Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02. 12 -12. 12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі Желтоқсан айының 02. 12-12



бет2/7
Дата07.05.2017
өлшемі0,81 Mb.
#15703
1   2   3   4   5   6   7


03.12.14 күні 8-сыныпта «Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы» тақырыбында биология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі жас маман Карибаева П.С. Қоңырау соғылысымен мұғалім оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп сынып журналына жазып шықты. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға сабаққа дайындалып отыру керек екендігі ескертілді. Мұғалім сабақта интербелсенді тақтаны қолданып оқушылардан үй тапсырмасы «Сүйектер, олардың маңызы. Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі» тақырыбын «Кім жылдам?» лездемелік сұрақтармен бастады. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтары өте жақсы бір-бірімен жарыса жауап қайтарып отырды. Сонымен қатар оқушылар дискуссялық өрнекті шешті. Жаңа сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды топпен бөліп отырғызды. Бағалау түспен бағаланатынын ескертіп айтты. Қызыл түс-өте жақсы, көк түс-жақсы, жасыл түс-орташа деп бағаланды. Жаңа тақырыптың мақсат міндеті айқындалып оқушыларға түсіндірілді. Интербелсенді тақтада «Тірек-қимыл жүйесінің» сызбанұсқасы, сүйектің сапалық құрамы, сүйектің қызметі, сүйектің қаншалықты мықты екендігін дәлелдейтін деректер «Сен білесің бе?» ақпаратымен толықтырылды. Сүйектің сыртқы және ішкі құрылысы, адам қаңқасының суреттері, оның бөліктері тақтада көрсетілді. Мұғалім адам қаңқасының муляжымен оқушыларға бас сүйектен бастап тұлға, аяқ-қол қаңқасының барлық сүйектерін ұстап көрсетіп жекелей түсіндірді. Мұғалімнен оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды сұрап дәптерлеріне жазып алып отырды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында «БИНГО» ойыны ойнатылды. Бинго ойынында ойнатылған сұрақтарға әр топтан белсенділік танытып оқушылар жылдам жауаптарын дайындап өз қоржындарына түстерді жинады. Бұл ойында өткен тақырып бойынша біршама сұрақтар қамтылды. Онда жұмбақтар да, жасырылған сурет сұрақтар да болды. Бинго ойынында 2-топ жақсы қатысып белсенділік танытып отырды. Атап айтсақ Назерке, Нұрлыгүл, Ержан, Гүлбаhрам және т.б оқушылар. Сұрақтардың шешімін табуда оқушылар адам қаңқасын пайдаланып ортаға шығып көрсетті. Сонымен қатар оқушылар «Адам сүйегі не себепті 25 жасқа дейін ғана өседі» деген проблемалық сұраққа өте жақсы жауап берді. 25 жастан кейін адамда қартаю процесі басталатынын, сүйек егер өмір бойы өссе өмірде алып адамдар көп болар еді дегендей түрлі пікірлерін айтты. Адам қаңқасы туралы шағын видео көрсетілді. Сабақ қорытындыланып, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар өздері жинаған түстер бойынша бағаланды. Сабақ соңында рефлексия жасалынды.



04.12.14 күні «Өндірістегі-химия, медицинадағы-биология» Қазақмыс кен орнына және кент ауруханасына саяхат жасалынды. Кент ауруханасына саяхат кезінде қамтылған сыныптар 8-9 сынып оқушылары. Оқушыларға жетекшілік еткен химия пәнінің мұғалімі Ибраева А.А. мен жас маман биолог Карибаева П.С. Осы мұғалімдердің басшылығымен оқушылар аурухана тарихымен, онда кент тұрғындарының денсаулығына араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандардың қызметімен, аурухана бөлмелерімен онда орналасқан медициналық құралдармен олардың құрылысымен танысты. Саяхат барысында оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға дәрігерлер жауап берді. Әр салада қызмет атқаратын дәрігерлермен жекелей сұхбаттастық. Оқушылар ем қабылдайтын бөлмелерді де аралап көріп танысты. Зертханалық бөлмедегі құрылғылармен зертханашы таныстырып шықты. Аурухана ішінде орналасқан дәріханаға да оқушылар қызықтай қарады. Дәріханашы апайдан дәрілердің құрамын, қай кезде пайдалану қажеттігін сұрап жатты. Аурухана тарихына қанық болған оқушылар болашақта дәрігер боламыз деп өз пікірлерін білдірді. Жоғарғы сынып оқушылары химия пәні мұғалімі Ибраева А.А. Қазақмыс кен орнына барып ондағы тыныс-тіршілікпен танысып қайтты. Бұл саяхаттар оқушылар үшін өте жақсы серуен болды. Оқушылардың басқа саладағы қызметкерлердің жұмыстарын бағалауға үйретті.

Ауруханаға саяхат Зертханалық құралдар


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет