Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет15/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

ТОҚМАҒАМБЕТОВ АСҚАР

( 1905-1983)
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Өзнің шығармышылық қызметімен ол казақ әдебиетіне сүбелі. үлес қосты. Талантты ақын, прозаиқ, сатирик жетпістен астам кітаптың авторы. 1930-32 жылдары, Мәскеу полиграфия институтын бітірді. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шықты. Ақынның таңдамалы шығармаларының жинақтары (1932,1933,1945,1953,1957,1962,1965,1975) жарық көрді. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-30) Отан қорғау, интернационализм тақырыбына шығармалар жазды. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Ол өз заманының жалаулы жыршысы болды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанырын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмалары: «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Батыр Әли»,«Ақын тағдыры», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т.б. тақырыбы жағынан әралуан. Ақын лирикасының бір саласы - 1930-40 жылдары жазылған «Біздің Сәуле», «Қош, аман 6ол!», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» т.б. әнге арналған өлеңдері қалың жүртшылықтың құлағында болып кең тарап кетті. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаевтың өміріне арналған «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан революциясы қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтің «Ақмоншақ» (О. Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өнірі қазақтары түрмысынан жазылған «Әке мен бала» романын кейін қаита толықтырып «Қарбаласта» (1975) деген атпен жариялады. XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи роман жазып, оның ішінде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі жайлы құнды деректерден мағлұмат берді. Ақын шығармашылығының елеулі бір саласы - оның сатирасы. Қазақ кеңес әдебиетінде Асқар Тоқмағамбетов сатиралық поэзияның негізін қалаушы, әрі дамытушылардың бірі болды. Кезінде Мұхтар Әуезов оны «Қырғи тілді Асқар» деп бекер айтпаган. Оның бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинақтары жарық көрді. Ақын қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келетін нәрселердің бәрін өткір әжуалады. А. Тоқмағамбетов саяси сатиранын, пәрменді памфлеттің негізін қалаушы болды. Сонымен қатар Асқар Тоқмағамбетов «Әзірет Сүлтан», «Семафор ашық», «Екі заң»,«Арман азабы» атты драмалық шығармалар жазып, аталмыш пьесалары республикамыздың бірқатар театрларында қойылып, көрермендер көңілінен шықты. Асқар Тоқмағамбетов жазған «Бәріміз де сондай болсақ» сценарийі бойынша режиссер Сұлтан Қожықов кинофильм шығарды. Ол С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясының ең қадірлі ағаларының бірі болда. Ақын ана мейірімін, аға ерліғін, іні қайсарлығын жырлап өтті. Оның шығармаларында Отанымыздың елеулі кезеңдерінің келбеті, кең тынысы бар. Сондықтан жастарға қалдырған оның мұрасы күні бүгінге дейін мазмұны жағынан құнды болып қала береді. Әдебиетіміздің сыншысы М.Қаратаев ақынды «Комсомол жыршысы» деген сөздері де жастарға ақын көзқарасының ерекше болғанын айқындан түседі. Асқар Тоқмағамбетов 1983 жылы дүниеден өтті. Ақын аты Қызылорда қаласында Мәдениет үйіне, көшесіне берілген. Облыс әкімшілігі шешімімен А. Токмағамбетов «Ғасыр адамы» тізіміне енгізіліген.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тоқмағамбетов А. Таңдамалы шығармалар- Алматы. КҚӘБ., 1953; 1956;

Тоқмағамбетов А. Шығармалар жынағы. 4 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982-1984 ,

т. 1. Өлеңдер.- 1982.-357 6.

т .2. Поэмалар -363 6.

т.З. Сатиралық шығармалар.-1984 .-300 б.

т.4. Романдар, естеліктер және очерктер -1984 -463 б.

Тоқмағамбетов А.Шығармалар. Екі томдық.- Алматы: ҚМКӘБ., 1962

т.1.1923-1940.-384 б.

т.2.1941-1961-392 б.

Тоқмағамбетов А.Фельетондар мен сықақтар.-Алматы: ҚМКӘБ., 1958;

Тоқмағамбетов А. Дария сыры: Өлеңдер, поэмалар, мысалдар, фельетондар-Алматы: ҚМКӘБ., 1959;



Тоқмағамбетов А. Төрт жыл яки төрт сағат - Алматы: ҚМКӘБ., 1959;

Тоқмағамбетов А. Әке мен бала.- Алматы: ҚМКӘБ., 1961;

Тоқмағамбетов А. Сайрайды бұлбұл: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ., 1961;

Тоқмағамбетов А. Тырналар, сұлу тырналар: Өлеңдер мен сықақтар.- Алматы: Жазушы, 1965;

Тоқмағамбетов А. IIIәңгек: Фельетондар мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1967;

Тоқмағамбетов А. Өмір өлмейді. Өлеңдер мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1968;

Тоқмағамбетов А. Жазғы жапырақтар: (Очерктер) - Алматы: Қазақстан, 1968;

Тоқмағамбетов А. Көгілдір әлем: Өлендер, поэмалар, фельетондар - Алматы: Жазушы, 1971;

Тоқмағмбетов А. Шағалалы шалқар: Өлеңдер мен сықақтар - Алматы: Жазушы, 1972;

Тоқмағамбетов А. Ақмоншақ: Повесть - Алматы: Жазушы, 1973;

Тоқмағамбетов А. Алтын арал. Толғау-жырлар - Алматы: Жазушы, 1974;

Тоқмағамбетов А. Алтын жапырақтар: Сықақ өлеңдер мен дастандар.-Алматы: Жазушы, 1975;

Тоқмағамбетов А. Жыр күмбезі. Роман.- Алматы: Жазушы, 1975;

Тоқмағамбетов А. Мұзбалық: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1978;

Тоқмағамбетов А. Алыптар туралы ертегі - Алматы: Жалын, 1979;

Тоқмағамбетов А. Ғажайып жылдар. өлеңдер мен поэмалар -Алматы: Жазушы, 1980;

Тоқмағамбетов А. Өтеді күндер.- Алматы: Жалын, 1981;

Тоқмағамбетов А. Түрксіб түйіскенде . Өлеңдер мен ертегі,- Алматы: Жалын, 1986;

Тоқмағамбетов Асқар, Бодықов Оразбек. Қыран тұғырдан ұшады - Алматы: Қайнар, 1969.

* * *
Тоқмағамбетов Асқар (1905-1983) //Советтік Қазақстан жазушылары Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.-619-620 б.

Тоқмағамбетов Асқар (1905-1983) //Қазақ әдебиеті. Энциклопедия - Алматы, 1999 - 629 6.

Тоқмағамбетов Асқар // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-305б. Тоқмағамбетов Асқар // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 504б.




ТОҚТАРОВ РАМАЗАН
(1935-2000)
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаров артына қомақты мұра қалдырып кеткен жазушылардың бірі. Рамазан Тоқтаров 1935 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген соң Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінде жұмыс істеді. Содан бергі еңбек жолы қазақ баспасөзімен тығыз байланысты, Әр жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері,

«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында,
сондай-ақ
Қазақстан Жазушылар одғында, «Жазушы» баспасында қызмет атқарды.

Рамазан Тоқтаров әдеби қауымды елең еткізген «Ертіс перзенті» деп аталатын әңгіме, хиқаятар жинағымен әдебиетке келді. Алпысыншы жылдарда жастар өмірінен жазылған жаңа бір әлеуметтік тыныс, леп әкелген заманда бейнелейтін роман қазақ прозасында әліде аз болатын. 1965 жылы жарық көрген жазушының «Бақыт» романы жастар сүйіп оқитын шығарма болды. Рамазан Тоқтаровтың негізгі суреткерлік құрылымы мен таланты кең тынысты эпикалық прозада айрықша көрінді.

Рамазан Тоқтаровтың шығармалары жаңа заманның көкенкесті мәселелеріне айналды. «Ертіс мұхитқа құяды», «Жердің үлгісі», «Тұлпардың сыны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Бақытты құлдықтың ақыры», аттары айтып тұрғандай заты да соған сай туындылар. Оның «Терістік шұғыласы» атты повестер мен әңгімелер жинағына Тундраға барған сапары жөнінде деректі хиқаяты енген. Қаламгер қай шығармасында болмасын қазақ халқы бастан кешкен қилы-қилы кезеңнің мәселелеріне сергек үн қатып отырды. Ол заман тақырыбына қалам тартса да ұраншылдыққа, науқандыққа бой ұрмай, жанына жақын дуйиелерді жазды. Өзінің ғұмырында 24 кітаптан тұратын 16 роман жазды. Сол «бейсаясаттығы» үшін ол солақай сынның сойылығын жеген қазіргі кездері де болды. Жазушы адам бойындағы ішкі қайшылықтардан, қарапайым отбасы тірлігінен жалпы адамзаттық мотивтер тауып, жәй көзге елеусіз көрінетін шағын оқиғалардың өзінен-ақ роман тудыра берді. Ол уақыт тамырын дәп басып, кейіпкерлердің көкірек қатпарына суреткерлікпен үңіле білді. Рамазан Тоқтаровтың көптеген туындылары баяғыда-ақ оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп, жоғары бағасын алғаны мәлім. Данышпап Абайдың жүрек сырына сәуле түсіріп, оның заманы мен ортасын жаңаша байыптаған «Абайдың жұмбағы» романы үшін жазушы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған еді. Рамазан Тоқтаров прозалық туындыларымен қатар әдебиет теориясы, эсее-толғауларымен де оқырман кауымға кеңінен танымал.

Рамазан Тоқтаров 2000 жылдың 12 желтоқсанында 66 жасқа қараған шағында дүнйеден озды. Жазушының қалдырған мұралары кейінгі толқын жас ұрпақтардьн игілігіне айналатыны анық, оның шығармашылық өмір жолының өміршеңдігін өмір өзі айқын көрсетеді. Жазушы Рамазан Тоқтаров сомдаған ұлы Абайдың образы, оны оқушы қауымның әліде кеңірек тануына, басқаша қарауына, оның жан-дүниесін тереңірек түсінуіне толық мумкіндік берері сөзсіз.






ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тоқтаров Р. Ертіс перзенті.-Алматы: ҚМКӘБ., 1962;

Тоқтаров Р. Тыңнан келген бала.-Алмаш: ҚМКӘБ., 1964;

Тоқтаров Р. Бақыт: Роман.-Алматы: Жазушы, 1965:

Тоқтаров Р. Ертіс мұхитқа құяды: Роман. 1-2 кітап - Алматы: Жазушы, 1969;

Тоқтаров Р. Терістік шүғыласы: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1971;

Тоқтаров Р. Тұлпардың сыны: Романдар.-Алматы. Жазушы, 1975; 1988;

Тоқтаров Р. Жердің үлгісі. Роман-Алматы: Жазушы, 1979;

Тоқтаров Р. Ғасырлар наны.-Алматы: Жазушы, 1983;



Тоқтаров Р. Сусамыр: Роман.-Алматы: Жазушы, 1985;

Тоқтаров Р. Таңбалы жарғақтың құпиясы: Роман.-Алматы: Жазушы, 1990;

Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы: Роман.-Алматы: Әл-Фәраби, 1999.



***

Тоқтаров Рамазан Айытұлы.(1935) //Қазақ әдебиеті:Энциклопедия- Алматы, 1999.- 630б.

Тоқтаров Рамазан // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-306б. Тоқтаров Рамазан // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 505б.



ТОЛМАЧЕВ ГЕННАДИЙ ИВАНОВИЧ

(1939-2006)

Отыз жыл көлемінде Қазақстан баспасөзінде қалың оқырманға есімі кеңінен мәлім журналист, жазушы Геннадий Иванович Толмачев 1939 жылы Алматы қаласында туған. 1963 жылы КазГУ дің (Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген, 1972 жылы КПСС Орталық комитеті жаньндағы қоғамдық ғылымдар Академиасын тәмамдаған. Толмачев әдебиетке студентік шағынан бастап араласты. Одақтық, республикалық мерзімді басылымдарда оның әңгімелері, очерктері мен фельетондарын оқырман қауымға ұсынды. Геннаднй Иванович Толмачев «Казахстанскаа правда», «Комсомольская правда» газеттеріндегі тілшілік қызметтерінен басқа, Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті мен республикалық эдеби журнал «Просторда», әрқайсысында он-он жылдан бас редактор болып, ел өміріне баиланысты қанша оқиғаларды баспасөз бетінде тікелей көтеріп атсалысты.

Г. Толмачев редактор болған жылдары аталмыш екі басылымның таралымы үш-төрт есеге дейін өсіп, нағыз шырқау биіктеріне көтерілді. Геннадий Иванович Толмачевтің өмірде көргені көп, тілге бай, қаламы ұшқыр жазушы. Оның журналистік тәжірибесі мен әдебиеттік тәжірибесі көркем үйлесімін тауып, шығармаларына өзіндік ерекшелік береді. «Четыре ночи тревоги», «Дело в поцелуе», «Жил на свете человек», «Не прощаюсь с друзьями», «Сюрпризы в круизе» және басқа да шығармалары оқушы қауымға көп тираждармен таралған. жылы қабылданған дүниелер. Соңғы жылдарда Г. Толмачев қаламынан оқырмандарын елең еткізген екі кітап шықты: « Повесть об Олжасе » және «50 встреч с Д. А. Кунаевым ». Бірінші кітап қазақтың атақты ақыны Олжас Сүлейменовке арналса, екіншісі қазақ халқының аяулы перзенті, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев жайлы. Бүл екі кітап та деректілігімен, өмірлік оқиғалардың дәлдігімен ерекшеленеді.

Жазушы өзі араласқан, күнделікті бірге жүріп, бірге тұрған кейіпкерлерінің адами қаснеттерін де, ұлылықтарын да, пенделік сәттерін де тебірене әңгімелейді. Әсіресе, Қонаев туралы кітаптің бүгінгі замандастары үшін, келешектегі тарих танымы үшін ғибрат қылар тағылымы мол. Осы орайда жазушы Сайын Мұратбековтың: «Димекең туралы әлі талай-талай үлкен талант иелері толғанар, алаида, солардың бірде-бірі Г. Толмачев кітабын айналып өте алмайтыны анық. Өйткені, бүл кітап кейіпкердің тынысын естіп отырып жазылған», - деп жазған жазушының мереитойына байланысты білдірген лебізінде. Геннадий Иванович Толмачевтің аудармасында Оспанхан Әубәкіровтың орыс тілінде «Волшебник» атты кітабы басылып шықты. Г. И. Толмачев 2006 жылы дүниеден озды. Шығармаларын орыс тілінде берілген мәлеметтен қараңыз.


* * *
Толмачев Генадий // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-306б. Толмачев Генадий // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-

Алматы.-2005.- 506б.
ТОРАЙҒЫРОВ СҰЛТАНМАХМҰТ

( 1893 -1920 )
«Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда кім болам?», -

деп өмірден қыршын кеткен Абайдан кеиінгі реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың асыл мұрасы алаш жұртына күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ақынның бар мақсаты еліне жылуы мен жарығын күн сияқты тигізу, өзге ұсақ-түйекпен алдану оңын ұғымында жоқ. Ақын шығармашылығы жайлы... «Сұлтанмахмұт өз өмірінде көп өзгеріс корген, берісі қазақтың, әрісі адам баласының бақ ырысын көксеген, өмірін әділдік, шытндық іздеуге, ойлануда, толғануда өткізген топпен ойдың ақыны еді», - деп Жүсіпбек Аймауытов әділ баға берген.

Қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайгыров 1893 жылы 23 қазанда бұрынғы Омбы уезінің Шағырай болысы Жантай ауылында, қазірғі Көкшетау облысының Қызыл Ту ауданында туған. 1912 жылдың күзінде білім іздеп Троицк қаласына аттанады. 1913-1914 жылдары осы қалада шығатын «Айқап» журналына хатшы болып орналасады, осы жылдары өлеңдерін журнал бетіне жариялайды. Осы тұста «Ендігі беталыс», «Бір адамға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Жан қалқам» өлеңдерін жазып, «Қамар сүлу» романын жазады. 1918 жылы Баянауылға оралған ақын «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларын бастап, 1919 жылы аяқтайды. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында қоғамға тән мұқтаж болған мәселелерді өткірлікпен жырлап, жастарды білімге шақырып, қоғамға пайдалы, халыққа қызмет етуге насихаттайды.

Ақын 1919 жылы Сібірде Колчак үкіметі құлағанын естіп Павлодарға жетеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қоғамдық құбылыстың қайсысын да халық өміріне, қоғамдық дамуға тигізер әсер, ықпалымен өлшейді. Бүл көркемдік, азаматтық өлшемін ол тек оқу, өнер тарапынан ғана емес, қоғамдық өмірдін қандай болса да болмысын, күрделі мәселесін сөз еткенде үнемі есте тұтады. Ақын лирикалық кейіпкері арқылы өз жеке басының ғана емес, бүкіл халықтің, қауымның арман-тілегін, адамгершілік мұраттарын шебер бейнелейді. Осы ретте оның «Шығамын тірі болсам адамболып», «Өмірімнің уәдесі», «Шәкірт ойы», «Ендігі беталыс» өлеңдеріндегі жаңа дәуір адамының таудай талабы дәуірдің озық талабымен үндесіп жатады. Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сүлу», «Кім жазықты?» шығармалары сұлу сөздің сикирлы күшин меңгерген алаш жұртының жырлары ішінде шоқтығы биік шығармалар екенін көрсетті.

Сұлтанмахыұт Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол поэмаларында өмірдін түбегейлі проблемаларын кең қамытып өршіл ойын түкпесіз өз атымен, публицистке тән өткірлікпен ашына, актарыла жырлады. Ақын адамгершілік алдында адал да жоғары ұстады. Аңсаған өміріне енді ғана жеткенде Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 27 жасында мәңгіге көз жұмды. Ақын шығармашылығы казақ ақындарының талай ұрпақтарына шабыт беріп, әліде кең көлемде тиянақты зерттелетініне кұмән жоқ. «Сол бір өмір сүрген Адам атына лаиық іс ет! Өзің үлгіре алмай кеткен қауымдық арманың болса қауымнан қауымға арман боп жетіп жатса, о, дүние!», - деген сөздері оның өмірге көзқарасын, жалпы адалдық келбетін айқын танытып тұр. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арнап жазған Дихан- Бабаның (Әбілев) «Сұлтанмахмұт» атты роман-трилогиасы ақын өмірінен соны
мәлімет беретін көркем шығарма үш кітап болып 1980 жылдары шықты:
1 кітап «Ақын арманы», 2 кітап «Арман жолында», 3-шісі «Баянауыл баурайында». Роман-трилогияда С. Торайғыровтың өмірінің ең бір аяулы кезеңін, жаңа дәуірдегі қазақ даласындағы өзгерістерді көркем тілмен шынайы сүреттеледі.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. /ҚР ҰҒА., әдебнет және өнер ин-ты.- Алматы: Ғылым, 1993

1-том.- 1993.-278 6.

2-том.- 1993.- 206 6.

Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы. Ред. алкасы Ахметов 3. (жауап. ред.).-Алматы: Жібек жолы, 2002.

Торайғыров С. Шығармалар. Екі томдық. - Алматы. Жазушы, 1967

1- том: Өлеңдер.- 376 б.

2- том: Романдар - 319 б.

Торайғыров. С. Шығармалар. Екі томдық-Алматы: ҚМКӘБ., 1962.


Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар-Алматы: ҚМКӘБ., 1950; 1957.
Торайғыров С. Кедей.- Алматы. Қаз.мем.бірік. басп., 1942. Торайғыров С. Мағынасыз мешіт: Дін туралы шығармалары-Алматы:

Қазмембас., 1958 Торайғыров С. Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1971 (Ұлы ақындар

кітапханасы).

Торайғыров С . Шықай мен шағала: Өлеңдер - Алматы: Жалын, 1980
Торай
ғыров С. Арыстан мен тышқанан: Өлеңдер - Алматы: Жалын, 1985
Торай
ғыров С. Сарыарқаның жаңбыры: 1-2 кітап.- Алматы: Жазушы,

1987

1кітап: Өлеңдер.-1987.-159 6.

2 кітап:Поэмалар.- 1987 .-222 6.

Торайғыров С. Адасқан өмір. Кедей. Жарқынбай. Кім жазықты? Қамар сұлу.- Алматы: Рауан, 1992 Торайғыров С. Қамар сұлу: Роман, өлеңдер, поэма - Құраст. Қ. Әбілев,

Е. Асқаров - Астана: Елорда, 1999.

Торайғыров С. Қамар сұлу : Романдар, поэмалар, өлеңдер - Астана: Атамұра,
2002


Торайғыров С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары - Алматы: Жазушы, 2003

* * *



Торайғыров Сұлтанмахмұт //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-446б.

Торайғыров Сұлтанмахмұт //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-307б. Торайғыров Сұлтанмахмұт // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-

Алматы.-2005.- 507б.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920).//Қазақ ССРі Қысқаша
энци
клопедия. 4 том - Алматы, 1989.-577-579 б.

Торайғыров С. //Қазақстан тарихы. Бес томдық: 3 том.- Алматы, 1982 - 511 б.

Торайғыров С. //Қазақ совет энциклопедиясы: 11 том - Алматы, 1977.-107 б.

Мүтиев З. Қазақ лирикасы және С. Торайғыров пен М. Дулатов // Жалын.-2010.-№8.-49-49б.



Қайыров Е. Терең ойлы ақын // Мәдени мұра.-2011.-№4.-20-23б.

Есжанов С. Сұлтанмахмұт // Ақиқат.-2012.-№5.-107-108б.

Сұлтанмахмұт Торайғыров: ақын, ағартушы, жазушы, публицист //Аңыз адам.-2013.-№6.-6-50б.

Сәбитова І. Алаштық идеяның алғашқы жаршысы //Жұлдыз.-2013.-№5.-196-204б.

Абетжанова Ә. Алаш деп ұран салған Торайғыровты терең тани алдық па? //АнаТілі.-2013.-25сәуір.-3б.


ТҮМЕНБАЙ ҚУАНДЫҚ

(1955)
Жазушы Куандық Түменбай 1955 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданда «Қызыл ту» колхозында /қазіргі Ыбырай Жақаев атындагы ұжымшар/ туған. Орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика Факультетіне түстіп 1977 жылы бітіріп шығады. 1991 жылы М. Горький атындағы Мәскеу Әдебиет институтын бітірген.

"Лениншіл жас" / қазіргі "Жас Алаш"/, "Жетісу", "Алматы ақшамы" газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, сондай-ақ ,"Қазақстан" баспасының бас редакторы, КР Баспасөз және ақпарат министрлігінің Бас редакторы болып қызмет істеген. Қазір республикалық "Ақиқат"журналының бөлім редакторы. 1988 жылдан КСРО Жазушылар одағының, 1993 жылдан Казақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қ.Түменбаев оннан аса прозалық кітаптардың авторы."Сотталған домбыра" атты кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығына ие болган. "Кызыл жиде" атты әңгімесі үшін "Қазақ әдебиеті" газетінің, "Ақындар заңы" атты әңгімесі үшін "Сорос—Казақстан" қорының,"Мылқаулар "атты әңгімесі үшін Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына жарияланған республикалық жабық бәйгенің лауреаты атанды. Ол сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгенің төрт дүркін жүлдегері / "Каникулды күткен қыз", "Біздің үйдің солдаттары","Тұңғиық", "Ті ршілік планетасының тентектері" хикаяттары үшін /.

Жекелеген шығармалары араб, орыс, неміс, ұйгыр, қарақалпақ тілдеріне аударыл-ған. Қуандық Түменбай-жазушыға тән игі қасиеттерді бойына жан-жақты жақсы сіңіріп проза әлеміне еркін енген қаламгер. Прозашыға талант пен шеберлікпен қатар, жауапкершілікте ауадай қажет. Жауапкершілік болғанда, "әдебиет-ардың ісі". Ар-ұят-мәңгілік құндылық. Ендеше, Қуандықтың "Жігіттің көктөбесі" прозалық кітабының "Адам" әңгімесіндегі "...жұмыр Жердегінің бар ұятын жиып ап дөңгелек күн қызарып ұясына батып барады" деуіде бостан-бос айтылып,жазылмаған екен. Жалпы, жазушы шығармашылығының темірқазығы да осында десек, артық айтқандық болмаған болар еді. Достаевскийдің "Әлемді сұлулық құтқарады" деген сөзіне, бүгінгі күн талабымен әлемді ар-ождан, ұят
құтқарады дегенді қосуға болады. Жазушы Қуандық, азамат Қуандық М
мұның екеуін де жақсы сезінген. Аталған әңгімедегі Арарат Қайранасов Ауған соғысының құрбаны. Әңгіме өзегі ащы, ащы да болса ақиқат. Ананың ардан аттауының сыры да сонда... Ар мүгедектігі мен тән мүгедектігінің арасындағы трагедия авторды алапат шындықты жазуға итермелейді.

Аталған жинақтағы тағы бір ар-ұят тақырыбын қозғаған хикая-"Ұры". Былай қараганда бұл тақырып сан жазылып, сан айтылып та жүр. Қуандық шығармасының бұрынғы жазылған дүниелерден өзгешелігі-ұрлықтың қиын-қыстау кезде емес, мамыражай бейбіт өмірде жасалуы. "Алтынай аң-таң. Ала бауыр сиырдың бастырмадағы орны бос түр деп" басталатын хикаядағы ар-ұят мәселесі оқырманнын мың сан рет ойлантып, мың сан рет тәубаға
келтіріп отырады.
Шығарма шыншылдығымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде автор ешқандай көлгірсі мейді. Шындыққа жүгінеді. Оқырманын соған сендіреді . Хикаядағы қақтығыс-адамдар арасындағы жанжалу емес, ар-ұят арасындағы талас-тар тыс. Қуандық Түменбайдың қай шығармасы да күрделі шындыққа құрылған дүниелер. Сондай шығармалардың бірі-кезінде Алаш сыйлығына ие болған "Сотталған домбыра"."Сотталған домбыра әңгімесі-бұл үлкен оқиғаның кішкентай ғана көрінісі дүбірлі желтоқсан күндерінің хикаясы. Алаңға шығып, домбырасымен "Ереуіл атқа ер салмай"-дыны толғаған студенттің өзімен бірге домбырасын да қоса соттады. Бұл-зиялы ағаларына сенген ауыл баласының алдануы, жер жүзілік масштабқа жайылған көңіл толқуы.

Жазушының біраз хикаяттары мен әңгі мелерінде қазақ жеріндегі экология тақсіреті мен Ауған соғысының қасіреті суреттелсе, көптеген әңгімелерінде эротикалық сұлулықтың құпия сырлары ашып көрсетіледі. "Бейкүнәлар" романында кеңестік дәуірде тәуелсіздікті аңсаған ұлтжанды қазақ азаматының талайсыз тағдыры суреттеледі .

Жазушының шығармаларындағы эротикалық сұлулық пен махаббат мәселесі кең қамтылып, оқырман жұртшылықтың назарын аударды. Мәселен ,"Біздің мекемедегі махаббат маусымы" хикаятында бір мекемеде қызмет істейтін әйел мен еркек махаббаты аясында елдің басынан өтіп жатқан ауыспалы кезең окиғалары шынайы суреттеледі. "Иманөткелге "Ивановецтің келуі","Барахолкаға баратын автобус","Өті жоқ Адам" т.6. көптеген әңгімелерінде Адам қай кезде Адам боп қалатындығы авторлық берік идея арқылы шешімін табады."Өті жоқ Адамда" өмірден баз кешкен жазушы тек бір-ақ адам-өзінің жан досы Асқарға асықса ол да сол сәт өмірден өтіп кетіпті. Енді қалам иесіне не қалды? Онымен бірге өмірдің қатпарлы құпиясын ашатын жалғыз сырласы-қаламы ғана қалды. Қаламға қарайтын халқы болса деген проблемалық шешімді көреміз. Қоғамымыздың өтпелі кезеңін көрсетуге арналған "Қой мен қойшы"хикаяты оқырманның ерекше назарын аударды. Жүрдек пойызға адамға билет табылмай жатқан заманда купеге қой салып Алматыға әкелу-өмірде Адам мен малдың абыройы қатар аяққа басылғандығын көрсетеді. Талтүсте алдындағы қойынан айрылған шопан тебіренісі жаныңды толқытады. "Түрмедегі торғай" хикаяты да жала арқылы түрмеге түскен жігіттің ақталуы-аққа қара жаға алмайсың деген сенімнің символы. Бұл шығармалардың бәрі де өтпелі кезеңдегі Адам мінез-құлқының соншама деңгейде құлдилап кері кетуін көз алдыға тартады. К.Түменбай балалар мен жасөспірімдер тақырыбына да қалам тартады. Оның "Тіршілік планетасының тентектері" атты хикаятында Байқоңыр ғарыш айлағының маңын мекендеген сәбилердің аянышты тағдыры нанымды суреттелсе, "Каникулды күткен қыз" хикаятында арам қолмен кетпен ұстаган дихан әрекеттері мүгедек қыз Айгүлдің көзқарасы арқылы беріледі. "Біздің үйдің солдаттары" хикаятында Ауған соғысында бір қолынан айрылып келген перзентіне аянышпен емес, риза көңілмен қараған бір кездегі Фашист концлагерінің тұтқыны Әке-солдаттың кезқарасының астарында соғыс атаулының аяушылықты білмейтіндігі, соғыстың жер


бетіндегі ең жауыздық әрекет екендігі тұтқын әке мен мүгедек перзент арақатынасы арқылы беріледі. Сондай-ақ " Қарлығаш пен қара Адам", "Қайың сапты кетпен"," Шоқты көрік",т.б әңгімелерінде сәби көңілдің түкпіріндегі үлкен өмірге деген кезқарас барынша шынайы көрсетіледі. Қ.Түменбай қоғамдағы күнделікті өзгерістерді де қалт жібермей публицистикалық мақалаларымен үн қосып отырады. Оған автордың "Ар мен Дар" атты көсемсөз кітабы куә. Қ.Түменбай шығармашылығы туралы белгілі қаламгерлер С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, Ж.Әбдірашев, Қ.Еркөбек ,т.б. әр кезде мерзімді басылымдарда жылы пікірлер білдірген. Жамбыл атындағы республикалық жасеспірімдер кітапханасы "Казақстан жазушылары-жастарға айдарымен жазушы шығармашылығына арнап "Жарыса аққан қос өзен" әдістемілік құрал шығарды.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет