Жанғожина, Г. М. Орталық Қазақстандағы су қоймалары мен көлдердің



Дата28.01.2018
өлшемі173,42 Kb.
#34630
Жанғожина, Г.М.

Орталық Қазақстандағы су қоймалары мен көлдердің қазіргі жағдайы (Нұра алабы мысалында) / Г.М.Жанғожина, П.А.Мақсұгова // ҚарМУ хабаршысы: Биология, медицина, география сер. = Вестник КарГУ: Сер. биология, медицина, география. - 2005. - №4(40). - 41-44 б.

В статье показаны последствия антропогенного воздействия на изменение ландшафта бассейна реки Нуры.

The aftereffects of anthropogenic influence on change of a landscape basin are shown in the article.

Нүра өзенінің гидрологиялық жэне гидрохимиялық режимінің қазіргі жағдайын оқудың өзектілігі оның маңындағы өнеркэсіптің қалдық суларының болуымен ғана емес, салаларында су қоймаларын салудың белсенділігімен анықталады. Бүл режимнің өзгеруін толық айқындау үшін, біздің ойымызша, мыналарды ескеруіміз қажет:

  • гидрогеологиялық, химиялық режимге су қоймаларының тигізетін
    эсерін анықтау;

  • алаптағы су қоймаларға, көлдерге қалдық сулардың түсуіндегі
    өзгерістерді зерттеу.

Нүра өзенінде Ошағанды, Ащысу, Ботақара, Жартас, Ынтымақ, Самарқан, Саран, Түзды, Федоров, Чкалов, Шерубайнүра сияқты ірі бөгендер орналасқан (кестені қар.). Бөген дегеніміз — суды жинау жэне сақтау, жерді суландыру жэне т.б. үшін өзендерге бөгет салу арқылы жасалатын жасанды су қоймасы [1].

Алаптағы су қоймаларының, бөгендерінің салыну мақсаты эртүрлі. Деректерге сүйенсек, ең алғашқы су бөгені зерттеліп отырған аймақ 1935 ж. бастап жерді суландыру мен халықты сумен қамтамасыз ету үшін салыныпты (Шерубайнүра өзеніндегі Жартас су қоймасы) [2]. Негізінен бөгендердің салынуы Орталық Қазақстан аридті аймақта орналасқан жэне өнеркэсіптік кэсіпорындар көп шоғырланғаннан, жерді суландыру, алапқа суды жинау, өзен деңгейін көтеру үшін гидротехникалық мақсатта салынған.



Өнеркэсіптік жэне муниципалдық эрекеттер судың тепе-теңдігінің неғүрлым техногенді тасымалдауына экеп соғады. Зерттеліп отырған территорияда индустрияның өсу қарқыны жоғарылаған сайын, су қоймаларын ластайтын қалдық сулардың деңгейі көтерілуде. Суды өндірістік қажеттерге қолданудан Қарағанды облысы Маңғыстау облысынан кейін 2 орынға ие (1179. млн. м3). Ал шаруашылық, ауыз су қажеттеріне таза суды 68 млн. м3 дейін колданады екен [3].

Қалдық сулардың өзі су объектілеріне тазартылмай келіп түсуіне қарай 2 түрге бөлінеді: өндірістік жэне түрмыстық (коммуналдық) қалдық сулар [4]. Облыс бойынша су қоймаларына өнеркэсіптік шаруашылық жэне түрмыстық қалдық лас сулардың келіп түсуі жылдан жылға өнеркэсіптің күшеюіне қарай

қарқындап түсуде (Шерубайнұра, Самарқан, Жартас су қоймалары) (сур.



қар.).

Нү_ра өзені алабының жер беті жэне жер асты суларының негізгі ластану көздері болып Қарағанды өнеркэсіп ауданының өнеркэсіп объектілері мен коммуналды кэсіпорындарының ағын суларын ұйымдастырылған шығарулары табылады. Бү_л аудан Нү_ра алабының орталық бөлігінде орналасқан жэне дамыған көмір өндіруші, металлургия, мүнай-химия, химия жэне машина жасау салаларымен сипатталады. Өнеркэсіптік ауданға 5 қала, 10 қалалық жэне көптеген ауылды елді мекендер кіреді.




Сур. Қарағанды облысы бойынша су объектілеріне лас қалдық сулардың келіп түсу графигі (Статистика бойынша ҚР-нің агентігінің көрсеткіштері нұсқауымен, 2003 ж.)

Самарқан, Шерубайнұра, Федоров сияқты су қоймалары қазіргі уақытта Қарағанды, Теміртау өнеркэсіптік аудандардың өнеркэсіптік жэне тұрмыстық-фенолды суларымен ластанған. Қарағанды гидрометеорология-лық орталықтың мэліметтері бойынша, Қарағанды облысының су ресурстарының жалпы қоры 2003 ж. соншалықты өзгерген жоқ (2002 ж. салыстырғанда).

Нү_ра өзенінің СЛИ (судың ластану индексі) 1,95 (орташа ластанған сулар). «Миттал Стил Теміртау» ААҚ жэне «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС қалдық суларының біріккен шығу орнынан 1000 м жоғары жерде өлшенген заттардың концентрациясы 9 мг/дм3 , қүрғақ қалдық бойынша минералдануы — 962 мг/дм3, ерітілген оттегінің беткі-белсенді заттардың, мыстың, мырыштың, қорғасынның, хромның, мышьяктың, цианидтердің, роданидтердің орташа саны ІІІЖК нормасының деңгейінде. Жыл бойы ШЖК-дан асырулар темір бойынша — 1,5 ШЖК-ға дейін (0,15 мг/дм3), сынап бойынша — 2,8 ШЖК-ға дейін (0,00028 мг/дм3), марганец бойынша — 9,5 ШЖК-ға дейін (0,095 мг/дм ), аммонийлық азот бойынша —1,1 ШЖК (0,41 мг/дм3), БПК — 5-1,2 ШЖК-ға дейін (3,53 мг/дм ), мү_най өнімдері бойынша — 2,4 ШЖК (0,12 мг/дм ) байқалған. Бүл Самарқан су қоймасының суының транзитімен түсіндіріледі [5].

Теміртау қаласының маңы — Нү_ра өзенінің ең ластанған жері.



Теміртауда — зиянды өндірістер көп шоғырланған өнеркэсіптік орталық қалада Қарағанды облысының су ресурстарының сапасының өзгеруіне эсер ететін негізгі мекемелер орналасқан: «Миттал Стил Теміртау» ААҚ, «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС т.б.

Өндірістік жэне шаруашылық-тұрмыстық ағындармен өзенге сынап, цианидтер, фенолдар, органикалық жэне қүрамында азот бар заттар, фосфор түседі. «Миттал Стил Теміртау» ААҚ жэне «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС қалдық суларының біріккен шығу орнынан 1000 м төмен жерде өлшенген заттардың концентрациясы 9 мг/дм3 сэйкес, ШЖК асулар темір бойынша — 1,8 ШЖК (0,18мг/дм3), марганец бойынша — 7 ШЖК-ға дейін (0,07 мг/дм3), фенолдар бойынша — 2,8 ШЖК-ға дейін (0,14 мг/дм3), сынап бойынша — 5 ШЖК-ға дейін (0,0005 мг/дм3). Бү_л «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС жэне «Алаш» ЖАҚ тазарту қондырғыларынан келетін нормативті тазартылған қалдық сулардың келуінен (бұнда сынап жаңбыр суымен бүрынғы «Карбид» ӨБ тер-риториясынан түседі) жэне тұнбалардың қайта ластанумен байланысты [6].



Басқа ластанушы ингредиенттердің концентрациясы ШЖК-дан аспайды. Судың ластану индексі 2,34 (орташа ластанған сулар) 2002 жылдағыдай. Ластанушы компоненттердің ең қауіптісі сынап. Сынап Нү_ра бойында тығыз қоныстанған елді мекендердің жер беті жэне жер асты суларын, ауыл шаруашылық дақылдарын, балықты, малды, топырақты жэне ауаны ластайды. Өзеннің сынап жинап алған тұнбалары судың қайта ластанушы көзіне айналды. Бұндай жағдай өте қауіпті, Жапонияда осындай жағдай адамдардың миномата ауруымен ауруына экеп соқты, одан жүздеген адамдар өлді.

Сондықтан Қарағанды облысының маңызды проблемаларының бірі — Нү_ра өзенінің тұнбаларын сынаптан тазарту. «Карбид» АҚ ацетальдегид өндірісінің жұмыс жасаған жылдар ішінде 150000 т астам сынап жиналған.



Нүра өзені алабындағы Ақбастау, Байқожа, Матақ, Ащысу өзендерінің территориясы төменгі дэрежедегі техногенезге үшыраған бөлікке жатқызылады. Бүл аймақ өзеннің ағынының аз бөлігін қамтиды.



Самар, Ынтымақ, Самарқан су қоймаларының сулары фенол (20-79 шмж), сынап (20-134), нитраттар (5), аммоний азоты (12 шмж) сияқты зиянды заттармен ластанған. Техногендік түнба-лайлардың қалыңдығы 2-3,5 м қүрайды. Олардағы сынаптың қүрамы 560 мг/кг (рендік қүрам бойынша 0,08 мг/кг). Сондықтан көктемгі су тасуы кезінде су қоймаларынан су лақтырылған кезде суда сынап қүрамы сэл үлғаяды. Сынап түптік шөгінділерден түсіп, табиғи ортаның ерекшелік техногендік ластану көзі болуы мүмкін.

Кейінгі жылдары «Карбид» АҚ қалдық суларымен Нүраға сынаптың келуі біршама азайғанмен, өзен түнбаларын тазарту мэселесі тез шешуді қажет етеді. Қазір тек қана Нү_ра суларында ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысында орналасқан Қорғалжын қорығының суларында да кейбір су пробаларында сынап шжк нормаларынан жоғары концентрацияда байқалған.

Нү_ра аңғары Самарқан су қоймасынан Нүра-Есіл каналына дейінгі территорияда ластанған. Әсіресе қатты ластанған түнбалар қалдық сулар қосылатын жерден 22 км төмен орналасқан. Самарқан су қоймасынан Ростовка поселкесіне дейінгі территорияда сынап концентрациясы су түнбаларында қү_рғак грунттың 200 мг/кг-нан 2-10 мг/кг дейін өзгереді. Самарқан поселкесінен Ертіс-Есіл каналына дейінгі территорияда бү_л көрсеткіш грунтга төмендейді (0,1-0,3 мг/кг-нан 0,1 мг/кг-ға дейін, ал Нүра-Есіл каналында — 0,06 мг/кг). Сынап концентрациясының өсуі эсіресе су тасқыны кезінде күшейеді, бүл өзен түнбаларынан судың қайта ластануына байланысты.

Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиялық станциясының деректері бойынша, 2000 ж. жалпы республика бойынша ашық су қоймаларының химиялық ластану көрсеткіштері 1999 жылмен салыстырғанда элдеқайда өскен жэне 11,1 %-ті қүрайды. Бүл көрсеткіш Қарағанды облысындағы су қоймаларында ең жоғары (29,2 %), ал Ақмола облысында 19,2 % қүрайды [3].

Осы территорияның геоморфологиялық түрғыдан зерттеп жүрген ғалым К.М.Акпамбетованың деректері бойынша [7], су ағындарының деңгейі тек өнеркэсіптік зоналардың аумағына ғана тэуелді емес, сонымен қатар қолданылатын технологиялык процестердің ерекшеліктеріне байланысты. Шахта суларының Кіші жэне Үлкен Бүқпа өзендеріне ағуынан судың минералдылығы көктемде 1,4 г/л-ден, күзде 2,35 г/л-ге дейін көбейеді. Бүл сулар су бөгендерінің (Федоровка бөгені), жер асты суларының аллювиальді-пролювиальді горизонттарына локальді ластаушы эрекетін тигізеді.

Судың минералдық көрсеткіштері өзгергендіктен, судың нитратгармен (8 ШЖК-ға дейін) ластануы жэне қышқылдануы байқалуда. Су объектілеріне эсер ететін жоғарыда көрсетілген экологиялық жағдайларды төмендету үшін мыналарды ескеру қажет:

- өнеркэсіп жэне түрмыстық-коммуналдық секторларда суды қорғау



технологияларын шығаруды арттыру;

  • ағынды қалдық суларды тазартуда неғұрлым физикалық, химиялық
    жэне биологиялық эдістерін жоғары дэрежеде қолдану;

  • көмірді өңдеуде неғұрлым қолайлы ұтымды эдістерді талдап барып
    қолдану;

  • территорияның көбі тау-кен байыту өнеркэсібінде қолданылғандықтан,
    фитомелиорациясы жэне рекультивациялық жүмыстарды өткізуді қажет
    етеді;

  • суды дұрыс пайдалану жэне су ресурстарын қорғау жөнінде табиғатты
    қорғау шараларын атқару.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қүрманов Қ Физикалық география терминдері мен үғымдарының
    орысша-қазақша анықтамалық сөздігі. - Алматы, 1993.-29 б.

  2. Филонец П.П., Омаров Т.Р. Озера Центрального Казахстана. - Алматы,
    2001.-С. 54.

  3. Экологическая статистика. Агентство РК по статистике. - Алматы,
    2001. -С. 45-47.




  1. Дьяконов К.Н. и др. Современные методы географических
    исследований. -М.. 1996. -С. 121.

  2. Материалы Карагандинского центра по гидрометеорологии. -
    Караганда, 2003.




  1. Материалы Карагандинского экологического центра «Экоцентр». -
    Караганда, 2001.

  2. Акпамбетова К.М. Геоморфология аридных территорий Казахстана.
    Караганда, 2002. - С. 53.

Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
DBases -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
DBases -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
DBases -> Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы / Е. Көбеев // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
DBases -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Сембай, М. Дертті даланың дерегі: Картаға түсірілгенмен түйткілдері әлі де көп / Мағауия Сембай // Орталық Қазақстан. – 2006. – 2 наурыз (№41-42)
DBases -> Салықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Орынғали, М. Нұра өзені мен Теміртау қаласын болашақта не күтіп тұр? / Мәншүк Орынғали // Атамекен. – 2006. – 14 қыркүйек (№17)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет