Үй жұмысын тексеру



Дата25.06.2017
өлшемі15,18 Kb.
#20034
  • 12.10.2010ж.

Сабақтың мақсаты:

  • Есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру.
  • Оқушыларға Есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, олардың білімдерін дамыту.
  • Оқушыларды шапшаңдылыққа, ептілікке, бірін –бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

  • Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
  • Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
  • Көрнекілігі : Суреттер, слайд, буклет.
  • Құрал –жабдықтар: Электронды есептеуіш машиналары.
  • Әдіс –тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, тест тапсырмалары.

Үй жұмысын тексеру:

  • 1Сигнал дегеніміз не?
  • 2.Сигналдар нешеге бөлінеді? Ата.
  • 3.Файл дегеніміз не?
  • 4.Ақпарат қай тілден аударылған ?
  • 5.Ақпарат деген не?
  • 6.Ақпарат жеткізу құрылғылары?
  • 7.1 байт неге тең?
  • 8.Есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен қалай аталады? (бит)
  • 9.1 Кбай –та қанша байт бар? (1024 байт)
  • 10. Есептеу техникасында қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін 8 разрядты екілік санды ..... Деп атайды?(байт)

Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап санап есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалар мен, ағаш таяқшалрды жасалға кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді

  • Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап санап есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалар мен, ағаш таяқшалрды жасалға кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді
  • Жаңа сабақ

Ең ерте замаңғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытың осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет , тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін.бұл санау құралын Гректермен Батыс Еуропалықтар «абак», Қытайлықтар «суанпан», Жапондықтар «серобян», ал Ресейде «есепшот» деп атаған.

  • «Паскаль машинасы» (1642)
  • 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деп атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
  • Лейбниц машинасы
  • 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскалдың идеясы дамытып , өзінің механикалық есептеу машинасын арифометрді құрастырды. Дөңгелектің орнында мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Арифмометр қазір оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.
  • Аналитикалық машина Ч. Бэббидж (1833)
  • Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Ч. Бэббидж еді, сондықтан оны көптеген адамдар қазіргі компьтердің атасы деп атайды. 1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарыллатын «Аналитикалық машина»жобасын жасады. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Ч. Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бағдарламаушы деп саналады .
  • «Марк-I» (1944)
  • Құрастырушы – Говард Айкен (1900-1973)
  • АҚШ-тағы алғашқы автоматты компьютер:
    • ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна
    • 75 000 электронды шам
    • 3000 механикалық реле
    • көбейту – 3 секунд, бөлу – 12 секунд
  • Компьютер буындары
  • I буын (1940 - 1955)
    • электронды-вакуумды шамдар
  • II буын (1955 - 1965)
    • транзисторлар
  • III буын (1965 - 1980)
    • интегралды микросхемалар
  • IV буын (1980 - …)
  • ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1955)
  • электронды шамдармен жұмыс істеді
  • есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция
  • әр машинаның өз тілі болды
  • операциялық жүйелер болған жоқ
  • енгізу және шығару: перфоленталар,перфокарталар, магнитті таспалар
  • ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965)
  • жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар (1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли)
  • жылдамдығы секундына 10-200 мың операция
  • алғашқы операциялық жүйелер
  • алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)
  • мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер.
  • ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980)
  • интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби)
  • есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін
  • жедел жад – жүздеген мың байт
  • операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару
  • программалау тілдері Бэйсик (1965), Паскаль (1970, Н. Вирт), Си (1972, Д. Ритчи)
  • программалар үйлесімділігі
  • ЭЕМ-нің төртінші буыны (1980-…)
  • үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан
  • (ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлер
  • дербес компьютерлер
  • қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі
  • әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары
  • оперативті жад – бірнеше гигабайт
  • көппроцессорлық жүйе
  • компьютерлік желілер
  • мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)
  • Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ.
  • Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ – ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды ин - теллект» ЭЕМ – дері болуы керек. Бұл идея толғымен іске асқанда, ЭЕМ – ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
  • V буын
  • Мультимедиа құрылғылары
  • CD/DVD диск жетегі
  • Видеокарта
  • TV-тюнер
  • Дыбыстық карта
  • Дыбыс колонкалары
  • Құлаққап
  • Джойстик
  • Руль
  • Виртуалды нақтылық дулығасы
  • Геймпад
  • Микрофон
  • Қазіргі заманғы сандық техника
  • Ноутбук
  • ҚДК – қалталық дербес компьютер
  • MP3-плеер
  • GPS-навигатор
  • Мультимедиялық проектор
  • Сандық фотоаппарат
  • Сандық видеокамера
  • 1. Паскаль машинасын кім жасады, қай жылы ?
  • А) Блез Паскаль 1642 жылы
  • В) Джон Непер 1761 жылы
  • С ) Исаак Ньютон 1660 жылы
  • 2. Арифмометрді кім құрастырды ?
  • А) Чебышев
  • В)Лейбенц
  • С ) Ада Лавлейс
  • 3. Холерит машинасын кім құрастырды ?
  • А) Ада Лавлейс
  • В) Блез Паскаль
  • С ) Герман Холерит
  • 4. Бірінші электронды – есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы
  • жасалды?
  • А) ENIAC деп аталды, 1946 жылы
  • В) Паскаль машинасы деп,1642 жылы
  • С ) Холерит машинасы деп, 1880 жылы
  • 5. «Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?
  • А) механикалық
  • В) электронды
  • С ) релелік және механикалық
  • 6. Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?
  • А)1947-1948 жылдары
  • В)1952-1953 жылдары
  • С )1960 жылы
  • 7. ЭЕМ – нің неше буындары бар?
  • А) бес
  • В) төрт
  • С ) үшеу
  • 8. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
  • А) IV буынға
  • В) V буынға
  • С )II буынға
  • Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты оқу, дәптерге керекті мәлімет жазу және 3-4 тапсырманы орындау.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет