«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет7/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Осипова А.А. «Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях» Ростов-н/д: Феникс,2005

  2. Ж.Аймауытов «Психология» Алматы «Рауан» 1995ж;

  3. Қ.Ғ.Елшібаева «Жас өспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» Алматы 2012 ж Арман ПВ баспасы

  4. Мектеп психологиясы №9, 2014ж; № 6, 2015ж

  5. «Қызықты психология» Алматы №10, 2014ж


СУИЦИДТІК МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Сапарова Айгерим Мухамеджановна

Шымкент қаласы, №55 жалпы орта мектеп педагог-психологы
Суицид дегеніміз өз өзіне әдейі жарақаттау арқылы өлім себебіне алып келетін жағдай. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. Суицидалдық ниет - түпкі ойға ерік компоненті қосылған кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез-құлық әрекетіне көшуге дайын болу кезеңі.

Өзіне-өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: нағыз, демонстративтік және жасырын.Нағыз суицид - қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.



Демонстративтік суицид - өлуге деген ниет пен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады.

Жасырын суицид - өзіне-өзі қол салу мінез-құлығының бір түрі. Бірақ қатаң мағанада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол Бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда ықтималдығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл мінез-құлық тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Депрессияның бірнеше түрі бар:

І. Депрессиялық дүрбелең. Бұл кезде адам өзін қоярға жер таппай, қатты мазасызданып, бір нәрсе айтса көзіне жас келіп қатты қайғы-мұңға түседі.

2. Ипохондриялық депрессия - адам неше түрлі аурудың белгісін сезініп өзін «аурумын» деп есептеп, қайта-қайта дәрігерге қарала береді.

3. Альтруистикалық өлім-ұзаққа созылған ауру мен шизофрения адамды тек өзі ғана емес, барлық жақын туыстарының да тірі жүруінің қажеті жоқ деген ойға келіп, айналасындағыларға қауіп төндіретін кезі. Сырдың суы келмейді сирағынан

Махаббат және қан. Кез-келген жастағы суицидтік ойлар мен өзіне-өзі қол жұмсаудың ең жиі кездесетін себебі – сәтсіз махаббат. Егер ересек адамның қарама-қарсы жыныспен қатынаста, соның ішінде сүйіктілерімен ажырасу мен көңілі қалуда да үлкен тәжірибесі бар болса, жасөспірім үшін алғашқы махаббат бар ынтасымен берілген сезім. Сондықтан да шексіз қадірлейтін адамымен қатынасы қалыптаспаса, ары қарайғы өмір мәнін жоғалтады. Сондықтан, ата-анасының келтірген дәлелдерінің қайсысыда, жасөспірімнің бар өмірі алда екендігі, оның шынайы махаббаты анағұрлым кейін болатыны да құлағына кірмейді. Өйткені оған нақ қазір өте ауыр және еш мағынасы жоқ, әрі оның бұнымен күресуге дәрмені жоқ. Жасөспірімнің оны меңгеруде тәжірибесі жоқ, оған ары қарай бұдан да нашар болатындай көрінеді, көбісі ата-аналарын ренжітпейміз деп өмірден кетуге асығады. Сондықтан жасөспірімнің ашу, ызасын байқасаңыз оған көңіл аударып, сөйлесуіңіз керек.

Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің көпшілігі – өзіне ата-аналары мен жақын достарының назарын аудуру мақсатын көздейді. «Нағыз» өзін-өзі өлтірушіге айқай-шудың қажеті жоқ, ол көзге түспей, елеусіз кетуге тырысады. Қыр көрсететін суицид әдетте әртүрлі атрибуттармен жабдықталады: көңіл босатар қоштасу хаты, көзге түсетін жерде жатқан таблеткадан босаған ашық түсті шиша, мұнтаздай макияж. Мұндай өзін-өзі өлтірушілер еш уақытта ауырлықпен немесе жарақатпен байланысты өмірден кету әдісін таңдамайды. Оларға өмірден өткен соң, айналасындағылардың өлген адамға деген жиіркенішін емес, әділетсіз қарым-қатынастарына өкінуін тудыруы үшін қалай көрінетіндігі маңызды. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті назар аудару мақсатымен жасалғанына қарамастан қайғылы нәтижеге ие. Кейбір жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсаудан аулақ, бірақ есептен жаңылысады, енді кейбірі жерлеу рәсімінде анасы жылап-еңіреп, өзінің дұрыс еместігін мойындағаннан кейін, табыттан шығып, қайта келісімге келу мүмкіндігі болмайтындығын аяғына дейін сезінбейді. Әдетте, суицидтік әрекетке барар алдында жасөспірім жақындарын өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігімен қорқытып, қандайда талаптар қояды. Бұл қоқанлоққыларды ескермеуге болмайды. Ашуланып, «әлсіз» жерінен ұстауды ұйғарып, жасөспірім ойға алған ісін жүзеге асыруы мүмкін. Онымен ымыраға келіп, оның пікіріне құрмет көрсетіп, барлық дау-дамай, кикілжіңді қалай шешуге болатынын көрсету керек.



Балаңыздың өзіне-өзі қол жұмсау жайлы ойлап жүргенін қалай білуге болады?

Ол депрессиялық жағдайда, күні бойы төсектен тұрмайды, жылайды, ешнәрсе жемейді және ешкіммен сөйлескісі келмейді. Бұл жағдайда «не болды» деген сұраққа жауап алуға тырысудың қажеті жоқ. Балаға егер ол сізбен сөйлескісі келсе, қай кезде де тыңдауға және түсінуге дайын екеніңізді айтыңыз, тіпті ол қорқынышты, ұнамсыз, ұятты туралы болса да. Оны қараусыз қалдырмауға тырысыңыз. Дене түйсігі арқылы жалғасу өте маңызды: оны арқадан қағыңыз, құшақтаңыз, суйіңіз. Ол егер жоғалып кетсе, барлығына да жеңіл болатындығы туралы жиі айтады. Оған қарама-қарсыны дәлелдеу қажет, оған деген өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және оларға оның қымбат екені туралы айту керек. Бала айнаға қарауды қойды әрі өзін «топас», «ұсқынсыз», «семіз» және т.б. деп атап, айтуға ұялмайтын болды. Оны сен сұлусың деп иландырудың қажеті жоқ, одан да осындай ұзын мұрынмен немесе толық аяқтармен жетістіктер мен атаққа қол жеткізген танымас адамдарды мысалға келтіріңіз. Ол бұрын өзін қызықтырған нәрселердің бәріне қызығұшылығын жоғалтты. Ол суицидке арналған сайттарды қарайды. Баламен өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбында ашық сөйлесу қажет. Бала сізден немесе сіздің жақын туыстарыңыздан өз өмірлерін өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқтай алар ма едіңіз деп сұрайды. Бұл жағдайда онымен суицидке деген өзіңіздің пікіріңізбен ашық бөлісіп, баланың мақсаты бойынша алаңдаушылығыңызды айтыңыз. Ол өзіне залал келтіріп, жанға тигізеді – денесін тілімдеп, шашын жұлады – өзін жақсы білу үшін деген желеумен. Бұл өте қауіпті жағдай, тіпті балана одан жанды ауыртқан қорқыныш ұстап қалған суицидтік әрекет болуы да мүмкін. Онымен өз күдіктеріңіз жайлы сөйлесіп, бірге психологқа баруды ұсыныңыз.

Ол кейбір дәрілерді мөлшерден тыс пайдаланудың салдарларымен немесе адам жетінші қабаттан секіріп кетсе не болатындығына қызығушылық танытады. Бұл жағдайда адамды күтіп тұрған азап тұралы айтыңыз және міндетті түрде бұл сұраққа жауаптың ол үшін не себепті маңызды екендігін анықтаңыз.

Бала, егер ол қайтыс болса, сіздің қанша уақыт қайғыратыңызды сұрайды. Бұл жағдайда оған, бұның сіздің өміріңізде болуы мүмкін ең үлкен қорқыныш қауіп екендігін айтыңыз. Егер баланың өмір сүргісі келмесе, оған не айту керек?

Өзіне-өзі қол жұмсау шегінде тұрған адам өзін толық оқшауланған жағдайда сезінеді әрі оның қайғы-қасіретін ешкім де түсінбейді деп санайды. Сондықтан, жасөспірімге бірінші кезекте оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді туралы және «онымен бірге болуға, оны барлық жағдайда қолдауға» дайын екеніңізді айту қажет.

Қанша ауыр болса да, оның өмір сүруді немесе өлімді таңдауға құқы бар екенімен келісіңіз. «Өзіне-өзі қол жұмсаудан дінге, адамгершілікке шақырып», парыз және басқа факторларды алға тартып, бас тартуға шақыруға әрекеттенбеңіз. Жасөспірім өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс, сондықтан өмір сүруге деген шешім оның өзінің шешімі болып қалуы тиіс. Егер бала өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігін азаппен ойласа, ягни оның өмір сүргісі келеді. Оған бұл жайлы, өлімді «адамды қақпанға алдап түсіруші» және «азаптан бір сәтте арылуға азғыратын ішкі жау» ретінде көрсетіп, барлығын айтыңыз. Тіс ауруымен аналогия келтіріңіз. Бұл адам төзгісіз әрі бітпейтіндей көрінеді. Бірақ тісті емдеткеннен кейін ауру туралы өте тез ұмытасың. Егер біраз уақыттан кейін жеңілдікті сезінетін болсаң, өзіңді өлтірудің ақымақтық екеніне иландыр. Ашық болыңыз. Өзіңіздің жасөспірімдік күйзелістеріңіз бен оны қалай жеңгендігіңіз жайлы айтыңыз. Баланың жағдайды амалсыз, лажсыз деп санап, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлап жүргенін ұмытпаңыз. Жасөспірімнің санасы өз өмірінің бір сәтін түсінуге дейін тарылған. Оған келешекті көрсету қажет, мысалы: «15- жасар өзіңді өлтіре отырып, сен 20- жасар, 40- жасар өзіңді, өзіңнің балаларыңды, немелеріңді өлтіресің». Одан өзіне-өзі қол жұмсау туралы естігенде қандай жан күйзелісі мен қорқынышты сезінетініңізді мойындаңыз. Оның өлімінің, оның қазіргі шегіп жүрген қайғы-қасіретіне еш кем емес, оны сүйетін бірнеше ондаған адамдардың қайғы-қасіретін тудыратынын айтыңыз. Олардаң азап, қасірет шеккенін қалай ма, соны сұраңыз. Жасөспірімге нақты көмек ұсыныңыз. Әрине, сіз оның проблемасын шеше алмайсыз, бірақ онымен қала сыртына бірге шығып, оның жағдайды ауыстыруына ықпал ете аласыз.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С.Әбенбаева. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, «Дарын», 2004

  2. А.О.Пинт. Ата-ана бұл сіздер үшін. Алматы, «Мектеп», 1979

  3. Ж.Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткеншектер тәрбиесі. Алматы, «Рауан», 1990.

  4. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттерінің алдын алу // Алтын ұя, 7 мамыр 2009ж.

  5. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың сипаты // Таптым-таптым –эврика, №4 2009ж.



ЖАСӨСПІРІМ АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ.
Саудабаева Бекзада Аманжолқызы

ОҚО, Ордабасы ауданы, Бадам бекеті «Диамур» балабақшасының тәрбиешісі.
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек жерленетін болыпты. Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды.

Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде? Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады. Және мұндайға баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана, тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі. Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс.

Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады.

Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушылардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Осы кішкентай заттың өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртрлі жайлар орын алуы мүмкін. Бала осы жағдайдан қалай шығады, кімнен көмек күтуі керек деген сұраққа келсек, бірінші кезекте мектеп психологына жүгінуі тиіс. Оқушылар мұны тиімді әдіс деп таппайды. Сондықтан «Сенім телефондарының» жұмысын жандандырып, жолға қоюымыз қажет. Әрбір мұғалім психолог болуы тиіс

Бүгінгі таңда психолог баламен ғана емес, қиын жағдайға тап болған баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі проблемасы осы отбасынан басталып отыр. Бүгін ол баламен жұмыс жасадың делік, ертең сол күйреген күйінде алдыңа қайта келеді. Сол себепті оның үйінде орын алған негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет. Әрбір мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс, балалар тағдырына жауапты мекеме, мектептер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өміріндегі іздік, махаббаттағы ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітілушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б. Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады.Адамның өз-өзіне қол жұмсауының себебі не? Адам егер қатты қиналып, «енді не істесем екен?»- деп жүргенде, ойына бұрын- соңды еш кірмеген ой келеді. «Әрине, бұлай өз-өзімді қинап жүргенше өле қалайын. Сонда мен мына өмірден кетіп, тыныштық әлеміне кетер едім. Мені ешкім мазаламайды, тиіспейді...» Әрине өте жақсы ойлар. Әркім қиналған кезде, шегінуге мүмкіндігі болмаған кезде осылай ойлайды. Бірақ олай болуға тиіс емес. Сен өмір сүруің керек!

Дәл қазіргі кезде жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Сонда олар үшін өмірдің мәнінің бір тиындық құны болмағаны ма? Әлде жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаны ма?! Шыдамдылықтың шегінен шығып, тағдырдың тосқауылына төзе алмауларына не шара?! Көкейімді тескен сан сұраққа жауап іздеп, елімнің өткеніне көз жүгірттім. Сонау ақтабан шұбырынды кезінен бастап, қайта құру заманына дейін еліміздің басына нелер өтіп, нелер келмеді? Аштыққа шыдап, жоқшыллыққа төзген халық күрес үстінде шыңдалды. Олар жарқын өмірді аңсады, ұрпақ қамын ойлады. ұрпақтарына сол жарқын өмірді сыйлай білді. Ендеше, бабалардың қанымен, аналардың арымен келген осынау бейбіт өмірдің қадір-қасиетін, құнын біздер неге түсіруіміз керек? Найзасына ту байлап, жауға шапқан кешегі еңіреп жүріп етігімен су кешкен асыл ерлеріміз бен қар жамылып, мұз жастанған Бауыржандай атамыз, Әлиядай апамыз сынды батырлардың қайсарлығы мен төзімділігінен жаралған біздер өмірдің кез келген қиындығына төтеп беруіміз керек қой. Желтоқсанның мұздақтары қасқайып, қарсы алған Тәуелсіз еліміздің тірегі біздер болғандықтан, олардың өмірін жалғап, алға аяқ басайық. Бабалар үшін арман болған бақытты күннің бал дєміне кермек қоспай сақтайық.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мектептегі психология. Журнал. 2008 № 9

2.«Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педагогикалық жұмыс атқару» К.М. Арымбаева Шымкент

3.Профилактика подростковой девиации: Теория и практика А.Н.Тесленко 4.М.С.Керимбаева А. 2005г.



СУИЦИД –РУХАНИ КЕСЕЛ.
Елибаева Бағила Кыдырбайқызы

Шымкент қ., № 62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Бұрындары «жасөспiрiмдер өз-өзiне қол жұмсады» дегендi естiмеушi едiк. Соңғы кездерi «бiреудiң баласы асылып қалыпты, өзiне-өзi қол жұмсапты» деген жаманат хабарды көп еститiн болдық. Дос түгiл жауыңа тiлемейсiң ғой мұндай сұмдықты.

Он екiде бiр гүлi ашылмаған жеткiншектер өмiрiн неге қыршын қиды екен? Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай қайғылы оқиғалар туралы хабарлап жатады. Қай ата-ана болмасын «Бауыр етiм баламды мұндай дерттен қалай құтқарсам?» деп ойлары хақ. Осы тұрғыда, әрине, көптеген мә­се­лелер туындайды. Қоғамда нелiктен жасөспiрiмдер арасындағы өзiн-өзi өлтiру жағдайлары белең алып отыр? Мүмкiн, бiз балаларға шектен тыс еркiндiк берiп, өз тамырымыздан айырылдық па? Мүмкiн ұрпақаралық сабақтастық үзiлiп, қоғамның iштен iруi болып жатыр ма? Сұрақ көп, жарытымды жауап жоқ. Пайымдай бiлген кiсiге, бұл жайбарақат айтыла салатын, не жабулы қазан күйiнде қалдыра қоятын мәселе емес. Ең өзектi проблема! Ресми мәлiметтерге жүгiнсек, Қазақстан 100 мың адамға шаққанда суицид бойынша әлемде үшiншi орынға шығыпты. Ойланатын жайт. Жыл сайын 1 миллион адам өзiн ажалға қиса, солардың 8 мыңы – қазақ­стандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бiр адам өз еркiмен өмiрмен қош айтысып жатады. Бiр атап өтерлiгi, елiмiзде адам өлтiр­гендерге қарағанда өз-өзiн өлтiргендер саны әлдеқайда көп екен.

Елiмiздiң Бас прокуратурасы балалар суицидiне байланысты зерттеу жүргiзiп, оларды өлiмге итермелейтiн факторларды анықтауға тырысқан. Бiрiншi кезекте баланың әлеуметтiк-психологиялық жағдайы күрделi болуы мен тұрмыс деңгейiнiң төмендiгiмен байланыстыр­ған. Алайда, осы күнi жан қиып жатқан жеткiншектер арасында ауқатты отбасыдан шыққан балалар да бар. Жасөспiрiмдер арасындағы суицидтi мамандар өтпелi кезең мен баланың жас ерекшелiгiмен байланыстырады.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы суицидтiң 800 түрiн анықтаған. Оның 41 пайызы – белгiсiз, 19-ы – жазалау алдындағы қорқы­ныш, 18-i – iшкi күйзелiс, 18-i – отбасылық жағ­­дай, 6-уы – сезiмге, 3-i – қаржылық дағдарысқа байланысты деп көрсет­кен. Сондай-ақ, денсаулығының нашарлығы да өзiне-өзi қол жұмсауға итерме­лейтiн фактор болып белгiленген. Психолог мамандардың айтуынша, суицидке итермелейтiн жалғыз себеп ол – жалғыздық. Бiзге белгiлi болғандай, елордада өз еркiмен жан тапсырған жасөспiрiмдердiң екеуi өлiмнiң себебiн баянсыз махаббатпен байланыс­тырған. Тағы бiр бала ата-анасының ажырасып, басқа отбасы құрғанын көтере алмаған. Үшiншiсi соңына қалдырған хатында өзiнiң жақсы бала, үлгiлi оқушы екендiгiне сенiмсiз екенiн айтқан. Бiр қызығы, мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдар тарапынан бұл кеселдiң себебi мен оны шешуге бағыт­талған әлеуметтiк зерттеу жоқтың қасы. Кезектi өлiм орын алғанда, ата-ана, мектеп, полицейлер болып үш жақтан анықтауға кiрiседi. Яғни, оның алдын алып, ауырмайтын жол iздеу қажеттiгi сол кезде ғана қолға алына­ды. Ата-ана баланың көп уақытын мектепте өткiзетiнiн айтып, кiнәнi сырттан iздейдi. Ал, мектептегi ұстаз болса, оның себебiн отба­сылық проблемамен байланыстырып, ата-анаға ысырып қояды. Полицейлер әлiмжеттiк көрсету, қыспақ жасаудың соңынан келген кесел деп өз тұжырымдарын айтып жатады.

Осы орайда, ата дiнiмiз исламда өзiне-өзi қол салушыларға қатысты не айтылатыны да маңызды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерiнде өзiне-өзi қол салу ауыр күнә ретiнде сипатталады. Мысал үшiн Алланың елшiсiнен сахабасы Хурайра жеткiзген бiр хадисте: «Бiр адам өзiн таудан тастап, өлтiрсе, ол адам жаһаннамда (тозақта) болады. Сөйтiп, өзiн мәңгi тозаққа тастайтын болады. Ал, бiр адам у iшiп өзiн-өзi өлтiрсе, сол удан тозақта мәңгi iшетiн болады. Сондай-ақ, бiр адам өзiн пышақпен немесе қылышпен өлтiрсе, сосын сол пышағымен немесе қылышымен өзiн-өзi тозақта да өлтiретiн болады», – делiнген. Ата дiнiмiзде осылайша өзiн-өзi өлтiру орны толмас ауыр күнә есебiне жатқызылады.

Суицидтiң соңы барлық жағдайда өлiммен аяқтала бермейдi. Жарық дүниемен қош айтысқысы келген адамды құтқарып қалуға болады. Физикалық жарақат болмаса да, жан дүниесiн емдеуге көптеп күш жұмсауға тура келедi. Астанада психикалық жәрдем көрсететiн жалғыз орталық бар. Ол – Астана қаласының Психикалық денсаулық мәселелерi медицина­лық орталығы. Тәулiк бойы жұмыс iстейтiн орталық мамандарының адамдарды өлiмнен «құтқарып» қалған кездерi болды. Мамандардың айтуынша, өлiмнiң себебiн материалдық жағдаймен байланыстыруға болмайды. Мәселен, әл-ауқаты бiзден жақсы саналатын Латвия – суицидтен АҚШ-тан кейiн тұрған екiншi мемлекет. Көп жағдайда ата-ананың «керек» деген сөзi баланың күйзелiске ұшырауына әкелiп соғып жатады дейдi орталық мамандары. Айталық, әке-шешесi «Сен үздiк оқушы болу керексiң. Музыкант немесе заңгер болуың керек», «Мiндеттi түрде жоғары бiлiм алуың керек» деп баласының қабiлет-қарымына қара­мастан, мiндет жүктеп жатады. Үлкендердiң сенiмiн ақтай алмаған баланың бойында қорқыныш пайда болып, оны шешудiң бiр-ақ жолы бар деп бiледi. Сондай-ақ, бұл қадамға баруға iшiмдiк пен нашақорлық, эмо, гот сынды жастар арасындағы субмәдениеттiң де ықпалы тиiп жатады. Бұдан бөлек, фильмдердiң де әсерi барын айта кеткен жөн. Кеңес заманында киноны идеология құралы ретiнде пайдаланғаны баршаға аян. Мәселен, Германияда «Студенттiң өлiмi» атты 18 сериялық хикая көрсетiлдi. Фильмнiң басты кейiпкерi соңында пойыздың астына түсiп өледi. Сол хикая аяқталысымен Германияда суицид 80 пайызға көбейiп кеткен. Бiздiң елде көрсетiлген «Школа» деген фильмнiң нәтижесiнде суицид 30 пайызға ұлғайды. Тiптi, Ресейде сол фильмдi сотқа берiп, сол процесс әлi күнге дейiн жалғасып келедi.

Суицидке итермелейтiн негiзгi фактор – депрессия. ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылы депрессияның салдарынан болған суицид жүрек-қан тамырлары мен рак ауруларының алдын орап кетедi. Сондықтан, балаға бажылдап айқайлап алып, артынан жер сипап қалмау үшiн, ата-ана мейлi ұстаз, ең бастысы, жақсы психолог бола бiлуi керек. Өзi бола алмаса, баланы депрессиядан алып шығатын бiлiктi психотерапевт маманға көрсету қажет. «Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» деген сөз бар.

Жалпы, баланың бұзақы­лыққа салынып немесе өзiне-өзi қол жұмсауына жол бермеу үшiн, бiрiншi кезекте, ата-ана оған көңiл бөлуi қажет. Бiрiншiден, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы сенiмдiлiк негiзiнде құрылуы керек. Алғашқысы көп жағдайда баланың айтқанын елей бермейдi. Болмашы бiр нәрсеге дауыс көтерiп жататындар бар. Оның барлығы баланың еңсесiн түсiрiп, әке-шешесiне деген сенiмсiздiк туғызады. Әрi ата-ананың таңнан кешке дейiн жұмыста болатынын ескерсек, баламен отырып сөйлесуге уақыт бола бермейдi. Осы аралықта бала немен айналысты? Ол жағы белгiсiз… Кез келген бала әке-ше­шесiне телефон арқылы хабарласып сөйлесе алатын, «әрi сен маған бөгет жасап тұрсың» деген жауап естiмейтiн деңгейде болуы керек. Екiншiден, баланың кiммен және қалай араласатынын қадағалау керек. Қажет болған жағдайда баласының достарымен де араласып, мүмкiндiгiнше оның отбасы туралы бiлуге талпыну қажет. Өйткенi, ол араласатын бала тұрмыс деңгейi төмен немесе қараусыз қалған бала болса ақша сұрау, әлiмжеттiк көрсету сынды басқа да проблемаға әкелiп соғуы мүмкiн. Ең бастысы, қандай жағдай болмасын бала өз проблемасымен өзi жеке қалмай, әке-шешесi немесе туыстарымен бөлiсе алатындай ету қажет.

Өмiр – Алланың адамға берген ең үлкен нығметi және аманаты. Ендеше, аманатқа қиянат жасамай, өлшеулi өмiрдi өнегелi өткiзсек, ең бiрiншi өзiмiз үшiн пайдалы. Сондай-ақ, Жаратушының бергенiне үлкен жауапкершi­лiкпен қарау есеп күнiне дайындықтың алғышарты екендiгiн де ұмытпағанымыз абзал.

Өмiр – күрес. Бұл – өмiр заңдылығы. Мықты әлсiздi алып жығады. Ал, қоғамның әлсiз буыны ол – жасөспiрiмдер. Аңғал. Сенгiш. Тәжiрибесiз. Өмiрдiң кез келген құбылысын жанына жақын қабылдайды. Әлi келмеген, күшi жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста өлiмге жүгiредi. Бәлкiм, жұрт назарын өзiне аударудың оңай жолы осы деп ойлар. Себебi, көптеген ата-аналар баласы өлiмге жүгiнгеннен кейiн ғана көңiл бөлiп, құлазыған жан дүниесiн түсiнуге тырысады. Бiрақ, тым кешiгiп қалғандарын түсiне ме екен?!


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет