Жаңа технология-білімді ұштайды



Дата08.09.2017
өлшемі41,16 Kb.
#31286
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Найзекешова Назгуль Мынжасаровна

Жаңа технология-білімді ұштайды.

Елімізде білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, коммуникативті оқыту технологиясы. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету.

Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы.

Коммуникативті оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдіс. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз.

Коммуникативті оқыту технлогиясы ағылшын тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.

Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:

а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;

ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;

б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативті мақсатқа жетуде ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі, ауызша сөйлеу арқылы оқушылар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше оқушының сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру керек және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы керек. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.

Коммуникативті технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының маңызы зор. Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп: -басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі -тілдік серіктестің шынайы болуы -өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі

Топтық жұмыс кезінде: -оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады -топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін тигізеді -өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді -оқушылардың іскерлік қабілеті артады

Жоба жұмысын қорғау барысында: -белгілі тақырып бойынша сұрақ -жауап түрінде пікір алысу -қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту -монологты дамыту -мәселелерді анықтау, көтеру және шешу



Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу, мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады.


Қорыта келгенде, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдык процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұнын бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдык қабілеттер, таныдык процестер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттілікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдык жағдайлары мен жеке тұлғанын ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет процесінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет