Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаметі «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мм



Дата17.02.2017
өлшемі105,69 Kb.
#9672


Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаметі

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

2015 жылдың 11 айындағы атқарылған жұмысы туралы есеп
Жамбыл облысында елді мекендерін, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 20 бөлімшелері жүзеге асырады.

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ штаттық саналымы 680 бірлікті құрайды, оның ішінде орта және аға басшы құрам 132 бірлік, қатардағы және кіші құрам 525 бірлік, азаматтық қызметкерлер 23 бірлік.

Облыс бойынша күнделікті өрт сөндіру бөлімдерінде тәуліктік кезекшілікке шамамен 80 өрт сөндіруші түседі, 25 бірлік өрт сөндліру техникасы жауынгерлік есепке қойылады. Сонымен қатар, 45 бірлік техника қосымша әзірлікте (резерв).

2015 жылдың 11 айында Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет кезекші қарауылдардың дабыл бойынша шығуы 3527 шығу болды, атап айтқанда:


  • өрттерді сөндіруге - 644 шығу (2014 ж. 11 айда - 565);

  • авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге - 115 шығу (194);

  • жану оқиғаларына - 1384 шығу (897);

  • жалған шақыруларға - 5 шығу (5);

  • өрт-тактикалық жаттығулар өткізуге - 124 шығу (135);

  • өрт-тактикалық оқу өткізуге – 1255 шығу(1322).

Жамбыл облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы өрттерді сөндіру кезінде 120 адам /оның ішінде 42 бала/ (2014 ж. – 164 адам) құтқарылып, 815 адам /оның ішінде 110 бал/ (2014 ж. – 1138 адам) қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің қауіпті факторлерінен 21 адам қайтыс болып (20), 11 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған (22).

Сонымен қатар, Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері бірнеше рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылып, берілген тапсырмаларды сәтті орындап келеді. Мекеме жеке құрамымен АҚЖ жүргізу барысында 35 адам құтқарылды, 125 адам қауіпсіз орынға көшіріліп, 12 адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді.

Өртке қарсы қызмет гарнизоны жеке құрамының жауынгерлік дайындығының негізін өрт-тактикалық жаттығулар құрайды. 2015 жылдың 11 айында Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің шығу ауданында орналасқан адамдардың жаппай жиналатын нысандарында және үлкен нысандарда өрт-тактикалық жаттығулар өткізуге 124 шығу, өрт-тактикалық оқу өткізуге 1255 шығу жасалды. Өрттен құтқару дайындығы нормативтерін өңдеу бойынша практикалық сабақтар өткізуге 5024 шығу жасалған.

Өртті сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда облыс көлеміндегі аса маңызды деген нысандарда «Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын жасау, әзірлеу және рәсімдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар» талаптарына сәйкес жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары құрастырылған. Бүгінгі күнде Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінде 619 жедел өрт сөндіру жоспары мен 708 өрт сөндіру карточкалары бар. 669 жедел өрт сөндіру жоспары мен 767 өрт сөндіру карточкасы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің электронды порталына енгізілген.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сөндіру байланыс орталық пунктінде біріңғай сотқа дейінгі тергеу жүргізу реестрі жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуде арнайы бағдарлама орнатылған. Бағдарламаның қиындықсыз жұмыс істеуіне байланысты Жамбыл облысының барлық бөлімшелерінің IP-VPN каналдарының жылдамдығы 1 Мбит/сек. 2 Мбит/сек. дейін жоғарлатылды.

Барлық өрт сөндіру бөлімшелері мен өрт сөндіру байланыс орталық пунктінде авариялық жағдайлар кезіндегі арыздарды тіркеу журналы, баянаттарды есепке алу журналы арналып, талон-хабарландыру және Сотқа дейінгі тергеу-тексеру рестр мөртаңбасы аланды.

Барлық 101, 112 желілеріне келіп түсетін қоңыраулар ай сайын сарапталып, қорытындылар Республикалық дағдарыс орталығына жолдануда.

Мекеме бөлімшелерінің барлығын қамтитын, Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері Т.Рысқұлов ауданындағы «Мақпал» тауының биіктігінде орналасқан бір УКВ ретранслятор мен жабдықталған (репитер). Қазіргі таңда ӨСБОП мен барлық бөлімшелер арасында радиобайланысы орнатылған. Радиобайланыс пен бөлімшелердің күштері мен құралдарын шұғыл басқаруда Мекеме жарағы командалық штабтық автокөлігі (КШМ) мен байланыс және жарықтандыру өрт сөндіру автомобилі АСО-20 жабдықталған.

2015 жылғы жазғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында 2015 жылғы 20-24 сәуір аралығында Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімшелері күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына кіретін облыстың барлық аң және орман шаруашылығын қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыс аумағындағы болуы мүмкін шартты табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жеке құраммен табиғи өрттерді сөндіру тактикасы бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, жоспардан тыс табиғи өрттерді сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Барлық 14 аң және орман шаруашылығын қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелермен 10 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 қаулысына сәйкес жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық шараларға, ҚР ІІМ 2014 жылғы 27 қазандағы бұйрығымен бекітілген штаттық кестеге сәйкес «Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ негізінде Кәсіби даярлық мектебі құрылды.

2015 Кәсіби даярлық мектебінде барлығы 205 қызметкероқудан өтті, оның ішінде: алғашқы курстық дайындықтан өткендер: өрт сөндірушілер санаты бойынша – 84 адам, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері санаты бойынша - 36 адам, радиобайланысшылар – 5 адам, біліктілігін арттырғандар: өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері – 34 адам, бөлімше командирлері санаты бойынша – 8 адам, 15 адам – өрт сөндіру авосатысында жұмыс істеу үшін қайта дайындықтан өткізілді, ауасы сығымдалған «Драгер» және «МSА AUER» тыныс алу аппараттарында жұмыс істеуге – 23 қызметкер жеке оқытылды.

Оқудың сапасын арттыру, оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру үшін тыңдаушылармен сабақтарды өткізуге басқарма аппаратының, Жамбыл облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығыны филиалының тәжірибелі мамандары тартылады.

Жамбыл облысының аудандарында бастапқы даярлау көлемінде практикалық көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында көшпелі оқу сабақтары ұйымдастырылып, барлығы 2141 ерікті өртке қарсы жасақ мүшелері оқытылды. Арнайы бекітілген бастапқы даярлау бағдарламасы көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық база, өрт-техникалық дайындығы, өрт сөндіру тактикасы, өрттерді сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі теориялық және практикалық сабақтарды Төтенше жағдайлар департаментінің, Кәсіби даярлық мектебінің командалық-оқытушылар құрамы және аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлері жүргізді.

Жауынгерлік қанат жаю және өрт-техникалық жарақтармен жұмыс істеу жөніндегі тәжірибелік сабақтар аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің негізінде жеке құрам мен өрт сөндіру техникасының тартылуымен өткізілді. Ерікті өрт сөндірушілер өрт сөндіру жарақтарымен жұмыс істеу дағды-машықтарын іс жүзінде атқарды. Оқыту барысында, әсіресе, өрттерді сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы шараларына баса көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ орынбасары жанындағы 2015 жылғы 30 маусымдағы №39 Жедел кеңестің хаттамалық шешімімен берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Әкімшілік полиция және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлеріне ТЖ алдын алу және жою кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ өрт сөндіру және адамдарды эвакуациялау кезінде бірінші кезектегі іс-қимылдарды жүргізу қағидаларын оқыту ұйымдастырылды. Барлығы 290 қызметкер оқытылды, оның ішінде: Әкімшілік полиция қызметкерлері – 129, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлері – 161 адам.

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бойынша 14 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтінен қорғау қызметі бар (№1 МӨСБ, №1 ӨСБ, №3 ӨСБ, №4 ӨСБ, №5 ӨСБ, №6 ӨСБ, №7 ӨСБ, №8 ӨСБ, №9 ӨСБ, №10 ӨСБ, №11 ӨСБ, №12 ӨСБ, №13 ӨСБ және №14 ӨСБ). Бөлімдердің 20 қызметкері басшы құрамынан. Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының газ-түтіннен қорғау қызметі: 1 ГТҚҚ базасы, 14 қадағалау посты, 1 жылу-түтін даярлау кешені мен жылу түтін камерасынан және 1 отты психологиялық жолағынан тұрады.

Мекеменің өрт сөндіру бөлімдерінде 296 газ-түтіннен қорғаушылар бар, ГТҚҚ 16 буыны күнделікті тәулік бойынша кезекшілікке түседі, газ-түтіннен қорғаушылардың тәулігіне түсетіні 50 қызметкер, КӨСҚ-нің 2 қызметкері тәуліктік қызметіне түседі, Мекеменің 22 қызметкерлерінің САА аппаратында жұмыс істеуге рұқсатнамалары бар. Нақты тыныс алу апараттардың саны 291 дана («Drager», MSA «Аuer» және САА-2), оның ішінде жауынгерлік санақта 80 аппарат 130 аппарат резервте, қоймада АСВ-2 71 аппаратары бар (барлығы ақаулы жағдайда).

2015 жылдың қазан айының 01-30 күндері аралығында Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерімен облыс аумағындағы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жарамдылығына күзгі-қысқы кезеңдік түзету енгізу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысқа облыс аумағындағы барлық ӨС гидранттары мен суаттары қамтылды.

Жамбыл облысы аумағында 6923 өрт гидранты және 149 өрт суаты бар. Оның ішінде 1918 ӨГ (жалпы санынан 27,7 %) және 47 ӨС (жалпы санынан 31,75 %) істен шыққан. Түзету қорытындысы бойынша барлық аудандық және қалалық су шаруашылық мекемелеріне ақауы бар жарамсыз өрт гидранттарын қалыпты жұмыс жағдайына келтіру туралы ақпараттар жолданды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 «Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызмет өткеруге байланысты өрттерді сөндіру кезінде оқыс оқиғаларға және қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Ай сайын қызметкерлермен еңбек жағдайын жақсарту, келеңсіз жағдайларға жол бермеу, еңбек ету процесінде жарақатанбау іс шаралары бойынша бірқатар жұмыс атқарылады. Бөлімшелерде еңбекті қорғау күндері жүргізіледі, онда өндірістік апаттарға, жол-көлік оқиғалары мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыс қорытындылары қарастырылады.

Бөлімшелерде уақытылы өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтар сынақтан өтіп отырады.

Барлық жеке құрам облыстық ІІД Әскери дәрігерлік емханасынан жыл сайынғы медициналық тексерілуден өтіті, сонымен қатар сығылған ауа аппараттарында жұмыс жасауға жарамдылығы куәландырылды.

Ағымды жылы атқарылған іс-шараларға қарамастан 19 тамыз күні Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Казпочта» АҚ ғимаратында орын алған өртті сөндіру барысында №5 ӨСБ бөлімше командирі өртке қарсы қызмет старшинасы Е.Ахметов қаза тапты. Аталған оқиға бойынша ҚР ІІМ ТЖК комиссиясы қызметтік тексеріс жұмыстарын жүргізіп, қорытындысында бөлімше жеке құрамдарының жауынгерлік дайындықтарын жоғарлатуға бағытталған қосымша іс-шаралар жұмыс жоспары құрастырылды.

Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының жауынгерлік жарағында әртүрлі бағыттағы 118 бірлік техника бар.

Оның ішінде:

негізгі өрт сөндіру техникасы – 65 бірлік;

арнайы өрт сөндіру техникасы – 14 бірлік;

көмекші техника – 39 бірлік.

Барлық 120 дана техниканың ішіндегі 43 автокөлік 20 жылдан аса қолдану мерзімінен асқан.

2014 жылы Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонына 3 бірлік өрт сөндіру техникасы берілді: АЦ-8,0-70 (МАЗ), АЛ-32 L-32 (КамАЗ-53605) және АБР-1,0-2-6 (Газель) 2015 жылдың сәуір айында барлық техникалар жол полициясы органдарына тіркеуге қойылып бөлімшелер есебіне бекітілді.

Сонымен қатар, 2015 жылдың сәуір айында «ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Жамбыл облысы статистика департаменті» Республикалық ММ 3 дана шұғыл-қызметтік ВАЗ-21214 НИВА маркалы автокөліктері алынды. Қазіргі таңда аталған техникалар мекеме балансына есепке алынып, құжаттары толықтай жол полициясы органдарына тіркелді.

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындау шеңберінде іс жүзінде іске асты. Қордай ауданы Сортөбе ауылында 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысын жерге орнату жобалы сметалық құжаттамасын (ПСД) жасалынып 2015 жылдың 11 ақпанында № 08-0058/15 мемлекеттік қорытындысы алынды.

Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылында 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосын салуға ЖСҚ-ны қайта қолдана отырып жобасын жасау, сонымен қатар Жаңатас қаласындағы өрт сөндіру депосының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қаражат бөлінген жоқ.

2-4 тоқсандағы жоспарға сәйкес, атқарылған іс-шаралар бойынша Мекеменің өрт сөндіру автокөліктерін жаз және қыс мезгілінде пайдалану үшін маусымдық техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар бойынша маусымдық қызмет көрсету актісі жасалынды.

Есептен шығаруға жататын және өзінің материалдық ресурстары өтіп кеткен АЦ-5-40 және автокран ағымдағы жылы Мойынкұм ауданы әкімдік балансына 2 бірлік автотехникасы берілді. Қазіргі танда 3 бірлік автотехникасынын материалдары аумақтық мемлекеттік жекешелендіру комитеті (аукцион) арқылы жекешелендіру, сонымен қатар есептен шығаруға дайындалуда. Сонымен қатар жұмыс істемей тұрған техникаға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргілді. Тараз қаласы өрт сөндіру бөлімідеріне техникалық қызмет көрсету қызметінде Қордай ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің ЗИЛ-131 шассиінде АЦ-40 автокөлігінің қозғалтқышына, агрегеттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, тепкіш сорғысы ауыстырылды, дөңгелектері жанартылып, қорабы жөнделіп бастан-аяқ қайта сырланды. Жоспарланған іс-шаралар бойынша өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметі ғимаратында 2 бірлік техникаға қозғалтқышына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл басында 2015 жылдың қаңтарында әзірленген және бекітілген жоспар кестесіне сәйкес, бөлімше бойынша әр бір техникаға ай-сайын нақты мерзімі көрсетілген техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргілді.

2015-2016 жылдарында қыс мезгіліне жұмыс жағдайы дайындығы бойынша, бөлімшелерде байқау жүргізіліп барлық жайлары мен ғимараттарындағы жылу жүйесі тазаланып қалыпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша бөлімшелердің орталық жылу жүйесі дайындық паспорты дайындалып, бөлішелердің автономды жылыту жүйесіне дайындығы туралы актісі жасалынды.

Өрт сөндіру техникаларын қыз мезгілінде төменгі температураларда пайдалану үшін қысқы дизельдік отын, антигель қоспасы, және жүргізушілер құрамымен төменгі температура жағдайында төтенше жағдайлар кезінде және өзге де өрттерді жою кезінде, сонымен қатар қолайсыз ауа-райы кезінде өрт сөндіру автотехникасын жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқау жүргізілді.

Қар боранда жұмыс техникаға желтоқсан айынын басында жоғары жүрісті шынжыр табанды ГТ-ТБ тягачына жөндеу жұмыстары жүргізіліп қажетті агрегаттары жанартылып ауыстырылды.

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жергілікті атқарушы органдарымен, апаттық қызметтер, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға тартылатын барлық коммуналдық қызметтермен өзара әрекеттестік жоспарлары мен нұсқаулықтары бар. Қазіргі уақытқа Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жоғарыда аталған қызметтермен 43 өзара әрекеттестік жоспарлары мен нұсқаулықтары жасалған. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңын басшылыққа ала отырып 10 жоспар, 1 келісім шартпен 12 нұсқаулықтар қайта жаңартылды.



Жамбыл облысы ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ

бастығының орынбасары

азаматтық қорғау полковнигі Е. Момбаев




Каталог: kchs
kchs -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
kchs -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жыл қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
kchs -> Құрамының әскери және қызметтік дайындығы « дайындық ережесі»
kchs -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
kchs -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
kchs -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
kchs -> 2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет