Жануарлар әлемінде тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі47,39 Kb.
#34479
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНДЕ
Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы алған білімдерін толықтыру. Сұрақ- жауап арқылы ойын толық жеткізуге баулу. Сөздік қорларын байыту.Үй жануарларына қамқор болуға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру,ойын, сергіту сәті.
Көрнекілік: Суреттер, төлдердің үлгілері,үй жануарлардың бейне түсірілімі.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар жылдың қай мезгілі.
- Көктем жыл мезгілі.
- Қай ай?
- Наурыз айы.
- Аптаның қай күні?

-Бүгін күн - Сәрсенбі.

Жақсы балалар. Тыңдаңдаршы, есікті біреу қағып тұрған сияқты. Балалар бізге пошташы келіп мына хатты алып келді. -Бұл хат Әлібектен екен. Әлібек қазақ тілі сабағына жиі қонақ болып келетін бала.

Хат

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен қазір ауылдамын. Ауылда ферма бар. Фермада үй жануарлары көп.Сендерді де осы ауылға қонаққа шақырамын. Менің жіберген тапсырмаларым сендердің маған жетулеріңе көмектеседі.


Жақсы балалар, айтыңдаршы ферма деген не?

Фермада нені көруге болады?

Балалар, ауылға бармас бұрын, біз Әлібектің берген тапсырмаларын орындайық.

Жұмбақтар

Мен жұмбақты жасырамын, сендер қазақша жауабын айтасыңдар.



1.Этот зверь живет лишь дома

С этим зверем все знакомы

У него усы, как спицы

Он мурлыга песнь поет

Только мышь его боится

Угадали? Это- кот-мысық


2.Гладишь-ласкается,

Дразнишь-кусается.

На цепи сидит,

Дом сторожит

(Ит-собака)

Тапсырманы жақсы орындадыңдар!


2-тапсырма: Бөлшектерден сурет шығар
(Балалардың алдында қиылған суреттер. Осы қиықтардан үй жануарларының суретін шығару керек)

ЕШКІ, СИЫР, ҚОЙ, МЫСЫҚ, ИТ,ТҮЙЕ, ҚҰЛЫН
Балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Енді автобусқа мініп,ауылға жол тартамыз. Ән шырқап барайық.
Біз автобуста отырмыз,отырмыз,отырмыз

Терезеге қараймыз, қараймыз.

Артқа-алға қараймыз, былай да, былай да,

Неге автобус жүрмейді,жүрмейді?
Міне ауылдың фермасына да келіп жеттік.

Әлібек:-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Келгендеріңе өте қуаныштымын. Мынау ауылдың үлкен фермасы.Қазір ферманы көріп шығамыз.Сендердің білімдеріңді де тексеремін.


Фермадағы үй жануарларының көрінісі
Сендер ауылдың фермасында нелер барын білесіңдер, көрдіңдер. Ал енді үй жануарларын толығымен айтып беріңдерші
Сұрақ-жауап

Мынау не?

-Бұл -Түйе,інген,бота- бәр сөзбен түйе дейміз

-Мынау-Теке,ешкі,лақ-бір сөзбен ешкі дейміз

-Мынау-Өгіз,сиыр,бұзау-бір сөзбен сиыр дейміз

-Мынау-Қошқар,қой,қозы-бір сөзбен қой дейміз

-Мынау-Ат,бие,құлын-бір сөзбен жылқы дейміз
Сергіту сәті
Тіл дамыту. Триз кестесі арқылы

Бұзауы бар,шөп жейді,сүт,айран,май береді-ол сиыр

Оның қозысы бар,жүн береді, жүнінен қолғап,құлақшын тоқиды,шөп жейді
Тіл дамыту Сурет арқылы сөйлеу

Бір бала шығады, артында оның үй жануарының суреті тұрады,қалған балалар жануардың атын айтпай ол жайлы әңгімелейді. Бәрі айтып болған соң,бала қай жануар екенін айтады.


Оның ботасы бар, ол жүн береді, жүнінен көрпе тігеді,сүт берді,сүтін шұбат дейміз

Оның құлыны бар,ол жүк тасиды,сүт береді,сүтін қымыз дейміз


Сергіту сәті
Ойын:«Төртінші артықты тап»

Мысық,шошқа, аю, ешкі

Аю – артық. Ол- дала жануары

Түйе,қасқыр,ит,қой

Қасқыр- артық.Ол-дала жануары
«Төлдерін ата»

Сиырдың төлі-бұзау

Ешкінің төлі- лақ

Жылқының төлі-құлын

Қойдың төлі-қозы

Түйенің төлі-бота



Төлдер жайлы балалардың тақпақтары

Шөре, шөре, лағым,


Секеңдеме деміңді ал,
Тентек болма шырағым,

Селкеңдемей құлағың,.


Дейміз біз - Лақты.

Қара көзің мөлдіреп,


Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзің үлбіреп,
Дейміз біз - Ботаны.
Тілім мұрын жалаған
Тілім бойын тараған.
Зеңгі баба өсірген.
Әукешім менің қайдасың

Екі көзі толадай,


Екі өркеші баладай.
Ойсыл қара бабасы,
Ботақаным қайдасы

Қортынды

-Балалар,міне ауылда қонақта болдыңдар, сендерге көп рахмет.Үй жануарларды, олардың төлдерін жақсы біледі екенсіңдер. Мынау-құрт. Ол-сиырдың сүтінен жасалады. Мынаны сендерге арнайы алып келдім.



Блалалар:- Рахмет,Әлібек. Сау бол!
Мұғалім:-балалар, міне бүгін біз үй жануарларын ауыл фермасынан көріп,олар жайлы әңгімеледік.Үй жануарлары да сендердің аналарың сияқты өз төлдерін жақсы көреді. Қазір мына кітапша арқылы біз оларды естиміз және қайталаймыз

-Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!
Каталог: 99E8187F9222E318
99E8187F9222E318 -> Ақпан айының есебі
99E8187F9222E318 -> Оқу жылда бала-бақшаның істеген жұмысының анализі
99E8187F9222E318 -> Ж. «Мейірімділік» апталықтың есебі. 6 даярлық топ
99E8187F9222E318 -> Ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Ата-анамен балабақша бірлестігі. Тәрбиешілер: Сарсенбаева Д. Т
99E8187F9222E318 -> КӨпшілікке арналған ашық баяндама «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» бала бақшасы» мкқК
99E8187F9222E318 -> А. Завадская 2015-2016 оқу жылда жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша жұмыстың жоспары
99E8187F9222E318 -> Анализ работы детского сада за 2014-2015 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет