Жаңа достар Ғабит Мүсірепов “Қазақ солдаты” романынан үзінді



Дата12.03.2018
өлшемі10,88 Kb.
#39097
  • Сабақтың тақырыбы :
  • Жаңа достар
  • Ғабит Мүсірепов
  • “Қазақ солдаты” романынан үзінді
  • Сабақтың мақсаты:
  • “Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек!”
  • Зейнолла Қабдолов
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • 1. Ғ.Мүсірепов кім?
  • 2. Ғ.Мүсірепов қай жерде дүниеге келді?
  • 3. Ғ.Мүсіреповтің сүйсініп тыңдап, жатқа айтқан жырлары?
  • 4. Ғ.Мүсіреповтің қандай пьесалары бар?
  • 5. Ірі романдарын ата.
  • 6. Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармаларымен таныстық?
  • 7. Үзінді қандай романнан алынған?
  • 8. Шығарма оқиғасы қай жерде болған?
  • 9. Кейіпкерлері кімдер? Кімнің өмір жолы баяндалады?
  • Мұғалімнің қосымша мәліметі (түсіндірме күнделігі)
  • “Қазақ солдаты” романы – КСРО мен Германия соғысы жылдарын бейнелейтін, жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін тарихи шығарма.
  • Романнан алынған үзіндідегі оқиға Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) болған.
  • Атырау облысының картасы
  • Шығармадағы басты кейіпкер – Қайрош (Қайырғали Смағұлов) - өмірде болған адам.
  • Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ.Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралады. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретіңде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды.
  • Шығармашылық жұмыс
  • (Қай кейіпкердің сөзі екенін табу)
  • -О, қасқаңның жатысын-ай!...
  • Мен әлі өліп көрген жоқпын! – дедім тайынғым келмей.
  • “Анау ағасы, мынау інісі екен...” деген ойдың келуі-ақ мұң екен, Айдаш есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым.
  • - Атың ат емес екен... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ...
  • - Өзі орысша- қазақшаға судай!
  • - Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес.
  • - Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді, - деді Шегенге риза көзбен қарап.
  • - Е, сен қалай қаштың “дегдом” қуғанда?
  • - Шпана, бұзақылардың бірі болып жүре ме деп, жоламап едік. Ондайлар да болады. Олар бізге жолдас емес.
  • - Алтын жатса – алмаймыз.
  • Әдеби-теориялық ұғым
  • I . Шығармадағы тілдің көркемдегіш құралдарын талдау:
  • 1. Сөйлемдердегі фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
  • - Ар жағын білмеймін, тас болып қатып қалсам керек.
  • - Мен жасқанбауға бел байладым.
  • - Ересек бала бір қозғалыспен көз ілестірмей, шолақ шалбарды сырғытып, жерге түсірді.
  • 2. Шығармадағы мына сөздер тілдің қандай көркемдегіш құралына жатады:
  • 3. Портрет дегеніміз не? Шығармада кімдердің портреттері суреттелген, тауып оқыңыз.
  • 4. Кейіптеу дегеніміз не? Шығармадан кейіптеуді тауып оқы.
  • 5. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі
  • пейзаж деп аталады.
  • Кейіпкерлерге талдау
  • Балалар қандай жағдайда танысты?
  • Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарады деп ойлайсың?
  • Оған қандай қамқорлық жасады?
  • Шегеннің үш түрлі өсиеті.
  • Кейіпкерлерге мінездеме беру
  • (дәптермен жұмыс)
  • Шеген
  • Қайрош
  • Бораш
  • Ой түю.
  • Осы үш баланың арасында қандай қарым-қатынас пайда болды?
  • Достық
  • Қорытынды:
  • - Сабақта қандай шығарманы талдадық?
  • - Кімнің шығармасы?
  • - Кейіпкерлер бейнесінен (Шеген, Бораш, Қайрош) өзіңе қандай үлгі алдың?
  • Үйге тапсырма: “Менің достарым” тақырыбына шығарма жазу

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет