«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет13/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А. Развитие личности ребенка в процессе предшкольной подготовки. Алматы, Рауан, 1998ж.

2. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. Алматы, Рауан, 1996ж.

3. Рубинштейн С.А. Проблемы общей психологии. Москва. Педагогика, 1990ж.



ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ
Джорабаева Ажар Орынбасаровна

ОҚО, Мақтарал ауданы, Асық ата, «Қызыл таң» жалпы орта мектеп педагог-психологы
Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана. Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.

Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады. Балалар өз проблемаларын ашылып ешкімге айтпайды. Біреуге айтса, елдің бәріне жария болып кете ме деп қорқады. Сонымен өзіне-өзі қол салу өміріндегі кездескен дағдарыстан шығудың түйық жолы, өмірмен күресуге қабілетсіздік, қиыншылдыққа төзе алмау. Алдын ала өзін өлімге ақырын бейімдеп жүреді де, кейін сәл ғана нәрсе түрткі болады. 15-25 жас аралығында жастар арасында жыл сайын өзіне-өзі қол салушылар көбеюде.

Зерттеу нәтижесі бойынша әрбір бесінші жас ұшырайды екен. Өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған көптеген жастар, өздерінің осы іс-әрекеті туралы ылғи ескерту жасайды. Кейде айтады, кейде соны білдіретін іс-әрекеттер жасайды, кейде ыммен білдіреді. Өзін қоршаған адамдардың барлығына білдірмегенмен жақын досына немесе туысына білдіреді. Ешқандай білдірмей кететіндер аз. Егер жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсауға бет бұратын болса, онда оған ара түсу мүмкін емес. Бірінші кезде ойлағанына жете алмаса онда қайта-қайта қайталай береді де өз дегеніне жетеді. Егер осы кезде өзіне қымбатты бір адам ара түссе, өмірдің қымбатшылығын түсіндірсе, ол ешқашан мұндай қадамға бармайды. Егер сенімен бірге жүрген жолдасың өзіне-өзі қол салу туралы әңгіме қозғаса, оның ойында сол бар екенін ескере отырып, оның жаман жақтарынан сақтандырып, өмірдің қаншалықты қажет екенін түсіндіру керек.

Өзіне-өзі қол салу тұқым қуаламайды. Өзіне-өзі қол жұмсауға психикалық бұзылысы бар адамдар және сонымен қатар сау адамдар да барады. Олар өзіне ғана емес, өзгеге де қауіпті. Олардың ішкі көңіл-күйлерінің бұзылуы өте жоғары дәрежеде болғандықтан, олар тек өлім туралы ойлайды. Өзіне-өзі қол салу туралы айтқан адам, сол іс-әрекетке барады. Он адамның жетеуі өзінің алдағы істейтін іс-әрекеті туралы жолдастарын хабардар етеді екен. Ал оған адамдар мән бермейді немесе қалжыңдады деп ойлайды. «Менің өлгім келеді» деген сөзге балалар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері басқалардың көңілін өзіне аударғысы келіп тұр деп ойлайды. Олай емес, сол мезетте осы әңгімені қозғап, не үшін өлгісі келетінін білуге тырыс. Оған көмек қолын соз. Көп нәрсе адамның досына байланысты. Досың өзіне-өзі қол жұмсау туралы саған сеніп айтатын болса, онда оның шын мәнінде өлгісі келмегені, сенен көмек күткені. Баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермей, әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне араластырып ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Мектепте баланы тек ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін құм етіп, оны өмірден безінетін жағдайлар да болып тұрады. Алдында үлгі-өнегі алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадыр-қасиет, жүріс-тұрыс, мәнері мен мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа икемдейтін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Отбасында қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің әлі таяздығына қарамай «ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді» деп есептейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адамның баласы опық жейтін оқиғаға баруы дайсыз. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың өмірге деген сенімі күшейеді. Ал ата-аналарымен араласпай өз бетімен проблемаларын шеше алмаған бала депрессияға түседі. Депрессия кезінде жасөспірімдер көп сөйлемейді, қобалжушылық көрсетіп көңіл-күйі, ұйқысы бұзылып, тез шаршап сабақты жиі босатады, кейбіреулері шылым шегіп, ішімдік ішуді бастайды, ауырғанды жақсы көріп, үнемі бір ауруларды ойлап тауып, ата-аналарын тыңдамай агрессивті мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Осы кезеңде:



  • ата-аналар қабылдаушы және қамқоршы болу керек;

  • адамда қайғылы жағдайлардың болатынын түсіндіру;

  • қайғылы жағдайды қажеттілігіне байланысты жиірек талқылап отыру;

  • психологиялық қолдау жүйесі жөнінде ақпарат беру;

  • маңыздылығы аз детальдарға да зейін аудару;

  • шығу жолдарына байланысты ақыл айту;

  • жағымды эмоцияларды көрсету (жасанды түрде шығаруға болады)

Өзіне өзі қол жұмсауға негізінен отбасындағы, мектептегі және достарының орта­сындағы қарым-қатынастар себепші болуда. Ал өз еркімен өмірін қиған немесе оны жасауға талпынғандардың ақыл-ойын зерделеу бұл балалардың басым көпшілігінің психологиялық тұрғыдан дендерінің сау екендігін көрсетті. Демек, кінәлі тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың жауапты шенеуніктері болып отыр. Соған орай аталған алқада мәселенің күрделі сипат алғандығы ескеріле отырып, тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар және олардың туындауына әсер еткен себептер бойынша Үкіметке осы жағдайларға сәйкес ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Шынында да, қазіргі кездегі балалардың психологиясы бір түрлі екенін әрбір сөйлесе қалған ата-ана да мойындап отыр. Көп жағдайда тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары бүгінгі дүкенде жайнап тұрған киім мен техникалық құралдарға қол жеткізе алмайды. Оның үстіне отбасында да бай мен кедей туралы әңгімелер жиі-жиі айтыла бергендіктен, балалар барлығын сол күйінде қабылдап, өмір бойы біз кедей, ал басқалар бай болып өмір сүреді деген бір ішкі күйініш пен күйзелісті бастан кешіретіні анық. Бар-лық жағымсыз құбылыстарды қалың бояуымен қабылдайтын балалардың өздеріне деген сенімі жоғалып, алдағы болашақ тек қана ақшалы адамдардың еншісінде деген бір оғаш пікір пайда болатынын болжау қиын емес. Ал шын мәнінде, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдар өмір сүр-гісі келіп, көмек іздейтін көрінеді. Бірақ, өлімге бас тіге отырып, олардың арасында айналасындағыларға әлденені дәлелдеуді мақсат етіп қоятындары, осылайша өздеріне көңіл аударғысы келетіндері де жетерлік. Кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауды адам ерлік пен күштілік дегенге сыйғызады.

Ал тағы бір айтарымыз — Ислам дінінде өзіне-өзі қол жұмсау күнә екенін осы балалардың көпшілігі біле бермейді? Алланың берген сыйы — қымбат өмірін қыршынынан өз еркімен қию харам іс деп айтылады. Осындай халде қайтыс болған адамдардың жаназасы шығарылмайды. Бұл жайында да балалар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс шығар. Әрбір ауылдағы мешіт имамдары да қолынан келген көмегін жасайды. Көптеген ата-ана мен ұстаздар ұжымымен әңгімелесу барысында елімізде психолог көмек көрсету орталығын ашу қажеттілігі мәселесі көтеріліп отырғанын айтпасқа болмайды. Бұл тек балаларға ғана емес, ересектерге де аса қажет екенін уақыт дәлелдеп отыр.

Қазіргі кездегі жекеменшік психологтарға барып, емделуді көптеген отбасылардың, әсіресе ауылды жерде тұратын адамдардың қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне осындай қызмет болатынын көп адамдардың білетініне күмәнім бар. Әрбір баланың денсаулығы, өмірі үшін күресетін кез келген сияқты. Бұл үшін қаржыны аямау керек. Өйткені дәрігерлер суицидті емдеу қажет аурулар қатарына жатқызып отыр. Мұның бір ерекшелігі — адамдар тәні ауырса дәрігерге барады, ал жан ауырса қайда барарларын білмейді.

Сондықтан да бұл ауруға көңіл аударатын мезгіл жеткен сияқты. Дүниеге келген балаларды сақтау үшін шара қолданбасақ, ұлтымызды көбейтейік, сақтайық деген жалған сөздердің құны жоқ екенін білеміз.

ЖАСӨСПІРІМНІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ӘСЕРІ
Адиева Дидар Бахауадиновна

Шымкент қ., №28 «Гауһар» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі
Интернеттегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез–келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым–қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді. Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.

Интернет аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, интернеттің қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Интернет тек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай–ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Интернеттегі қарым–қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адмның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым–қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, интернет виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым–қатынастың виртуалды қарым–қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты интернет–тәуелділігігіне жол ашылады. Біздің болжауымызша, интернет–тәуелділік тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал интернетті танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есеюдің, жетілудің кепілі деп санауға болады. Глобальдық компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т.б.). Глобальдық жүйеде отырған жасөспірім өзін кәмелетке толған адам ретінде (реалды әлемде мұны істеу әлде қайда қиын) ұстап, күнделікті өмірде ол үшін қиын болып табылатын қызмет түрлеріне: кіре алу (аукционға қатысу, сенімсіз финанстық келісулерді жасау, белгілі бір негативті ауытқулары бар кәмелетке толғандардың жүйелік қарым-қатынас орындарына кіру) мүмкіндігіне ие болады. Бұдан басқа кәмелетке толмаған бала Интернет арқылы ата-анасынан құпия түрде жанұя бюджетінен ірі сомаларды ұстай отырып, виртуалды азарттық ойындарға қатысуы да мүмкін.

Жасөспірімдердегі қалыптасқан адамгершіліктік позицияның жоқ болуы белгілі бір бағыттылығы бар конференция немесе сайттарға кіргенде «компьютерлік» қылмыстарға және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты позитивті қатынастың пайда болуына әкеп соғады. Осыдан, өз құрдастарымен ренжітілген, соғылғандардың саны күннен күнге өсіп келеді. Ол көбіне еріккеннен, айтарлықтай себепсізден орындалуы мүмкін. Ал көбінесе бұл барлығын өлтіре беретін компьютерлік ойындардың аяқ асты тоқтатылу әсерінен болады. Эксперттер болса, күніне бір сағаттан артық компьютерлік ойын ойнаумен өткізетін жеті жасқа дейінгі баланың бейсанасында доминанта бекітіліп қалуы мүмкін деген мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Одан есею процесі барысында арылу өте қиын болып табылады, ал компьютерлік ойынмен ұқсас жағдайға түскенде жасөспірім қылмыс (оның ішіне «ауыр» түрі де кіреді) жасауға да бет бұрады. Жағдайды қиындататын тағы бір факт, жасөспірім компьютер экранында үнемі қатыгез сценаларды көре отырып, қорқынышты нәрсені көргенде қорқып, бөтенге эмпатиялық қабілет көрсете алмайды. Сонымен қатар бүгінгі персоналды компьютерлердің өте үлкен саналы қуаты кәмелетке толмағандарға салдары өте ауыр болуы мүмкін (мысалы: банктік-кредиттік сферадағы ұрлауға хакер ретінде қатысу) құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Жасөспірімдік шақтағы хакерлік формадағы Интернет тәуелділігі шектеулі масштабта таралса да (бұл ең алдымен олардағы кәсіби дайындықтың болмауымен байланысты), алайда Интернет тәуелділігінң қалыптасуына апаратын мұндай қызмет оларды потенциалды қызықтырады. Интернет тәуелділігіне түскен жасөспірімдердің әрекет қылығымен байланысты жағдайлардың ерекшеліктеріне тыйым салу шараларын жатқызуға болады: бір жағынан бұл балада қызулықпен жоғары агрессияны тудырса, екінші жағынан — «балалық» ренжу, суицидке де әкелуі мүмкін.

«Жасөспірімдік шақта қалыпты болудың өзі қалыпсыз нәрсе» Анна Фрейд. Аддиктивті механизм арқылы көңіл-күйді өзгертуге деген құмарлық түрлі аддиктивті агенттердің көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық күйді өзгертетін заттар: алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, токсикалық заттар жатқызылады. Көңіл-күйдің жасанды өзгеруіне белсенділіктің кей түрлеріне беріліп кету жағдай жасайды. Аддиктивті әрекет-қылық түрлері спецификалық ерекшелікке ие,  ал салдары бойынша әртүрлі болады. Алкоголь, наркотик, және т.б. заттарды көп қабылдайтын аддиктілерде психологиялық тәуелділікпен қатар физикалық және химиялық тәуелділіктің әртүрлі формалары пайда болды. Бұл зат алмасудың бұзылуымен, ағза жүйелері және мүшелерінің зақымдануымен байланысты, психопатологиялық құбылыстар және жеке тұлғалық деградация байқалады. Белгілі бір әрекетке қызығу кезінде сипаты бойынша жұмсақ болып табылатын психологиялық тәуелділік дамиды. Бірақ бұл түрлердің барлығын жалпы аддиктивті механизмдер біріктіреді.

Аддиктивті жеке тұлғаға тән өзіндік ерекшеліктері бар. Тұлғааралық қатынастағы аддиктілердің әрекет-қылығы жалпы негізгі бірқатар ерекшеліктерді сипаттайды: ауыр қиындықтарды бастан кешіру, гедонистік бағдардың болуы (қанағаттануға дереу жетуге деген бағыттылық). Құмарлықтары қанағаттандырылмаған жағдайларда олар негативті эмоциялардың көрінісімен немесе пайда болған проблемалардан кету арқылы жауап береді.

Аддиктіге Г.Сельенің формуласы сай келмейді: стресс бұл өмірдің дәмі мен иісі. Ол үшін ол қауіп және қашу үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар бұл реніш, күмәншілдікпен қатар болып тұрады. Жасырынды толымсыздық комплексі көңіл-күйдің жиі өзгерістері, сенімсіздік түрлі жағдайлардан қашуда өз көрінісін табады. Әлеуметтіліктің үстіртін сипаты және уақыттағы шектеулілігі қоршаған ортаға жағымды әсер қалдыруға деген бағыттылықпен қосарлана келуімен сипатталады. Мысалы алкогольдік аддиктілер шындықпен жанаспайтын алкогольдік тематикадағы жүрістері жайлы әңгімелері мен қатты әсер қалдырады. Алкогольді топпен қабылдаған кезде бұл жақсы байқалады. Сонымен қатар ұзын дистанцияда олармен қарым-қатынас жасау күрделі әрі қызықсыз. Күнделікті өмірде аддиктілер қызықсыз адамдар, үстіртін қатынас көрсетеді, терең жағымды эмоционалды қатынастарға қабілетсіз және онымен байланысты ситуациялардан қашыңқырайды. Жалған айтуға бейім. Аддиктілер көбінесе сөздерінде тұрмайды, келісімдерді сақтамаумен ерекшеленеді.

Кейбір авторлардың пайымдауынша (С.В.Березин, К.С.Лисецкий, Е.А.Назаров) жасөспірімдерге тән бірқатар ортақ ерекшеліктер болады: өзін-өзі басқарудағы әлсіздік, сыртқы және ішкі факторларға төмен төзімділік, әрекет салдарынан болжай алмау және қиындықтарға төзе алмау. Жасөспірімдік шақтағы есеюдегі ең алдымен қарама-қайшылықты даму ерекшелігі ересектермен жеке тұлғалық бұзылыс ретінде қабылданады. Бұндай жағдайда жасөспірімдік шақтағы оқушылар «қауіп тобындағы балалар» тобына жататыны түсінікті нәрсе.

Педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық тәжірибеде ауытқушылық әрекет-қылық көрсететін балаларды «қауіп тобына» жатқызады. Бүгінгі күні «қауіп тобындағы балалар» терминінің ортақ бір түсінігі қалыптаспаған, алайда Е.Ю.Егошкина мәліметтері бойынша, оған мыналарды жатқызуға болады:



  1. невротизациялық ерекшелігі бар балалар;

  2. психосоматикалық аурулары (жекелей айтқанда логоневроз) бар балалар;

  3. акценттелген, психопатияланған балалар;

  4. жағдайы төмен отбасы балалары;

  5. экологиясы жағымсыз аймақтарда өмір сүретін балалар.

Г.Ф.Кумаринаның мәліметтері бойынша (1996) мұндай балалар қатарына әрбір бесінші бала жатқызылады. «Қауіп тобындағы» балалар әлеуметтік психикалық дезадаптацияның белгілі бір дәрежесімен сипатталады (адаптацияның біраз ғана бұзылысынан жеке тұлғаның толық бейімсіздігіне дейін).

А.А. Налчаджяннің пікірі бойынша жеке тұлғаның әлеуметтік-психикалық дезадаптациясы бір жағынан өз қажеттіліктері мен талаптарына бейімделу қабілетсіздігінен көрінсе, екінші жағынан әлеуметтік ортаның талап және күтілімдерін орындауға күй болмаған кезде байқалады.

Ересектің пікірі бойынша әлеуметтік-психикалық дезадаптация тұлғааралық негативизм және конфликтілерде көрініс табады. Талаптарды орындап, үміттерді ақтайтын тыңдайтын бала тыңдамайтын балаға қарағанда, «қауіп тобына» жатқызу ықтималдылығы төмен. Басқа жағынан жеке тұлға адаптивті болуы үшін адаптивсіз белсенділік көрсетуі керек. Жеке тұлғаның әлеуметтену проблемасы әлеуметтік-психикалық дезадаптация проблемасымен тығыз байланысты. О.И. Зотова, И.К. Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және И.К. Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және дезадаптацияланған болуы мүмкін. Яғни авторлар толық әлеуметтенуге жету үшін әлеуметтік-психикалық бейімделуді қарастыру керек деп санаған. Ал А.А. Налчаджян керісінше адамның бейімделе алмаушылығы әлеуметтену дәрежесінің тым жоғары болу салдары деп санайды. Жеке тұлға біруақытта бірнеше топтың мүшесі бола алады, біріне жақсы бейімделсе, екіншісіне бейімделе алмайды. Жасөспірімдік субмәдениеттің ережелері мен құндылықтарын қабылдай отырып, жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және ата-аналар тарапынан ересектердің ереже, талаптарын орындауына байланысты дезадаптивті тұлға деп қарастырылады. Мысал ретінде психологияда танымал болып табылатын Розенталь эффектісін еске түсіруге болады. Бұдан отыз жыл бұрын Розенталь бір топ оқушыларға интеллектінің дамуы бойынша эксперимент жүргізген болатын. Бұл эксперименттік мәліметтерді өңдемей-ақ, ерікті түрде бірнеше фамилияны таңдап алып, мұғалімдеріне бұл балаларда интеллектуалды даму үшін ең жоғары потенциал бар деп айтады. Бір жылдан кейін алынған мәліметтердің өңдеуімен бірге зерттеу қайталанады, нәтижесінде таңдалған балалардың нәтижелері ең жоғары болып шықты. Мұғалімдердің оқушылардың потенциалды мүмкіндіктері жайлы білуі оларға деген қатынасты өзгертіп жіберді.


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ
Азаметова Галия Ахановна

28 «Гауһар» Арнаулы (коррекцияық) бөбекжай-балабақшасы логопеді


Инклюзивті білім беру - мектеп жасына дейінгі әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру үрдісі.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру, процесіне қосу, оларды қолжетімді ортамен қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу тетіктері анықталды.

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бақытталған мемлекеттік саясат. «Инклюзив» - сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тартылған, қамтылған» деген мағынаны білдіреді. Инклюзия – бұл балалардың жалпы білім беру процесінде жыныстық, этникалық, діни айырмашылығына, бұрынғы білім жетістігіне, денсаулығына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік экономикалық статусына тәуелді емес интеграция процессі.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп интернаттарда білім алады.Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды, сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларға білім беру әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері анықталды. 2004 жылы зерртеу жүргізілген кезде орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007-жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни, педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей «Неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл ұсынысты қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Әлдеде шешімін таппаған мәселелер көп. Білім беретін мекемелерде педагогтарды дайындау, ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелерді шешуіміз керек.

Білім беру мекемелерінің жанынан арнайы топтар мен сыныптарды ашудың маңызы зор. Өйткені біздің олар мен жеке-жеке жұмыс істеуімізге мүмкіндік туады. Оқу бағдарламасын олардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай қысқартып түсіндіреміз. Оларды көңіл бөлу, басынан сипай отырып, мейіріммен қарау арқылы сабаққа тартуға болады. Еш бала шетте қалмайды. Жылдың аяғына қарай олардың білімі біраз еселенеді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігіменен, жеткен жетістіктерімен анықталады; әр бір бала сезуге және ойлауға қабілетті; балалар бір-біріне қажет; әрбір құрбы-құрдастарының қолдауымен достығын қажет етеді; әрбір бала үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру; жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Қазір бір қатар қалаларда мектепке дейінгі баларға арналған орталықтар ашылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетіледі. Мұнда бір мезгілде балалар инклюзивті бағдарлама негізінде дәріс алады. Сонымен қатар елімізде мектепке дейінгі мекемеде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған түзету топтары жұмыс істеуде. Мектепке дейінгі мекемелерде шешімін таппаған мәселелер көптігінен мұндай орындар арнайы орталықтарда жүргізілгені дұрыс (мамандар жетіспеуі, орындар аздығы,түсінік жұмыстарын алдын-ала жүргізу т.б.). Арнайы орталықтар баланың дамуы мен денсаулығын түзетуде жас ерекушелігіне қарай оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламаларыменен жұмыс істесе.

Келешекте жаңадан салынып жатқан бала-бақшаларда алдын алу және түзету жұмыстары үшін логопункттер ашу жоспарланғаны дұрыс. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қатарынан қалдырмай қоғамның тең мүшесі ретінде оқыту мен тәрбиелеу ісінен шет қалмауымыз керек.

Инклюзивті білім берудің негізіне мына идеологиялар кіріктірілген: балаларды алалауға жол берілмейді;барлық адамға бірдей қатынасты қамтамасыз етеді;ерекше білім алу қажеттілігіне ие балаларға ерекше жағдай жасайды; Тәжірибеде көрінгендей қатаң білім беру жүйесінің белгілі бір бөлігінен балалар шығып кетіп жатады, себебі жүйе тұлғаны қанағаттандыруға дайын емес. Бұл жалпы балалардың 15-30 пайызын құрап осылайша шеттеп қалған балалар жалпы жүйеден де шығып қалады. Балалар сәтсіздікке ұшырап шықпайды, балаларды жүйе шығарып тастайды. Инклюзивті қатынас осындай балаларды оқу мен жетістікке жетіп өмірін жақсартуға мұмкіндік береді. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады; Білім беру жүйесіне оң өзгерістер яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту. Сонымен қорыта айтқанда инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдар мен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.



Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағыттағы білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет