Жалпы тіл мүкістігі неден болады?



Дата15.09.2017
өлшемі28,57 Kb.
#32559
Жалпы тіл мүкістігі неден болады?

Елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездеседі. Дыбыстарды бұзып, бұрмалап, алмастырып айтатындар көбейіп барады. Бұрын «р» дыбысын «ыл» немесе «ғы» деп айтатындарды естуші едік, қазір «к»-ні «қ» ғылып, «л» -ды «у» мен «в» дыбысымен алмастырып, «с», «ш», «ж», «з» дыбыстарын да бұзып айтатындары баршылық. Бұның бәрі баланың сөйлеу тілінің бұзылуының - үлкен бір өзекті мәселесі. Ата-ананы да алаңдататыны – осы. «Баламыздың тілі дұрыс шықпай жатыр» деп, уайымдаған ата-ана логопед мамандарды іздейді, үйлеріне шақырып жүргендері де бар. Тіпті балабақшаларда логопед мамандар да тапшы боп жатады.

Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді? Атам қазақ бұрын логопед деген маманды көрмек түгілі естіп пе еді? Ал бүгінде оны бәрі біледі. Тіпті арнаулы балабақшалар да бар. Оған кезекке тұрғандар да жетерлік. Осы жерде «бүгінде неге тіл мүкістігі бар балалар көбейіп барады?» деген сұрақ туындайды. Не себепті қазақ балаларының арасында белең алуда? Жалпы тіл мүкістігі неден болады?

Бұған мамандар бірнеше себептер айтады.Соның біріншісі – емізіктен. Емізікті көп емген баланың таңдайы тереңдеп, икемсізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына себепкердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен дыбыстар дұрыс шықпай жатады..

Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөлмеуі, онымен әңгімелеспеуі. Мысалы, 1 жастағы бала 5-10 сөз айтуы тиіс, ал 2 жасар бала 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. 3 жаста күрделі сөйлемдерді айтып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді екен. Егер осы жасқа дейін баланың сөйлеу тілінің дамуы өз жас ерекшелігіне сай болмаса, демек баланың сөйлеу ортасында,яғни қостілділік,тұқым қуалаушылық немесе т.б тікелей себептер бар деген сөз.

Үш жастан баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себепкер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері сирек.Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес,баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі.Бала уілдеп сөйлесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл   дұрыс емес. Керісінше,бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп,сөзді дұрыс айтқызып үйретуі керек.Бұл ретте отбасында әжелердің ролі ерекше.   Немерелерін жанына жиып-ап, буыны қатпаған сәбиді алдына-ап, әжеміз ертегі айтатын. Ал енді бесіктен белі шықпағанына келетін болсақ, онымен анасы айналысатын. Баланың санасын қалыптастырып, тілін қазақша шығаруда бесік жыры – нағыз тамаша әдіс. Яғни балаға әлди айту,баламен әңгімелесу деген сөз.Бұл баланың тілін қазақша шығаруға себеп болады дейтін себебіміз,

«Әлди-әлди,ақ бөпем,

Ақ бесікке жат,бөпем.

Жылама,бөпем, жылама,                                                              

Жілік шағып берейін ,

Көкқұтанның құйрығын жіпке тағып берейін»



деген бесік жырында, байқасаңыз,дауысты-дауыссыз,жуан-жіңішке,қатаң-ұяң-үнді дыбыстар түгелдей естіледі, айтылады. «Баланы жастан» демекші,баланың сөйлеу тілінің дамуын әу бастан-ақ қолға алу керек екен.

Үшінші себеп – баланың топырақта ойнамауы. Бүгінгі күннің балалары топырақпен тек шектеулі уақытта яғни,балабақшада ойнайды. Ата-ана болса, балаларын топырақта ойнатпайды,шектеп қояды. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ моторикалары, яғни қол бұлшықеттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеп береді. Ал қазақ халқының асық ойындары «Ханталапай», «Бес асық», «Шеңбер» т.б асық ату ойындары осыған дәлел. Бұлардың барлығы балалардың ұсақ моторикасын дамытуға жақсы әсер етеді. Тіл мүкістігіне әкеп соғатын тағы да бір үлкен мәселе – балалармен отбасында орысша сөйлесу.Үйінде орысша сөйлеп келген баланы балабақшада тәрбиешілер қазақша сөйлетіп әлек болады. Осыдан келіп,бала еркін сөйлеу қабілетінен айырылады,бұдан тіл мүкістене бастайды. Сондықтан өз баламыздың тілін өзіміз мүкістендірмей,онымен есейгенше тек бір тілде ғана сөйлесіп,оған қазақша сөйлеуді үйретейік. Олай болса,осы айтылғандарды логопедтен бұрын,өз баласының болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана қаперінен шығармаса екен деп тілейміз.
Каталог: uploads -> doc -> 0432
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0432 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Мектеп үйірмелері. Сын есім Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет