Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет16/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Шығармалары.

Түменбай Қ. Қайың сапты кетпен: Әңгімелер.-Алматы: Жалын,1981.

Түменбай Қ. Жүрдек поезд: Әңгімелер мен повестер.-Алматы: Жазушы,1980.

Түменбай Қ. Жігіттің Көктебесі: Әңгімелер мен хикаяттар.-Алматы: Жазушы,1995.

Түменбай Қ. Қанаты күйген қызғыш құс: Деректі повесть.-Алматы:Жібек жолы,1998.

Түменбай Қ. Сотталған домбыра: Әңгімелер.-Алматы: Өнер,1998.

Түменбай Қ. Көз: Әңгімелер мен хикаяттар.-Алматы:Зерде,1999.

Түменбай Қ. Жасыл жанып тұрғанда: Роман, хикаяттар.-Алматы: Сөздік-

Словарь,2001.

Түменбай Қ. Қой мен қойшы: Роман, Хикаяттар.-Алматы: Жазушы, 2004.

Түменбай Қ. Ар мен Дар: көсемсез кітабы.-Алматы: Қазығұрт, 2004.

* * *
Түменбай Қ. Қазақ әдебиеті: Әнциклопедия.-Алматы: Білік, 1999.- 644 б.

Бейісқұлов Т. Қобыздың мұнды сарыны //Жұлдыз.-2010.-№10.-190-192б.

Әбдіғұлов Р. Қуандықтың прозасы //Қазақ әдебиеті.-2010.-18маусым,-10б.



Түменбай Қ. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-315б. Түменбай Қ. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 517б.


ТҰРҒЫНБЕКОВ СЕРІК

(1946)
Қазақ поэзиасында өз аты, өз қолтаңбасы қалыптасқан ақын Серік Тұрғынбеков 1946 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданының Төлеген қыстауында туған. 1964-67 жылдары Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінен әдебн жолын бастаған. Серік Түрғынбеков 1967-1973 жылдары қазақ радносында аға редакторлық қызмет атқарды. Бұдан кейінгі жылдары «Жас Алаш» газетінің Торгай, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі болды. 1978-80 жылдары республикалық халық шығармашылығы үйнде фольклор бөліміне жетекшілік еткен, 1981-85 жылдары Қазақстан Республикасы Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды.

Серік Тұрғынбековтың жастық шақтың адал бейнесін, шынайы достықгы, таза махаббатты жырлаған, адам, өмір туралы ой толғайтын «Қобыз» (1975), «Көкейкесті» (1978), «Торғай толгауы» (1981), «Жүрегімнің сәулесі» (1983),«Тыңда түлендер» (1983), «Кеш келген көктем» (1985), «Сүйген жүрек» (1986), «Сан ата ізімен» (1988), «Жерорта» (1999), «Кейкі батыр» (2001) жыр жинақтары бар.

Серік Тұрғынбеков «Кейкі батр» тарихи дастаны үшін 2003 жылы «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды.

Серік Тұрғынбековтың көпгеген өлеңдері мен толғаулары ұлт-азаттық күрестің туы көтерілген «Торғай өңірінің тарихы» оқиғаларын жыр арқылы жаңғыртуға, сөйтіп бүгінгі буынның өнеге алып мақталуына арналған Ақын Әліби, Аманкелді, Қанапия Қайдосов, Әділбек Майқанов сынды тұлғалардың ғибратты ғұмыр жолдарын өлеңмен өрнектейді. Туган жер тарихы оның ардагер азаматтары арқылы өлеңге айналған

С. Тұрғынбеков туған халқымыздың парасатты перзенттерінің бейнесін өлеңдерінде өрнектеп, ойда сақталатын одалар жазды. Сөйтіп, әлем әдебиетінде баяғыдан бар көне жанрды қазақ поэзиясына жақсы жалғастырып келе жатқан ақын.

Серік Тұргынбековтың «Асан ата ізімен» деген кітабында «Ағалар, асыл ағалар» деген топтама жырларында Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Тахауи Ахтанов, Бақытжан Байқадамов сынды қазақың біртуар ұлдарының ұлғатты өмірлерін өлеңдеріне арқау еткен. Ақын олардың бір-біріне ұқсамайтын асыл бейнелерін әрқайсысының өзіне тән қадыр-қасиетімен, ғұмыр-ғибратымен қоса алып көрсетеді.

Ақынның өлеңдеріне бірқатар қазақың белгілі композиторлары ән жазған, ол әндер бүгінде қалың жұртшылықың көңілінен шығып, шырқалып жүр.

Серік Тұрғынбековтың аударуымен А. Твардовскийдің лирикалық өлеңдері «Перзент сыры» (1985), «Бауырлас жырлар», П. Богдановтың «Москва үшін шайқас» поэмалары қазақ тілінде жарық көрді.

Бүгінде ақын С. Тұрғынбеков қалам-қуаш толысқан шагында.



ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тұрғынбеков С. Қобыз: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 1974;
Тұрғынбеков С. Көкейсесті -Алматы: Жалын, 1978;


Тұрғынбеков С. Торғай толғаулары: Өлеңдер, поэма.-Алматы: Жазушы, 1981; Тұрғынбеков С. Тыңда түлегендер.-Алматы: Қайнар, 1983;
Тұрғынбеков С. Жүрегімнің
сәулесі - Алматы: Жалын7 1983;

Тұрғынбеков С. Кеш келген көктем: Өлеңдер мен баладалар - Алматы:
Жазушы, 1985;


Тұрғынбеков С. Асан ата ізімен: Өлеңдер.-Алматы. Жазушы, 1999;
Тұрғынбеков С. Кейкі батыр: Тарихи дастан.-Алматы:
Білім, 2001.

* * *
Тұрғынбеков Серік (1946) //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы, 1999.-


640-641 б.

Тұрғынбеков Серік //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-311б. Тұрғынбеков Серік //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 513б.
ТҰРЛЫБАЙҰЛЫ ЖОЛДАСБАЙ

( 1932 )
Жазушы Жолдасбай Тұрлыбаев 1932 жылы Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Құлжа қаласында педучилищені бітірген. 1952-53 жылдары Қытай Компартиясының басшылығында саяси реформа қызметінде болды. 1953-56 жылдары Іле аймақтық партия комитетінде нұсқаушы болып, 1956 жылы Іле аймағындағы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.

1956 жылы туған Отанына қайта оралды. Жолдасбай Тұрлыбайұлы 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін Алматы облысы Жамбыл аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кейін мектеп директоры болып істеді. 1967-1988 жылдар аралығында Қазақ радиосында редактор, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1989 жылдан 1996 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік ¥лттық университетінің журналистика факультетінің аға оқытушысы болып істеді.

Жолдасбай Тұрлыбайұлы он шақты прозалық кітаптың авторы. Оның тұңғыш туындысы «Ерке серке» (1972) әңгімелер жинағынан кейін «Балапандар» (1974), «Аңшының әңгімесі» (1976), «Телқоңыр» (1981), «Семсер» (1982), «Баламерген» (1984) шығармалары басылып шықты.

Ж. Тұрлыбайұлы батыр бабамыз Райымбек батыр туралы жазған «Тамыз таңы» (1987), «Райымбек батыр» (1992) романдары оқырман қауымның жоғары бағасын алып қасиетті бабамыздың өмірінен соны мәліметтер береді. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы - кешегі өткен батырлар рухын сақтай білуіне, бугінгі мектебіне көп банланысты»,- деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай жас ұрпақты Отансүйгіштілікке тәрбиелеуде бұл шығармалардың маңызы өте зор.

Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Алтын тамыр» атты балаларға арналған пьесасы Республикалық қуыршақ театрының сахнасында қойылып жүр. Бұл пьеса жеке грампластинка болып шықты. Балаларға арналған әңгіме-повестер жинағы Қытайда кітап болып басылып шықты.

Ж. Тұрлыбайұлы қазір тарихи-этнографиялық «Райымбек» қоғамының төрағасы.




ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тұрлыбаев Ж. Балапандар. - Алматы: Жазушы, 1974;

Тұрлыбаев Ж. Аңшының әңгімесі: Әңгімелер. - Ажматы. Жалын, 1976;

Тұрлыбаев Ж. Баламерген: Әңгімелер мен ертегілер.- Алматы. Жалын, 1984;

Тұрлыбаев Ж. Телқоңыр: ГІовестъ және әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1981;

Тұрлыбаев Ж. Семсер: Роман, повестер.- Алматы: Жалын, 1982;

Тұрлыбаев Ж. Тамыз таңы: Роман - Алматы: Жазушы, 1987;

Тұрлыбаев Ж. Райымбек батыр: Роман.- Алмагы: Жазушы, 1992;

Тұрлыбаев Ж. Алтын тамыр: Бір актылы өлеңмен жазылған пьеса.- Алматы,


1978.

* * *
Тұрлыбаев Жолдасбай //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы,1999-
6416.

Тұрлыбаев Жолдасбай //Советтік Қазақстан жазушылары:


Биобиблиографиялық анықтамалық - Алматы, 1987 - 631-632 6.

Тұрлыбаев Жолдасбай // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-311-312-313б. Тұрлыбаев Жолдасбай //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 514б.



ТҰРСЫНҚҰЛОВ ҚАЛАУБЕК

(1934-2009)
Жасөспірімдерге жылы ғибрат айтар шығарма жазып жүрген қаламгерлердің бірі - Қалаубек Тұрсынқұлов. Жастық романтикасына бөлеп жазған «Есіңде ме сол бір кез» атты әңгіме, повестер жинағы кезінде өз оқырманың тапқан шығарма болғаны белгілі.

Қалаубек Тұрсынкулов 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданының Ш арболат ауылында туған.



Қ.Тұрсынқұлов Қызылорда педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданында орта мектепте мұгалім, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің, Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің хатшысы (1966-1969жж) болып, Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы мемлекеттік комитетінің төрағасының орынбасары (1969-72ж.) қызметтерін атқарды. 1972 жылдан бастап біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды.

Қалаубек Тұрсынқұлов ұзақ жыл бойы жастар ұйымдарымен қоян- қолтық араласып жұмыс істеуінің нәтижесінде жастар өміріне арналған, бірнеше көркем әңгіме, повестер жазды. Жазушының осы тақырыптағы «Хал қалай, жолдас хатшы», «Есіңде ме сол бір кез»,«Алысқа тартқан жол» туындылары бір төбе.



Қалаубек Тұрсынқұлов қазақ әдебиетіндегі деректі әдебиет саласын дамытқан қаламгер. Тарихымыз үшін, жастарымызды тарихқа шұғылдандыра тәрбиелеу үшін деректі әдебиеттің алатын орны ерекше. Осы арайда Тұрсынқұловтың «Алыста қалған ағалар» (1970), «Әкелер жолымен» (1972), «Олар оралған жоқ» (1976), «Анды-Қарақыз» (1982), «Алыс жолдар» (1974), «Поляр шеңберінің маңында» (1986) шығармалары тосын тағдырлар іздеуімен қымбат.

Жазушы өзінің шетелдік сапарларында соғыс далаларында басқа елде шейіт болған қандас-тарымызды анықгап осы қажетті тақырыптарды шығармаларына арқау етті, бұл шығармалар деректер негізінен алынғандықтан кезінде оқырмандардың зор қызығушылығын туғызды. Қалаубек Тұрсынқұлов - «Кәпірзада оқиғасы», «Арман азабы» атты пьесаларының авторы.

Жазушыға «Поляр шеңберінің маңында» кітабы үшін 1987 жылы Қазақстан Жазушылар одағының С. Сейфуллин атындағы сыйлығы берілген. Қ.Тұрсынкұлов 1998 жылы басылып шыққан «Қазығүрт: аңыз бен ақиқат» әдеби-танымдық эссесінде «Қорқыт ата», «Оғызнама» т.б. түркі тайпаларына байлаңысиы жырларды қарастырған.

Саха халқының өмірін арқау еткен бірнеше очерктері мен эсселері шықты: «Там, где полярный қруг», «Сәлем, Якутия», «Сардана и Тюльпан» т.б. Осылайша оған Саха Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді. Қалаубек Тұрсынқұловтың біраз шығармалары орыс тілінде, «Алыс жолдар», «Кешіккен хат» кіаптары өзбек, «Ғажайып күндер еді» кітабы саха тілінде жарық көрді. Сондай-ақ жекелеген шығармалары украин, беларус, тәжік, татар, башқұрт тілдерге аударылған.

Жазушының өзі де аударма саласында жемісті еңбек етті. Ол К. Яшеннің пьесаларың Р. Файзидің «Айналайын атыңнан», X. Гулямның' «Ташкенттіктер» романдарын, И.С. Тургеневтің «Бейбақ», С. Даниловтың «Мангары» повестерін, Л. Толстойдың әңгімелерін ана тілімізде сөйлетті.

Қалаубек Тұрсынқұлов 2009 жылы дүниеден озды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тұрсынқұлов Қ. Алысқа тартқан жол: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1969;

Тұрсынқұлов Қ. Алыста қалған ағалар.-Алматы: Қазақстан, 1971;

Тұрсынқұлов Қ. Есіңде ме сол бір кез: Таңдамалы әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1973; 1980;

Тұрсынкұлов Қ. Олар оралған жоқ: Повестер, сапарнамалар.-Алматы: Жазушы, 1976;

Тұрсынқұлов Қ. Анды-Қарақыз: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1982;

Тұрсынқұлов Қ. Поляр шеңберінің маңында: Эссе.-Алматы. Жазушы, 1986;

Тұрсынқұлов Қ. Қазығұрт: аңыз бен ақиқат: Әдеби-танымалдық эссе және көркем шығармалар.-Алматы: Тоғанай Т, 1998.

* * *

Тұрсынқұлов Қалаубек. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы, 1999.- 6426.

Жұмабек Сайлаубек. Қазыгұрт перзенті.-Алматы, 1998

Тұрсынқұлов Қалаубек // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-311-313б. Тұрсынқұлов Қалаубек //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-

Алматы.-2005.- 515б.
Тышқанбаев Бұқара

(1920-1985)
Өмірінің көбі Қазақстаннан сырт жерде өткен, заманында қазақтың мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытуда сүбелі үлес қосқан, ірі қоғам қайраткері, Шынжаң қазақ әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі , жазушы, драматург Бұқара Шонжыбайұлы Тышқанбаев 1920 жылы 12 сәуірде Алматы облысы ,Ұйгыр ауданы, Тоғызбұлақ ауылында шаруа семьясында дүниеге келген.

Бұқараның балалық бал дәурені сонау отызыншы жылдардың басындағы қазақ жерінде етек жайған қанды қол қаралы жол зама- нының тұсында өтті.Сол аумалы –төкпелі күндер оның өмірінде өшпес із қалдырды.

Айнала қобалжуға толып тұрған заманда "жаппай" колхоздасу қимылы дүңк ете түсті де, ел қасқыр тиген қойдай үркіп, ата жерінен ауа көшті . Көрші Қытай еліне бағыт алған сол көштің ішінде өз тіршілігі өзінде, жан бағып жүрген Тышқанбайдың әулеті де бар еді.

Бастауыш білімді туған аулында алған Бұқара, оқуды Құлжа қаласындағы татар мектебінде жалғастырады.

1930 жылы Шыңжаң өлкесінде Жаңа демократиялық өзгеріс бо- лады.Соның нәтижесінде Бұқара 1938 жылы өлкенің орталығы Үрімші қаласына барып, мұғалімдер даярлайтын Жоғары оқуға түседі. Оқуды бітіргеннен кейін сонда оқытушы болып істейді.

Б.Тышқанбаевтың шығармашылық жолы да осы кезден бастала- ды. 1940 жылдары оның алғашқы өлең, мақала, очерктері «Шыңжаң» газетінде жарық көре бастайды.Бұқара мәдениет және әдебиет са- лаларында жауапты қызметтер атқарды. Шыңжаң Жазушылар одағын құру ісіне ат салысты.Оның хатшыларының бірі болып сайланды.

Бұқара Тышқанбаев -сан қырлы талант иесі.Шыңжаңдағы қазақ әдебиетінің негізін салып, іргесін бекітуге Д. Шалгынбаев, А. Татанаев, 0. Айтанұлы, Р. Әпшеұлы, Қ. Шәбденұлы т. б. өзге азаматтармен тізе қайрып, тірлік жасап, үлкен үлес қосқан. Басқа керкем дүниелерін айтпағанда 1955 жылы атақты "Қасен-Жәмилә"фильмінің сценариін жазып, режисерге кеңесші болып, оның жарық көруіне күш салган. «Касен-Жәмилә» 1957 жылғы әлемдік кинофестивальде жоғары бағаланып, Қытай кинематографиясының тарихында бірінші боп Халықаралық сыйлық алып, іле- шала фильм орыс, ағылшын, хинди тілдеріне әударылып, зор абыройға ие бол-ған. Бүл күнде оны ол жақтағы қандастарымыз қазақ кино өнерінің түп атасы деп біледі.Отызыншы жылдардың басы Қытайда революциялық қозғалыстың кең еріс ала бастаған кезі болатын, ал Шыңжаң Кытайдағы демократиялық революция алдымен жеңіске жеткен өлкелердің бірі еді. Халық қозғалысы Түркістан халық республикасын құруға жол ашты.Бұқара осы үкіметтің органы -"Төңкеріс таңы" атты газеттің алғашқы шығарушысы (бас редакторы) қызметін атқарды.Ол сол жолы құрылган "Төңкерісшіл жастар ұйымының" басқарма мүшесі болып сайланып, қазақ, ұйғыр, қырғыз жастары арасында саяси-ағарту жұмыстарын жүргізуге белсене қатынасты. 1948 жылы Шыңжаң "Бейбітшілік пен демократияны қорғау одағы" құрылғанда Бұқара осы одақтың органы-"Одақ"журналының жауапты шығарушысы (редакторы) болып тағайындалады. 1957 жылы ҚХР Жазушылар одағының Шыңжаң бөлімі құрылғанда, Бұқара сол ұйымның жетекші үш хатшысының бірі болып сайланды. Осы жылдары оның шығармашылық өрісі де кеңейе түскен еді.Егер оны бұрын оқырмандар қауымы ақын-жазушы ретінде таныса, енді ол драматург ретінде де көзге көрінді.Қазақ тілінде басыла бастаған "Шұгыла" жүрналының ,"Алға" газетінің беттерінде көптеген өлең, очерк, мақалалары жарық көріп жатса, "Құлжа","Халық күші" атты пьесалары Шыңжаң өлкелік және қазақ облыстық театрларында қойылып, сыншылардың да, көрермендердің де жылы лебіздеріне ие болды. Алпысыншы жылдың аяғында КХР-да лап ете түскен "Мөдениет төңкерісінің"сұрапыл өрті Бұқараны да айналып өтпеген, еңбекпен түзету лагерінен бірақ шығарған.

Тұрпанда жүрмін,Тұрпанда,

Құмын аптап қуырған Қарқарада тусам да, Тағдыр осы бұйырған. Адамның басы Алланың

Добы" дейді көппе екен?!


Сонша жырақ ал менің,
Басымды неге тепті екен.-деп,

зорға дегенде, көп қиыншылықтармен 1962 жылы Отанына 6іржола қайтып оралады. Осылайша онын екінші өмірі басталды. Әрине, ол алғашқы жылдары қиналмай қойган жоқ, қатты қиналды. Тілінде, дәстүрінде, күнделікті саясатында алшақтығы баршылық 6ір мемлекеттен екінші мемлекетке елуді алқымдап турған кезі нде көші п келі п, өмі рді қайта бастау оңайга түссі н бе! Дегенмен, Бұқара өмірінің осы бір күрделі жылдарында қамқорлықсыз да, қолдаусыз да қалған жоқ. Үкімет адамдары да, белгілі әдебиет қайраткерлері де сүйеу болып, қол үшін берді. Жүрегі алғыс сезімге толы Бүқара да еліне, жеріне деген ақ ниетін, адал сөзін оқырмандарға тарту етуге тырысып бақты

...Үмітіме сен еді ң арқау болған

Келіп тұрмын кешігіп шаршау жолдан.-дей келіп ол!

....Айналайын далаңнан,жазыгыңнан.
Айналайын тауыңнан,асыл туғаи.
Жатырқамай сыйпаган маңдайымнан,
Мың айналып кетейі н қолдарыңнан.-деп жан сырын ортаға салды.

Көп ұзамай оның "Жыр бесік" атты өлеңдер жинағы мен "Азамат" деген повесі жеке-жеке кітап болып басылып, оқырмандардын жылы лебізіне беленді. «Махаббат-өмір» пьесасы Семей облыстық драма театрының сахнасынан көрермендердің қөңілін қош етті. Бұқара сонымен қатар көркем аудармамен шұғылданып, белгілі ұйғыр жазушысы Зия Сәмедиді қазақ тіліне аударды. Бұқара Казақ радиосында қызмет атқара жүріп, байтақ елін, келбетті жерін аралап, еңбек адамдарын, қасиетті ата мекенін жырға қосты. Оның осы кезеңдегі жазган очерктері мен өлеңдерінің аттарының өзі жан сырының сипаты сияқты көрінеді.


"Қобда қойнауында", "Үстіртім", "Тыңның сапқын самалы", ңгімемақалалары, "Жетісу", "Алтын Алтай", "Оқжетпес", «Қарқара»,"Шалкөде","Жер ортасы-Көктөбе" деген өлеңдерінің аттары Бұқараның аялаған ата жерінен апған әсерлерінің өрнегі еді.

Бұқара Тышқанбаев 65 жыл ғана өмір сүріп,1985 жылы қайтыс болды.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет