Жамбыл атындағы орта мектеп Ашық сабақтың тақырыбы: "Сақтар" Тарих пәнінің пәні: Қыбыраева А. А



Дата31.07.2017
өлшемі136.93 Kb.
Жамбыл атындағы орта мектеп

Ашық сабақтың тақырыбы:

"Сақтар"

Тарих пәнінің пәні: Қыбыраева А.А.
2014-2015 оқу жылы

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы Сынып: 6 Күні: 15.12.2014ж

Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сақ туралы алғашқы мәліметтер,сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы жайлы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілік :Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, «Даңқ аллеясы»

Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта, карта, оқулық, дәптер, қарандаш, слайдқа жазылған тірек-сызбалар, суреттер, стикерлер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

- Үй тапсырмасын тексеру

§13. Көшпелі бақтақшылық – шаруашылықтың негізгі түрі. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына құрастырған әңгімелерін тексеру.

Сұрақ-жауап:

1) Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр.

2) Көктемгі жайылым қайда орналасқан?

3) Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?

ІІІ. Жаңа сабақ. Жоспары:

1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.

2. Сақ тайпаларының қоныстануы.

3. Сақ қоғамы.

Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар.

Геродот «Тарих»

І Дарий «Бехистун»

Страбон Тарихи деректер

Гректер Азиялық скифтер

Парсылар Құдіретті еркектер

Ирандықтар Жүйрік атты турлар

Сақ тайпаларының қоныстануы



Сақ топтарының аты

Мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга

Мургаб аңғарында өмір сүрді

Сақ қоғамы
\

Жауынгерлер Абыздар малшылар мен егіншілер (қызыл) (ақ) (сары мен көк)
Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.

Топқа бөлу үшін оқушыларға қызыл, ақ, сары түсті стикерлер таратылып, әр түс бойынша оқушылар топтастырылады.Топтарға мынадай атаулар қойылады: І топ – «Парадарайя»

ІІ топ –«Тиграхауда»

ІІІ топ – «Хаумаварга»

Тапсырма:

Әр топ өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді(топ басшылары кезекпен тақтаға шығады).



І – топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауын тауып, кестеге түсіріңдер.

Сақтардың басқа елдердегі атауы

ІІ – топ тапсырмасы:Семантикалық карта сақтардың мекендеген терреторияларын белгілейді.

ІІІ – топ тапсырмасы:Сақтар туралы айтылған мәліметтердің авторларын тауып, кестеге жазыңдар.

2-кезең тапсырмалары

1-топ тапсырмасы :Тарихи диктант

2-топ тапсырмасы: Ойлан тап (сөздердің дұрысын жазу)

3-топ тапсырмасы : Белес ( өткен сабақтар бойынша белес сөздердің мағанасын жазу)

Тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар кезекпен бір-біріне барып тексереді. Қай топ тапсырманы дұрыс орындағаны анықталып, жіберілген қателер түзетіледі.

ІV. Бекіту сұрақтары:

Күн диаграммасы арқылы сабақты бекіту

V. Сабақ қорытындылау. Бүгінгі сабақта сақ туралы алғашқы мәліметтермен танысып,сақ тайпаларының қоныстануын анықтап, сақ қоғамы жайлы толық мағлұмат алдық.

VІ.Бағалау. Әр топтан бір оқушы «Даңқ аллеясына» шығып, басқа топ мүшелерін бағалайды.

VІІ. Үй тапсырмасы. §14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы. (Мазмұндау)

6-сынып . Ежелгі Қазақстан тарихы.


Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
І. 1/Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы білімдерін одан әрі жетілдіруге жағдай жасау.
2/ Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік алуға мүмкіндік беру
ІІ.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік: карта, тірек сызба, домбыра, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
І. Қызығушылықты ояту
Өткен тарауға шолу:
1. Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді
2. Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді
1. тас дәуірі
2. мыс діуірі
3. қола дәуірі
4. темір дәуірі
3. Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас
4. Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды
5. Темір дәуірінің ерекшеліктері
а) шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы
б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі
в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы
г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы

ІІ.Мағынаны тану: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.


Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сақ тайпаларының шығу тарихы.
2. Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары
Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.

Кесте №1,2.

Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
№ Сақ тайпаларының аты мекендері
1 Парадарайа
(теңіздің арғы жағындағы сақтар) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
2 Тиграхауда
(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
3 Хаумаварга
(хаома сусынын дайындайтын сақтар) Мургаб аңғарында
(Түркіменстан)
Картамен жұмыс жасау:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу
-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау
Суреттерді сөйлету

Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»


ІІІ.Толғаныс : «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін
І-Бетпе-беттің сұрақтары

1-оқушы
Оқушыны таныстырамын


Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?
Сақтар қандай тайпа екен?
Оларға тән ерекшелік
Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.
2-оқушыға
Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?
Әйелдері туралы Ктесий ?
Ирандықтар сақтарды қалай атаған?
Алтын адам туралы не білесіз?
3-оқушы
Сақтарды гректер қалай атаған?
Томирис туралы не білесіз?
«Авеста» қандай кітап?
Сақтар қандай өркениетті елдермен байланыс жасаған?
Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?

ІІ-ККК әдісі бойынша оқушыларды бөлеміз.


Суретшілер
Математиктер
Тарихшылар
Географтар
Археологтар Сарапшы 1 оқушы
Осы маман иелері бүгінгі тақырыпты өз мамандығы бойынша баяндап береді
Сарапшы сараптама жасайды.
Сабақты қорыту:
Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.
Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
№12 картамен жұмыс. Сақ патшасы Томирис туралы қосымша мағлұмат дайындау.§14
Мақалаға белгі:Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі


Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, тәуелсіздік үшін сақтардың парсыларға,
Гректерге қарсы күресі туралы әңгімелей отырып, олардың ерлігін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және
сұрақ – жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға сақ патшаларының ерлігін үлгі етіп, оқушылар бойында батылдық,
ерлік туралы ой тудыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау, талдау, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, карта, ребус, суреттер, сәйкестірілмелі тест.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім – білік дағдысын тексеру:
Сөзжұмбақ «Сақтар»
1. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған?
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай шаруашылық болған?
3. Сақтардың өмірінде көлік ретінде маңызды орын алған төрт түлік?
4. Шөлді және шөлейт жерлерде қандай мал асыраған?
5. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
6. Шірік - Рабат қонысы қазіргі қай облыста орналасқан?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау:
Ребус «Геродот»
ІV. Жаңасабақ:
Кіріспе:
“Сақтар дұшпанға - қатал, досқа – адал” Геродот.
V. Оқулықпен жұмыс:
Тақырып мазмұнының жоспары:
1. Кир әскерінің басып кіруі.
2. Шырақтың ерлігі.
3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Б. з. б. 530 ж. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі ТОМИРИС еді
“Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ”
Рим тарихшысы Помпей Торг
Геродоттың сипаттауынша,“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе – жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б 519 ж. Парсылар қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты ДАРИЙ патша басқарады
“Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады.
“Шырақ есімді бір сақ, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға баста барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлден қырылады” грек тарихшысы Полиэн
Б. з. б. 490 ж. Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты
Б. з. б ІV ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді.
“Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады” Грек тарихшысы Арриан
VІ. Бекіту:
Суреттер сөйлейді
1. Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған: “Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде – бір халық болған жоқ”. Геродот
2. Б. з. б. 519 - 518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша. Дарий
3. Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел. Томирис
4. Б. з. б. IV ғасырдың 30 – жылдары грек - макендондықтар осы адамның бастауымен сақ - скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім? А. Македонский
тест
1. Кирге қарсы күресті бастаған сақ патшасы.------ Томирис;
2. Өз елі үшін жанын пида еткен бақташы.--------- Шырақ;
3. Сақ патшайымы Томиристің ұлы.----------------- Спаргапис;
4. Б. з. б. 530 ж. Сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.----- Кир;
5. Шырақтың ерлігін суреттеген грек тарихшысы.-------- Полиэн;
6. Б. з. б. IV ғ. Сақ жеріне қауіп төндірген.------- Гректер;
7. Б. з. б. 519 ж. Сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.----- Дарий;
VІІ. Қорытындылау:
Деректер
Помпей Торг “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ.”
Полиэн “шырақ есімді сақ бақташысы, өзін сақ көсемдерінен жәбір көргенін айтып, парсы әскерін оларға бастап баратынын айтып, алдап, адастырып кетеді.”
Арриан “Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады”
Геродот “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады”
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: Оқып, мазмұндау. Жұмыс дәптерін толтыру

Кері қайСАҚТАР


С/мақсаты:         А)  Оқушылардың 2-тарау бойынша ,яғни сақтар туралы алған білімдерін 

                                  қорытындылау, еске түсіру.қайталап пысықтау.Қосымша дерек 

                                  көздері арқылы білімдерін толықтыра түсу.

                           Ә)Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,үлгі тұта 

                               білуге,бірлікке, адамгершілікке, ерлікке,күрескерлікке,қасиетті 

                               мұраларымызды бағалай білуге ,өз ұлтымен мақтана білуге тәрбиелеу.

                          Б/Оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сақтар мен 

                              қазақ  ұлтын салыстыру арқылы оқушыларды өз ойларына қорытынды 

                             жасай білуге дағдыландыру.

С/типі:              Қортындылау,бекіту

 

С/түрі:             Дәстүрлі емес



 

С/әдісі:           Саяхат сабақ         

 

С/көрн:           Алтын адам және өзге де сақ ескерткіштерінің суреттері,слайд,тәуелсіздік 



                        монументі,әнұран,ОБСЕ туралы видеоролик 

 

С/барысы:      1.Ұйымдастыру



                        2. «Сәт сапар!» ( билет сұрақтары)

                        3.Мұражайға саяхат

                               1,2,3,4-зал тапсырмалары (әр залдан кейін қорытындылау)

                       4.Қорытынды

                       5.Бағалау

                       6.Үйге тапсырма беру

 

1.Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.



   Оқушылар мұражай ға кіру үшін кассадан билет алады.Билетке сұрақ жазылған.Балалар осы сұрақтарға «иә»  немесе «жоқ » деп жауап берулері керек.Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар мұражайға өте алады.Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.

1.Археология   халықтың шығу тегін зерттейді.

2.Ең ұзаққа созылған тарихи кезең – қола дәуірі.

3.Қола дәуірінен кейін  темір дәуірі басталады.

4.Тастан жасалған еңбек құралдарды тұрмыстан біржола  ығыстырған – темір дәуірі.

5.Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды.

6.Неандертальдық адам Франциядан табылды.

7.Синантроп- Қытай адамы.

8.Кромоньондық – саналы адам.

9.Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады.

10.Ерте полеолитте Садақ пен жебе пайда болды.

11.Тығыз қабаттағы кенді өндіру үшін отпен уату әдісі қолданылды.

12.Энеолит- орта тас ғасыры.

13.Арқайым – ең ежелгі қала.

14.Темір дәуірінің белді тайпалары – сақтар мен сарматтар.

15.Үлкен қорғандар ақсүйек және бай отбасылардың айрықша құқығына айналды. Оларды «патша қорғандар» деп атады.

16.Біздің елімізде Ә.Х.Марғұланның есімімен аталатын архелогия институты бар.

17.Сақтар б.з.д.1мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалар. 

 

    1-зал :Сақтар туралы алғашқы деректер (слайд)



1-тапсырма :

                                                  Сақ тайпаларының атаулары

1 Гректер

2 Парсылар

3 Ирандықтар

          авторлар              деректер

«сақтар әлемдегі ең әділ,еңшыншыл халық»

«Сақ әйелдері ержүрек келеді .Соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсктіп,ұрысқа араласады»

«Сақтар жақсы шабандоздар.Олар садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»

«киімі мен өмірі сүру дағдысы скифтерге ұқсас.Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан жасалған.Олар егін екпейді,үй малдары мен балықты азық етеді.Сүт ішеді.»

 

3-тапсырма:  «Жалғасын тап»



Анахарсис б.з.д.7-6 ғ.ғ.шамасында өмір сүрген, тарихта скиф Анахарсис деген атпен әлемге танылған...

 

Қорытынды: Сақтар туралы қандай тың деректермен таныстыңдар?Сақтарды қандай халық деп бағалайсыңдар?Қазақ халқына ұқсас жерлерін кездестірдіңдер ме?



 

2-зал:Сақтардың қоғамдық құрылысы мен шарушылығы.(слайд)

Ру-тайпа- тайпа көсемі- патша – халық жиналысы - әскери демократия.

Тапсырмалар:                                                 

Рим тарихшысы Квинт Курций Руф  тағы қандай мәлімет қалдырды? Сақ қоғамындағы әйелдердің орны туралы не айтасыңдар?Бұл туралы қандай аңыз бар?

Суреттерге қарай отырып тұрмысы мен шаруашылығы туралы әңгімелеу.

 

Қорытынды: Сақ қоғамы ,тұрмысы мен шаруашылығы жағынан өзімізге таныс жағдайларды кездестірдіңдер ме?Болса,қандай?



 

3-зал:     Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі (слайд)

 

  Кир                           Томирис                      1 Дарий



              Ширақ                         А.Македонский

 

Есімдерге қатысты оқиғаларды баяндау.



 

Қорытынды: Балалар, осы оқиғалардан кейін қандай әсер алдыңдар?Қазақтың Әлиясы мен Мәншүгін,Ләззатын,Ерьолы мен Қайратын осы Томирис пен  Шырақтың заңды жалғасы деп айтуға келісер ме едіңдер?

 

4-зал :Сақ мұраларының этномәдениеті (слайд)



             «Алтын адам»  туралы мәлімет      2,3- алтын адамдар туралы  да мәлімет айту.

              «Аң стилі»  туралы баяндау

Қорытынды: Мінекей , балалар, біз бүгінгі сабақта жалпы сақ деген тайпамен таныстық.Сақтардың еркін,ержүрек,батыр да батыл,данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік.Ал сақтар біздің,яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп,елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай,киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр.Биыл Тәуелсіз ел атанғанымызға  19 жыл толғалы отыр екен. Сол тәуелсіздігіміздің  символы ретінде  біз алтын адам мен қанатты барысты ,елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық.Өйткені біз сақтардың ұрпағымыз.Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге ,талай жеңістерге жетелейтіні анық.Соның бір

Ғана мысалы  кешегі 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ОБСЕ саммиті.Бұл саммит Қазақ деген халықтың атын айдай әлемге тағы бір мәрте паш етпеді ме. (Видеоролик). Елімізді осындай  дәрежеге жеткізіп отырған  елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының арқасы екендігін де ерекше айта кетуіміз керек.



     Балалар, осындай елімізбен,  осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық дей келе сабағымызды еліміздің Әнұранымен аяқтауға шақырамын.     

ту
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет