Жаңа экономикалық саясат(жэс)



Дата27.02.2020
өлшемі20,69 Kb.
#59174
Байланысты:
3 Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу
сказка о наклонениях, 3 Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу, ЖЭС
Жаңа экономикалық саясат(ЖЭС)

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 1913 ж. салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды. Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. Мал саны 29,9 млн.-нан – 16,3 млн.-ға кеміді. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. Ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:

- Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);

- 1921 – 1922 жж. жаппай ашаршылық;

- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;

- Егін алқаптарының күрт азаюы.

Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 ж. наурыз – жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС/НЭП) көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық – түлік салығының енгізілуі.

- Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

ЖЭС мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалар артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. ЖЭС-пен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

Қазақстанда ЖЭС көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 ж. жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын кешігіп қолданды. Республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 ж. егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 ж. 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

1921-1922 жж. жер – су реформасыжүргізілді. НәтижесіндеЕртісөңірінен 177 мың десятина жерқайтарылды. Оралдыңсолжағалауынан 208 мың десятина жерқазақтарғаберілді. СоныменбіргеЖетісу мен ОңтүстікҚазақстанныңқазақжәнеорысхалқынажер беру үшінкөлемі 1 млн. десятинаданастамжерқорықұрылды. 1921-1922 жж.аграрлыққайтақұруларнәтижесінде 300 мыңадамҚытайданҚазақстанғаоралды.

Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнынабіріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жж. өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жж. өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 ж. 1 қаңтарда – ақшалай салық енгізілді. Салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауыл шаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.

Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатыпалуға несие берді. Соның нәтижесінде: Егіс көлемі 1924 ж. – 2,1 млн. – ға, 1928 ж. – 4 млн. – ғаөсті. Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды.1924-1925 жж. Республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатыпалды. 1924 – 1928 жж. мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ғажетті. Шаруалардың жіктелу процессі күшейді:
Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 1928 ж. шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді.

ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізатты қсипаты анықталды. Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды.Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 ж. қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 % - ін бере бастады. Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Әуелі Доссор, содан соң Мақат кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Одан бұрын (1920 ж.) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 ж. мыс өндіріле бастады. Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу жүргізіліп, 1927 – 1928 жж. ғана аяқталды.

ЖЭС кезеңінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жәрмеңке саудасы күшейтілді.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді; өнеркәсіп қалпына келтірілді; ел шаруашылығының барлық саласын көтерді; шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді; әлеуметтік жіктелудегі алшақтықтың көбеюі; нарықтың енгізілуі (кеңестік идеологияға қайшы келді); саяси өмірде демократия бұрмаланды; мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті.

Дерек: https://e-history.kz/kz/contents/view/844

ЖЭС пен ӘКС белгілері



  • Кәсіпорындардышаруашылықесепкекөшіру.

  • Азық – түлік салғырты енгізілді.

  • Сауда еркіндігі.

  • Жеке саудаға тыйым салынды.

  • Ауылшаруашылық жән енесие, тұтыну кооперациясын дамыту.

  • Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.

  • Азық – түлік салығының енгізілуі.

  • Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.

  • Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

  • Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.

  • Басқару ісі орталықтандырылды.

  • Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

  • Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегінболды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет