Жасұлан: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар. 2 жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен



Дата31.01.2018
өлшемі124,42 Kb.
#37247
«Қыздарөктем гүлі» атты Қыз сыны байқауының жүру барысы.

1 - жүргізуші: Жасұлан:

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші:
Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

3 - жүргізуші: Рамазан:
Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар- көктем гүлі» атты қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.


1 - жүргізуші: Жасұлан
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

2 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін тойлау елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.

3 - жүргізуші:
Рамазан
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.

1 – жүргізуші:
Жасұлан
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.

2 - жүргізуші: Арулар - аяулылыр, ардақтылар,

Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.

3 - жүргізуші:
Рамазан
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.

1 - жүргізуші:
Жасұлан
Құрметті көрермен: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар-көктем гүлі» атты Қыз сыны байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына бас иіу .

2 - жүргізуші:

Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

3 - жүргізуші:
Рамазан
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

1-жүргізуші:Жасұлан
Жайменен сөйлеп анықтап,
Өзінің ойын жеткізер.
Айтбай Сымбат шарықтап,
Мақсатым оқу деп білер.
Сайысқа түскен құрбылар,
Сәттілік сізге деп тілер.


2-жүргізуші
Асықпай басып аяғын,
Тиянақты оқып сабағын.
Әрбір істің маманы,
Динараны қарағын.
Басшысы біздің сыныптың,
Мақтана айта аламын.


3-жүргізуші: Рамазан
Біздің сынып қыздары
Мінезі жұмсақ ибалы.
Жәмиладай жайдары,
Құрбым да менің саналы.
Қазақ қызға тән өнер,
Бір өзіне сыяды.


1-жүргізуші: Жасұлан
Жарасхан жаны жайдары
Жоқ емес оның айбары.
Анадан алған өнеге,
Шабытын шашып тұрады.
Кішіге қамқор бола алар,
Үлкенге құрмет таба алар.
Жарасхандай құрбымнан,
Барлық өнер табылар.


2-жүргізуші
Күнімай біздің нар тұлға,
Жымиып қана күлетін.
Биікке қарай ұмтыла,
Әрдайым алға жүретін.
Тіл қатпас кейде көңілге,
Естісе сөздер тиетін.


3-жүргізуші:Рамазан
Көшбасшысы сыныптың;
Ақтеңге тұрар алдыңда.
Мойнына алған жұмыстың,
Жанын салар жолына.


Оқуды да үлгерер,
Сынып үшін тер төгер.
Осындай қызы елімнің,
Көсегесін көгертер.


1-жүргізуші: Жасұлан
Қазданбай ата ұрпағы,
Қаймақты сөзден нәр алған.
Ақындық өнер бойдағы,
Жалғасын тауып жаралған.
Сымбаттай қызың алдыңда,
Шуағын шашқан күн алдан.


2-жүргізуші
Шұғыладай би билеген бұралып,
Жеңілмейді сайыстардан ол анық.
Меруерттей қыздарыңыз бүгінде,
Белгілі ғой кететіні жүлде алып.
Тез-тез сөйлеп шырылдайды дос үшін,
Құрбылары қолдайды оны құп алып.


3-жүргізуші:Рамазан
Айнұр зерек сыныбымның жұлдызы,
Ата-ананың маңдайдағы құндызы.
Білімімен, өнерімен жайқалған,
Қырдың қызыл гүлдеріндей қырмызы.
Қазақ елі ешкімнен кем болмайды,
Дәл осындай өсіп өнсе ұл-қызы.


1-жүргізуші Жасұлан
Фаридамыз ауыр мінез тым қатал,
Тұйықтықтан сөйлемейді жарқырып.
Бірақ құрбым достарына ол адал,
Қалмаңыздар сөйлегенде таңырқап.
Айтар сөзін жай дауыспен жеткізер,
Құлақ түріп тыңдаңыздар байырқап.


2-жүргізуші
Мінезінде бар биязы жайлылық,
Сабырменен айтып сөзін жеткізер.
Ділназ қыздың ойы менен жанын ұқ,
Нағыз досым осы менің деп білер.
Еркелігін үйге тастап әрдайым,
Ал мектепте білім керек деп жүрер.


3-жүргізуші:Рамазан
Тізімде соңғы тұратын,
Жаныңды сенің ұғатын.
Әсемай қызың мінеки,
Қиналсаң басын бұратын.


Білгенін сақтап ішінде,
Тұйықтық мінез қылатын.
Сұрасаң айтып сабақты,
Өзіңді таң қылатын.


2-жүргізуші
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасы: Әдіскер: Бибінұр Ұзақбаева

Тәрбие жөніндегі орынбасары: Әсел Қылышева

Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі: Айжан Нұрекешова

Еңбек пәнінің мұғалімі: Ш.Құлболаева

2 – жүргізуші
Көктемнің гүліндей құлпырған ару қыздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, өздерінің реттік нөмірлерін алуларын сұраймыз.
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:


І - бөлім: «Сәлемдесу- сөз басы »- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ бөлім: «Ақыл мен білім әр адамның сәулеті» 1) Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
2) жалпылама сұрақ қойылады, кім дұрыс жауап соған ұпай беріледі.



ІІІ - бөлім «Өнер алды – қызыл тіл» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды.
ІҮ - бөлім: «Ептілер» - деп аталады. Бұл бөлімде бауырдағы бар ілгекті қадау.

Ү-бөлім «Өнерлінің өрісі кең» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (ән, би, қолөнер шеберліктері, т.б)

ҮІ- бөлім «Үй тапсырмасы»- үйден қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, оның қалай пісірілетінін, дайындалатынын айту.

І. «Сәлемдесу- сөз басы »

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тәмам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.


Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік ару қызды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.


Реттік нөмірлерімен арулар таныстыруларын орындайды, әділ-қазылар бағасын береді.

ІІ«Ақыл мен білім әр адамның сәулеті».

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық,-деп келесі кезекті сұрақ-жауапқа береміз.


Арулар карточкадан сұрақтарды суырып, реттік нөмірі бойынша жауап береді.

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата (құрт, балқаймақ, ірімшік, пренза, қатық, шұбар, қымыз, т.б)

  2. Қазақша жыл аттарын ата (тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін,тауық, ит, доңыз)

  3. Қазақтың қандай батырларын білесің? (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Махамбет, Исатай, т,б)

  4. Қандай халық әншілерін білесің? (Ақансері Қорамсаұлы, Кенен Әзірбаев, Біржан сал Қожағұлұлы, Мұхит Мералыұлы, т.б)

  5. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

  6. Қазақ ойындарын ата (Ақ сүйек, алтыбақан, жамбы ату, теңге алу, ат жарысы, т.б)

  7. Жеті қазынаны ата (Ер жігіт - елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.Әйел ана- аяулы анамыз, ақылшымыз, отбасы ұйытқысы Ақыл-білім - оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ. Жүйрік ат- адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді. Қыран бүркіт . Мылтық - қорғану үшін. Құмай таз - серігі, қорғанысы, көмекшісі)

  8. Наурыз көже қалай жасалады?

  9. Киіз үй жабдықтарын ата. (шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық, үзік, туырлық, іргелік, киіз есік, табалдырық, оралған ши, бау-басқұр, таңғыштар, т.б)

  10. Қазақ қыздарына тән қасиеттер қандай? (ибалы, парасатты, әдепті, қылықты, биязы, т.б)

  11. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дегенді қалай түсінесің?

  12. Қазақтың салт-дәстүрлерін ата (шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, бет ашар, қыз ұзату, сырға салу, құда түсу, т.б)

2) Лездік сұрақтар, тез жауап берген аруға бал қосылады. 1 сұрақ 1 ұпай

1. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар? (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, кәмзол, мәсі, бөрік т.б.) 


2.Қазақтың қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік) 
3.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдарды білесіңдер? (Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз) 
4.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (Көже, қазы-қарта, жал-жая, қымыз, ет, қуырдақ, айран, бауырсақ, құрт, ірімшік) 
5.Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар? (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т.б) 
6.Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні (Беташар) 
7.Қысқы аяздарда арналып малдың немесе анның терісінен тігілген бас киім (Тымақ) 
8.Киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы (Сандық). 
9.Жас нәрестеге арналып ағаштан жасалған төсек (Бесік) 
10.Түйенің пірі? (ойсылқара)
11. Асар жасау дегеніміз не? (Көмек көрсету)
12. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (соғым)
13. Жиен кімнің баласы? (күйеуге кеткен қыздың баласы)
14. Байғазы беру деген не? (жаңа киімге берілетін сыйлық)
15. Ерулік дегеніміз не? (Жаңадан көшіп келіп қоныстанған үйге берілетін қонақасы)
16. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (Айтыс)
17. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)
18.
 Теріден тігілген киім (Тон)
19. Жылқы атасы
(Қамбар ата)
20.
 Қыс қолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы (Жұт)
21. Төрт түліктің жайылымы (Өріс)
22.
Жүннен жасалған бұйым (Киіз)
23. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер)
24. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)

Қазылар алқасы ұпайларын береді.

ІІІ . «Өнер алды – қызыл тіл»

Ажары жарық нұрдан жаратылған,
Жарқылдап, жақсылыққа ерте тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай,
Қыздардай қазағымның дара туған,-деп


арулар ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып сайысады.

А.Сымбат: «Атамекен» Қ.Аманжолов, Динара: «Қара өлең» М.Мақатаев, Жәмила: «Жүрегім нені сезесің» А.Құнанбаев, Жарасхан: «Ана туралы монолог», Күнімай: «Сағындым» М.Жұмабаев, Ақтеңге: «Бақыт іздеп» М.Мақатаев, Қ.Сымбат «Анама» Қ.Қосжанов, Меруерт: «Көктем» Қ.Сарин, Айнұр: «Қазақ тілі» өз шығармашылығы, Фарида: «Түркістан» М.Жұмабаев, Ділназ : «Анама» Ф.Оңғарсынова, Әсемай: «Дариға сол қыз» Қ.Аманжолов»

Әділқазылар бағаларын берсеңіздер.

ІҮ . «Ептілер»

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл сайыста сұлулықтың үлкені осы,
Қадаса ілгектерін ебіменен.


Ілгек қадау. Әділқазылар арулардың бағаларын берсеңіздер.

Ү. «Өнерлінің өрісі кең»

Өнер білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал сайыста,
Өнер көрсет құрбылармен жарыста.

Арулар өнер көрсетеді: А.Сымбат: « », Динара «Тек алға» әні, Жәмила «кручок», Жарасхан «Құрақ құрау», Күнімай «кручок», Ақтеңге «сурет салу», Қ.Сымбат «Ақбұлақ» әні, Меруерт «Қазақ биі», Фарида «кесте тігу», Ділназ «Өзбек биі», Айнұр «кесте тігу», Әсемай «ұршық иіру».



Әділқазылардан бағаларын сұраймыз

ҮІ. «Үй тапсырмасы» үйден қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, оның қалай пісірілетінін, дайындалатынын айту.

Хор:Анашым,мерекеңмен!

Қымбатты бізді әлдилеп баққан аналар,
Қымбатты бізге нәр берген барлық ұстаздар.
Бүгін сіздерге тілейміз ізгі ниетпен,
Бірге ойнап күліп, қатар да жүрген құрбылар.


Аналар күні құт болсын,
Жүректеріңе нұр толсын.
Арайлап атқан әр таңмен,
Әр шаңыраққа бақ қонсын.


Ақ кірген үйге мол болсын,
Жолаушы жүрсең жол болсын.
Береке, бірлік халқыма,
Тілейтініміз сол болсын.


Күніндей болып көктемнің жайнап тұрыңдар,
Жайқалып бағың, ұл-қызбен сәулет құрыңдар.
Бар жақсылықты тілейміз барлық аналар,
Көрсеткен құрмет, ақын мен ғалым даналар.


Жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.


Құрметті көрермендер! Бүгінгі 7 «А» сыныбында өткізілген «Қыздар-көктем гүлі » байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Сүттен жасалатын тағамдарды ата

Қазақша жыл аттарын ата

Қазақтың қандай батырларын білесің?

Қандай халық әншілерін білесің?

Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

Қазақ ойындарын ата

Жеті қазынаны ата

Наурыз көже қалай жасалады?

Киіз үй жабдықтарын ата.

Қазақ қыздарына тән қасиеттер қандай?

«Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дегенді қалай түсінесің?



Қазақтың салт-дәстүрлерін ата



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет