Жануарларыны



Дата08.09.2017
өлшемі258,77 Kb.
#30252
Сабақтың тақырыбы:  Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

 Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет

Іс -әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Қайырлы күн балалар!

-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.

- «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б.

-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

 Күздің қай айы?

- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

- Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз.

Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру,  ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады.


 

 

 



-Сәлеметсіз бе апай!

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Күз айы Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қараша айы

 

 



-Жемістер

 

 



 Балалар белседілік танытады

Ұйымдастыру -ізденушілік

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

 -Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда

«Үй жануарларымен» танысамыз.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен  қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз,  жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.



Сергіту сәті

-«Маша және аю» физминутка

-Әліппе-дәптермен жұмыс

-Суреттерді сәкестендір 

 


 

 

-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.



 

 

 



 

 

 



-Сиыр

 

 



 

 

-Бұзау деп аталды.



 

 

 



 

-Жылқы


-Құлын

 

-Қой



Қозы

Ешкі


Түйе

-Ит


 

 

 



Жем, шөп береміз. Су береміз.

Балалар қимылмен орындайды.-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.



Кері байланыстылық-

түзетушілік

 


Сабақты қорытындылау:

«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.

 


 

 

 



Балалар белсенділік танытады.

 

Пәні: Көркем әдебиет.

Сабақтың тақырыбы:  Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:


•    Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен,малдың қадір-қасиетімен таныстыру.Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
•    Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
•    Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар,төрт түліктің мүсіндері,суретті плакаттар,тақта,

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту,қоршаған ортамен таныстыру;

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу,тақтамен жұмыс,сергіту жаттығулары,ойын  т.б.

Сабақтың түрі:  Ашық сабақ.

Сабақтың барысы: 


•    Ұйымдастыру кезеңі;
•    Психологиялық жаттығу;
•    Жаңа сабақ;
•    Ойын;
•    Сергіту;
•    Қорытынды;
•    Венн диаграмма;

1.Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді,шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.) 

Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!
               Сәлем - сөз анасы демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

•    Балалар далада ауа-райы қандай?


•    Суық.
•    Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
•    Қыс.
•    Қыстың ерекшелігі қандай?
•    Қар жауды,дала ақ көрпеге оралды.
•    Қардың түсі қандай?
•    Аппақ.

Ендеше  балалар бәріміз біріміздің артына біріміз тұрып пойыз болып жүріп орнымызға барайықшы.пойыз боп жүргенде түзу,әдепті болып жүру керек екен. Кәне орнымызға жеткенше «Пойыз» өлеңін айтып барайық.

Ал,паравоз,баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш-пш,пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу,гу-гу,гуілде


Қалып қойма біріңде,
«Пш-пш,пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Міне балалар орнымыза да жетіп қалдық.Ендеше айдай арайлан,күндей жайнап,жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.

Жаңа сабақ:
•    Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
•    Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
•    Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйелер жатады екен.
•    Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
•    Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
•    Олар немен қоректенеді;
•    Шөп,жем,сумен қоректенеді;
•    Түйе ,жылқы,сиыр,қой туралы не білесіңдер?
•    Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
•    Әрине,біз олардың сүтін,етін,жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.
Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.
Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз. 

Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

•    Сиыр мөңірейді;
•    Жылқы кісінейді;
•    Түйе боздайды; 
•    Қой,ешкі  маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

•    Сиырды-аухау-аухау дейміз.
•    Түйені-көс-көс дейміз.
•    Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
•    Қойды-пұшайт-пұшайт 
•    Ешкіні-шөре-шөре дейміз.

Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?

•    Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
•    Түйенің баласын-бота дейміз.
•    Жылқының баласын -құлын дейміз.
•    Қойдың баласын-қозы дейміз. 
•    Ешкінің баласын-лақ дейміз.

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».


 
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші,кім тез табады екен?

1.    Кішкене ғана тоны бар,
Айландырып киген тоны бар     (Қозы).

2.    Кезікті бір жануар,


Үстінде екі тауы бар.     (Түйе)

 


Сергіту сәті: 
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екі қолды қосқанда-
Болып шықты он саусақ.

Қорыту:  

Венн диаграмасы:  Енді балалар  мына үй жануарлары мен  
жабайы аңдарды салыстырайық.

    Үй жануарлары     Айырмашылығы     Жабайы жануарлар



•    Біз не туралы сабақ өттік?
•    Үй жануарларына нелер жатады екен?
•    Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
•    Жануарлар қалай дыбыстайды?
•    Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?

Сау болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет