Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02. 12 -12. 12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі Желтоқсан айының 02. 12-12



бет4/7
Дата07.05.2017
өлшемі0,81 Mb.
#15703
1   2   3   4   5   6   7


06.12.14 күні 8-сыныпта химия пәнінен «Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі » тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Ибраева А.А. Сабақ АКТ, периодтық кесте, плакаттар, металдардың жинақтары көмегімен өткізілді. Сабақта «оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы қолданылды. Оқушылар сәлемдесіп, тізім бойынша түгенделді, қатар бойынша 3 топқа бөлінді. 1 топ «Қышқылдар», 2 топ «Тұздар», 3 топ «Негіздер» қатары. Үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін әр қатарға химиялық элементтер бөлініп беріліп, олардың биологиялық рөлі туралы мәліметтер алынды. Әр топқа топтың аты бойынша анықтама беру керектігі ескертілді. Әр топтың топ басшысы өз топтарын таныстырып өтті. Келесі кезеңде оқушылар химиялық диктант жазды. Сәйкестендіру тесті, шығармашылық жұмыс яғни «Пирамида» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формуласын құрастыру керек болды. Әр топ жұмылып белсенділік танытып тез арада берілген тапсырмаларды орындап шықты. Топ басшылары арқылы тексерілді. Жаңа сабақ периодтық заңның ашылуымен, қай ғалым ашқандығы туралы мәліметтермен басталды. Химиялық элементтің аталуы, реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы, валенттілік, әрбір период сілтілік металдардан басталып, инертті элементтерден аяқталатыны туралы мұғалім ақпарат берді. Ортаға үстел үстіндегі қобдишадағы асықтарда жазылған элементтерді топтастыруға екі оқушы Нариман мен Асхат шықты. Олар тез арада асықтарды топтастырып шықты мұғалім тексеріп дұрыс жасалғандығын, әр топқа ұпай қосылатындығын айтты. Сабақта оқушылар ширақ, батыл қимылдады, уақытпен санаса отырып жасалды. Барлық оқушы қамтылды, сабақ қызықты әрі түсінікті өтті. Сабақ соңында мұғалім оқушыларға шағын эксперимент көрсетті яғни «жұлдызды жауын» тамашалады. Әр топ «ООМ» бойынша бағаланды.

Сабақ үстінде топтық жұмыс Мұғалім жаңа тақырып түсіндіруде


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет