Жаңа жылдағы жаңа ертегі (жарық өшірілген) 1-жүргізуші: «Жаңа 2016 жыл келуіне дейін 3 күн, 81 сағат, 4860 минут қалды»



Дата28.01.2018
өлшемі110,85 Kb.
#34433
Жаңа жылдағы жаңа ертегі

(жарық өшірілген)



1-жүргізуші: «Жаңа 2016 жыл келуіне дейін 3 күн, 81 сағат, 4860 минут қалды».

(жаңа жылдық жеңіл ән, бейне көрініс қыс туралы)



1-жүргізуші:

Қыс келіп қоңыр күздің орнын басты,

Өктем жел ақ күміспен шашу шашты,

Шыңылтыр аязымен бетті сүйіп

Желтоқсан – қыстың басы есік ашты.

Тал шілік, қайың, шырша қар жамылды,

Қайыспай қар салмақшы көк дауыл.

Сіресіп айна көлдер мұз боп қалды,

Қыс билеп тіршілікті, бар қауымды.

2-жүргізуші:

Құрметпен қарсы алайық қысты бүгін,

Жұмылып көтерейік ауыр жүгін.

Мезгілдің жаманы жоқ адам үшін

Туады қыс кеткенде шуақты күн.

Жапалақтап қар түсіп сұр бұлттар,

Бел-белеске жоталар шөгіп қорған.

Не деген мінездісің жаратылыс

Таң ата моп-момақан мүлгіп қалған!

(ән әуені, жарық жағылады)



1-жүргізуші: Жаңа жыл келе жатыр!

2-жүргізуші: Ол біздің қалада!

1-жүргізуші: Ол біздің босағада!

2-жүргізушы: Ол біздің дарынды мектепте!

Вальс

(фанфар әуені) (Жүргізушілер шығады.)

1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Жаңа жыл тойы басталды,

Бал-маскарадты көтеріп,

Жар салайық әлемге

Дабылын қыстың қағайық.



2-жүргізуші:

Армысың, аманбысың халқым менің

Жаңа жылым, О, менің Жаңа жырым!

Ақтарайық әнменен көңіл сырын

Салтанатты кешімнің қонақтарын!

( уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.)

I. Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Қызықтан құр қалмаңыздар.

Сарайында патшаның

Бал маскарад тойлаңыздар.

О, Жарандар , қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,

Жарлыққа құлақ түріңіздер! ( пауза, жарлық жазылған бетті ашып жіберіп былай дейді)

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі гимназиямыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта қонактардың көңіл күйін көтерген жан - жақтан келген өнер иелеріне, сансыз сый құрмет . Кербездене келе жатқан 2016 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар!



Сайқымазақ: Әнмен шашу шашайық

Бимен балды ашайық

Келіңіздер халайық

Жырға жырды қосайық.



Музыка. Сахнаға мыстан жүгіріп шығады да айналасына қарай)

Мыстан: Уааа, қонақтар, қош көрдік, неге сөстиіп тұрмыз. Қане, бірге билейік, ортаға жиналайық. 1, 2, 3 күлімсіреп қарайық!

1, 2 ,3 сарайында патшаның, ән айтып тастайық .



Ән Азиза Аяулым «Жаңа жыл»

II блок. Сахнаға екі жүргізуші шығады ( музыкальный фанфары)

1 Жүргізуші: Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,

Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған

Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,

Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,



2 Жүргізуші: Кел, Жаңа жыл!Жаңа жыл!

Байлық әкел, бақыт әкел баянды,

Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,

Бейнеуіме бар жақсылық, береке ала кел,

Шалқыта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.

(музыка, қол шапалақтау...)



1-жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар!

Бүгінгі «Жаңа жылдағы жаңа ертегі» атты кешімізге қош келдіңіздер!



(Жауынның дыбысы немесе найзағай ойнағанда залға сиқыршы сиқырлы таяғымен жәймен келе жатады.)

Сиқыршы: Мына патша сарайы неге көңілсіз? Неге? Балалар да көңілсіз, маған ұнамайды. Ендеше, сиқырлы таяғымды сынап көрейін. (Осы кезде ортада кетіп бара жатқан мыстанға музыка ырғағымен таяғын шошайтып, түртіп қалады. Мыстан сол мезетте қатып қалады мыстанды қайта оятады.)

Сиқыршы: Жоқ, бұл емес. ( айналасына қарап тұрып) Таптым. Шыршаның жарығы жоқ екен гой. Олай болса, достар, мен патша сарайының құрметті басшысы және мейірімді жан Кулжан Жұмашқызын, сиқырдың күшімен шырша шамын жағуға көмекке шақырамын. Қанеки, құрметпен, қол соға қарсы алайық! ( сиқырлы таяқтың күшімен шыршаны түртіп қалған кезде, шырша шамдары жарқ етеді).

2 Жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ –ел келешегі. Ел келешегі –бүгінгі жастардың жүзі жарқын, көңілдері шат болып, бақытты ғұмыр кешіп, сапалы білім, жақсы тәрбие алуға ықпал етіп келе жатқан біздің қара шаңырағымыздың басшысы Тукенова Кулжан Жұмашқызына алғысымызды білдіре отырып, құттықтау сөз кезегін береміз.

Сайқымазақ: Кош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге ( мыстанға қарап)

Биді билеп тастайық,

Көңілді әнді бастайық!!!

Мыстан: Менің құдіретім шексіз! Мен қазір сіздерге соооооооооооонаааааааауууууууууууууу Америкадан әншілерімді шақырта аламын. Сенбесеңіздер менің ұшатын сыпыртқыма қараңыздаршы. Суф,Уфф, Шура, Мура, пепси Кола, Мелки Уей ......

Сайқымазақ: Мыстан кемпір, сен шетелден ғана шақырта аламысың? Өзіміздің мектептегі әншілеріміз қайда, сиқырлығынды көрсет.?

Мыстан: Ол сөз болып па, шақыртамын, қайсысы керек? Алишер, Жалғас, Алмас, Нариман, Гүлназ, Дильназ оқушылар ма? Алақай, олақай..... сууууууууууууууф,уффффф сооооооооонау Есіл ауданынан Горный ауылынан Алишерды шақырамын.

Ән «Жаңа жыл»

Сайқымазақ: Құрметті қонақтар! Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмын. ( Слайд тройка лошадей)

Би Флешмоп « Аяз аталар»

Жүргізуші: Қуаныңдар , қонақтар , тамсанындар,

Сүйінішпен маңайға жар салындар.

Аяз ата келеді Ақшақармен

Құрметпен қарсы алыңдар!!!



Сайқымазақ: Ақшақар қайда? Шақырайық! Ақшақар! Ақшақар!

(Ақшақар шағады )

Ақшақар:

Ақ көрпеге оранып

Жатқан кезде даламыз

Жылды қайтпас оралып

Шығарып біз саламыз

Ақ боранын түтетіп

Тұрған үмітпен күтетін

Жылды қарсы аламыз

Ежелден көп елдер де

Бар дәстүрді қолдаймыз

Жаңа жылды біздер де

Рәсімімен тойлаймыз.

Сіздерді бүгін құттықтайды

Қалжың емес, шын ниетпен

Көптен таныс Аяз ата

Жаңа жылдық той - думанмен.



Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел

Нарына нарық заман шігескен ел

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел

Жаңа жылың құтты болсын бауырлар

Жарқырай бер жас қалалар, ауылдар

Кемелді елге кереметін табыстап

Тереңдерге кетіп жаткан тамырлар

Жаңа жыл құтты болсын

Бірлігіміз мықты болсын!

Ақша қар: Тамсандырып өнерімен

Осы кештің барысы

Жадыратсын жанымызды

Дарынның сан баласы.



III-блок. Сахнаға екі жүргізуші шығады ( 2015 жылда жасалған жетістіктері туралы айтылып, видео ролик экраннан көрсетіледі, фон музыкалық)

1 жүргізуші: Еліміз тағы бір жылды артқа тастап, жаңа жылға аяқ басты.

Өткен жыл есте қалар ерекше оқиғаларға толы болды. Нұрын шашқан, мыңдаған түлекті ұядан ұшырған гимназиямызда атаулы мерекелер тойланды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл, алтын ұя қара шаңырағымызға 80 жыл толып отыр.



( экраннан көрсетілім)

2 жүргізуші: Армысың, аппақ қарлы жаңа жылым,

Жаңарды күн, әкелдің жаңа білім.

Өркендетті, жаңартып өмірімді

Көңілімді көркейтсін жаңа нұрың.

Жаңа қарқын, жасаулы сыйың бүгін,

Қиындығы жеңілдер, биыл жүгің.

Білім жолын жаңаша таңдайды ұлан,- демекші, биылғы біздің мектептің

мақтаныштарын атап өтейік.



Жүргізуші:

Міне тағы бір жылды да өткердік,

Өткен жылдың жақсылығын көп көрдік.

Жаңа жылға жаңа қадам басайық,

Армандаған белестерден асайық.

Олай болса ескі жылмен кездеселік.

(Ескі жыл келеді. Сахна сыртынан Жаңа жыл мен ескі жыл шығады, музыка фоны)

Жаңа жыл, Мешін: Уа, құдіретті де, құрметті Ескі жыл амансың ба? Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты Ескі жыл желтоқсанның соңғы күнін салтанатты өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны..

Ескі жыл, Қой: Рас айтасың, жақсылығы мол жыл, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз бақытты болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.

Қазақ биі 8- сынып оқушылары

Сиқыршы: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып,. Келді бізге қонаққа, Аяз ата оралып. Аяз ата мен Ақшақардың көңілін көтеру үшін әр сыныптың Аяз атасы мен Ақшақарын қызықты сайысымызға шақырамыз! Әділказылар алкасымен таныстырайык :

Сайқымазақ: Иә, иә, достар! Келіңіздер, өнерлеріңізді көрсетіңіздер!

(ән әуенімен Аяз аталар шығады, женіл музыкамен Ақшақарлар )

1.Аяз ата мен Ақшақардың костюміне арналған конкурс, таныстыру

1-Жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кенейсін.

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін, – деп ендігі конкурста

қатысып отырған Аяз ата мен Ақшақарлар ерекше түрде отырғандарды құттықтайды.



2 -Жүргізуші:

Қандай тату өздері

Күлімдеп тұр көздері.

Кәне, кәне келіңдер

Биді билеп беріндер,

Келесі конкурс « Жаңа жылдық хоровод»



1 -Жүргізуші:

Өткен сайысқа ырзамыз

Көтеріңкі көңіліміз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

Кезек «Жаңа жылдық сюрприз» конкурсына келді (қалжың, фокус, қойылым)

1 –Жүргізуші:

Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанға дейін біз ойынымызды жалғастыра берейік

Ақшакарларға арналған «Кім жылдам» конкурсын ойнаймыз.Сіздерге салфеткадан снежинка кию керек, кім бірінші, сол женімпаз, бір минут уақыт беріледі.

2-Жүргізуші: Аяз аталарға «Әдемі шырша» конкурсын өткіземіз. Жабык көздерімен .берілген ватманға ойыншыктармен безендірілген шырша салу керек.Кімдікі әдемі, сол женімпаз, бір минут уакыт беріледі.

Сайқымазақ: Айтпакшы ,окушылар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген , сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, кайда жүр өзі?

Мыстан: Бармын, бармын.Бұл ойын «мыстандар биі» деп аталады, бәріміз тұрамыз, менімен бірге билейсіздер.

2- Жүргізуші: Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып.

Мерекелік киімдерін жасаған

Жүйріктерін анықтайық енді біз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алкасына берейік.

(әділ қазылар сөзі, марапаттау) (Музыка әуенімен Жаңа жыл билеп келе жатады Экранда мешінді көрсетіп тұрады)



1 жүргізуші: Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып.

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Аулымыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

Қонысың құтты болсын Жаңа жыл,

Қонарсың Берекелі Дарыныма бақыт болып.



Жаңа жыл, мешін: Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды



2 жүргізуші: Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп -шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтың несібесін.

Аяз Ата: Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.



Ақшақар:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға Мерейін, мәртебесін биікке асыр!

Ән квартет, хлопушки, бенгал отшашу

2- жүргізуші: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!



ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет