Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК отырысында қаралды



Дата18.02.2017
өлшемі201,82 Kb.
түріСабақ
ЖШС «Медициналық-техникалық колледжі»

Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК отырысында қаралды.

Хаттама №_____

«_____» _______2016ж.

ЦӘК меңгерушісі

_______Юсупова Ю.О.


Бекітілді

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

_______Искакбаева Ш.О.


Бекітемін

директордың оқу жұмысы жөніндегі

орынбасары Мажитова Г.А.

«_____» _______2016ж.




Ашық сабақ әзірлемесі

0304000 «Стоматология» мамандығы, 9СД-11 тобы

Тақырыбы: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық дағдарыстар мен апаттардың жалпы сипаттары.

Дайындаған:биология пәнінің оқытушысы



Нармандах Ж.Н

Астана 2016 ж.



Ашық сабақ

Күні: 27.04.2016

Сағаты: 10:00-11:20

Пән: Биология

Мамандық,топ: 0304000«Стоматология»; 9СД-11

Сабақ тақырыбы: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық дағдарыстар мен апаттардың жалпы сипаттары.

Сабақтың мақсаты: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері

туралы түсіндіру. Экологиялық дағдарыстар мен

апаттар проблемаларын шешу жолдарын анықтау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: адам баласының қоршаған ортаға тигізетін түрлі әсерлерін оқушыларға жете түсіндіру.
Дамытушылық: табиғатты, яғни қоршаған ортаны қорғауда оқушылардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Туған табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: зерттеу әдісі, топтық жұмыс технологиясының элементтері, сұрақ - жауап, ізденіс, баяндау, ойын элементтерін пайдалану;

Сабақ типі: жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

Сабақтың түрі: өздік жұмыс;

Сабақ көрнекілігі: презентация, үлестірмелер, плакат, түрлі - түсті суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика, физика, экология, әдебиет, ішкі аурулар инфекциялық аурулар курсымен.

Әдебиет:

Негізгі:


  1. Қасымбаева Т., Мухаметжанов Қ. «Жалпы биология», жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, Алматы, Мектеп, 2014

  2. Сартаев А., Гильманов М. «Жалпы биология», жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, Алматы, Мектеп, 2014.

Қосымша:

    1. Белова Чернова «Экология»,

    2. Радневич, «Экология»

    3. Ф.Қ. Иштаева, Л.Г.Косторева «Экология»

Сабақтың уақыты: 80 минут

Сабақтың хронологиялық картасы:

1.Ұйымдастыру кезеңі -3мин

2.Білімдерін тексеру - 15мин

3.Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі – 35

4.Тақырыпты бекіту – 15 мин

5. Сабақ қорытындысы – 5 мин

6.Үй тапсырмасы – 2мин

7.Бағалау - 5 мин

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу, білімгерлердің көңіл – күйін сұрау, топқа бөлу, білімгерлерге сабақтың мақсатын қою.

1 топ - Табиғат, 2 топ - Атмосфера, 3 топ - Туған жер.


2. Білімдерін тексеру:
1. Толықтыру тесті.

Берілген сөйлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру:
1. Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда...... (биоценоз)
2. Су түбінде тіршілік ететін организмдер.......(бентостар)
3. Судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдер........ (планктондар)
4. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдер........ (террабионттар)
5. Ауа да тіршілік ететін организмдер............. (аэробионттар)
6. Топырақта тіршілік ететін организмдер.......... (педобионттар)
7. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер........ (эндобионттар)

2. Слайдттағы сұрақтарға жауап беру:

  1. Құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Қабатты педосфера (грекше "подос"—аяк) қабығы деп атайды. (Топырақ)

  2. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді . Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен . Ал оттек пен жарық мол. (Құрлық-ау)

  3. Бұл табиғи тіршілік ортасында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және жарық аз түсед. Көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады . Бұл ортада минералдық заттар мен химиялық косылыстар көп кездеседі. (Су  - тіршілік ортасы)


3. Жаңа сабақ барысы:

Кіріспе: Білімгерлердің қызығушылығын ояту
(оқу іс - әрекетінің мотивизациясы)

Оқытушының кіріспе сөзі:

Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барың сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға.

Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа тақырыптың аты: Адам іс - әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық дағдарыстар мен апаттардың жалпы сипаттары.
Жоспар:
1. Антропогендік факторлар.
2. Антропогендік факторлардың әсер етуі.
3. Қазақстандағы және жергілікті жердің жағдайы.

Бөлінген 3 топ берілген 3 жоспар бойынша алдын ала тапсырылған өздерінің зерттеу жұмысын баяндап, таныстырады.

1 топ – Табиғат;

2 топ – Атмосфера;



3 топ - Туған жер.

1 топ – Табиғат. Антропогендік факторлар.

Антропогендік фактор деп адамның қызмет әрекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.

Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 миллион шаршы километрге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, eгіc алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.

Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 миллион шаршы километрге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, eгіc алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.

Адамның әртүрлі өндірістік әрекетінен туындаған процестер мен құбылыстар жиынтығы және қазіргі бедердің өзгеруі антропогендік морфогенез деп аталады [1].

Қазіргі кезде табиғаттың әр саласында антропогендік әсерлер күшейе түсуде. Оның әсері табиғи ортаның барлық құрамбөліктерінде – жануарлар мен өсімдік дүниесі, топырақ жамылғысы, атмосфералық ауа, геологиялық құрылысы, жербедері, жерасты және жерүсті сулары, ең соңында адам өмірінен де байқалады.

Антропогендік әрекеттер, мысалы инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидротехникалық және тау-кен игеру барысындағы өндіріс және т.б. жер қыртысының әр аймақтарында белгілі із қалдырады. Мұндай аймақтарды ғылыми тұрғыда В.И. Вернадский (1944 ж.) техносфера немесе ноосфера дап атаған [3].

Антропогендік әсерден жер бедерлерінің өзгеру себептерін төмендегідей бөлген:

1. ауыл шаруашылық;

2. ирригациялық (суландырушылық);

3. тау-кен өнеркәсіптік;

4. қорғаныс.

Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон кабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т. б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т. б. жатады.
2 топ – Атмосфера. Антропогендік факторлардың әсер етуі.

Антропогендік факторлардың әсер етуі:

1. Химиялық ластану

2. Радиациялық ластану

3. Шаруашылық.

4. Антропогендік өндірістік фактор

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қзіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады.Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен,сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос өмір) деп айтады

Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.


Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.


Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты.

Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).


Адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.

3. Шаруашылықтың әсері.

АҚШ-ның Вашингтон қаласында орналасқан бүкіл әлемдік бақылау институтының мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан жылға нашарлауда. Институт жариялаған мәліметтерге сүйенсек жылына 16,8 млн. га тропикті ылғалды орман жойылып, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан 6 млн. га шөл пайда болып, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орман зақымдалып, планетадағы жыртылатын жердің 26 млрд, т. кұнарлы қабаты мен өсімдіктердің 25-30 мың түрінен айырылып қалатын жағдай туып отырғаны анықталған.

4. Антропогендік өндірістік фактор (АӨФ) деп тікелей өндіріс процесіне қатысатын қызметкердің денсаулығын өте-мөте қолайсыз зардаптарға ұшырататын және белгілі өндіріс процесінің нәтижесінде қоршаған ортаны антропогенді өзгерістерге итеруге қабілеті бар факторды айтады.

АӨФ әр-түрлі нышанмен топтастырылады. Өзінің табиғатына байланысты антропогендік өндірістік факторлар физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.

АӨФ тигізетін әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

• зиянды - әсерлері белгілі жағдайда өндіріс қызметшілерін ауыртатын немесе олардың жұмысқа қабілеттілігін төмендететін

антропогендік өндірістік факторлар (мысалы, шу, діріл,

электрмагниттік өрістер, зиянды заттектердің шығарындылары);

• ерекше қауіпті - белгілі жағдайда өнеркәсіптік апаттар

туғызатын, яғни өнеркәсіптік кәсіпорындардың өзіне тиісті

энергия қорының талқандататын түрі мен мөлшерінің бөлінуі,

сонымен қатар кейбір шикізат түрлері, аралық өнімдер,

кәсіпорынның негізгі өнімдері, өндіріс калдықтары, өнеркәсіп

алаңында орнатылған технологиялық құрал-жабдықтар апаттық процеске тартылып халыққа, қызметкерлерге, қоршаған ортаға және өнеркәсіп кәсіпорынының өзіне алапаттық зардап шектіретін факторларды тудыратын ( иондандыратын сәулелену,өрт, жарылыс,көп мөлшерде газ тәрізді хлордың шығуы) антропогендік өндірістік факторлар болып саналады.


3 топ - Туған жер. Қазақстандағы және жергілікті жердің жағдайы.

Біздің  республикамыздың  табиғи  байлық  қоры  мол.  Бізде  48 мың  көл,  85022  өзен  бар.  Өсімдік  және   жануарлар  әлемі  бай.  Қазақстан  жерінде  6 мыңға  жуық  өсімдіктің  түрлері,  сүтқоректілердің  172,  құстардың  490  түрі  бар.  Осы  байлықты  тиімді  түрде,  аса  зор  қамқорлықпен  пайдалануымыз   қажет.

Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 жылы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспийнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 – 90 жылы аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 – 41 жылы су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төменгі абсолюттік мөлшеріне (–29,01 м) жетті. 1978 – 95 жылысу деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш –26,66 м болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0 – 12‰. Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. 

Арал  экологиялық  апатты  аймаққа  айналды.  Шаң  мен  топырақ   Арал  қаласын  тұншықтырды.  Оның  халқының   жартысынан  астамы  көшіп  кетуге  мәжбүр  болды.  

1960  жылға  қарай  Арал  қандай  болды?  Ол  КСРО – ның  құрлықтық   көлдері  ішінде  төртінші  орын  алған.  Аралдың  су   қорын  толтыратын  Орта  Азияның   екі  ірі  өзені - Әмудария  және  Сырдария  еді.  Олардың   суы  өте  нәрлі,  егістікке  пайдалы  болатын.  Арал  теңізінен   жыл  сайын   450 мың  тонна  бағалы   балықтар  ауланды,  миллион    ондатра  терісі  алынды.  Балықшылар  қайығы  мен  жол  қатынас   кемелері – теңіздің  көркі  еді.  Арал  теңізі  сол  аймақтың   ауа  райына  жағымды  әсер  еткен  табиғатты   реттеуші  болды.

Чернобыль  апаты  8  миллиардтан  астам  шығынға  түсті,  ал  Арал – “үнсіз  Чернобыль”  зардабының  шығыны  одан  әлдеқайда  асып  түседі.
Семей аймағындағы  ядролық  сынақ  халықтың   қайғысына  айналды.  Бұл  аймақта  бірінші  рет  1949  жылы  тамыз  айында  16 мың км2  кеңістікті  қамтыған  жарылыс  басталды.  Ашық   аудағы   ядролық   сынақ  14 жылға  жалғасты.  Осы  кезкңде  500  ядролық  жарылыс   өткізілді.  Ядролық  техниканы   сынаудың  салдары:  рак,  катаракта,  туберкулез,  аллергия,  екі  басты,  қолы  жоқ,  бүйрексіз  балалардың  өмірге  келуі.  Мұндай  аурулар  әрбір  отбасын  дерлік  қамтыды.

Қапшағай   қойнауы суға  толтырылды.  Соның  салдарынан  Іле  өзенінен  Балқашқа   құятын  су  мөлшері  азайды.  Кішігірім  көлдерге  су  келмейтін  болды,  көбі  құрғап  кетті.  Бұл  аймақ   түгелдей  сортаңға  айнала  бастады.  Балық  аулау  көлемі  қысқарды.

Үлкен  Алматы   каналының  салынуына  байланысты,  химиялық  тыңайтқыштарды  есепсіз   пайдаланудың  нәтижесінде   егістік  жерлер  тұзданды.  Арал  тағдыры  қайта  басталды.  Балқаш – Іле   аймағының  экологиялық  жағдайы  күрделі  мәселеге  айналды.

Қоршаған  ортаның,  Республикамыздағы  халықтың  науқастануына  тигізер  әсері  60  пайыз  шамасында.  Ол  әсіресе,  тау-кен  өнеркәсібі  орналасқан  қалаларда  жоғары.  Қалаларда  экологиялық  ахуал,   соматикалық  аура  түрлерінің  өршуіне  ықпал  етуде.                 

Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қатынас  шиеленісе  түсті.  Осылайша   экологиялық  апат  адамдардың  денсаулығына,   оның  болашағына  қауіп  төндірді.

4.Тақырыпты бекіту.

І – топтың тапсырмасы

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1. Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?

2. Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады?

3. Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан?

4. Экологиялық апатты аймақтар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер,әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ?

5. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі?

6. Ауа бассейнінің ластануы,радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады?

7.Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады ?

8. Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз?

9. Каспий теңізіне солтүстік шығысынан құятын өзен?

10.Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл?
ІІ – топтың тапсырмасы
Биологиялық диктант.
1. Адам биологиялық түр ретінде....... барлық аймақтарына таралып отыр.
( Жер шарының)
2. Адам қоректену немесе өмір сүру үшін.............. аулап жояды.
(Аңдар мен құстарды т. б)
3. Жер шарындағы халықтың өсуіне қарай және....... дамуына тікелей байланысты дамыды.
(Ғылыми – техникалық прогресстің)
4. Кейбір мәліметтер бойынша жер шарындағы барлық орманның........ кесілген және барлық жарамды жерлердің........ игерілген.
(50%- ы, 70 - 75%- ы)
5. Адам өзінің барлық........ жұмыс істейді.
(Іс - әрекетінде ақылмен ойланып )
6. Мәдени өсімдіктердің пайдалы........., бау - бақшаның өнімділігін арттырудың жоғары........ меңгереді.
(Сорттарын, технологиясын)
7. Табиғатты игеру еш уақытта толастамайды, керісінше........ заңды құбылыс.
(үдей түсуі)
8. Біз қазір өмір сүріп отырған табиғат ертеңгі біздің ұрпақтарымыз үшін де қажет екенін үнемі есте ұстауымыз қажет. Өйткені бүкіл адамзаттың тіршілік ортасы, үйі біреу ғана, ол..............
(Жер!)

ІІІ – топтың тапсырмасы

Инсерт кестесін толтыру.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






























Инсерт кесте сұрақтары (Дұрыс жауап болса «+» белгісін, бұрыс жауап болса «-» белгісін толтыру):



  1. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуінен болатын ауру тобына СПИД жатады.

  2. Сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді.

  3. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін көтереді.

  4. Адамның гигиенаны, тазалықты, сақтамауынан пайда болатын ауруларға сәулелік аурулар жатады.

  5. Электромагниттік сәуле шығару, химиялық ластануға жатады.

  6. Микробтың ауыз арқылы таралып, ішек – қарын жолдарына түсуі. Қоздырғыш микробтар үлкен және кіші дәрет арқылы шығады.

  7. Қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, қандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына; безгек, бөртпе, сүзек, оба, энцефалиттер жатады.

  8. Ауа арқылы таралатындарға: Тұмау, қызылша, шешек аурулары жатады.

  9. Радиациялық ластанудың негізгі көздеріне: микроорганизмдер, құрттар,қарапайымдылар жатады

  10. Жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады.


Инсерт кестесі жауабы:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

-

+

-

-

-

+

+

+

-

+

Бағалау критериі

5 – «3» деген баға

8 - «4» деген баға

10 - «5» деген баға
Келесі әр топқа биологиялық есептер беріледі.
(экраннан тапсырмалар көрінеді)

І – топтың тапсырмасы
1. Өндірістік қалдықтармен тұрмыстық қалдықтардың бір - бірінен айырмашылығы бар ма?
2. 1 гектар орман алқабы 1 жылда 18 млн м3 ауаны көмірқышқыл газы мен шаңнан тазартады, ал 40 гектар орман алқабы 5 жылда қанша ауаны тазартады?
Жауап: Жауабы: 3600 млн м3 ( 18∙5)∙40=90∙40=3600млн.

ІІ –топтың тапсырмасы
1. Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? Табиғи орта не себептен
ластанады?
2. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Бір ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға егілмек?

Жауабы: 50000 ағаш өсіру керек және ол ағаштар 600 000 шаршы метр ауданға егілу керек




ІІІ – топтың тапсырмасы
1.Ауаның радиоактивті ластану дегеніміз не? Радиоактивті ластану неден болады?

2.1 м3 қала ауасының құрамында 5000 микроб болса, бұдан 9 есе аз 1м3 орман ауасында қанша микроб болады?

Жауабы: 555 микроб болады

5.Сабақ қорытындысы

«Егер мен табиғат қорғаушгысы болсам» тақырыбында студенттер ой толғауын тыңдау.

Оқытушының қортынды сөзі: Жер ғаламшары – кеме, ал адамзат – оның шолушысы. Кеме апатқа ұшыраса, адамзатта апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін бірінші Жер ғаламшарын, сондағы табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамзат табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.

Оқытушы: Бүгінгі сабағымызды ағамыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолымен аяқтағым келіп тұр:
Әй табиғат, шеберсің - ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің.
Айың – анау, күнің - анау, жер - мынау
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
5.Үй тапсырмасы: Ал енді үй тапсырмасын жазып алыңыздар.

1. §23. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары.

2.Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, радиациялық ластануының себебі және олардың қорғау шаралары туралы реферат жазып, семинар өткізуге дайындалу.

Үй тапсырмасын орындауға байланысты сұрақтар болса, анықтап алуларыңызды сұраймын.


6. Бағалау

Топқа баға беру.


Бағалау парағы




Топтар

Үй тапсыр-масы

Жаңа сабақты зерттеуі

Тапсырма-ны орындау

Биологиялық есептер шығаруы

Жалпы баға

1

Табиғат

















2

Атмосфера

















3

Туған жер
















Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет