Жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар Шерқала тауы Орналасқан жері



бет16/19
Дата26.06.2018
өлшемі2,57 Mb.
#44231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қысқаша анықтамасы: Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар. Солардың бірі – «Қыз әулие». Қорымда жерленген қыздың «Қыз әулие» аталуына байланысты ел аузында бірнеше деректер бар. 1908 жылы Қамысбай аулының адамдары жаз жайлауынан қыстауға көшіп келе жатқанда Есет тауы маңында 15 жасар Малика қайтыс болған. Оны сол кездері аруақ қысып, ұстай алмай жүрген кезі екен. Сондықтан көтеріліп те ауырған көрінеді. Қызды сол жерде арулап көміп, әкесі жергілікті қараш руының үлкендеріне белгі тас қоюы үшін шеберлердің қолақысы ретінде бірнеше малын тастап кетеді. Олар ауылдарына шеберлер келген уақытта басына құлпытас пен сандықтас орнаттырады. Татар шебер құлпытасқа қыздың аты-жөнін жазып, сандықтасқа қыздарға қажетті түрлі әшекей бұйымдарын салып, бедерлеген. 2008 жылға дейін, яғни Қамысбай ұрпақтары зират салғанға дейін белгі құлпытас пен сандықтас болып қана тұрды.

Аңыз-әңгіме: «Қыз әулиенің» құдіреттілігі туралы көрші Боранқұл ауылындағы Сәнеш апайдың әңгімесі: «Бір күні түсіме жас қыз еніп, маған өзі жатқан жердің қасына түнек салу туралы аян берді. Балаларыма айттым, бірақ олар қолдамады. Сөйтіп жүргенде түсіме тағы кірді. Менен қозғалыс болмады. Күндердің күнінде аяқ астынан көзім көрмей қалды. Содан осы «Қыз әулиенің» басына келіп, құран оқып, түнедім. Түсіме тағы кірді, бұл жолы риза кейіпте көрдім. Сыңғырлаған даусы құлағыма келді. Оянғанда, сендерге өтірік, маған шын, екі жанарым бұрынғыдай жарқырап, айналамды түгел көрдім. Әрі қуандым, әрі қатты қорықтым. Осыдан кейін балаларым қолдап, осы түнеухананы салдым» деді.

Бұл қорымның құдіреттілігіне ауыл адамдары да сенеді. Ауылымызда үлкен апайдың (Жұмазия апай) айтуынша, қатты ауырған баласын қай жерге, қай дәрігерге көрсетсе де, нәтиже болмай, қиналған апайға осы әулиенің басына түнеуге кеңес берген. Үш күн қатар сол жерде түнеп жалбарынып, құдайдан тілек тілейді. Үшінші күні таң атарда Жұмазия апайдың құлағына: «Көмектесемін, көмектесемін», деген қыздың әдемі даусы құлаққа келеді. Оянып кеткен апай бұның аян екенін түсінеді. Уақыт өтісімен күннен-күнге баласының денсаулығы жақсара бастайды. Содан бері Аллаға шүкір, балам алды-артына қараған жоқ»,-деп апай әңгімесін аяқтады. Міне, бұл өлкеміздегі «Қыз әулиенің» құдіреттілігін көрсетеді. Ауыл адамдары оған шек те келтірмейді. Қыз әулие қасында емдік-шипалы ыссы сулы балшығы бар бұлағы орналасқан. Адамдар бұл киелі орынға келгенде бұлақ суына шомылып, емдік қасиетін пайдаланады. Бұлаққа Атырау, Ақтөбе облыстарынан, Ресеймен шектесетін аймақтардан еміне шипа іздеген адамдар арнайы келеді.



Дерек көзі:

1.«Бейнеу мұражайы» МКҚК деректері;



2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.


Атақозы батыр кесенесі







Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет