Жаңауыл бастауыш мектебі 2016-2017 оқу жылы өткізілген тәрбиелік



бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0,92 Mb.
#31729
  1   2   3   4   5   6   7
Жаңауыл бастауыш мектебі

2016-2017 оқу жылы өткізілген тәрбиелік

іс-шаралар туралы есеп

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:

Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие.

Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

Жаңауыл бастауыш мектебі бойынша тәрбие жоспары тәрбиенің негізгі  8 бағыты бойынша жасалып бекітілді, іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп келді.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ  БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ :

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Еліміздегі білім мен тәрбие беретін мекемелердің бәрі де 1 қыркүйек күнін «Білім күні» деп арнайы атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғандығы белгілі. Соған орай Жаңауыл бастауыш мектебінде де қыркүйек айының алғашқы күнінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Бұл шараның мақсаты балалардың білімге деген қызығушылықтарын асырып,мектеп өміріне белсене қатысуына ықпал ету , жас ұрпақты ұлтжандылыққа, елжандылыққа, адалдық пен мейірімділікке , мектеп пен ұстаздарды құрметтеуге еді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет