Жаратылыстану ғылымдары факультеті



бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9875
  1   2   3
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Жалпы биология кафедрасы

«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің

оқу-әдістемелік кешені

050113 «Биология» мамандығының

3 курс студенттеріне арналған

Семей қаласы,

2010 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының доцент м.а., а/ш..ғ.к. Садықова Р.А.

Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген

№ __ «_______» 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды
№ ___ «_______» хаттама
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы

Б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.
«_______» _________ 2010ж.
№___ хаттама
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,

б.ғ.к., доцент __________ Сапарова Г. С.



Мазмұны
Тарау 1. Пән бойынша глоссарий………………………………………4

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі………………………..5

Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар…………………………….26

Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар…………………...36

Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………..45

Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары……………………………....54

Тарау – 1. Пән бойынша глоссарий
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;

ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;

герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;

орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;
Курстың мақсаты мен міндеттері
Курстың мақсаты – студенттерге биологияны оқыту теориясының басты негіздері туралы білімдердің белгілі көлемін меңгерту. Биологияны оқыту теориясының методикалық мәселелерін шешу, педагогикалық процестің технологияларымен танысу, оқу процестерін ұйымдастыру формаларын құрастыру, тәжірибеге инновациялық элементтерді еңгізу.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

  • мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрастырылу принциптерімен танысуы қажет

  • сабақтың әртүрлі типтерін жоспарлап өкізе білуі

  • Оқыцтудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және әдістемелік қаражаттарын тиімді қолдона білуі керек

  • өзінің болашақ мамандығында алынған білімдерді қолданып, біліп және дағдылынуы қажет


Пәннің тақырыптық мазмұны



Тақырып

Сабақ саны

Дәріс

практика

1

Биология әдісатемесі ғылым ретінде

2




2

Биология әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер

4




3

Мектепте оқыту процесіндегі биологиялық түсініктердің дамуы

4




4

Сабақтың дидактика – методикалық құрылымы

2




5

Биологияны оқыту қаражаттары

2




6

Биологияны оқытудағы әдістемелер және әдістемелік тәсілдер

4




7

Биологиядан оқу жұмыстарын ұйымдастырудың құрылымы, типтері, формалары

4




8

Дәстүрлік сабақ құрылымы

2




9

Бүгінгі күн сабағының құрылымы.

2




10

Әрекеттік негізіне байланысты сабақ құрылымы

2




11

Оқыту сапасын бағалау жүйесі және бақылау

4




12

БОӘ пәні. Мектептегі биологиялық білімнің ролі

2




13

Биология курсындағы түсініктердің даму теориясы




4

14

Биологияны оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу




4

15

Биология кабинеті. Экскурсиялар




4

16

Өсімдіктер биоолгиясы курсына дидактикалық талдау




4

17

Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі




4

18

Жануарлар биологиясының оқулығы мен бағдарламасын дидактакалық талдау




4

19

Омыртқалылар зоологиясы бойынша оқулықты және бағдарламаны дидактикалық талдау




4

20

Адам биологиясы бойынша оқулықты және бағдарламаны талдау.




4

21

Жалпы биология бойынша оқулықты және бағдарламаны дидактикалық талдау




4

22

“Эволюциялық ілім” тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.




4

23

“Генетика және селекция негіздері” тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.




4

24

Зертхана-практикалық сабақтарды, тәжірибелерді, эксперименттерді өткізуге дидактикалық талдау.




4

25

Мектептің оқу-тәжірибелік участогі




4

26

Сыныптан тыс жұмыстар. Ұйымдастыру формалары.

Биологияны оқытудың әдістемелік талдауы. Тақырыптық жоспарлау






4




Барлығы:

36

56



Дәрістік материал

Дәріс 1

Кіріспе. Биология әдістемесі ғылым ретінде. БОӘ - пәні және мақсаттары. Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланасы. Орта мектептегі биологияны оқудың білім беру және тәрбиелік маңызы.



Дәріс 2

Биология әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері. Биологиялық білімдердің адм өміріндегі алатын орны. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми негіздер және ғылыми зерттеулер негіздері. Принциптер: жүйелілк, теория және практика байланысы, көрнекілік, тиімділік және т.б.



Дәріс 3

Мектептегі білім беру процессіндегі биологиялық түсініктердің дамуы. Биологиялық түсініктердің жіктелуі. Биологиялық тұсініктердің даму этаптары және әдістемеліктері. Әдістемелік ғылымныңнегізгі мәселелерін шешуге түсініктердің дамуының тигізетін әсері.



Дәріс 4

Сабақтың дидактикалық - әдістемелік құрылымы. Сабақ биологияны оқытудың негізгі формасы. Сабақты дайындауға өткізуге деген бүгінгі күнгі талаптар. Сабақтың құрылымы.



Дәріс 5

Биологияны оқыту қаражаттары. Көрнекілік қаражаттардың жіктелуі. Биологиялық түсініктерді меңгеруге оқытудың табиғи қаражаттарын қолданудың тигізетін әсері. Оқушылардыңдамуы мен тәрбиелеуіндегі көрнекіліктердің атқаратын ролі.



Дәріс 6

Биологияны оқыту әдістері және әдістемелік тәсілдері. Әдістер туралы түсініктер және олардың жіктелуі. Оқыту әдістерінің білім бастауы және мұғалім мен оқушы әрекетіне байланысты мінезделуі. Аузша, көрнекілік және тәжірибелек оқыту әдістемелеріне мінездеме. Әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдердің дамуы мен үйлесуі.



Дәріс 7

Биологияда оқыту жұмыстарының құрылымы және ұйымдастыру формалары. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Биология сабақтарының типтері және түрлері, олардың құрылымы. Зертханалық жұмыстар, экскурсиялар, сыныптан тыс үй жұмысы, олардың байланысы.



Дәріс 8

Дәстүрлік сабақтың құрылысы. Дәстүрлік сабақ оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.



Дәріс 9

Бүгінгі күн сабағының құрылымы. Бүгінгі күн сабағы - оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.



Дәріс 10

Әрекеттік негізіне байланысты сабақ құрылымы. Әрекеттік негізіне байланысты сабақ - оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.



Дәріс11

Оқыту сапасын бағалау жүйесі және бақылау. Білімді бақылау түрлері. Білімді жазбаша және аызша бақылау формалары.



Дәріс 12

Білім беру жүйелері және педагогикалық технологиялар.



БОӘ бойынша тәжірибелік жұмыстардың тақырыптары
Тақырып 1 БОӘ пәні. Мектептегі биологиялық білімнің ролі.

БОӘ -педегогикалық ғылым. БОӘ басқа ғылымдармен байланысы. БОӘ мәмелелері. Еліміздің жаратылыстану әдістемесінің дамуындағы негізгі этаптары мен бағыттары.



Тақырып 2 Биология курсындағы түсініктердің даму теориясы.

Түсініктердің даму теориясы. Түсініктердің пайда болу жағдайлары. Түсініктерді дамыту әдістемесі. Дағдылар мен икемдердің түсініктердің қалыптасуына байланысты дамуы. Қайталаулар жүйесі. Әдістемелік негізгі мәселелерін шешуге байланысты түсініктердің дамуының тигізетін әсері.



Тақырып 3 Биологияны оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу.

Биологияны оқутуда идеялық бағыттылығы. Табиғат құбылыстарын оқытуға жол беруші пәндерді оқытуға : әлемнің материалдығы, тірі организмдердің жасушадан тұратындылығы. Еңбек мәдениетін және ойлауды тәрбиелеу, Патриоттылық, эстетика, мәдениеттілік, Табиғатты қорғаушылық тәрбие.



Тақырып 4 Биология кабинеті. Экскурсиялар.

Биология кабинетіне және басқа оқу жабдықтануларға қойылатын талаптар. Сынып, зерханалық бөлме, табиғат бұрышы. Оқу зертханалық құралдарды сақтау. Экскустық құралдар. Жасанды және табиғи материалдардан оқу құралдарын өзіндік жасау. Тірі және табиғи құралдары. Мектепті және сыныпты көгалдандыру.



Тақырып 5 Өсімдіктер биоолгиясы курсына дидактикалық талдау

Орта мектептерге арналған оқулық пен бағдарламаға әдістемелік талдау. Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау. Морфологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Таратылатын материалдармен оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Қосымша көрнекілік құралдар, оларды қолдану әдістемесі. Анатомиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Қарапайым микропрепараттарды дайындау. Тақырыптың физиологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі.



Тақырып 6 Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі

Биологиялық эксперименттерді сабақта қолданудың әртүрлі әдістемесі. Мектеп экспериментінің техникасымен қолдану әдістемесімен меңгеру бойынша практикалық жұмыстар (өркеннің қоректенуі, өсіп келе жатқан тұқымның тыныс алуы, фотосинтезді анықтау).



Тақырып 7 Жануарлар биологиясының оқулығы мен бағдарламасын дидактакалық талдау

Орта мектептерге арналған зоология оқулығына және бағдарламаға әдістемелік талдау. Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау. Морфологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Таратылатын материалдармен оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. “Қарапайымдар типі” тақырыбының оқыту әдістемесі. Тақырып құрылымы. Жасуша туралы түсініктің дамуы. Мектепте тірі жануарларды және таратылатын материалдарды қолданудың әдістемесі. Мысалы гидра, шұбалшан және т.б.



Тақырып 8 Омыртқалаылар зоологиясы бойынша оқулықты және бағдарламаны дидактикалық талдау.

Орта мектептерге арналған зоология оқулығына және бағдарламаға әдістемелік талдау. Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау. Морфологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Таратылатын материалдармен оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Сүтқоректілердің қаңқасын және қаңқа бітімдерін оқу сабағы – зоология курсының зерханалық сабағы.



Тақырып 9 Адам биологиясы бойынша оқулықты және бағдарламаны талдау.

Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы курсына кіріспе. Цито- , гистологиялық түсініктерді оқыту методикасы. “Сүйек бұлшық ет жүйесі” тақырыбындағы анатомиялық түсініктерді оқыту әдістемесі. “Адам организмімен жалпы танысу” тақырыбында рефлекстер туралы түсініктерді оқыту әдістемесі. “Қан”, “Қанайналым”, “Тыныс алу” тақырыптары бойынша лабораториялық жұмыстар. Гигиена, санитариялық білімдер, икемдер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі



Тақырып 10 Жалпы биология бойынша оқулықты және бағдарламаны дидактикалық талдау.

“Клетка туралы ілім” тақырыбына сабақтың құрылымы, құрал-жабдықтары, жүйесі. Клетканың химиялық, структуралық компоненттерін оқытудың әдістемесі. Әртүрлі көрнекілік материалдарды демонстрациялау техникасы, тірі өсімдік клеткаларындағы цитоплазмасының қогзғалысын бақылау зертханалық сабағы.



Тақырып 11 “Эволюциялық ілім” тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.

“Дарвинизм” тақырыбына сабақтың құрылымы, құрал-жабдықтары, жүйесі. Тақырыпқа ұйымдастырудың популяция – түрлік деңгейі туралы түсінікті кіргізу. Микро-, макроэволюциялар туралы сабақтардың әдістемесі. Өзгергіштікті, тұқым қуалаушылықты және жасанды, табиғи сұрыптауды оқытуға демонстрациялар, практикалық сабақтар, табиғатқа экскурсиялар әдістемесі.



Тақырып 12 “Генетика және селекция негіздері” тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.

“Генетика және селекция негіздері” тақырыбын оқыту әдістемесі. Тұқымқуалау және, өзгергіштік заңдылықтарын оқыту сабақтарын талдау. Осы түсініктерді дамыту. Практикамен байланыстырып материал таңдау.



Тақырып 13 Зертхана-практикалық сабақтарды, тәжірибелерді, эксперименттерді өткізуге дидактикалық талдау.

“Өсімдіктер”, “Жануарлар”, “Адам анатомиясы” бөлімдері бойынша зертханалық жұмыстарды жоспарлау және өткізу. Биологиялық экспериментті сабақтарда қолданудың әртүрлі әдістемесі.



Тақырып 14 Мектептің оқу-тәжірибелік участогі.

Мектеп оқу-тәжірибелік участогінде оқушылармен жұмыс жасаудың оқу-тәрбиелік мақсаттары. Участок территориясында жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын методикалық және педагогикалық талаптар. Оқу-тәжірибелік участоктің территориясын жоспарлау. Ботаника- өсімдік бөлім. Зоолого-жануар өсіру бөлімі.Жалпы биология бөлімі: дарвин алаңы,биологиялық сағаттар, селекция-генетикалық, эколрогиялық участоктар.



Тақырып 15 Сыныптан тыныс жұмыстар. Ұйымдастыру формалары.

Биологияны оқыту жүйесіндкгі сыныптан тыс жұмыстардың маңызы. Биологиядан сыныптан тыс жұмысының жүйесі.Жас натуралисттер үйірмесі. Мазмұны. Жұмыстың әдістемесі және ұйымдастырылуы. Жас натуралисттердің зерттеу жұмыстары, тірі табиғат бұрышында өзіндік бақылаулар мен тәжірибелердің қойылымы.



Тақырып 16 Биологияны оқытудың әдістемелік талдауы. Тақырыптық жоспарлау.

Биологияны оқыту бағдарламасына әдістемелік талдау. Тақырыптық жоспарлау. Әдістемелік ғылымға түсініктердің дамуы теориясының тигізетін әсері.



Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

Сабақтың құрылымы

Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.

Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс.

Сабақтың құрылымында материалдың логикалы орналасуының маңызы зор.

1.Сабақтың индуктивті құрылуы нақты білім жинақтауға мүмкіндік береді.Сол білімге сүйеніп оқушылар қорытынды шығаруға үйренеді.

Сабақ дедуктивті құралғанда алдымен мұғалім заңдылықтын анықтамасын береді немесе жалпы пікірді хабарлайды, содан кейін растайтын деректерді қарастырады.

Дедукция




Растайтын деректер


Индукция

Деректер

Индукция мен дедукцияның синтезі


Бір реттегі және қарама-

Қарсы деректерді



салыстыру







Жаңа деректерді

түсіну үшін


Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы дегеніміз оқу процесіне оқушылардың барлығын жұмылдыра білу болып табылады.

Оқу тәрбиелік мақсаты мен мазмұны барлық құрылым элементтерін жұмсауды талап ететін сабақтар



  1. Құрамалы сабақтар типіне жатады

Сабақтын бұл типінен басқа:

2.Жаңа оқу материалын хабарлау;

3.Бекіту және білімді пайдалана білу;

4.Пысықтап қорытындылау;

5.Экскурсия сабақтар

6.Лабораториялық сабақтар

7.Оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарда болады.

Жаңа оқу материалын хабарлау сабағы мектеп оқушыларының алғашқы меңгеруіне қажетті фактілермен, ұғымдармен, теориялық мәселелермен оқушыларды байытып отыратындығымен сипатталады.

Ботаника курсында көбінесе сабақтың индуктивті құрылымы қолданылады

Объекттердің бір бөлігі болған жағдайда сабақты дедуктивті құрауға болады.

Сабақта индуктивті және дедуктивті құрылымды біріктіруге де болады.

Мұғалім сабақ мазмұнында басты сұрақты анықтайды,содан кейін басты сұрақты логикалы байланысқан сұрақтарға бөлшектенеді, алдын ала қорытындыларды жобалайды.

Сабақ басында оқушылардың алдына мәселе қою оқушыларды қызықтырады.

Мәселе дегеніміз шешуді, анықтауды зерттеуді қажет ететін күрделі теориялық немесе тәжірибелік сұрақ.

Мәселе қойып құрастырылған сабақта алдымен қызметі қарастырылады,содан кейін түрі қарастырылады.

Сабақтың негізгі элементтері:

1.Ұйымдастыру бөлімі;

2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;

3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;

4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;

5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;

6.Үйге тапсырма беру;

Осы құрылым элементтерінің сабақтағы барлығының өзара әрекеттесуі түрліше болады.

Сабақтың құрылымының негізгі үш элементі кез келген сабақта қатаң сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге тапсырма беру.

Дүниетаным қабілеті жоғары

Д
Қазіргі оқушы
арынды Ізденімпаз,талапты

Өнертапқыш

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс

Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс- тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.Мен өзімнің ұзақ жылдардағы іс-тәжірбиеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын.

Д.В.Эльконин,

В.В.Давыдов В.Занков


Қазіргі оқушы
Дамыта оқыту технологиясы” “Дамыта оқыту

Жүйесі”
Ж.Қараев “Деңгейлеп оқыту “ Сын тұрғысынан ойлау И.Б.Первин

“Топтық оқыту”

Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:

1.Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік,белсенділік,адамгершілік,батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

А.С.Выготскийдің Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады дегенін ескере отырып,оларды дамыта оқытудың бағдарламалық, проблемалық,ақпараттық,т.б. түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.

2.Деңгейлеп саралау-мұғалімнің де,оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.

С
Деңгейлеп саралау


абаққа қызығушылығы Жеке қабілеті

артады айқындалады


Өз бетімен жұмыс істеуге Даму мониторингі Нақты өз деңгейінде

үйренеді айқын көрінеді бағаланады
Бұл жөнінде әр баланың өз деңгейі болатындай,әр балаға берілетін тапсырманың көлемі лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.

3.Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге,өз пікірін қосуға үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

4.Сын тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу, бақылау,талдау әр-түрлі стратегиялар арқылы ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.

Е
СТО


ркін ойлауға мүмкіндік береді Ақыл – ойын дамытады
Оқу мен жазу сауаттылығын Шығармагылық белсенділі-

арттырады гін арттырады

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:

-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;

-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;

-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс үстінде болу керек.

Сынып жетекшісінің жұмысы:

Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.

Бұл үшін сынақтан өтуші:


  • Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)

және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.

  • Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз етеді.

  • Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып балалар ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін,ынтымақтығын арттырады.

  • Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді

  • Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-шараларын ұйымдастырады.

  • Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын ұйымдастырады.

  • Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей қатысады.

  • Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық тақырыптарда дәрістер оқиды.



Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер

1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз

2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз

3. Оқу материалын талдаңыз

4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз.Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар деген сауалға жауап беріңіз.

5. Сынып ұжымын,жеке оқушыларды елестетіңіз,олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.

6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.

7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып,сабақтағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз.

8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.

9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.

10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.

11.Өзіңізді тексеріңіз.

а/сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;
б/қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптасады;
в/берілген материалды оку барысында окушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.
1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын жиһаздын дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,

ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.

Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық окушының ұйымдаса карсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жугіртіп, әсіресе тәртібі нашар окушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз.
2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздесуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты калдыруға үйретіңіз.
3.Сабақты батыл бастаңыз. Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсету мүмкін. Сабақ балалрдың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
4.Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылып, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз. Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз. Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

5.Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.


6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетімен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс керектегіне нұсқау беріп,аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауакершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйретеді.
7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз,дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауда жиі қайталамауға тырысыңыз.
9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
11. Басқалардың көмегіне сүйеңбеніз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру – мұғалімінің пайдасына шешілмейтін ескертіңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12. Сыныптын бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
14. Н.А.Добролюбованың ”Оқушылардың көз алдында ақталған мұғалім- бұл әділ мұғалім” деген сөзін есте сақтаңыз.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет