Жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері Куангалиева Муслима Есенбулатовна



Дата02.10.2019
өлшемі85,5 Kb.
#49112
Байланысты:
Жаңа әдіс

Жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Куангалиева Муслима Есенбулатовна

I- санатты, III - деңгей бойынша сертификатталған ағылшын

тілі пәнінің мұғалімі.

БҚО, Жәнібек ауданы, ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектебі

muslima_ke@mail.ru

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолддауында « Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай қазіргі заманғы білім жүйесі қажет» дегені мәлім.Сондықтан да күннен –күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік,қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының артуы білім беру сапасының мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болуда. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті- білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе,қазіргі міндет-ойы ұшқыр,шығармашылық қабілеті жоғары,өмірге икемді, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке қабілетін дамытуда,дарынын ашуда және қоғамдық белсенді іс-әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс-әрекеті мен озық тәжірибесі,қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.Ол үшін оқыту әдісіне жаңа әдіс-тәсілдер дайындап, тәжірибеге енгізуге тиіспіз. Өйткені мұғалім дамымай,оқушы дамымайды, ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай оқушы мен мұғалімнің сапасын арттыру мүмкін емес.Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктіліксол білімді іске асыра білу дағдысы»деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің ең басты міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсаттарда мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып табылады. Бұл міндеттерді орындау үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қоса алатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін, бала жанының бағбаны – мұғалімдер ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, беделді, жаңашыл болуы, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін үнемі толықтырып отыруы керек. Қазір өркениетке апаратын құрал тек қана – білім.

Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.Бүгінгі күні білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады.Белсенді әрекеттер арқылы шәкірт білімді өз бетімен меңгереді. Қазіргі біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі мұғалімнің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды шебер меңгеруді талап етеді.Сол себепті, мен де жаңашылдыққа бетбұрыс жасап,Кембридж бағдарламасы бойынша біілім алуды мақсат етіп,Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сәйкес оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеріп,қазіргі таңда жаңа көзқарас,тың идеямен өз мектебімде жұмыс жасап жатырмын.


Бағдарлама модульдері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен теория жүзінде таныса отырып оқушылардың қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктерді білдім. Іске тартылған педагогикалық тетіктер: оқыту негізін түсіну, өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдіс-тәсілдерін таңдау,

жүйелі ойлауға үйрету, оқушылардың шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру,

тілді,есептеуді жақсы көру,

сандық технологиялар саласындағы құзіреттілік.

(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 32-бет)

Қазіргі таңда осындай бағытта, яғни бағдарлама мазмұнына сай жеті модульді өз сабақтарымда ықпалдастыра отырып, жұмыстанудамын. Сабақтарымның сәтті шығуы үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру бағытында, сабақтарымды әр түрлі тренингтер арқылы бастаймын, одан әрі оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдермен шағын топтарға бөлудің өзі оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Оқушылар, әсіресе төмен деңгейлі оқушылар да топтық жұмыс кезінде сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздеріне деген сенімділіктері орнайтынын байқап жүрмін. Топтық жұмыс барысында олар үнсіз отыруға, қалыс қалуға болмайтынын түсініп, өз-өздерін реттей бастады. Оқушылар жұптасып, топтасып ойланады, ой бөліседі, пікір алмасады, талқылайды. Топтық жұмыстар кейбір сыныптардағы төмен деңгейлі оқушыларыма да жақсы әсер етуде. Олар бұрынғыдай берілген тапсырмаларға енжар қарамай, сабаққа деген ынталары артып, белсене араласатын болды. Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдің бірі «сыни ойлауға үйрету» басқа модульдермен тығыз байланысты. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін үйренеді, яғни метатаным пайда болады,өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.Оқушы өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға үйренеді. Менің әрбір сабағым диалогтан тұрады. Себебі ағылшын тілі сабағы болғандықтан оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға көп мән беремін. Оқушылар өз ойларын ашық айтып,пікірталас туғызады.Жаңа сабақты өз беттерімен меңгере алады, төмен деңгейлі оқушылардың өздері де тым болмағанда постермен жұмыс барысында,сызба сызуда көмектескен кездері болды.Оқушылар диалог әдісін қолдану арқылы білімді бірлесіп құру,талқылау,түсіну арқылы білімдерін жетілдіреді Сабақ барысында оқушыларға көптеген сұрақтар қоюға болады.Сұрақ арқылы оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.Осы арқылы оқушы:

-еркін ойлауға мүмкіндік алады

-ақыл-ойын дамытады

-шығармашылық белсенділігі артады

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді

-тіл байлығы жетіледі

-жан-жақты ізденеді

-өз ойын ашық жеткізеді

Мысалы 6-сыныпта өткен «What do you know about the history of the USA»? тақырыбындағы сабағымда сыни ойлаудың «түртіп алу» стратегиясын қолдандым:



Оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпаратпен толықтырды.Сонымен қатар сабақтарымның ой толғаныс немесе қорытынды кезеңдерінде «эссе» немесе «бес жолды өлең» қолданамын

1.America

2.Independent friendly developed

3.To fight to discover

4.America is a big country

5.The USA

Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақта қолданған стратегия немесе әдіс-тәсілдері оқушылардың белсенді жұмыс жасауына, сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ой толғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса,ойтолғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады. Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатып отыруға тиіс.

Оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мен оқушыларымды өздігінен білім алуларына, білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуына бағыт-бағдар беріп отырамын. Сабақ бойы оқушы іздену, жұмыстану үстінде болады.

Оқушыларым үшін ең басты жаңалық бағалау болды. Оқыту үшін бағалау- оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Олар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.




Тақырыбы

Оқыту мақсаты


Бағалауға ұсыныс

Travelling

Тақырып бойынша жаңа сөздермен және саяхат түрлерімен,саяхаттың адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру.


1-тапсырма Мәтінді қатесіз оқып, талқылап,мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беріп, мазмұнын ашып айта білу керек.

2-тапсырма Сөздік картаны дұрыс топтастырып,толтыру.

3-тапсырма Қонақүйдегі символдар мен сөздерді дұрыс сәйкестендіру.

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер...

Оқушы оқу мақсатына талпынды, егер...

Мәтінді қатесіз оқып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп,талқылап, мәтіннің мазмұнын ашып айтты.

Мәтінді қатесіз оқыды,сұрақтарға дұрыс жауап берді,мәтіннің мазмұнын ашып айтты.

Сөздерді дұрыс топтастырып,сөздік картаны толтырды.

Қонақ үйдегі символдар мен сөздерді сәйкестендіре алмады.


Сөздерді дұрыс топтастырып,сөздік картаны толтырды.

Қонақүйдегі символдар мен сөздерді сәйкестендірді.




Деңгейлік тапсырма:





Критерий

Балл

Дескриптор

А

(max 2)


Мәтінді оқу

1

Оқушы мәтінді оқыды,бірақ сұрақтарға дұрыс жауап бермеді.

2

Оқушы мәтінді қатесіз оқыды,сұрақтарға дұрыс жауап беріп,мазмұнын ашып айта алды.







В

(max 2)


Сөздік карта толтыру

1

Оқушы сөздерді топтастыруда кателіктер жіберді

2

Оқушы сөздерді дұрыс топтастырып,сөздік картаны дұрыс толтырды.

С

(max 2)


Қонақүйдегі символдар мен сөздерді сәйкестендіру

.


1

Оқушы сәйкестендіруде кейбір қателіктер жіберді.

2

Оқушы символдар мен іс-әрекеттерді дұрыс сәйкестендірді.



Сабақтың қорытынды бөлімінде:
Оқушыны бағалау парағы:


Оқушының аты-жөні

Деңгейлік кеңейтілген тапсырма

Эссе жазу

Барлығы

Барлық ұпай саны

6

6

12














Ұпайларды мектеп бағасына алмастыру:


Жинаған ұпайлардың қосындысы

Баға

10-12

«5»

7-9

«4»

4-6

«3»

0-3

«2»

Оқушыларым бір-бірін формативті бағалау арқылы білім міндеті қоятын талаптарды түсінеді және сол талапқа сай, өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау жүргізіп отырады және келесі жолы жақсы нәтижеге жетуі үшін не істеу керектігін үйренеді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өткізе отырып оқушыларға тиянақты білім берумен қатар, оқушы бойында жауапкершілік, сенімділік қасиеттерін қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын оятуға болатынын түсіндім. Мұндай оқу үдерістерінде оқушылар ойлауға болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен сыныптастарының идеяларын талдай отырып, проблемалардың шешу жолдарын табады.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР білім беруді дамыту 2015 тұжырымдамасы.

2.Білім беру бағдарламасы 2010 ж

3Амандықова.Г.Мұхтарова.Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі-Астана 2010ж, 260 - бет.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет

5.Мектептегі шет тілі №4 2011ж,28-бет

6.Малахова.Е. «Басты мәселелер»,2008ж,150-бет



7.Аяпова.Т. «Ағылшын тілі» 6-сынып,Атамұра 2006 ж, 269 -бет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет