«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет12/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Социальная педагогика и самопознание» №1. 2014 ж. 23-бет.



ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ БЕЛЕҢ АЛУ

САЛДАРЫ
Нурманова Женискуль Кульбайқызы

Шымкент қ.,психолог, заңгер педагогика ғылымының магистрі
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында - «Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді» - деп атап көрсетсе, Қазақстан Республикасының Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс – қимыл жоспарында – «Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті» -деп бала тәрбиесіндегі ата – ананың міндетін нақтылай түседі.

Жасөскелең тәрбиесі жолында Елбасының өзімізге жүктеген міндеттерін орындау бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз.Жасөскелең тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, ең негізгі мәселе деп қарасақ, бұл біздің бәскеге қабілетті – демократиялы қоғам құруымыздың басты шарты болмақ.Сондықтан тәрбие жолында отбасы мен ұстаздар қауымы оңтайлы мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету, бұл заман талабы. Соңғы кезде өршеленіп, белең алып жатырған жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жайт өзін -өзі өлтіру, яғни суицидке шалдығу. Осы орайда ғылыми деректерге сүйенсек, өлім туралы ғылым – «танатолгия» деп аталады.

Танатология - өлім туралы ғылым: оны бірқатар елдердің университеттерінде психологтар, философтар, дәрігерлер, юристер зерттейді. Орыс философы Павел Флоренский «Адам өмірінде бірақ рет өледі, сол себепті келеңсіз өледі» - деген пікір айтады. Ғалымдардың танатология ғылымы бойынша зерттеулерінде өлімнің үш түрі анықталған, олар: хоспис, эвтаназия, суицид.

Суицид /өзін - өзі өлтіру/. Суицид қолданатындар негізінде 15-тен 23 аралықта және 40 жастан асқандар. Балалар өмірінде орын алған суицидке ғалымдардың зерттеулерінде үлкендердің кінәлі болуы көптеп кездеседі делінген. Жасөспірім кезеңдегі суицид бұл көмекше шақыру, жан айқайы, өзінің басындағы қиын жағдайды өзгелерге білдіртуге тырысу және айта кететін негізгі жайт «өлім» туралы ойлары анықталмаған. И.П. Павлов өзін- өзі қол салуды «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндіріп, былай тұжырымдайды: мақсат рефлексі өмірлік мәнге ие, ол әрбір адамның өмірлік психологиясының басты формасы, мақсат жоғалса, өмірге де қызығушылық төмендейді.

Жасөспірімдік кезеңдегі суицид келесі факторлармен:балалық шақтың толымсыз және аз қамтылған отбасында өтуі. Отбасындағы ауыр психологиялық жағдай, ата – анасының біреуінің өмірден өтуі, ата – ана арасындағы ұрыс – керіс көріністерінің болуы олардың алкогольді қолдануы т.б. Балалық шақтың психологиялық тұрғыдан отбасында өтуі: жасөспірімнің ата – анасымен қабылданбауы, тәрбиенің әділетсіз тәсілдерін қолдану, шектен тыс талап қою, жасөспірімдердің өз беттілігін шектеу, жазалау шараларын қолдану. Қатал қарым – қатынас баланың денсаулығына психикасына зиян келтіреді. Қатыгездік сөзінің нақты анықтамасы психологиялық зерттеулерде келтірілмеген. Бұл ұғымды көбінесе педагогтар, дәрігерлер, философтар, әлеуметтанушылар,заңгерлер өз қызметінде қолданады. Атап көрсетсек, психологияда «қатыгездік» синонимдері «агрессия» «деспозитизм» сөздері қолданады. Ата – ананың балаларға қатысты қарым – қатынасына қатыгездікте статистикалық мәліметтерге жүгінсек ең ауыры нәрестелерді өлтіру жылына 300 – 400 жағдайға дейін тіркеледі. Қатыгездік көріністерінің 20% - ы аштықпен қорлау, тамақ пен суды шектеу болып табылады. Балаларға қатысты жазалауды қолданудың төрт негізгі формалары болады: Денелік зорлау,психологиялық зорлық көрсету, моральдық тұрғыдан зорлау, сексуалдық зорлау. Денелік зорлау – бұл ата – ананың немесе баланың тәрбиесіне жауапты адамдардың баланың денесіне жарақат салуы. Психикалық (эмоционалды) зорлық көрсету ата – ананың немесе жауапты ересектердің балаларға кезеңдік, созылмалы немесе психикалық ықпал етуі. Моральдық тұрғыдан көрсетілетін зорлық факторларының ата – аналар немесе жауапты адамдар тарапынан балаларға қамқорлық танытпауы. Сексуалдық зорлық көрсету баланың оның тілегімен санаспастан ересекпен сексуалды қарым-қатынасқа түсіруге мәжбүрлеу. Суицидті мінез-құлық қауіпіне бойынша ұшырағандар жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 50% құрайды. Жалпы жасөспірімдер арасында суицидке шалдықпаудың бірден -бір жолы – ата- аналар өз баласы үшін оны тұлғасы қалыпты дамыту мақсатында психологиялық жағдай жасау болса, педагогтар тарапынан жасөспірімдер бойындағы ерсі іс - әрекеттерді байқаған бойда, психологиялық тұрғыда қолдау көрсете білу. Және де ең негізгі жайт психологтардың пайымдауынша «суицид» терминін жасөспірімдер арасында қолданбау тиіс деген пікір бар.

Көптеген психологтардың зерттеулеріне үңілсек, мінез-құлықтағы ауытқушылық, қиындық көбінесе 6-8-9 сынып оқушыларында, яғни жасөспірімдік кезеңде орын алады. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың туындау себебі: дұрыс тәрбие көзінің болмауы салдарынан білім-дағдының жоқтығы; отбасындағы келеңсіздік жағдайларға байланысты жағымсыз психологияның ахуалы; оқу процесіндегі сәтсіздіктің орын алуы; ата -ананың, педагогтың, құрбы- құрдастарының тарапынан дөрекілік, қаталдық қатынастарынан келіп туындайтын психологиялық жайсыздықтардың болуы; психикалық және физикалық денсаулығындағы ауытқушылықтардың болуы; белгілі бір пайдалы іс-әрекетпен айналыспағандықтан, өзіндік мақсат-міндетінің болмауы; елеусіз қалумен қатар, жасөспірім бойындағы жеке құндылықтарының психологиялық жағымсыз күйге ауысуы. Осы іспеттес бірнеше жағымсыз себептерге орай, жасөспірімнің зейін қоймауы, өмірге, қоршаған ортаға деген немқұрайлылығы, ересектер тарапынан бақылаусыздықтың болуы салдарынан нәтижесінде жасөспірім өзін «жалғызбын», «қараусызбын», «қорғансызбын», «қажетсізбін», «мен кімге керекпін» деп, өз білермендікке салынып ересектерге деген наразылығы басым болып, өзін қоғамға жат іс-әрекеттерге бейімдейді.

Жасөспірімдердің қиын жолға түсіп, қиын жасөспірім атануына негізгі бір себеп, әрине баланың сана-сезімінің алар орны ерекше десек те, осы орайда халық даналығынан «санасызға сан айтсаңда бәрібір» деген нақыл сөздің астарында, сананы бала бойына сіңдіре алмаған кемшілікті өзімізден іздеуіміз қажет сияқты.Осы тарапта халық даналығына сүйенсек: «әр бала бұл-ерекше бір әлем, оны тек қана бүлдіршінмен бірге қуанышына, үлгеріміне ортақ болғандар ғана түсінеді. Бала әрдайым өзіне деген үлкендердің жылуына, жақын адамының жүрек дүрсілін естуі керек!» («каждый ребёнок это особый мир и познать это может тот, кто умеет вместе с малышом разделить его радости, успехи. Ребенок всегда должен чувствовать тепло сильной руки, слышать биение сердца близкого ему человека» делінген даналық сөздерінде үлкен бір салиқалы ой жатқаны белгілі.

Салыстырмалы түрде ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасасақ, көпшілігі жасөспірім кезеңнің «қиын», «сыналатын», «өтпелі», «дау - дамайлы» кезеңдерін ескере келе, жасөспірімдерде қайта тәрбиелеудің орын алуына үш фактор: отбасы тәрбиесі, мектеп ұжымы, қоршаған орта деп, осы үш фактордың маңыздылығын тілге тиек етеді. Осы орайда ойымызды тұжырымдай келе жасөспірімнің адами қасиетке ие болып, өз елінің тұғырлы азаматы болуы міндетті түрде аға буындарға, ересектерге байланысты болмақ. Қазақ халқында дана сөз бар «не ексең, соны орасың» - деп дөп айтылған ұшқыр сөздің мазмұны тереңде екенін түсінсек жасөспірімдердің көзі ашық, көкірегі ояу, өз елінің ұлттық құндылықтарын бағалай білетін азамат болары хақ деп есептейміз.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қaзaқcтaн -2050» cтpaтeгияcы қaлыптacқaн мeмлeкeттің жaңa caяcи бaғыты – Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpeзидeнті - Eлбacы Н.Ә.Нaзapбaeвтың Қaзaқcтaн хaлқынa жoлдaуы 2014 жыл 18 қaңтap «Eгeмeн Қaзaқcтaн».

  2. Қaзaқcтaн Pecпубликacы Үздікcіз білім бepу жүйecіндeгі тәpбиe тұжыpымдaмacы/ Aлмaты - 2009 жыл 16 қараша.

  3. . Кepимoв Л.К. Қиын бaлaны қaйтa тәpбиeлeу. Aлмaты: Paуaн 1996, 7-10б, 8-20 б.

  4. Ж.К.Нұpмaнoвa « Қaзіpгі тaңдa жacөcпіpімдepді, тәpбиeлeудe қaйтa тәpбиeлeуді бoлдыpмaу жoлдapы» A.Ә.И.У. «Білім бepудің иннoвaциялық мoдeлі»: Aдaми кaнитaлдың caпaлы өcуінің бacты бaғыты aтты жac ғaлымдap мeн cтудeнттepдің ғылыми –пpaктикaлық кoнфepeнцияcының eңбeктepі. Шымкeнт, 2013.

  5. Бaқтыбaeвa Қ.C. Пcихoлoгo-пeдaгoгичecкoe coпpoвoждeниe пoдpocткoв / гpуппы pиcкa Диc.кaнд. Тapaз, 2008г.



СУИЦИДТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Мизанова Гузал Бадридиновна

Шымкент қ., № 71 жалпы орта мектеп педагог-психологы
Жеке тұлғаның негізгі міндеті – табиғаттан берілген өзінің потенциалды қабілеттерін өмірде көрсету болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай көрсетілген: «зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» .

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Бұл түсінікті де, себебі ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың артуына әкеледі. Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр. Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. Бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Десек те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Латын тілінен аударғанда суицид мағынасы – өзін-өзі өлтіру, яғни өз өміріңе балта шабу, саналы түрде өмір сүруді тоқтату дегенге саяды.



Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді дейді. Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі

  • "Суицидтік жастың үдеуі” кезеңі /17-24 жас аралығы/;

  • Адамның өз ойларымен оңаша болатын таңертеңгілік және кешкі уақыт;

  • Жанұядағы немесе айналадағы моралдық-психологиялық жағдайдың қиындығы.

Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары:

  • Стресске қарсыласа алмау, түңілгендік сезімі, шешімсіздік (шындықты

жеткіліксізқабылдау);

  • Жағдайды өзгертуге қабілетсіздік (алдағы уақытта оң өзгерістерге үміт жоқ);

Мәселені шеше білу дағдыларының болмауы (тұйыққа тірелу);

  • Тек "өзімді өлтіру бәрін шешеді”деген ойға сенімділік.

Қиындықтан құтылудың жалғыз жолы – өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшу болмаса керек. Оны «ойланбастан шешім қабылдаудың салдары» деп түсінген кезде оны шешудің жолдарын таба алмай, осы дертке шалдығып жатады. Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу бойынша педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. Жұмыс келесі бағыттарда жүргізілуі қажет:суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтаусуицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуаталған сұрақтар бойынша денсаулық сақтау мамандарымен өзара әрекеттесубілім беру мекемесінің барлық оқушыларымен бірге өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысу. Бастапқы алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу қажет. Негізгі мақсаты – өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күюдіңалдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.)

Алдын алу жұмыстарының ұсынылатын түрлері:«Мен өмірді таңдаймын» акциясы, «Өмір тамаша» сынып сағаты, «Менің сезімдері мен эмоцияларымның әлемі», «Өзіңді түсін» тренингтік сабақтар, «Өзіңе ие болуға үйрен», «Психологиялық қысымды жою тәсілдері», «Стрессіз емтихандар» тақырыптарындағы психологиялық-педагогикалық топтық кеңестер, «Мен және менің отбасым» отбасылық спартакиадасы, «Стресспен күрес әдістері» тақырыбындағы профилактикалық лекторий, психологтарды, психотерапевттерді, суицидологтарды және т.б. тартумен ата-аналар жиналысын өткізу. Білім беру мекемлерінде, басқа да мекемелер мен ұйымдарда жедел психологиялық көмек алу, сондай-ақ қалалық «сенім телефоны» арқылы жедел көмек алу үшін оқушыларды ақпараттандыру білім беру мекемесінің ақпараттық стендтері, интернет-сайты, бақ арқылы жүзеге асырылуы қажет. Екінші алдын алудың мақсаты өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау болып табылады, яғни қиын өмірлік жағдайдағы және суицидтік пиғылдарын білдіретін қауіп тобымен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу. Бұл топ үшін тереңдетілген диагностикалық зерттеу жүргізу керек. Шиеленіскен суицидтік қауіпті анықтау жағдайында дәрігер мамандарға (психиатрларға, психотерапевттерге, суицидологтарға) жүгіну ұйымдастырылуы қажет. Терең диагностика нәтижесі және әлеуметтік жағдайды талдау бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек қадамдары анықталады. Мүмкін шаралар: жеке және топтық түзету шаралары (эмоционалды қысымның жоғары деңгейіне жауап беру). Әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру; кәсіпті бағдарлау және еңбекпен қамтамасыз етуде көмек көрсету (жоғары сынып оқушылары үшін); бейімділікті қалпына келтіруге жәрдемдесетін тақырып бойынша тренингтік топтарға оқушыларды қосу (сәтті әңгімелесу, кәсіби бағдар және жеке диагностика, даусыз мінез-құлық қабілеттерін қалыптастыру және т.б.). Ондай жасөспірімдерді психологиялық-әлеуметтік түзетудің ең оңтайлы әдістері топтық түзету жұмысына қосу болып табылады, онда олар қиын өмірлік жағдайларды құрылымды шешуді үйренеді. Түзету тобына қоспас бұрын жасөспіріммен суицидтік талпыныс қауіпін төмендету мақсатында бірнеше кеңес әңгімелесулерін өткізу қажет. Кеңес беруде келесі ережелерді ұстану қажет. Тыңдау. Жасөспірімді өзінің пиғылдары жиі мазалайды, сондықтан ол сөйлесуге ықыласты. Оған сөзін бөлмей, дауласпай, сөйлегенше, сұрақ көбірек қоя отыра, еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн. «Қарабайырлық» – бейнеттің ерекшелігі туралы көзқарасты жою. Суицидентке оның мәселесі жиі түрде ғаламдық және ерекше болып көрінеді, оның көңілі жабырқаңқы және оған сын көзбен қарауға дәрменсіз. Жасөспірімдер оған өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінен жәненәтижесінде барлығы өтеді деген түсіністіктің болмауынан бейім. Эстетикалық тәсіл. Жасөспірімдерді олардың сыртқы тұрпаты мазалайды, тіпті өлімнен кейінгі де. Суицидтің алдын алудың нәтижелі тәсілі оның мүрдедегі тұрпатын сипаттау. Жақындармен байланысты және міндеттерін еске салу. Жасөспірім айналасындағы өзінің әрекетімен жанын ауыртқысы келмейтін жақынды іздеу. Жақсы жаманды таразылау. Өзекті жағдайдың теріс жағына ғана назар салмай, оның өміріндегі жақсы жайттар туралы «естеліктерін жандандыру». «Қарама-қарсы қою». Адамдар егер де басқалар көп тауқымет көретінін білсе, өз бейнеттерін жеңіл өткереді. Жасөспірімге оған қарағанда қиын жағдайдағы адамдардың қайраттанып, күресін жалғастырып жатқандарын үлгі ретінде көрсету қажет. Мәселелерді шешуде бар тәжірибені пайдалану. Жасөспірімге оның мәселелерді шешу қабілеттеріне ие екендігін еске салу және осы жағдайды шешу үшін өткен тәжірибеге тарту қажет. Потенциалдың (күштің) оянуы. Жасөспірімге өзіндегі оған тірек болатын энергетикалық бастаманы табуға көмектескен жөн: күш жігер, физикалық күш, шыдамдылық. Позитивті болашақ. Болашаққа деген позитивті жоспарларды құруға көмектескен жөн, жасөспірім жүзеге асыру үшін ұмтылатын қалаулары мен армандарын анықтау. Құрылымды әрекет. Жасөспіріммен бірге жуық уақытқа жоспар құруды ойластырып, балаға оны ұстануды ұсыну қажет. Басқаларға қамқор болуға назарын аудару. Көптеген адамдар өз мәселелер өзінен әлсіз және қорғансыздармен араласу арқылы ұмытуға қабілетті. Жасөспірімгеондай объектіге үй жануарлары, інілері мен қарындастары болуы мүмкін.Қызығушылық танымын арттыру. Жасөспірімге оның назарын аударатын, қуантатын істі іздестіру қажет. Спортпен шұғылдануды, үйірмелерге қатысуды, ұжымдық шараларға қатысуды талқылауға болады.Суицидке жақын балалармен жұмыста педагогтардың рөлі.Ысылмаған педагогты суциденттермен жұмысты жүктеу оны қиын жағдайға қалдыру болып табылады: көмектесу қажет, бірақ қажетті білімдер жоқ.

Педагогке мұндай жасөспірімдермен жұмыс жасауда өзіндік рөлін белгілеуден бастайық. Бұл рөлді келесідей белгілеуге болады: осындай балаларды анықтауда көмек көрсету және бастапқы алдын алу. Мұндай балаларды уақытылы анықтауда педагогтың көмегі келесіде болуы мүмкін, баламен жиі қарым-қатынас жасай отыра, ол проблемалық жағдай белгілерін байқауы мүмкін: шиеленіс, енжарлық, агрессиялық және т.с. Педагог мектеп дәрігерінің, ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің назарын осы жасөспірімге аудартуы мүмкін. Есейген жасөспірімге ол түсіндіру әңгімесін жүргізіп, оның жағдайын байқағанын және психологқа, психотерапевтке жүгінуге кеңес бере алады, себебі оның жағдайы маманның жұмысын талап етеді. Педагогтың осындай рөлі де өз жемістерін береді. Педагогтың бұл жұмысқа азадаған шынайылық пен жан жылуын қосса болғаны. Педагогтерге жеке және топтық кеңестер жүргізген дұрыс, оның мақсаты дағдарысты ахуалды өткеру кезеңінде қауіп тобымен өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеу болып табылады, ата-аналар үшін жекелеген кеңестер ұсынылады.Суицидті сипатқа ие балалар педагогтардың ерекше есебінде болулары қажет. Педагогикалық этиканы сақтау өте маңызды, баланың мәселелерін сынып, мектеп талқылауына шығаруға болмайды. Өскелен ұрпақты белсенді, өмірлік оқиғаларға толы өмірге еліктіруге қызығушылық танытқан қоғамдық, діни және қосымша білім берудің басқа да ұйымдарымен өзара қатынасты жақсарту қажет. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз керек.

Мектептегі тұлғаралық қарым-қатынасты жандандыру

-Мәдени іс-шаралар жоспарлау

-Спорт сайыстарын өткізу

-Өнер байқауларын ұйымдастыру

-Ғылыми-шығармашылық жұмыстарға тарту. Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет. Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә. Өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне рас. Ендеше өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн. Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы». -А., 2010. – 54б.

2 Сухомлинский А.В. Сердце отдаю детям.- М., 2009. – 123с.



ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ –ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ЕМЕС.
Джуманова Ойдин Деканбаевна

Шымкент қ., № 113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп педагог-психологы
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Психикалық денсаулық – соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып. Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді.

Өз-өзіне қол жұмсау Жаратушыға серік қосқаннан кейінгі екінші ауыр күнә. Әсіресе, бұғанасы қатпаған жасөспірімдердің жан түршіктірерлік мұндай тірлігі қоғамдағы кез келген адамды бей-жай қалдырмай отыр. Бұл дерт көп жағдайда адамның жан дүниесінің тоқырауынан туындайды. Суицид (лат.тілінен sui-өзін + caedere - өлтіру) - өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Суицид ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар. Суицид- ауру немесе өзін-өзі өлтіру деген мағынаны береді. Жалпы суицидке ұшырағандардың орташа жас шамасы 14-17 жас аралығында. Өзін-өзі өлтіруге итермелейтін себептер арасындағы басымдары: белгілі әрекет жасағаны үшін ата-анадан қорқуы, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған бұзақылығы үшін мұғалімнен қорқу. Тыныш емес, жағдай нашар, жайсыз отбасылар және баламен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайтын отбасыларда суицид жағдайы жиі болады. Жасөспірім кезеңдегі суицидтік әрекеттердің себептерін бірнеше топқа біріктіруге болады. Суицидке барудың психологиялық факторлары:

1. Көңіл-күйінің төмендігі;

2. Аутоагрессияға бейімділігі;

3. Өзін-өзі қабылдаудағы негативизм.

Жасөспірім ішкі күйзелісін айтып бөлісетін адам таппай, соңында жанын жегідей жеген дерті оны өлімге алып баруы мүмкін. Мұндай балалар мұңын тыңдап, сөзбен демеу беретін кісі көмегіне зәру. Алайда, көп жағдайда өзіне қол жұмсаушы, ашықтан ашық көмек сұрамайды. Ондай адамды, біз өзіміз тауып, жәрдемімізді бергеніміз дұрысЛатын тілінен аударғанда «суицид» сөзі — өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзінің суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап өтіледі. Біздер болсақ елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына қарамастан, мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз. Өйткені соңғы 45 жылда өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз өссе, оның жылдан-жылға өсе түсуі әбден мүмкін.

Соңғы жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді.

Әрбір адам бала кезінен алдына мақсат-міндет қойып, өмірінің басты мән-мағынасын айқындап алуы үшін болашаққа жоспар құрып, соған жету жолында ар-ожданымен үйлесімге ұмтылуы маңызды. Яғни, жас адам бірден дұрыс жолды таңдауы оның өмірге деген көзқарасы, өз өмірінің толықққанды қожасы болуға деген тілегімен, өз тағдырын өзі жасауға тырысуымен астасып жатыр. Ал, мұның бәрі оның өмірдегі қандай құндылықтарды таңдап алуына келіп тіреледі. Әлеуметтанушы-ғалымдар суицид жасау қаупінің өсу деңгейіне өмірлік құндылықтар мен әлеуметтік жағдай едәуір ықпал етеді деп есептейді. Яғни, жеке адам өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну дәрежесіне – адамның ортаға бейімделуіне тікелей байланысты.

Көріп отырғанымыздай, суицидтік әрекеттер тамыры терең кеткен әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан, үлкендер баламен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан болатыны белгілі. Сондықтан психологтар осындай қауіпті балалар мен жекелей жұмыс, олардың ата-аналары мен де жекелей жұмыс жүргізуі керек.


  • Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:

  • Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;

  • Оқушы отбасымен тығыз байланыста болу;

  • Баланың балалық шағын қорғау үдірестерін іске қосу;

  • Оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде);

Баламен жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде қауіпті баланы анықтауға болады. Суицидтік әрекет пен ойлары бар балаларды анықтағаннан кейін құпия түрде жан-жақты жұмыс жүргізуге болады.

Ғалымдар өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен түрткілері адамның өмірдің мәнін жоғалтуына байланысты деп санайды. Жан-дүние құлазып, кеудесі бос қалғандай аңырып қалған адам үрей мен өзін-өзі кіналауға бой алдырады. Өзін ешкімге қажетсіз сезініп, жан жарасы тереңдей түседі. Осындай түпсіз терең шыңыраудан шығудың жолы тек өмірмен қош айтысу деп түсініп, жаңылыс қадамға баратындар жиі кездеседі.

Суицид аяқ астынан пайда болмайды, ол біртіндеп, импульсивті түрде келеді. Яғни, ушығып тұрған жағдайдың күндердің күнінде шектен шығары сөзсіз.  Суицид жасағандардың 70%-ы өз мақсаттарын қандай да бір түрде білдіреді екен. Олар ашылып әңгімелескісі келеді, біреудің оны тыңдағанын қалайды. Кейбір суицидті жоспарлаған адамдар аяқ астынан достарына, туыстарына заттарын беріп, сыйлықтар үлестіре бастайды. Тіпті, өзі үшін қымбат, құнды саналатын заттарын да оңай қия салады. Не болмаса, ештеңеге мән бермей, қызығушылығы жоғалып, сүлесоқ, немқұрайды қалыпқа енеді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай көріністер алдағы бақытсыздықтың белгісі. Осының бәрінде адаммен ашық сұхбаттасып, сырласу керек.

Қорыта айтқанды, суицидалды мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, суицидтік мінез-құлықтың алдын алушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет