Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет13/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Зерттелуі: Ескерткіш 1983 жылы «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ ЖШС экспедициясымен А. Қоғалбаева жетекшілік етуімен зерттелген. Қорым 24.06.1985 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №208 шешімімен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қысқаша анықтамасы: Қорымдағы кесене, сағанатамдар алыстанақ көзге түседі. Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан күмбезтам жоспар бойынша тікбұрышты порталды күмбезді құрылыс. Ол саз балшықты қолданумен әкті-құмтас плита тастарынан тұрғызылған. Қабырға құрылымы Маңғыстау өңіріне тән: қасбеттері мұқият өңделген тақта тасты қаптамаға ие, қабырғалардың жалпы қалануымен тұтас жасалған. Төбе жабындысы күмбез түрінде келтірілген. Сырт қарағанда, дулыға пішініне келтірілген және барабан сияқты, күмбездің құлыпты жағында найзатасы бар. Кесене қасбеттері карниздің және цоколдің белдіктерімен сәнделіп, ішке кірер есік қуысы сәндік қуыстармен әшекейленген, карниз астында сәндік тақта тастардан белдікті тиянақтайтын өрнекті ойық бар. Аталған қабірге қорым етегінде салынған жаңа мешітпен байланыстыратын арнайы жол апарады.

Аңыз-әңгіме: Мыңкісі Байсалұлы (Бөкен немересі) шамамен 1793-1838 жылдар аралығында өмір сүрген адам. Мыңкісі атақты сынықшы-емсек ретінде жұрт есінде қалған, ал оның дүниеге келуі, әкесі Байсалға Бекет атаның жәрдем беруі туралы аңыз бар.

Әулиелерден бата алған Мыңкісі әруақ қонып, бойында бір тылсым күш пайда болады. Алғашқы кездері алқада күреске түседі. Талай алқалаған жиында күрескендерін бет қаратпай, жауырыны жерге тимеген палуан атанады. Мыңкісі 20 жасқа келген шамасында Арқадағы үлкен бір тойда Адай жағынан Олшажы Арыс палуанмен бірге шақыртылады. Бұлар той жасап жатқан ауылға жеткенше той басталып кетіп, күрестен басқа бәсекелердің көбі аяқталған екен. «Түйепалуандық» атаққа Адайдан Арыс палуан шығып, қарсыластарының бәрін (39) палуанды жығады, сөйтіп «Түйе-палуан» атанады. «Өгізпалуандық» атаққа Мыңкісі шығарылады. Мыңкісі де сол тойда өз қарсыластарының бәрін жығып, ақтық айқасқа жолдама алған жас палуан Нұрқаспен күреседі. Екі палуанды қатар тұрғызғанда Нұрқас Мыңкісіден әлдеқайда ірі, кең иықты, қақпақ жауырынды, бұлшық еттері кесек-кесек тұлғалы жан екен. Нұрқас Мыңкісіні көзге ілмейді.«Менімен күресетін сен кім едің?» – дегендей тәкаппарлана қарайды. Төреші белгі берісімен екі палуан бірден ұстаса кетеді. Нұрқас қарсыласын бірден тұқыртып алып жеңіске тез жетпек болады. Ол бұрын өз қарсыласын жерден тік көтеріп алып, шырқ үйіріп айналдырып барып екі қолының күшімен жерге атып ұрады екен. Осы жолы да Мыңкісіні әлсіз көріп сол әдіске көшіпті. Мыңкісіні жерден көтеріп, бірнеше рет сіліккенімен, Мыңкісі жерге мысықша екі аяғымен дік ете түсіпті. Енді Нұрқас ашулана бастайды. Бар күшін бойына жинап алып, осы әдісін тағы қайталайды. Бірақ онысынан да ештеңе шықпайды. Өзі күшін сарқа жұмсап алған Нұрқас алқынып терлейді. Мыңкісі Нұрқастың бойындағы күшін сарқып алғанын сезеді де, жамбасқа салып жерге ұрады. Нұрқас ауыр салмағымен оңбай құлайды. Нұрқастың ортан жілігі сынған екен. Арқаның елі қапелімде сынықшы іздеп таба алмай, сынған жілікті Мыңкісінің өзі ұстайды. Сынған сүйекті сылап-сыйпап орнына салып, таңып бергеннен кейін Нұрқастың жаны жәй тауып, балбырап ұйқыға кетеді. Мыңкісі кетерінде Нұрқас палуан көзіне жас алып, өзінің бұны менсінбей, менмендік көрсеткенін мойындап, Мыңкісіден кешірім сұрапты дейді үлкендер.

Мыңкісі күрес жолын одан әрі жалғастыра берер ме еді, кім білсін, егер атақты палуан Қаралда оған тоқтау айтпағанда... Ол оқиға былай болыпты. Атадан балаға жалғасып қалыптасқан салт бойынша бір жылы сәлем беруге Мыңкісі Қаралда атасының үйіне келіпті. Сол уақытта Қаралданың жасы сексендерді алқымдап қалған кезі екен. Қаралда Мыңкісіге: «Балам, сені жұрт «күреседі» дейді. Сенің күшіңді сынағым келіп отыр», – депті. Сонда Мыңкісі: «Әкенің белін ұстағап бола ма?!» – депті. «Онда мен шалқамнан жатайын, сен мені үстімнен басып тұрғызбай қарашы» депті. Мыңкісі атасының сөзін қайтара алмапты. Қаралда шалқасынан жатады. Мыңкісі оны кеудесінен басып, жанындағы бір қалың бұтадан мықтап ұстайды. «Болдың ба, балам! – деп сұрайды Қаралда. «Болдым» дейді жас палуан. Осы кезде Қаралда «әуп» деп Мыңкісіні көтере орнына тұрады. Мыңкісі ұстаған бұтасын түп тамырымен қопара жұлып алған екен. «Балам, шүкір, күшің жетерлік екен, – депті Қаралда, – Бірақ, күрес өнер емес. Мен де күресіп көргенмін. Менің күшімнен көп адам майып болды, зардап шекті. Біреуді зақым етерсің, күресті қой», – деп ақыл айтыпты. Осыдан кейін Мыңкісі күресті тастап, бірыңғай емшілік, сынықшылық жолға түседі. Мыңкісінің сынықшылық даңқы елден-ел асыпты. Өз тұсында атақ-даңқы біраз жерге жетіпті. Оны іздеп алыстан адамдар ағылып келе берген. Қандайма болсын, сынған сүйектер Мыңкісі ұстағанда бір-бірімен жымдасып, орын-орнына келе берген. Мылжа-мылжасы шығып уатылып қалған сүйектерді құрастырып салған. Сынған адамның үйіне қарай Мыңкісі бағыттап жүргеннен-ақ қардер адамның ауырған жері басылып, шыдатпай жататын жан азабы жойылып кететін болған. Ол келіп саусақтарымен сынған жерді сыйпағанда сүйектер, орын-орнына түсіп, бебеулеп-безектеп жатқан адамның жаны жай тауып ұйықтап кетеді екен. Мыңкісі, сонымен қатар, асқан көріпкел адам болыпты. Айтқаны келетін «әулие» атаныпты. Ол асып-тасуды білмейтін, ойлы, сабырлы жан болған. «Қасиетің үрімбұтағыңа жайылсын!» деген Бүркіт-атаның батасы себеп болып, сынықшылық қасиеті ұрпақтарына дарыған

Дерек көзі:


  1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007 ж.;

  2. Жетібай Жылқышыұлы «Сегіз арыс адайым» кітабы 3-том, Астана

2015 ж.;

3. ҚазКСР-ң Мәдениет министрлігі. «Қазқайтажаңғырту» институты



экспедициясының 1986 ж. зерттеу материалдары.


Есмамбет әулие жерленген жер
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан 12 км солтүстік бағытта орналасқан.

Зерттелуі: Ескерткіш 1981 ж. «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ экспедициясымен С.Жүнісова жетекшілік етуімен зерттелген.

Қысқаша анықтамасы: Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша XVIII ғ., соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. Мешіттің ескі екендігін, оның қабырға құрылысына қаланған әкті-құмтас тақта тастарының өңделмей-ақ жарып-жарып алынған тастармен сазды лай балшықтағы қаландысының өзі меңзейді. Ал кейінгі кезең ескерткіштері, қасбет құрылысы және интерьеріндегі өсімдік өрнек элементтерімен сәнделген бірнеше сағанатамдардан тұрады.

Аңыз-әңгіме: Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда, Есмамбет – Маңғыстаулық қожа, өз заманында халыққа мұсылманшылықты уағыздаған әулие, батыр адам болған. Оның ұрпақтары Әбіш молда, Сансызбайлар ата жолымен жүріп, мұсылманшылықты меңгерген. Қазіргі уақытта Есмамбет қорымы ел басына түнеп, қадір тұтып қастерлейтін киелі орын саналады.

XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген Есмамбет ата досы  Қарасейіт екеуі патша өкіметіне қарсы күресте ерекше батырлығымен көзге түскен. Олар елін-жерін жан тәнімен қорғап, барынша болашақ ұрпағының тәуелсіз, алпауыт елде өмір сүруі үшін шайқасқан. Есмамбет ата туралы ел ішінде мынадай аңыз әңгіме таралған. Есмамбет ата ерекше қасиетке ие болған. Оның ерекше қасиеттілігі – көз жанарында және қайсарлығында екен. Жаулар атаның көзіне қарай алмаған тіпті қасына жақындауға қорыққан деседі. Бір күні патша өкіметінің патшайымы Есмамбет атаның басын кесіп алып, бүкіл халықтың көзінше орталыққа басын қағып қоюды бұйырады. Жаулар біраз уақыт бойы жақындай алмай жүреді. Есмамбет атаның намаз оқып жатқан кезде басын шауып алып, дорбаға салып апарады. Патшайым дорбаны ашып қарағанда, батырдың қатты қаһарлы, ызалы, ашулы жүзін көргенде патшайымның түрі бозарып, қатты қорқып кетеді. Сөйтіп патшайым бірден атаның басын орнына апарып, жерленген денесінің қасына қоюын айтады. Әйтпесе бір жамандықтың боларын сезеді. Осылайша қазақтың хас батыры ерлікпен мерт болады. Міне, жас қазақтың мықтылығы, өжет-қайсарлығы, ержүректілігі, жүрегіндегі имандылығы осы ата-бабаларымыздан бойымызға мұра болып сақталып келе жатқандай.



Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ 2006 жыл мұрағат материалдары;



2. Э.Жалғасова «Тарихы терең, тағылымы мол –Түпқараған» G-Global

Көркембай ахун мешіті
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта, Манашы сайы бойында орналасқан.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет