Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебі



Дата09.08.2017
өлшемі75,49 Kb.
#23241
Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна

Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
«Орыс мектептеріндегі қазақ тілін

дидактикалық құралдар арқылы оқыту жолдары»
Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып, алған білімін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде, ізгі мінез-құлық , биік адамгершілік, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің атқаратын міндеті мол, орны ерекше. Сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүр мен ұштастыра білуге, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істетіп, біліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты.

Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу- мұғалімнің басты мақсаты болмақ . Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы- сабақ процесінде дидактикалық құралдарды пайдалану. Әр сабақта дидактикалық құралдарды орнымен қолдану арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта- ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін дидактикалық құралдар арқылы оқытуы мұғалімдердің шығармашылық ізденісін, методика жаңашылықтарына сергектікті, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.Оқытудың сөз болып отырған әдісі Я. А.Коменский мен К.Д.Ушинский сияқты ұлы педагогтер кезінде жоғары бағалаған. Дидактикалық құралдарды пайдалану арқылы балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құралатынын, нақтыдан дерексізге, түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделгенін айтады. «Дидактикалық құралдарды пайдаланып оқытудағы басты мақсат, - деп жазды К.Д. Ушинский, - байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзініңбайқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық қорытындылар шығаруға үйрену болып табылады, »- деді.

Дидактиканың негізігі принциптерінің бірі- көрнекілік-құралдар ақылы оқыту. Әсіресе қазақ тілі сабағында көрнекілікті пайдаланудың маңызы ерекше. Сабақта қолданылатын көрнекілік тілдік ұғымдарды(материалдарды) түсіндіруді жеңілдететінің, көрнекілік арқылы түсіндірілген тақырып оқушының ойында берік сақталатынын, оқушының елестету қабілетінің дамитынын, теориялық білімінің практикамен байланысын нығайтатынын көреміз.

Оқушылардыі ана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген методикалық жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс те сабақ көрнекілігі. Көрнекілік сабақтың кез келген бөлімінде (жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қайталау кезеңдерінде) қолдана беруге болады. Теориялық білім мен практикалық дағды алуда мұғалім сөзі мен көрнекіліктің бір-бірімен қабысып жатуы оқыту жұмысындағы негізгі мәселелердің бірі болып саналады.

Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық құралдардың тағы бір негізгі түрі – оқытудың техника құралдары. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын пайдалануы-оқушылардың қызығушылығын, білімін арттырады.Қазақ тілі сабақтар барысында менімен келесі оқытудың техника құралдарының түрлерін қолданамын.

Оқытудың техника құралдарын пайдаланудың негізгі ережесі- оның сабақ барысында көптігі емес, ал тиімді, сабақ тақырыбы мен мақсатына байланысты болуы қажет. Сол ережеге менде ұстанамын.

Сонымен, орыс мектептердегі қазақ тілін дидактикалық құралдарды жиі пайдалануы мұғалімнің сабақтағы уақытын үнемдеуге көп пайдасын тигізеді және ондай сабақтар оқушы санасында берік сақталады деп есептеймін.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі- көрнекілік – құралдарды пайдалану жолдары болып отыр.Көрнекілі-құралдарды сабақ барысында пайдалану ерекшілігі- оқушылардың байқау-көру, есту қабілеттеріндамытады. Көрнекілік мұғалімдердің көп шығармашылық ізденісін, методика жаңашылығына сергектікті, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдаоана білуді талап етеді. Мұның өзі сабақ көрнекілігіне жеңіл-желпі қарауға болмайтынын байқатады.

Оқытудың көрнекілігі дидактиканың негізгі принциптерінің бірі екені мәлім. Әсіресе қазақ тілі сабағында көрнекілікті пайдаланудың маңызы ерекше. Сабақта қолданылатын көрнекілік тілдік ұғымдарды(материалдарды) түсіндіруді жеңілдететінін, көрнекілік арқылы түсіндірілген тақырып оқушының ойында берік сақталатынын, оқушының елестету қабілетінің дамитынын, теориялық білімінің практикамен байланысын нығайтатынын көреміз.

Оқушылардың ана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген методикалық жұмыстардың нәтежесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс те сабақ көрнекілігі. Көрнекілік сабақтың кез келген бөлімінде (жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, шығармашылық, қайталау кезеңдерінде) қолдана беруге болады. Теориялық білім практикалық дағды алуда мұғалім сөзі мен көрнекіліктің бір-бірімен қабысып жатуы оқыту жұмысындағы негізгі мәселелердің бірі болып саналады.

Қазақ тілі сабағында қолданылатың көрнекі- құралдардыі түрі көп. Әсіресе кодоскоп арқылы түрлі таблица, ребус,суреттер т.б. көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіруге, қайталауға, бекітуге болады. Мысалы: бір оқушы тақтаға : «Әлия 1944 жылы ерлікпен қаза тапты», - деген сөйлем жазғанда, кодоскоптан Әлия суреті, соңынан Балтық жағалауы майданы картасының схемасы, Әлияның жаумен соғыста қаза тапқан жері көрсетіледі.

Күйтабақтан «Әлия»әнін тыңдатуға болады. Оқушылар әнді тыңдай отырып, жазып алған мақал-мәтелдерін сөйлем мүшесіне қарай талдайды. Әдебиет сабағында да түрлі тақырыптарға салынған суреттерді көрсету арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ойлау қабілетін байқаймыз.

Ал ойын барысында көрнекілік-құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастырады. А. С. Макаренко айтқандай: «Тәрбиенің негізгі жолы- ойын . Оқушылардың өмңрңнде ойындар ең үлкен мақсат ойнайды. Ол ойында қандай болса, өскесің жұмыстада сондай болады. Ойын оқушыларға қуаныш береді. Сол себептен сіздер мұғалңмдер сабақ барысында ойнау керексіздер. Мен өзім жас болған жоқпын, бірақ сабақ барысында оқушылармен ойнадым»,- деді.

Сол себептен мен сабақ барысында ойыдарды қолданамын.Сол ойындар барысында менімен әр түрлі көрнекі-құралдар пайдаланамын. Мысалы: 1 кластарда сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаланамын.

«Шашылған дыбыстар»- бұл ойында 1-ші класс оқушылары дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда ұстап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға пайдаланамын.

«Кім жылдам?»- бұл ойынды 1-ші мен 2-ші класс оқушыларымен қайталау сабақтарыенда ойнауға болады. Мұғалім дөңгелек көтереді, ал оқушылар «дөңгелек» сөзін айтады.

Мысалы:



мұғалім

оқушылар




Күн

Ай

Доп





Кітап


Терезе

Дәптер



Бұл ойын оқушылардың тіл дамытуға, дүние танымын кеңейтуге жәрмендеседі.

«Кім көп біледі?» - бұл ойын балалардың адамдардың мамандығына байланысты қандай қимыл-әрекет жасайтынын білуге, шапшаң ойлауға, сөздік қорын байытуға тәрбиелейді. Ойын ережесі- мұғалім мамандық сөзінің мағынасын түсіндіреді, «дәрігер» сөзін айтса, олар емдейді,қарайды, укол салады, ал «мұғалім» -оқытады, тәрбиелейді т.б.

«Жануарларды шақыру»ойынын ойнауға болады, бұл ойында жануарлардың атын атап немесе оларды шақыратын сөздерді айту.

Мысалы: мұғалім оқушылар

Сиыр мауқым-мауқым

Жылқы қырау-қырау

Ешкі шуре-шуре

Ит мә-мә

«Қасқырдан құтқарайық» -бұл ойынды ойнау үшін тақтаға орманда жайылып жүрген аңдар мен малдардың суретін іліп, соның келесі жағындағы сөздерді оқу. Бұнда Жануарлар қалай дыбыстайды?»ойының қатар ойнауға болады.

Сөйтіп, барлық ойын барысында оқушылардың қызғушылығын арттыру үшін әр түрлі көрнекі- құралдар пайдаланамын.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Мен қазақ тілі сабақтарында көрнекі-құралдардан басқа ТСО құралдарын үнемі қолданамын. Дидактика құралдарының пайдалану себебі – олар оқушылардың қызығушылығын, алған білімдерін әр қарай арттырады, тереңдетеді.Сол себептен менімен қазақ тңлң сабақтарында келесі ТСО құралдарын қолданамын.

Мысалы: магнитофонды дыбыстарды немесе жаңа сөздерді қайталаған кезде Х. Досмағамбетов бағдарламасы бойынша қайталаймын. Немесе 5 кластарда Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін түсіндірген кезде үнтаспадан немесе лингафон кабинетінде шығарманы тыңдап, талдайды.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаған кезде немесе сабақты бекіткен кезде қазақ тілі сабақтарында теледидарды қолдануға болады. Жоғарыда аталып кеткен басқа оқытудың техника құралдарының түрлерін қазақ тілі пәнінің ережелерін оқығанда пайдалануға болады.

Мысалы: 3 класта өтетін «Қазақстан табиғаты» тақырыбы бойынша видио құралдарын үй жұмысын тексерген кезіңде қолдануға болады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау кезіңде теледидарды қолданамын. Мысалы: - Балалар, біз теледидардан нені тамашалап отырмыз? (табиғаты). Немесе 4 кластарда «Жануарлар» тақырыбы бойынша жануарлар туралы, қайда мекендейтін, немен қоректенетің оқушылар өздері теледидардан көріп, танысады.Сосың барлық сөздік қорын пайдаланып, Жануар туралы өз түсініген айтып береді.

Оқытудың техника құралдарын сабақтарда қолдану арқылы оқкшылар берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындайдады.

Сонымен, орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында қандай көрнекілік-құралдарды, оқытудың техника құралдарды пайдалануға болатын мәселені жоғарыда тоқталып ,айтып кеттім.

Дидактика құралдарды мектептерде сабақ барысында мұғаліммен қолдану себебі, жас бүлдіршіндерді білімге, ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін қолданылады.

Бұл жұмыста менімен К.Д.Ушинский, Я.А.Коменский және Амоношвили сияқты ұлы педагогтердің пікірлеріне сүйеніп проблеманы қозғадым.. Мен бұл мәнжазбада теория жағын ғана қозғап қоймай, өз тәжірибемді қолданып,берген ашық және күнделікті сабақтарымда, қызықты дидактикалық құралдарын қалай пайдалатының туралы мысалдар келтірдім.

Мұғалімдерге өз сабақтарында дидактика құралдарын орнымен қолдану қажет екенің ұмытпау керегін айтып кеттім. Себебі сабақ барысында көрнекі-құралдар немесе оқытудың техника құралдары көп болып кетсе, балалар оларға қызығып, сабақтың мақсаты мен тақырыбы орындалмай қалады.Бұл мәнжазбаны оқу процесінде әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.


Па й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р

  1. С. Қазбаева, С. Рахметова «Қазақ тілі оқыту методикасы» Алматы 1991 жыл.

  2. Ә. Әбілқайыр «Қазақ тілі оқыту методикасы» Алматы 1995 жыл.

3. Ә. Исабаев «Қазақ тілін оқыту дидактикалық

негіздері» Алматы 1995 жылы.

4. Б. Құлмағамбетова «Қазақ тілі оқыту методикасы»

Алматы 2000 жыл.

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде»

журналы 1-5 номерлері 2002 жылы.



6. «Бастауыш мектеп» журналы 1-7 номерлері 2004

жыл.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет