Жаратылыстану бірлестігі пәндері химия-биология 02. 12 -12. 12 аралығындағы онкүндігінің өткізілу барысы жөніндегі есебі Желтоқсан айының 02. 12-12



бет7/7
Дата07.05.2017
өлшемі0,81 Mb.
#15703
1   2   3   4   5   6   7

Сабақ үстінде

09.12.14 күні химия кабинетінде химия-биология пәндерінен қызықты тәжірибелер жасалынды. Тәжірибені 9-10 сынып оқушылары мұғалімдердің қатысымен жасады. Биология пәнінен артериялық қан қысымды өлшеу, адамға алғашқы көмекті қалай қөрсету керек, аяқ-қол жараланғанда, қан кеткенде, сүйек сынғанда, сіңір созылғанда, буын шыққанда қандай көмек көрсетілетіндігі, спирометрмен жұмыс, фотосинтез процесін бақылау, топырақтың құнарлылығын, тұқымның өнімділігін анықтау сияқты біршама тәжірибелер жасалды. Химиядан металдардың қоспаларынан түрлі реакциялар, тұздар мен қышқылдарды анық т.б. тәжірибелер жасалынды.

10.12.14 күні 7-сыныпта биология пәнінен «Білгірлер мен білімділер» атты топтық сайыс өтті. Сайысқа жетекшілік еткен Кәріп С.М. мен Карибаева П.С. Топтық сайыс АКТ көмегімен өткізілді. Топтық сайыстың 1-кезеңі топты таныстыру. Әр топ яғни 4-топ өз топтарын таныстырып шықты. Келесі «Бізден - сұрақ, сізден - жауап» кезеңінде әр топқа жекелей сұрақтар қойылды, сұрақтарға командалар жауап қайтарып келесі «Ұяшықтар сыры»кезеңіне өтті. Бұл кезеңде 4 тақырып бойынша ұяшықтар жасырылған олар:

1. Биологиялық ассорти;

2. Номенклатура (география);

3. Ғалымдар;

4. Ең, ең, ең...........

Әр ұяшықтарда 5 тапсырмалардан жасырылған.

Ойын барысында топтар әр ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп олардың арасынан 1-топ өздерінің білімдерімен көзге түсті. Топ мүшелері Құрманкожина Сабина, Келден Аяжан, Шабаз Ажар, Әбдіғали Нұрлан. Сайыс соңында женімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды.


11.12.14 күні биология пәні мұғалімі Кәріп С.М. жетекшілігімен «Табиғат білгірлері» танымдық сайыс 6а-6ә -сыныптарында өткізілді. Бұл танымдық сайыстың мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейін мен логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру.

Сайысқа 6а- сыныбының атынан «Қызғалдақ» тобы, 6ә-сыныбынан «Бәйшешек» тобы қатысты. Яғни екі команда. Сайыс басталмас бұрын мұғалім:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер- деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтті.



І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Зымыран сұрақтары»

ІІІ кезең «Бәйге»

IV кезең «Полиглот»

V кезең «Қызықты сегіздік»

VI кезең «Шешендік өнер»

VII кезең «Көкпар»

Әділқазы алқасы оқушылар арасынан сайланып алынды.

Таныстыру кезеңінде екі топ өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтты.

2-кезеңде әр топқа «Зымыран сұрақтар» лездемелік сұрақтар қойылып тездетіп топ мүшелері жауап берді. 3-кезең «Бәйге» 20 сұрақ қойылды. Қызғалдақ тобы жылдам әрі дұрыс жауаптар беріп алға шықты. Ал Бәйшешек тобы сәл саябырлап қалды. 3-кезең «Полиглот» ойыны «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші бұл кезеңде сұрақтар қойылып дұрыс жауаптың орысша, ағылшын тіліндегі аудармасы сұралды. Барлығы 6 сұрақты қамтитын полглот ойынында да Қызғалдақ тобы ұшқыр болып алдыңғы орыннан көрінді. Келесі 4-кезеңде «Қызықты сегіздік» атпен аталған түрлі пәндерден жасалған сұрақтар берілді. Олар: информатика, география, қазақ тілі, биология, химия, тарих, технология, музыка пәндері.

5-кезеңде 5 сұрақтан тұратын тікелей сұрақтар жасырылды. Екі топ та бұл кезеңде теңбе-тең болды. 6-кезең шешендік өнер айдары «Биология ғылымының болашағы» атты пікірталаспен жалғасты. Бұл пікірталаста Қызғалдақ тобы ұтымды, тиянақты дәлелдемелерімен сөйлей отыра жоғарғы ұпайды иеленді. Сайысымыздың соңғы 7-кезеңі «Көкпарда» қойылған сұрақтарға екі команда таласа, бірінің аузынан бірі іліп алып жалғастырып бәсекеге толы сайыстың шешуші кезеңі болды. Сонымен «Табиғат білгірлері» атты тартысты сайыс та қызықты өтті.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса озбағандар жарады

Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,



Озат болу шарты сол, еңбектену, жалықпау- демекші осы танымдық сайыстың таза жеңімпазы болып 82 ұпайды иеленген «Қызғалдақ» тобы жеңімпаз деп саналды. Ал қарсыласынан сәл бәсеңдеу қимылдаған «Бәйшешек» тобы 75 ұпаймен II-орынға ие болды.

12.12.14 күні химия-биология онкүндігінің жабылуы, онкүндік аясында белсенділік танытып, өз білімдерімен көзге түскен оқушылар ынталандыру сыйлығы мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Химия, биология пәндерінің онкүндігі мектеп оқушыларының зейіні мен білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлендіріліп өткізілді. Онкүндік кезінде мектептің жас мамандары тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Білімді де сапалы, саналы заман талабына сай жас жеткіншектерді білімді, алғыр, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеуде химия, биология пәндерінің алатын орны зор. Сондықтан қазіргі заманауи техника АКТ тиімді пайдаланып ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды мейлінше қызықты етіп өткізуге бар күш жігерімізді салдық. Осындай онкүндіктер жиі өткізіліп тұрса оқушы бойында өз ағзасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге, табиғатты аялауға деген құштарлығы басым болар еді.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет