Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02. 12 -12. 12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі Желтоқсан айының 02. 12-12



бет1/7
Дата07.05.2017
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02.12 -12.12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі
Желтоқсан айының 02.12-12.12 аралығында Қарағайлы кентінің №17 мектебінде «Химия-биология сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда АКТ тиімді қолдану» атты химия, биология онкүндігі өтті.

Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту, оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін ұғындыру, оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар да өткізілді. Онкүндіктің жоспары алдын-ала мектепішілік жиында оқушылар мен ұстаздарға хабарланды. Онкүндіктің ашылуы 02.12 күні «Ойна, ойла, оқы!» сөзжұмбақтар, жұмбақтар мен ребустар, сөзжасам, сандар сөйлейді шешумен басталды. Қамтылған сыныптар 6-11 сыныптар. Оқушылар арасында әсіресе сөзжұмбақтар мен ребустарды шешуде 9-сынып оқушылары Қайзайт Жұлдызай мен Несіпбай Арайлым белсенділік танытты. Осы күні «Химия-биология тұрмыста» атты тақырыпта 8-11 сыныптар арасында ең үздік қабырға газеттері сайысы өткізілді. Сайыста ең үздік қабырға газеті болып 8-сынып оқушыларының шығарған газеті таңылды.



Химия-биология онкүндігінің аясында өткізілген «Жаратылыстану ғажайыптары» көрмесі 03.12.14 күні ұйымдастырылып өткізілді. Бұл көрме оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы болды. Үзіліс кезінде оқушылар көрмеге қойылған заттарды көруге асығып келіп жатты. Көрмеге биология пәнінен адамның ішкі ағзасының муляждары яғни жүрек, асқазан, өкпе, ащы ішек, тоқ ішек, бауыр, бастың құрылысы, ми боліктері, ДНҚ моделі, өсімдік кеппешөптері, маймылдың бас қаңқасы, өзен шаяны, құстардың қаңқасы, түрлі-түсті аң-құстардың суреттерінен буклеттер, кітаптар, бөлме өсімдіктері қойылды. Химия пәні бойынша түсті және түссіз металдар, шыны, мұнай, болат, алтын, күміс, темір, қола, түрлі минералды тау жыныстары моделдері койылып оқушылардың ерекше қызығушылығына ие болды. Оқушылар өз қолдарымен ұсақ молекулалардың моделдерін ұстап көріп қызықтады. Көрмеде оқушылар түрлі сұрақтар қойып өз сұрақтарына пән мұғалімдерінен толық жауаптар алды. Көрмеде қамтылған сыныптар 1-11 сынып оқушылары. Бұл көрме 1-сынып оқушыларының да ерекше ықыласына ие болды.

Көрмені қызықтаушы оқушылар


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет