Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет10/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 95 км солтүстік-шығыс бағытта, Оғыланды жерінде орналасқан.

Зерттелуі: 1980 жылы ҚазКСР мәдениет министрлігі «Қазқайтажаңғырту» институты ашып, оны Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қосымша зерттеген.

Қысқаша анықтамасы: Қазіргі уақытта төбе етегінде сыйынушыларға арналған үлкен кешен салынған. Қорым төбе бойымен созылып жатыр (ең көнесі XVII-XVIII ғғ.). Қазіргі жер бетіндегі бөлігінде өңделмеген тастан қаланған тас үйіктері, қарапайым қоршаулар, тас-жәшік, сандықтастар түрінде орнатылған. Қорымда (19 ғ.-ғы) қарапайым сағанатам, құлпытастар бар. Олардың қабырғалары жоғарғы көркем өрнектермен қашалған. Жаңа кесене Оғыланды зиратының үстінен тұрғызылған. Қорым аумағына кірер тұста орналасқан, қарапайым сәулеттік пішінде салынған, күмбезі биік.

Аңыз-әңгіме: Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда Бекет атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген де осы Оғылан екен. Оғылан түркі тілдестер сөзі, ол ұлан, бала деген ұғымды береді. Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне байланысты бір орайда бірыңғай балалар дүние салып, осында жерленсе керек. Қорым қатардағы қарапайым орын емес, бірыңғай балалар жерленген жер болып, әулиелік «Оғыланды» деп аталады. Алдан күткен арманы, үміті өлшеусіз сәбилер қорымы кейінгілерге киелі, қасиетті орын ретінде белгілі болған. Бекет атаның өзі көзі тірісінде маған ниет қойып, келгісі келген, шарапат тапқысы келген адам әуелі Оғыландыға соғып зиярат етіп барып келсін деп жұртшылықты дағдыландырған.

Аңыздардың тағы бір нұсқасында Йафис пайғамбар өзінің ұлы түрікке «Йафис-Оғланлы» деген лақап есім беріпті және соны бүкіл жұртының басшысы етіп қойыпты. С.Поляков «оғлан» сөзінің осы аймақта жиі кездесетініне мән бере отырып, осы атты иеленген тарихи соңғы адам Тоқтамыс ханның әкесі, XIV-ғасырдың 50-60 жж. Маңғыстаудың билеушісі –Түйеқожа оғлан (Тойқожа-оғлан) екендігін атап өтеді. Ал Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы Оғландының әлгі Түйеқожа оғланмен байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын.



Дерек көзі:

  1. Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы «Маңғыстау һәм қазақтың құпия шежіресі» Алматы - 2013 ж.;

  2. ҚазКСР мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация»институты экспедициясы материалдары. 1980 ж. «Казреставрация» мұрағаты.


Қошқар атадағы қошқар мүсіні




Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында орналасқан.

Зерттелуі: Ескерткіш 1978 жылы А.Итенов жетекшілік етуімен зерттелген, 1979 жылы М.Нұрқабаев жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Қысқаша анықтамасы: Бұл жерде үстінде сырық ағаш шаншылған тас үйінді мен қоршау яғни қабір орналасқан. Жергілікті сенім бойынша, мұнда келген адам әулиенің құрметіне құран бағыштап оқылуы немесе оқытылуы тиіс. Мұндағы қорымның танымал ескерткіші - қошқар бейнесіндегі қабір үсті құрылысын айтуға болады. Ол әкті-құмтастан қашалып тас жәшік үстіне орнатылған. Бұл мүсіннің бойында Маңғыстау өңіріне тән мемориалдық ескерткіштердің барлық жоғары сапалары үйлесімі көрініс тапқан. Қапталдық бүйірлерінде араб графикасындағы жазулар, соншалық күрделі болмаса да қарапайым қару жарақ суреттері салынған. Бұл неолит дәуірінен бастау алатын, тастың сырын ұққан, оның қашалу өнерін бойына сіңірген көшпелілердің исламға дейінгі дүниетаным дәстүрінің жарқын көрінісі бола алады. Көргендердің ауызша әңгімелеріне қарағанда, қошқар мүсіні алғашында қорымның батыс бөлігінде болған, кейіннен белгісіз біреулер осы жерге, араланған әктас құрлыстың үстіне әкеліп орнатқан.

Аңыз-әңгіме: Зират Қожа Ахмед Яссауи ілімін таратушы сопылардың бірі Қошқар атаның атымен аталған. Қошқар ата ғажайып қасиет иесі болған екен. Ол Маңғыстауға Қорасаннан келген. Адамдардан бөлек жерде тұрып, бұғы етімен қоректенген. Бұғылар атаға ашыққанын сезген кезде өздері келеді екен. Бұл туралы 1873 жылы Тифлис баспасынан шыққан «Маңғыстауда өмір сүріп және қайтыс болған Ханафия әулиелер сектасы туралы адайлардың аңыздары» деген тарихи құжатта жазылыпты.

«Қошқар» түрік халықтарында ұлылықтың, ақыл мен күштің символы ретінде саналады. Қошқар бейнесі көп бейіттерге қойылыпты, бұл жануар киелі деген түсінік қалыптасқан халықта. Маңғыстауда қойдың ерекше түрі өсіріледі. Адамдар мен жануарларды бейнелеуге тиым салған ислам діні келгеннен кейін бейіт басына жануарлар тәрізді (қойтастар) мен адамға ұқсайтын (құлпытастар) қойыла бастаған.



Қошқар ата жануарлар тілін түсінетін болған екен. Мүмкін сондықтан да оны халық осы есіммен атаған шығар. Бүгінгі таңда ақиқатты қиялдан ажырату өте қиын. Алайда Қошқар ата есімді ұлы адам Маңғыстауда өмір сүрген дегенге күмәндануға болмайтыны анық. Аңыздардың да негізінде көбіне-көп шындық жататыны анық.

Дерек көзі:

  1. Қаз КСР-Мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация» институты экспедициясының (1978 ж.) зерттеу материалдары;

  2. 1873 жылы Тбилиси (Тифлис) қаласында басылып шыққан «Предания адаевцев о святых секты ханафие, живших и умерших на Мангышлаке// Сборник сведений о кавказских горцах» 7-ші шығарылымында жазылған аңыз деректері.



Хатам ишан кесенесі




Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет