«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет10/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Как помочь особенному ребенку. СПб.: 2001

  2. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998

  3. Изюмова С.А, Чмыхова Е.А. Влияние индивидуально-психологических особенностей на обучаемость студентов.// Инновации в образовании. 2001, №3



ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Едилова Эльмира Базаралиевна

ОҚО, Мақтарал ауданы № 3 ЖОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі.
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С. Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж. Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін. Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз. Л.С. Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

Л.С. Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С. Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады. Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д. Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз. Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры А.А. Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д. Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.

Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді тап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі – өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнитивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады. Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапсырманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекеттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Миренский Б.А. Семья и подросток. – Ташкент: Уқитувчи, 1991.

  2. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет.- Алматы: 2004 – 122 б.

  3. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: 1994 – 230 б.

  4. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.



ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУІ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ
Мадисаева Шапагатхан Кенбаевна

ОҚО, Мақтарал ауданы, «Нұрлы жол» ЖОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Жасөспірімдік кезең адамның өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең, яғни өзімен-өзі ақылдасып, «жан дүниесіне үңілуге құштар» шағы деуге болады. Адам өзінің сыртқы табиғатын біліп, оның күшін өз игілігіне пайдалану үстінде өз жан дүниесінің жұмбақты сырларын да білгісі келеді. Өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол сыртқы дүниеге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың мақсаттары, бірі адамның өзін-өзі тани білуімен сабақтас.

Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының қозғаушы күші мектеп пен отбасының қоятын талаптары мен балалардың психикалық даму дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелең жастардың адамгершілік қасиеттерін, ақыл-ой және шығармашылық күштерін үйлесімді дамыту жолымен шешіледі. Әрбір жасөспірімдердің өзіндік санасын дамыту арқылы моральдық-психикалық қасиеттерін бағалап толық түсінуіне бірыңғай талаптар игі әсер етеді. Оқушы өзінің жеке өміріне; қабілетіне назар аударады, қойылатын талаптарға мінез-құлығына сәйкес немесе сәйкес еместігін сезеді. Әртүрлі іс-әрекеттерінің барысында балалардың кейбір ерекшеліктері еске алынады. Олар: өзін-өзі тәрбиелеу, келешек мамандықты таңдау, жолдастық, сезім, достық қарым-қатынас, алғашқы махаббат сезімі т.б. Өмірдегі еңбектің, білім алудың, тіпті өмір сүру формасының адамгершілік-рухани қалыптасуы ондағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігіне, тұрақтылығына байланысты. Адамның өз мінез-құлығын аңғара алуы оның ар-ұжданына байланысты. Егер адам өз ар-ұжданының деңгейін біліп, оған кір келтірмей жүрсе оның көңілі ылғи да көтеріңкі болады, өзіне-өзі сенімі арта түседі. Білім беру саласындағы жаңа идеяларды және тәрбие бағыттарын жүзеге асыру үшін оларды өзін-өзі тәрбиелеу идеяларымен толықтырып, сондай-ақ оқу тәрбие әдістерін жаңарту, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын өзара ынтымақтастыру арқылы адамгершілік дамудың жоғарғы деңгейіне жету көзделу қажет деп ойлаймын. Осы кезеңге дейін мектеп оқушысының оқуға, сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен адамдарға, ата-анасына деген сияқты қатынастарға жиі көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта, білім беру қызметкерлері, тәрбиешілер, ата-аналар баланың жеке өміріне көбірек көңіл аударып, оларға көмектесу, дұрыс педагогикалық көңіл, әсіресе баланың өзіне-өзі көңіл аударуын қадағалауы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі дұрыс бағалай білуін, өзін-өзі құрметтеу және сыйлауы, өзін-өзі реттеуі, т.б. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағаламауы немесе құрметтемеуі өзінің тұлғалық қасиеттерін немесе құндылықтарын кемітуіне әкеліп соғады. Мәселен, өзінің бағыт бағдарын анықтай алмай, өзін құрметтемей, абыройын ойламайтын дәрежеде ол нашақорлыққа, ішімдіке, жезөкшелікке салынуына, қылмысқа қол ұруына себепкер болады. Мұндай жағдайға түсуіне себеп, оның бойында сенімсіздік пайда болып, қоғамнан немесе ата-анасынан кек алуға өштеседі. Кейде оларға ешқандай жазалау, қорқыныш, дәлел әсер етпейді, себебі ол өзінің болашағына сенбей, пессимисттік, эгоисттік тұрғыда қарап, өзін-өзі құрметтеуден қалады. Сондықтан да оқушының, яғни жас жеткіншектердің өзін-өзі құрметтей білуге үйрететін бірден-бір жол, осы білім беру саласындағы «өзін-өзі тану» бағдарламасы деп ойлаймын. Жасөспірімді өзін-өзі құрметтей білуге үйретуді сөзбен немесе үндеу арқылы емес, тек баланың адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту арқылы және олардың тұлғалық абыройын біз үлкендер құрмет ете отырып қалыптастыра аламыз. Жасөспірімдердің адамгершілік-рухани қасиеттер арқылы өзін-өзі реттеу олардың өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы жүзеге асырылады. Тұлғаның өзін-өзі реттеуі кезінде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және өз болашағына көз жүгіртіп, талаптанушылығының негізінде пайда болған қажеттілік – бұл өзін-өзі тәрбиелеу факторы. Адамның бойындағы қажеттілік, жауапкершілік, қызығушылық, абырой сияқты рухани сезімдердің дұрыс қалыптасуы – тұлғаның өзін-өзі реттеуге толық мүмкіндіктер береді. Педагогикалық-психологиялық процесте оқуға зорлау, тәрбиеге күштеу, бағындыру сиқты әрекеттер баланы ынтасыз, жігерсіз, яғни өзін-өзі реттеуден безіндіреді. Қазіргі жаңа оқыту технологиялары мен әдістемелері көбірек өзін-өзі реттеу жұмыстарына бағытталуы тиіс (В.Шаталов, И.Волков, В.Краковский).

Жасөспірімдерге өзіндік жоспар құруға үйрету, яғни ол жоспар арқылы өзіне-өзі есеп беру арқылы іс-әрекетін реттеу, болашағын жоспралай, мақсатқа талпынушылығын арттыра алады, өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын болып, мүмкіншіліктерді иеленеді. Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, татып, естелердің айтқандарын есте сақтап қана естелер қатарында болады»,- деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді, әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір, болмаса жұмасында немесе айында бір рет өмірді қалай өткізгендігі жайында өзіңнен-өзің есеп ал»,- дейді.



Жасөспірімдік кезеңдегі жастар өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне маңызды сұрақтар қоя бастайды, мысалы «Мен 16 жастамын, ал мен Отан, мемлекет үшін не істедім?», «Мен кіммін?», «Мен қалай істеуім керек?», «Отбасының ата-ананың алдындағы менің борышым неде?» т.б. Мұндай сұрақтар жасөспірімдерді ойландырып, өз бойларына талдау жасайды. Қайталанбас дара тұлға ретінде жасөспірімнің өзін-өзі ашуы – осы адамдар өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен байланысты. Жасөспірімдік рефлекция, біріншіден - өзінің «Менін» ұғынуы, яғни «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Мен өзімді не үшін сыйлаймын?» т.б., екіншіден – дүниедегі өзінің жағдайын ұғынуы мен өзіндік реттеуі, яғни «Менің өмірлік мұратым қандай?», «Менің достарым немесе дұшпандарым кім?», «Кім болғым келеді?», «Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуім керек?» т.б. осы сияқты психологиялық көріністерге ие. Жасөспірім өзіне-өзі сұрақтар қояды. Осыған орай ол өзіне-өзі талдау жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың, реттецдің элементтеріне айналады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер бойынша жеке адамның жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау немесе қабылдамау дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау оның өзгелерге менменсуімен немесе сын тұрғысынан қарамау емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деуге болады. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төменгі деңгейін – үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді. Өзін-өзі реттеудің дұрыс жүзеге асырылуына кішкене кезінде-ақ көптеген себептер әсер етеді (ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдай т.б.). Жасөспірім кезде бұрынғы ұғымдар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайтадан қаралады. Жасөспірімдер көбіне көтерінкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалауы мүмкін және керісінше. Өзіне деген осындай негізсіз сенімділік көбіне айналасындағыларды мезі етіп, көптеген тартыстар мен түсінбеушіліктер туғызады. Жас жеткіншек өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып, әдетте мектепті аяқтағаннан кейін біліп жатады. Тәлімгер-тәрбиешілердің ескеріп жүретін жағдайлардың бірі – жасөспірімнің өзіне деген сенімі қаншалықты жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі бұдан анағұрлым қауіптірек. Себебі, мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы қайшылықтарға ұшыратады әрі орынсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жас жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста қиыншылықты көп көреді, жалған бет-перде жасап алып, қоршаған әлеуметтік ортадан аулақ жүруге тырысады. Олардың басқа рөлде көріну қажеттігі ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай кезде олар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, басқалардың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Жеке адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның бөлектенуі, жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамдардың әлеуметтік талаптарының деңгейі барынша төмен болады, оны жасыру – адам бар іс-әрекет атаулысынан тартыншақ етеді. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби жаман мінез-құлық рухани кесел, егер адам өз бойындағы жоқ нәрселерді өзіне таға беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады. Жасөспірімдермен жүргізілген М. Рокич ұсынған «құндылық бағдары» әдісінің нәтижесін – Сен өз бойыңа ең алдымен қандай мінез қасиеттерін дарытқан болар едің?, - Өз бойыңда қандай жаман қасиеттерің бар, олардан қалай құтылған болар едің? т.б. сияқты сауалдар арқылы анықтағанда, олар өз бойындағы қасиеттерін саналы түрде сезініп, оларға белгілі бір қатынастарын білдірді. Жоғарыда көрсетілгендей, «Меннің» бейнелері күрделі, әрі бір мағынада болмайды. Тіпті толық қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бірі деп түсініп жатпайды. Өзін білу, өзін-өзі сәл басып тану адам жанының тереңдігін тілейді. «Мен, менен, менікінің» мағынасы екі деп ұлы Абай айтқандай «мен» дегеннің мағынасы әртүрлі. Адам бойында «меншіктік мен» және «әлеуметтік мен» бар. «Меншік Мен» - бұл менің отбасым, әке-шешем, олардың қуаныш-қайғысы, менің де қуаныш-қайғым болады, сондай-ақ менің кітабым, менің жан-дүнием, рухым. Жеке адамның өзінің ең қадірлі жағы болып көрінетіні, ол менің ең алдынғы орынға қоятын мұраттық жағым. Дәлірек айтқанда, «Дүниеде неге сенемін», «Не үшін өмір сүремін», «Не үшін жұмыс, қызмет істеймін» т.б. Мұндайда жасөспірімдерде «болашақ», яғни сол болашағындағы, келешегіндегі үміт үшін жан қиюға дейін барады. Өзі туралы өзгелердің жақсы пікірде болуын күте берсе еріксіз солардың пікіріне бағынышты болады. Айналадағы өзгелерге қарай, біздің «әлеуметтік Мен» де сан түрлі болады. Өзгелердің мысы баса берсе, соғұрлым «Мендік» меннен айырылып, өзгелердің пікірлерінің ықпалы күшейеді. Өзгелердің «Мен» туралы пікірі ұшқары болса, өзімді қалай тануым керек? қалай да болса, өзіммен-өзім жекеленіп, өзімді білемін? Бұл өте күрделі мәселе. Осы жағдайда адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің, оқудың, білім мен өнердің тұлғаға тән ынсап, рақым, ар-ұят, сабырлық, ой-талаптық ортаға, өзіне тигізер пайдасы, әрі ықпалы туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деген: - ынсап, рақым, ар-ұят, сабыр-сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Осылай атай отырып, ол жастардың қоғамдағы орнын жоғары пайымдай келе оларға көп сенім артып, мақсат-міндет қояды, олардың орындалуына қажет шарттарды, жолдарын былай деп нұсқайды: «Анық па?» деп айтарлық үш нәрсе бар – кірсіз рақым, мінсіз сөз, адал еңбек».
Пайдаланған әдебиеттер :

  1. Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2001ж. №1.

  2. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000.

  3. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі.

  4. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2004.



ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
Сартаева Сандуғаш Курманбековна

ОҚО, Бәйдібек ауданы М.Әуезов атындағы ЖОМ педагог-психологы
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды. Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады. Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады. Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз. Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек дұрыс тәрбиеле алмау себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар; жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар; психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері; ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы ;қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.

Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.

Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:


  • оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

  • оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

  • оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

  • оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;

  • оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

  • оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғары да көрсетілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет