Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы Микроорганизмдердің жіктелуі



бет6/83
Дата22.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#127757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Методичка микробиология
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, �������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������., 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.

I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды

II. Су және тұз алмасуын реттейді

III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.

IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді

V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.

VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.

Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады. Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың көмегімен атқарылады.

Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.

Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры-волютин. Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мөлшері 0,1-0,5 мкм, метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады. Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады, дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бөліну қабілеті болмайды.Бактерия цитоплазмасында ядродан басқа хромосомадан тыс орналасқан генетикалық элемент кездеседі. Ондай элементті плазмида деп атайды. Плазмидалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың микробтарға, әр түрлі антибиотиктерге төзімділік қасиетін колицин түзу, энтеротоксин, гемолизин т.б бөлу қабілеттілігін береді.



Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.

Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.

Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет