Жаңақоныс негізгі мектебінде өтілген әс-шара туралы мәлімет «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»



бет1/3
Дата20.06.2018
өлшемі0,93 Mb.
#44050
  1   2   3
Жаңақоныс негізгі мектебінде өтілген әс-шара туралы мәлімет

«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мектеп ішілік іс-шара болып өтті.

Мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Нұрұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

 1-желтоқсанға қарсы мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс–шаралар өткізіліп,онда барлық сыныптар аралығында «Елбасы күні –елдікке құрмет мерекесі» - атты кітаптар көрмесі, « Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» шығармалар мен өлеңдер сайысы, «Елбасы және Елорда» - атты слайд , «Тұңғыш президент: 20 табысты жыл» - дөңгелек үстел, «Болашақты болжаған кемел еңбек» атты пікірталас ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларда оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, балалық шағы жайлы қызықты әңгімелер айтылды. Елбасының өмірге келуі де бір есте қаларлық оқиға болғаны , анасының түс көруі, «Нұрсұлтан» деп ат қойылуы жайлы айтылған деректерді оқушылар бар ынталарымен тыңдады. Елбасының Қаскелеңге тиіп тұрған Алматыға оқуға түспей, Арқадағы Қарағанды облысының Теміртау қаласында жұмыс істеп, әрі оқуы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғырлығын , еңбекқорлығын көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары шет елдермен тәжірибе алмасып отыр. Елбасының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы іске асуда. Оқушылар арасында аса талантты балаларға арналған президенттік «Дарын» иелерін атап айтты.Осы 20-жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, басқа шет мемлекеттердің арасында танымал бола бастады.

Бұл іс-шараның соңы күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты үлкен кеш өтілді. Онда ауыл аталары Жүнісов Елубай ата мен Сүлейменов Нұрхамит ата мерекелік кештің құрметті қонағы болды. Аталарымыз құттықтау сөз сөйлеп, Нұрхамит атамыз жырдан шашу шашып, Елбасына деген арнауын оқып берді. Осымен бірге мектеп оқушыларының арасында шығарма жазудан Алпысова Зарина және Төлеухан Аружан белсене қатысса, ал өлең мен тілек жазудан 5 сынып оқушысы Жолдыбаева Жәния : Елімізді қорғаған,

Жерімізді сақтаған.

Нұрсұлтандай атамыз,

Елбасымыз панамыз – деп төрт жолдық өлең шығарды.

Ерекелік кеш ән мен жырдан, мың бұралып билеген бишілердің өнерімен жалғасты. Мерекелік кеш өте тартымды, қызықты өтті.



Кішкентай балдырғандардың «Шашу» биі



Кітап көрмесі

Каталог: 80BABCB3833A3D14
80BABCB3833A3D14 -> Дарынды оқушылармен жұмыс Ана тілі пәні бойынша 3-сынып Жетекшісі: Утебаева Ж. С 2013-2014 оқу жылы Ана тілі
80BABCB3833A3D14 -> Тәрбие жұмысының жоспары Жаңақоныс негізгі мектебі 2011-2012 оқу жылы
80BABCB3833A3D14 -> Утебаева Ж. С. Жаңақоныс негізгі мектебі 3 сынып Ерлік сабағы: «Ауғанстан- жүректегі жара»
80BABCB3833A3D14 -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер/қайталау сабағы/ «Табиғат менің өз үйім» тарауы бойынша Сабақтың мақсаты
80BABCB3833A3D14 -> Сынып сағаты
80BABCB3833A3D14 -> Физика пәнінен 7-17 сәуір аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары Жаңақоныс негізгі мектебі 2013-2014 оқу жылы
80BABCB3833A3D14 -> Жаңақоныс ауылдық кітапханасының 2014 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет