«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет11/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2001ж. №1.

  2. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000.

  3. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі.

  4. Бикенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы.- Алматы.- 2003.

  5. Байтабанова А. «Сынып жетекшінің қиын оқушымен жұмысы», Сынып жетекшісі, №4, 2004.



ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Сулеева Салтанат Затиллаевна

Мақтарал ауданы № 117 ЖОМ химия пәні мұғалімі.
Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез- құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады.

- Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу;

- Мектептегі қиындық пен сәтсіздік;

- Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.

Отбасындағы жақсы қарым- қатынасты жоғалту мектептегі сәтсіздік келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады. Демек жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздік, аномалді мінез- құлықтың қайнар көзі болып табылады.

Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.

Девиантты мінез-құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді. Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса, онда ол «қиын» балалар қатарына жатады. Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене жағынан немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады. Ондай адамдар қашан да басқада адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады. Бүгінгі таңда кейбір адамдардың қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады. Қалып (норма) ұғымы медицина ғылымында кеңінен қолданылады. «Қалып» ұғымының қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес, мазмұнында да. Мысалы, адамгершілік нормаларының өзі әртүрлі болады. Тіпті адамдардың мінез- құлқының нормалары да заман ағымына қарай әртүрлі болады. Олай болса, «қалып», «қалыптанан ауытқу» ұғымдары өте үлкен маңызға ие. Ол баланың әлеуметтік мінез - құлқының даму процесін сипаттау үшін қолданылады. Баланың нормадан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады. Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқу» ұғымдары жоғарыдағы екі жақты ұғымдарды айқындап беруде қолданылады. Кез-келген ауруды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы, әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады. Ондай жағдайда әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.

«Қиын бала» дегеніміз кім ? Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды , жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз, өйткені баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.

«Қиын бала», яғни тәрбиесі қиын бала – әлеуметтік назардан тыс қалған бала. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайды, үлкендермен, кішілермен қалай қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайырымдылық пен жылылықты сырттан іздейді.Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге, дөрекі сөйлеуге, құмар ойындарына қызығушылықтары артады. Мұғалімге қарсы сөйлеу, ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады. Меніңше, осы наразылық көрсету арқылы жасөспірім өзіне назар аударттырады. Кейде ол наразылықты әдейі істейді. Яғни, ата-анасының көзқарасы, шешімі дұрыс екеніне келіссе де жеткіншекпен ой бөліспегені үшін, оның көзқарасын сұрамағаны үшін қарсы наразылық білдіреді.

Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады. Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. Оқушылармен жұмыс істеу жан-жақты зертеуді, баланың бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін, тәрбиеленіп, өскен отбасын, мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зертеуді жан-жақты білуден бастау керек. Өкінішке орай,еліміз егемендік алғалы тәрбие мәселесінде белгілі бағыт-бағдардың болмауы, мектеп директоры мен жергілікті жерде білім және ішкі істер бөлімдерінің бірігіп жұмыс жасамау салдарынан «қиын» балалардың көбейгені жасырын емес. Қалаларда аудан-ауданға бөлініп, аудандық жерде көшелерге бөлініп балалардың төбелесуін немен түсіндіруге болады.

«Қиын» оқушылардың ата-аналары мектепке ата-аналар жиналысына келмейді, баланың тәртіпсіздігінен қылмыстарын естуден қашады. Кейбір ата-аналардың өз міндеттерін түсінбеуі, түсінгендерінің өзі менің балам «судан таза, сүттен ақ» - деп бетбақтырмауы бала тәрбиесінде қиындық келтірер үлкен кедергі.

«Қиын» балаларды тәрбиелеуге де спорттық шаралар мен әскери-патриоттық тәрбиенің де маңызы өте зор. «Қиын» балалардың үлгілі оқушылар санатына қосылуы педагогикалық ұжымның талмай еңбек етуінің арқасында жүзеге асатын үлкен жұмыстың айғағы екенін ата-ана мен ұстаздар қауымының дұрыс түсінгені жөн.

«Қиын» жеткіншектердің мектепке, жаңа топқа бейімделу мәселесіне тоқталсақ . Жеткіншек мектепке тез бейімделе алмаған жағдайда, мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп, жеткіншектің эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі кез-келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі .

Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында көрінеді. Бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдану керек. Онда жеткіншектің оқу белсенділігін, білімді меңгеруін, сабақтаға, қоңыраудағы мінез-құлқын, сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасын, эмоционалды көріністерін бақылау қажет. Жеткіншектерді мектепке бейімделуіне қарай үш топқа бөліп қарастырсақ болады :

Бірінші топта бейімделуі аз және шиеленіссіз өткен жеткеншектер жатады. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен, эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарлығымен сипатталады.

Ал, екінші топқа бейімделудің кешуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде, оларда жағымсыз тұлғалық қасиеттері бар екендігі белгілі болады: алаңдаушылық, шиеленіс, өзін-өзі бақылаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылуы бар болды.

Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жеткіншектер. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни, эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы топтың бір бөлігі жоғарлы моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды. Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығының сезінген 2-3 топтағы балалар бөлінді. Зерттеулер көрсеткендей, онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болмауынан, әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбіне психологиялық дамудың жетіспеулігі екені белгілі болды. Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтар пайда болу себебіне әлеуметтік- педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты. Ата-аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім қорының аздығымен, ой -өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі жағдайларда бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме-дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды. Мұндай жеткіншектердің негізгі жетіспеушілігі – вербальды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр. Сонымен бірге олар талаптанғыш, мектеп ережелерін жақсы орындайды, эмоционалды бір қалыпты. Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік: мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған. Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-әрекет (мысалы, үй жұмысын орындауға көмек) жағымды бағаланды. Ата-аналардың берген жоғары бағасы өзіне сенімділігін, ұқыптылықты, адалдықты қалыптастырып, бірақ ең маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қойды .

Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық дамудың кешуілдегенінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы оқушыларға шарасыз енеді. Оқу материалын меңгерудегі пайда болған қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды. Мұндай балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап, мұғалімді көңіл қойып тыңдайды, қажетті білімді меңгеруге тырысады, яғни,мектептік мотивацияның жоғарлығымен көрінетіндігін атап өтуге болады. Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарым-қатынасы оларды пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі, біртіндеп мектепке бейімделе бастайды, бірақ та басқа сыныптарға қарағанда бейімделу ұзақ мерзімде жүреді. Бұл топтағылар бейімделуі кешуілдегендерге, яғни екінші топқа жатады .

Кейбір жағдайларда ата-аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы, отбасы ішіндегі дау-дамайлар, алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады. Мұндай отбасыдағы балалар мінез-құлықтың қарапайым дағдылары сіңбеген, оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы жоқ, интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының дисгормониялығы қосылады. Осындай отбасынан шыққан қыздарға тұлға типінің инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық, олар өздеріне сенімсіз, өзінің міндеттерін түсінудің болмауына байланысты сәтсіздіктерге қобалжымайды және мектептік мотивациясының төмендігімен сипатталады. Оларға мына сұрақтарға жауап беру қиын: «Сен сыныпта кіммен достасасың ?», «Үлкейгенде кім болғың келеді ?» және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде оларда ойындық сюжеттер басым. Біздің мәліметтер бойынша, бұл қыздарға 1-ші сыныпта бейімделу процесі болмайды. Сондай балалардың суреттері орындаудың ұқыпсыздығымен ерекшеленіп, ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек қызықтыратын заттарды (мысалы, машина, ұшақ және т.б ) салады. Олардың вербалды сферасының динамикасының бұзылулары қосылады. Алғашқы оқу жылының барысында олар мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды. Біздің зерттеулеріміздің мәліметтері бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады, яғни, 3 - ші топқа.

Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін басқа факторлар, яғни,жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата-аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп, баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін. Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата-аналарының арасындағы дау-дамайлы қарым-қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады: оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән. Оларда жоғары қызығушылық бар. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындағанда, орынсыз асығыстық көрсетіп, көп қателіктер жіберіп, өз-өзін нашар бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады. Алдынғы атап өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды. Бұл балалар бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері (екінші топтағалар). Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата-аналар жағынан гиперопека түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері қалыптасады немесе өзін-өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда болады. Инфантильді балалар жасқаншақтығымен, тұйықтықпен ерекшеленіп, сыныпта «изоляцияланған» топтағыларға жатады. Социометриялық мәліметтер бойынша, сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым-қатынас жасауға ұмтылмайды.

Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа жеткіншектерде де көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың, сыныптастарына деген қарым-қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл жеткіншектер әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым-қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді .
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Елiкбаев Н. Ұлттық психология.-Алматы, 1992.

  2. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. -Алматы, 1994.

  3. Немов Р. Общая и социалная психология.-М., 1996.



ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ: ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Баяндина Гульнар Амантаевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, Педагогика ғылымының магистрі, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид қоғамда белең алып отыр. Осы мәселені шешуде ата-аналар, мұғалімдер, құрбы-құрдастары біріге жұмыс жасау арқылы суицидалды іс-әрекеттерді болдырмаудың алдын алу іс-шараларын жүргізу маңызды болып табылады. Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды. Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді. Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі.Әсіресе, ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстративті түрде көрсетіп отырады.

Білім алушының өзін психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру шеңберінде білім беру үдерісін қалыптастыруда жасына қарай психофизиологиялық ойлау өте маңызды. Оқушы өзі туралы көбірек түсінуге, өз дамуының ерекшеліктерін білуге тағы басқа өзінің жағдайын еңсеруді білуге тиіс, бұл мағынаны тануға жатады. Оны осыған үйрету керек. Мектептегі бұл жауапты жұмыс әлуметтік педагог және сынып жетекшісіне, пән мұғалімі мен педагог-психологқа негізделіп жүктелген. Бұл бірқатар жағдайларда білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы мен әкімшілігі жасөспірімдер мен балалар арасында өзіне өзі қол жұмсауға жеткілікті назар аудармайтыны бойынша, ең біріншіден, суицидтік мінез-құлық, профилактика технологиялары, өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде технологияларды меңгерген кадрлардың аз болуы көптеген мектептерде қалыптасқан жағдайды талдауда көрсетеді. Бұл ретте көптеген жалпы білім беретін мекемелерде мақсаттылықтың және жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылардың ата-аналары мен педагог кадрларының тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырудың жеткіліксіздігінен, соның ішінде бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы болып табылады. Осы сөзімде мен жасөспірімдер суицидінің алдын алуға бағытталған, яғни біліктілікті арттыру курсына келген мектеп психологымен әзірленген білім беру үдерісін психологиялық–педагогикалық қолдау моделінің ықтимал варианттарының бірімен бөліскім келеді. Бұл моделдің негізгі мақсаты - жасөспірімдер суицидінің алдын алуға бағытталған, білім беру үдерісін үйлестірілген психологиялық-педагогикалық қолдауды кешенді және жүйелі қамтамасыз ету.

Жасөспірімдер суицидінің алдын алуға бағытталған, білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдаудың екі векторы ұсынылады: жалпы алдын алу-профилактика (әлеуметтік дезадаптация-бейімделу мен олардың мектептегі қиындықтарының алдын алу және барлық оқушылардың мектеп өміріне тартылуын қамтамасыз ету) және арнайы алдын алу-профилактика педагогикалық назар аударуды ерекше мұқтаж ететін, олармен жекелеме жұмыс жасауды қажет ететін, барлық оқушыларды сүйемелдеу және анықтау) [3,1]. Білім беру үдерісі психологиялық-педагогикалық қолдау бағытының негізі ретінде білім алушылардың суицидтік мінез-құлқы бойынша ұсынылған ғылыми-әдістемелік модельдер, ақпараттық-талдау, әлеуметтік-диспетчерлік, ағартушылық, кеңес берушілік, алдын алу, түзете-дамытушылық арқылы алдын алуды көрсетеді.

Модельдегі әдістер мен жұмыс түрлері, яғни тиімді іске асыру үшін ұсынылады:



  • диагностикалық: педагогикалық пакетін және девиантты мінез-құлық туралы білім бойынша тәуекел балалар тобындағы экспресс-анықтау үшін психологиялық скринингтік әдістемелерін пайдалану;

  • тұлғалық-бағдарланған терапия психотехнологиясы: жеке психокоррекциялық әңгіме, топтық психотерапия, аутотренинг, арнайы бағдарламалар (жүргізіледі шақырылған мамандар);

  • оңалту психотехнологиялар (тренингтер): психодрама, интеллектуалдық тренинг, тренингтер, тұлғалық өсу тренингі рефлексисы, рөлдік ойын және т. б.;

  • ұйымдастырушылық: педагогикалық кеңестер, консилиумдар, семиналар, топтық пікірталастарда талқылау, дөңгелек үстелдер;

  • ақпараттық: жадынамалар, стендттік ақпарат, ақпараттық парақтар, буклеттер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар[4, 215].

Оның нәтижелері қандай болатынын енгізгеннен кейін: білім беру мекемесі оқушының психологиялық-педагогикалық жайлылығына жағдай жасауды, жастар мен жасөспірімдерді әлеуметтік және психологиялық қорғауды қамтамасыз етуді, бейімделмеген жасөспірімдер мен жастардың санын азайғаның; өмірлік қиын жағдайларға тап болған қылмыстық топтарының сатысында анықталғаны; алдын алу асқынулар, өмірлік жағдайларын уақтылы жолымен олардың бағдарламасына қосу, көмек көрсету; өзіне-өзі қол жұмсау алдын алу төмендеуі суицидтік қауіптері бар балалардың санын шектеуін көрсетті [4, 115].

Қорыта келе, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін алдын-алу психологиялық шаралар қажет. Мұндай алдын- алу шараларынының тиімді жүйесі жеке тұлғаға бағытталған тәсілдеріне негізделуі мүмкін, бала тұлғасының психологиялық кедергісін жоюға бағытталған. Бұндай курстар, семинарлар, мектеп психологтары үшін күшті ықыласы пайда болды. Оларды әлдеқашан, өздері айтқандай, соншалықты сертификат алу емес, олар бірлесе отырып, тәжірибемен алмасып, жасаған еңбектері қызықтырады.Осының өзі, мүмкін, біздің біліктілікті арттыру курстарында жұмысымызда ең бастысы, білім беру жүйесіне көп ықпалын тигізеді деп ойлаймын.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы [Электрондық ресурс].-URL: http://www.zakon.kz/141156-zakon-respubliki-kazakhstan-ot-27.html

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары [Электрондық ресурс]. - URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832

  3. Абрамова Г:С., Практическая психология.-М.,2007 Балгимбаева З.М., Практичаская психология образавания: Учебное пособие. А., Қазақ университеті,2007

  4. Овчарова Р.В, Технологии практического психолога образования: Учебное пособие для студентов и практических работников. – М.,ТЦ «Сфера»,2000



ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
Даулбаев Махамбет Орынғалиұлы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,

«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының

аға оқытушысы
Суицид дегеніміз – өз-өзіне қол жұмсау. Дер кезінде психологиялық қолдау, мейірімді қатынас, түсінушілік, жасөспірімдерді қиын өмірлік жағдайдан құтқарады.

«Суицид» терминін бірінші рет итальян психологтары 1947 жылы қолданды, яғни бұл – «өз өмірін қиюға ниеті бар мінез-құлық» дегенді білдіреді. Бұл – күрделі, әдейі жасалатын мінез-құлықты акт, бұл әрекет әлеуметтік, психологиялық, психо-физиологиялық факторлармен үндеседі. Көбінесе бұл жағдайларға душар болған адам аталған мәселелерді ешқашан шешілмейді деп ойлайды. Суицидтар 3 топқа бөлінеді: шынайы, жасырын, демонстративті. Зерттеулер бойынша суицидтің астарында «жауапсыз маххаббат», денсаулықтың нашарлауы, жақын адамын жоғалту, ата-ана тарапынан болатын әртүрлі жазалар, өгей әке немесе өгей шешенің теріс мінез құлқы әсер етеді. Сондықтан кішкентай кезінен сәбидің туыстары мен ата-анасына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастырғаны жөн. Тіпті суицидалдық әрекеттің өте дұрыс емес екенін ұғындырып, отбасылық, шығармашылық, өмірлік жоспарлар туралы жиі сөйлескен дұрыс. Ең маңыздысы баланың бойына үміт пе сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Оқушының өзіне-өзі қол жұмсау жолдарын болдырмауда мектеп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәлімгер, мұғалім, сынып жетекші, тәрбиеші, психологтың бірлескен жұмысы нәтижелі болады. Сондай-ақ, мектеппен ата-аналардың, қоғамның байланысының орны ерекше.



Бүгінгі таңда өзіне-өзі қол жұмсаушылық қоғам үшін алаңдатарлық жағдай туғызып отыр. Мұның себебі неде? Осы сұраққа жауап іздеп, баланың өзіне-өзі қол жұмсауына апаратын факторларға тоқталып өтсек. Олар мындай факторлар:

  • Бала жанын ата-анасының түсінбеушілігі.

  • Отбасындағы келеңсіз жағдайлар.

  • Мектеп, қоғам, ата-ана тарапынан қадағалаусыз қалуы.

  • Мұғалімнің өзі кейде баланының жұмысын іске алғысыз етіп тастауы

(ауыр сөздер айтуы мүмкін т.с.с.).

  • Баланың білімінің аздығы, өмірге сүруге дайындығының жеткіліксіздігі, кейбір келеңсіз жағдайлардан (ситуациядан) шыға алмай қалуы.

  • Жүрген ортасы. Мысалы: мектептегі өзінен үлкендер, сыныптастар (өзінен кішілер де болуы мүмкін), тіпті көшедегі қысымдар. Есепке (сечикке) отырғызуы да мүмкін.

  • Сыныптастарының керексіз етіп шетке шығарып тастауы.

  • Өзімен-өзі дұрыс жүргенін көре алмай ешкіммен байланыспағанын алға тартып тиісуі мүмкін.

  • Рухы түсіп, ар-намысы жібермеуі.

  • Үлкен кісінің яғни, Алланың құзырындағы мәселе (мүшел жас, галлюцинация, денсаулығы).

  • Қоғамдағы жағымсыз, өз мүддесін көздейтін топтардың кері ықпалы діни ағым, секта, темекі, анаша шегушілік, ішімдік, мезгілсіз уақытта жүру (Сол топтардың ықпалынан шыға алмай қалуы. Баланың шетке шығып ешкімге керек болмай қалуы).

  • Өзімдікі дұрыс деген бірбеткей мінез, жалғыз болу, өзін-өзі бағаламау.

  • Физикалық көңіл-күйі, психикалық жайы, депресияда жүруі, қарызы болуы.

Баланың өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау жолдары:

  • Бала жанына ата-анасының үңілуі.

  • Отасында келеңсіз жағдайларды болдырмау.

  • Мектептің дұрыс жолға қойылған оқу-тәрбие жұмысы, ұстаз еңбегі.

  • Психологтың баламен жеке кеңес беру жұмыстары.

  • Білім, тәрбие, өнер, спорт үйірмелері, сынып сағаттарына қатысу.

  • Өзімдікі дұрыс деген бірбеткей мінезден арылу, өзін-өзі бағалау, достармен бірге болу.

  • Достық көмек, өзара көмек.

  • Ол бала дұрыс жүр, білім алып жаты, ешкімге зияны жоқ деп құрдастарының ол үшін не жағдай болса да жауап беруге дайын болуы (яғни, оған қолдау көрсетуі),

  • Шетке шыққан балаға көмектесіп жақсы ортаға қосып жіберу.

  • Жалғыз жүрмей, көпшіл болу.

  • Жалғыздықтың тек қана құдайға тән екенін түсіну.

  • Қиындыққа тап болған баланы сол жағдайдан шығару үшін ауылдағы, қаладағы беделді үлкендер мен топтардың көмегі.

  • Аға-іні (бауыры т.б.), олардың спортпен айналысатын таныстары т.с.с. топтары, байланыстарының көмегі.

  • Баланың өзінің денсаулығы, физикалық дайындығы, білімі, тәрбиесі, рухы жүрген ортасы. (Білім дегенде айтатынымыз мектеп оқулығымен қатар, батырлар жыры, билердің әділ шешімі т.с.с.).

  • Тап болған жағдайдан (ситуациядан) шығу үшін шын немесе өтірік таяқ жеуі, кешірім сұрауы.

  • Баланың өмір сүруге құштарлығы.

  • Қандай жағдай болса да ақылға келіп, сабыр етіп, шүкіршілік етуі. Мейірімді, қайырымды т.с.с. болуы.

  • Болмашы затқа босқа шаршамау.

  • Ата-анасына, досына, сыныптасына т.с.с. ренжімеу.

  • Өзіне-өзі қол жұмсағаннан ешкімге пайда келмейтінін түсіну (тек соңында ата-анасы, бауырлары қиналатынын, өмір өте келе жайлап-жайлап ұмытатынын түсіну).

  • Кітап оқу, көкірегі ояу, рухани бай болу, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен айналысу.

  • Ішімдік, наркотик т.б. жоламау, құмар болмау.

  • Құмар ойындарға әуес болмау.

  • Қарыз алмау, қарыз алған жағдайда оны қайтарып беру парыз екенін білу.

Әр адамның тағдыры – өз қолында. Сол себепті кез келген жеке тұлға «мен отбасыма, бала-шағама, қоғамға және өзіме-өзім керекпін» деген үлкен мақсатпен өмір сүріп, келеңсіз ойлар мен әрекеттерден аулақ болғаны дұрыс.

Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Әрбір адам өмірді табиғаттың өзіне берген тамаша сыйы деп қарап, оны мейлінше толық әрі тиімді пайдалануы, мүмкіндігінше саналы да жемісті еңбекпен өткізгені абзал.

Халқымызда мақал-мәтелдер көп, солардың біреуінде «Жамандықтың беті әрмен» десе, енді бірінде «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Сондықтан әрқашанда жанымызға шуақ шашып, өмірде бір-бірімізге тек қана жақсылық ойлап, жақсы тілек тілеп, жақсылығымызға қуанып жүрейік.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет