Жаратылыстану математика әдістемелік бірлестігінің отырысы



Дата08.09.2017
өлшемі25.13 Kb.
ХАТТАМА № 1

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Қыркүйек

Барлығы: 7 адам

Қатысқаны: 7 адам

Күн тәртібі:



  1. Әдістемелік бірлестік басшыларының 2013 – 2014 оқу жылының есебі.

  2. Әдістемелік бірлестік жұмысының жаратылыстану – математикалық циклының жұмыс жоспарын бекіту.

  3. 2014 – 2015 оқу жылының пәндері бойынша тақырыптық – күнтізбелік жоспарларды бекіту.



  1. Бірінші сұрақ бойынша әдістемелік бірлестік басшыларының есебін 2013 – 2014 оқу жылы бойынша тыңдалды. Есеп берілген кезде пәндік декаданың өтуі, оқушыларды ҰБТ –ға дафрлау, емтиханға даярлау, сабақта жаңа технологияны қолдану сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

  2. 2014-2015 оқу жылындағы әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын бекіттік. Жұмыстың бағыты мектептің тақырыбына сәйкестендіріп алынды. Жаңа педогогикалық технологияны оқу үрдісінде мақсатты түрде пайдалану жолдары ацтылды.

  3. 2014-2015 оқу жылының пәндер бойынша тақырыптық – күнтізбелік жоспарлары талқыланып, толықтырулар енгізу арқылы бекітілді.

Қаулы:

Бірінші сұрақ бойынша сабақ беру сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін жаңа технология әдістерін қолдану, оқушыларды пәнге қызықтыру шешімі қабылданды. ҰБТ-ға оқушыны даярлау, әдістерін түрлендіру, дайындық нәтижесін көтеру үшін әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бекітілді. Мұғалімдер жоспар бойынша жұмыс атқаруы нақтыланды.

Жаратылыстану – математика әдістеме бірлестігінің жетекшісі: _______ Олексюк О.К.

Хатшы:____________________

ХАТТАМА № 2

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Желтоқсан

Барлығы: 7 адам

Қатысқаны: 7 адам

Күн тәртібі:



  1. Баяндама «Физика сабағында жаңа педагогикалық технологияны қолдану» Асанбаева С.Қ.

  2. Декаданың өтуі туралы есеп беру Олексюк О.К.

  3. Жұмыс дәптерлерін тексеру қорытындысы Фогель Э.Б.

Бірінші сұрақ бойынша физика пәнінің мұғалімі Асанбаева С.Қ. «Физика сабағында жаңа педагогикалық технологияны қолдану» тақырыбына баяндамасы тыңдалды. Баяндама қызықты, мұғалім өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Екінші сұрақ бойынша Олексюк О.К. физика математика декадасының өтуі туралы есеп берді. Декада жоспар бойынша толық өтті. Декаданың ашылуы, көркемделуі өте қызықты болды. 4 ашық сабақ, 2 сабақтан тыс іс шара өтті.

Фогель Э.Б. жұмыс дәптерелрінің тексерілу нәтижесін баяндады. Дәптерлер дұрыс жүргізіледі, үй жұмыстары тексерілген. Дәптердің сыртын толтыру тазалығы бойынша ескертулер айтылды.

Қаулы:


Баяндама жақсы деп бағаланды. Онда айтылған жаңа әдістерді мұғалімдер өз сабақтарына қолдануға шешім қабылдады.

Екінші сұрақ бойынша декада жақсы деңгейде өтті және оқушылар үшін өте қызықты болды.

Дәптерлер туралы айтылған ескертулер орындалып түзелсін.

Жаратылыстану – математика әдістеме бірлестігінің жетекшісі: _______ Олексюк О.К.



Хатшы:____________________


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет