Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Зерттеушілік әңгіме еркін пікір, кең көзқарас



Дата13.12.2016
өлшемі0,55 Mb.
#3792
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Зерттеушілік әңгіме - еркін пікір, кең көзқарас.

Мұғалім білім беру үрдісінде сыныптағы оқушылардың проблемалық мәселелерін көре білу керек және таба білу керек. Осы келелі мәселелерді жою мақсатында әрбір сабағында нәтижелі әдіс-тәсілдерді пайдалануы керек.

Осы мақсатта, өз сабақтарымда жиі пайдаланатын диалогты оқытудың бір түрі - зерттеушілік әңгіме.

Бұл әдісті мен неге алдым?

Оқушы бойында кездесетін кедергілер қандай? Себебі, қазіргі таңда көптеген оқушы өз ойын еркін жеткізе алмайды. Ал, сөйлей алады деген оқушылардың сөздік қоры тым аз. Зерттеуші педагог-Банрстың сөзіне сүйенсек, сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.

Бүгінгі күні ойы жүйрік, сөзге шешен, көзқарасы кең оқушыны қалыптастыру біздің парызымыз және міндетіміз. Ал, сабақ үрдісі кезіндегі диалогтың маңызы зор. Оқушылар бір-бірімен пікірлеседі, талдайды және мұғаліммен диалог жүргізеді, өз ойларын білдіреді.

Мысалы, 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен өткізген сабағымда даңқты жазушы Мұтар Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінің екінші сағатында зерттеушілік әңгімені кеңінен пайдаландым. Сабақ барысында сұрақ қоюдың ерекшелігін ескере отырып, "Көксерек" фильмінен үзінді көрсетіп, "Айтуға оңай..." бағдарламасы негізінде үш топқа бірдей түрткі болу сұрақтарын қойдым. Мысалы:

Құрмаштың бөлтірік асырауы дұрыс па?

Көксеректің Құрмашты өлтіруін қалай бағалайсыңдар?

Жазушының идеясы не деп ойлайсыңдар?

"Көксерек" әңгімесінің бірінші сағатында шығарма мазмұнымен толық танысқан оқушыларда "түрткі болу" сұрағына жауап беруші оқушылар көп болды. Міне, осы қарапайым сұрақтардан күрделіге ойыса отырып, сынақтан өткізу сұрақтарын қоя бастадым. Мысалға, "Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастықтар бар ма?"-деген түрткі сұраққа оқушы жауап береді, осы кезде мұғалім: "Қайсысы қаталырақ? Мысал келтіре аласың ба?"-деген сынақтан өткізу сұрағын қояды. Немесе, "Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?"-деген сұраққа оқушы жауап берген соң мұғалім: "Жоқ болса, дәлелің бар ма?"- деген сынақтан өткізу сұрағын қояды. Егер оқушыда жауап беруде кідіріс туындап жатса, "Қане, кім көмектесе алады?" - деген "қайта бағыттау сұрағы" қойылып, диалог үздіксіз жалғасын табады. Бұл кездерде оқушыға ойланып, тақырып мазмұнын есіне түсіруіне тура келеді және өзінің ішкі пікірін айтуға ұмтылады.

Сыныптағы оқушылардың әрқайсысының пікірі құнды екені ескеріледі. Мысалы, мұғалім қойған сұраққа оқушылар әр түрлі жауап беруі мүмкін. Мұғалім біріңдікі дұрыс, екіншіңдікі қате деп айтуға болмайтындығы ескеріледі. Мәселен, жоғарыда қойылған, "Жазушының идеясы не деп ойлайсыңдар, автор осы шығарма арқылы не айтқысы келді?"-деген сұраққа оқушылардың жауабы түрлі болды. Айсезім есімді оқушым: "Табиғаттың тепе-теңдігін бұзбау туралы айтқысы келді"-десе, екінші Абылай есімді оқушым өз пікірін тереңнен қозғады. Оның пікірінше, "Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлитын түз тағысы болса, қазақ халқы да ешбір елге бодан болуды қаламайтын еркіндік сүйгіш халық екенін, осы Көксерек арқылы қазақтың қандай екенін айтқысы келді"- деп өзінің сыни пікірін білдірді. Осыдан соң, "Екі пікірдің қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар"-деген жалпы оқушыларға сұрақ қойылды. Қорытындысында оқушылар екі пікірдің де дұрыс екендігін, екі пікірдің де тәрбиелік мәні зор екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, сабақ барысында өткізіліп жүрген "Ыстық орындық" әдісінің ерекше екендігін айта кеткен жөн. Оқушы мен оқушы арасындағы диалог, "Ыстық орындықтағы" оқушының жауаптары: біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятса, екіншіден, түрлі сұрақтарға сыни жауап беру, өз ойларын еркін жеткізуге жетелейді. Мысалы: Көксерек рөліндегі оқушыға сұрақ қойылды: "Екінші рет өмірге келсең, қасқыр болған жақсы ма, әлде ит болып өмір сүрген жақсы ма?" - деген, осы кезде рөлдегі оқушым, ит болып біреудің есігінде жүргенше, қасқыр болып еркіндікте жүргенім он есе артық деп ойлаймын" - деп сыни жауап қайтарып, көпшілікті таң қалдырды.

Осындай "түрткі болу", "сынақтан өткізу", "қайта бағыттау" сұрақтары және "Ыстық орындық" әдістері нәтижесінде тақырып мазмұны талданды, оқушылар бір-бірінің пікірін білді, өмірге деген көзқарастары кеңейді. Сабақ зерттеушілік әңгіме арқылы өзінің оң нәтижесін берді.



Сабақта оқушылар нені үйренді?

1. Оқушылар еркін пікір білдіруді;

2. Шығарманың идеясын түсінуді;

3. Әркімнің пікірі құнды екенін түсінді;



4. Сыңаржақты пікірде болмауды үйренді.

Осындай сабақтар арқылы, талқылау, талдау арқылы жас ұрпаққа білім берумен қатар, тәрбиенің де озық үлгісін көрсетеміз. Қазіргі таңда ойға жүйрік, сөзге шешен ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің парызы деп есептеймін. Ал, еркіндік пен шешендік ата-бабамыздан келе жатқан ұлы қасиет.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет