Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар



Дата20.01.2020
өлшемі13,44 Kb.
#56151
Байланысты:
Техника қауіпсіздік ережесі Информатика

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

-Компьютерді тоққа қосатын сымдарга, қос тілді розеткілерге, штекерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;


-Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
-Компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.
Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
-Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;
-Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
-Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
-Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезігде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандағы туралы журналды толтырады.


Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

-Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек;


-Жұмыс жасау кезінде сымдарының дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлу керек.


Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

-АЭМ- мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек.


-Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.
-Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады.
-Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
-Көз жаттығуларын білу міндетті.
-Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар;
-Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
-От сөндіруге көмек көрсету қажет;
-Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
-Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
-Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет.Оны әртүрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.


Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

-Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру:


-Жұмыс орнын ретке келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет