіл жайлы не білесің?

  • Тіл заңы қашан қабылданды?

  • Рәміздерге нелер жатады?

  • Ата заңымыз қашан қабылданды?

Көп ауызынан түспейтін

Отан деген немене

Оның тұлға түс кейпін

Достым білгің келе ме?

Отан - сенің ата-анаң

Отан- досың бауырың

Отан – өлкең, астанаң

Отан- аудан ауылдың.

Топтастыру:

Оқушылар тақтаға жазады

Отан, ата, ана, дос, бауыр, өлке, аудан, атамекен, қалалар, астана, рәміз, ата заң, туған ел, тіл, тарих, елбасы.

Ойын: «Қай қатар көп біледі?» /мақал-мәтелден жарыс ұйымдастыру/ Отан, туған жер туралы.



Қорыту: Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Каталог: 786A2AD6B999ECC7
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақ жоспары: Сөз тапқанға Ойлан тап Сен білесің бе? Білімділер
786A2AD6B999ECC7 -> “Жас қалам” мектеп газетінің презентациясы Жалпы мәліметтер
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақтың тақырыбы: "Қозы Көрпеш Баян сұлу" Сабақтың мақсаты: "Қозы Көрпеш Баян сұлу"
786A2AD6B999ECC7 -> Диплом бойынша: тарих және құқық Бітірген оқу орны: Алматы қыздар педагогикалық институты Бітірген жылы: 1987 жыл
786A2AD6B999ECC7 -> Диплом бойынша: тарих және құқық Бітірген оқу орны: Алматы қыздар педагогикалық институты Бітірген жылы: 1987 жыл
786A2AD6B999ECC7 -> Қызылсая орта мектебінің 2015-2016 оку жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы
786A2AD6B999ECC7 -> Шегиров Аюбай Шегірұлы
786A2AD6B999ECC7 -> Наурыз мейрамы- Қызылсая ауылында
786A2AD6B999ECC7 -> Білімі: Жоғары. Бітірген оқу орындары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет