Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ 2014-2015 оқу жылы бойынша әдістемелік жұмысын талдау



Дата03.02.2017
өлшемі71.84 Kb.

Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ

2014-2015 оқу жылы бойынша әдістемелік жұмысын талдау


Әдістемелік бірлестік «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту»

тақырыбы бойынша жұмыс жүргізді.

Әдістемелік бірлестік алдына мынадай мақсат қойылды:

Озық тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыру,

оқыту әдістері мен мазмұнын жаңарту, оқушылардың нәтижелі оқуын  сапалы қамтамасыз ету.
Міндеттері: Сабақтарда инновациялық технология элементтерін қолдану.

Дарынды және қабілетті балалармен жұмысты жоғары сатыға көтеру.

Тұлғаны қалыптастыру және оқушыларды жалпы адамдық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

2013-2014 оқу жылында жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ мектептің әдістемелік тақырыбына сәйкес және құрастырылған жоспар бойынша жұмыс істеді.

Оқу жылы бойы өткізілген әдістемелік бірлестік отырыстарында мынадай мәселелер қарастырылды: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі», «Математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту».

Әр тоқсанның соңында пәндер бойынша бақылау жұмыстары өткізіліп

отырды. Бақылау жұмыстарының қорытындылары бойынша оқушылардың

білім сапасы талданып отырды. Өткізілген жұмыс нәтижелері мұғалімдерге барлық пәндер бойынша білім сапасын жақсарту керек екендігін көрсетті.

ЖМЦ мұғалімдерінің пән бойынша әдістемелік онкүндіктері уақытымен өткізілді. Онкүндіктерде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын және пәнге қызығушылықтарын арттыратын әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Биология, химия және география мұғалімдерінің онкүндігінде биология мұғалімі Тілеубаева Қ.Б. 7«А» сыныбында және химия мұғалімі Садвакасова Р.Р. 8«А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Биология мұғалімі Рахымжанова Б.А. 7-8Б сыныптарында «Экологиялық КВН» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. География мұғалімі Жұманова З.Қ. 11 «Б» сынып оқушыларына арналған «21 ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс іс- шара ұйымдастырды.

Сәуір айында математика, физика және информатика мұғалімдерінің әдістемелік онкүндігі өткізілді. Математика мұғалімі Чеканова Н.И.

11«Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Каменова П.С. 6«А» сыныбында өткен тақырыпты қайталау және бекіту мақсатында «21 ғасыр – жас математигі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Манав Раягуль 8«А» сыныбында ашық сабақ өткізді, Беккужинова А.С. 7«А» сыныбында АКТ қолданып, ашық сабақ өткізді.

Физика пәнінің мұғалімі Мұхамеджаров С.У. 7-9 сыныптарда «Косманавтика күніне» арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Биология пәнінің мұғалімдері Тилеубаева К.Б. мен Рахимжанова Б.А. 5-7А және Б сынып оқушыларының қатысуымен құстар күніне арналған жарыс ұйымдастырды.
Әдістемелік бірлестік отырысында Садвакасова Р.Р. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі», Каменова П.С. «Математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріндамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Барлық мұғалімдерде дарынды балалармен жұмыс жоспары бар. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу барысына белсене араласты. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік олимпиадаға 32 оқушы қатысты. Жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. 1 орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға қатысты.

8«А» сынып оқушысы Кабдуалиева Камила химия пәнінен оқушыларға арналған Республикалық қашықтық «Дарын» олимпиадасына қатысты.

8-11 сынып оқушылары химия пәнінен Халықаралық қашықтық олимпиадаға белсене қатысты. Батхан Жанерке, Бутенко Марина, Кабдуалиева Камила 1 дәрежелі, Албакова Луиза, Сычева Алина, Сагадатов Диас 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қалғандарына қатысқандары үшін сертификат берілді. Жыл сайын біздің мектеп оқушылары Кенгуру математикалық сайысқа қатысады. Биыл 25 оқушы қатысып, 7 Б сынып оқушысы Албаков Беслан 3-орынға ие болды, мұғалімі Чеканова Н.И..

Жаратылыстану математика циклінің мұғалімдері біліктіліктерін арттыру курстарынан уақытымен өтіп, педагогикалық шеберліктерін арттырып отырады. Биылғы оқу жылында ЖМЦ мұғалімдері әдістемелік бірлестігінен 2 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті: Беккужинова А.С. және Тилеубаева Қ.Б..



Химия, биология, география мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестік отырысында Рахимжанова Б.А. баяндама жасады.

Биология мұғалімі Тилеубаева К.Б. V Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне қатысты.

Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мақсатымен өткізілген аудандық семинарда химия мұғалімі Садвакасова Р.Р. «Ерітінділер концентрациясы» тақырыбында күрделі есептерді шығару тәсілдері мен әдістері бойынша «Шебер-сынып» өткізді.

Қараөзек орта мектебінде ұйымдастырылған облыстық семинарда математика пәнінің мұғалімі Каменова П.С. шағын комплекті сыныптарда жұмыс жүргізу бойынша 5-6 сыныптарда ашық сабақ өткізді.

Садвакасова Р.Р. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», Халықаралық «Дәстүрден тыс сабақ» сайыстарына қатысып, сертификат иегері атанды.

Сабақ әзірлемелері Республикалық және Халықаралық сайтта жарияланды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 7 оқушы қатысты, 2 оқушы биология пәнін, 2 оқушы география, 2 оқушы физика, 1 оқушы химия пәнін таңдады.
Ұлттық бірыңғай нәтижелері




Таңдау пәні

Оқушы

саны


Орташа балл

Бағасы

Мұғалім

1.

Химия

1

21

5

Садвакасова Р.Р.


2.

Биология

2

15,5

4

Тилеубаева К.Б.


3.

География

2

8,5

3

Жуманова З.К.

Молдабеков М.Б.




4.

Физика

2

8,5

3

Жилгелдиева М.М.



Пән

Оқыту тілі

Оқушы саны

Орташа балл

Бағасы

Мұғалім

Математика

қаз

6

10,3

3

Манав Раягуль


орыс

1

10

3

Чеканова Н.И.

Жаратылыстану математика циклінің мұғалімдері әдістемелік бірлестік жұмысында жетістіктермен қатар кейбір кешіліктер де бар. Дарынды балалармен жұмыс, негізгі пәндер бойынша аудандық олимпиадаға оқушыларды дайындау жұмысы жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған. Ескерту назарға алынды және мынадай шешім қабылданды: келесі оқу жылына дарынды балалармен жұмыс барысына ерекше назар аудару.

2014-2015оқу жылына міндеттер
1. ЖМЦ пәндеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту жұмыстарын жалғастыру.

2. Мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік деңгейін жоғарылату.

3. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру жұмысын жалғастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

4.   Білім сапасын көтеру бағытында, жаңаша педагогикалық технологияларды, оқыту әдістемесін сабақ барысына енгізу.

5. Тәжірибе алмасу мақсатымен мұғалімдердің өзара сабақтарға қатысу бойынша жұмысты жақсарту.

6. Біліктілік арттыру курстары, ашық сабақтар өткізу арқылы озық педагогикалық тәжірибемен алмасу.

7. Оқытудың инновациялық технологияларымен танысуды жалғастыру (жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологиясы).

8. Пәндік апталықтарды өткізу.

9. Мектепішілік пәндік олимпиадаларды өткізу және оқушыларды аудандық олимпиадаға дайындау, оқушыларды ғылыми жұмыспен айналысуға баулу.

10. Біліктілік санаттарын көтеру арқылы мұғалімдердің кадрлық құрамын жоғарылату.







Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі

2014-2015 оқу жылы бойынша

жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері

әдістемелік бірлестігінің жұмысын

талдау

ӘБ жетекшісі: Садвакасова Р.Р.



2014 жыл























Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет