«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет9/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ж.Аймауытов «Психология» Алматы «Рауан» 1995ж;

2.Қ.Ғ.Елшібаева «Жас өспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» Алматы 2012 ж Арман ПВ баспасы

3.Мектеп психологиясы №9, 2014ж; № 6, 2015ж

4.«Қызықты психология» Алматы №10, 2014ж

5.Семенова О. Самоубицы// Рудный Алтай, 1999, 20 ноября.



ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Улукбанова Нурсулу Калбайевна

Шымкент қ., №99 мектеп-гимназия педагог-психологы

Мылтыкбаева Сандугаш Маралбековна

Шымкент қ., №61 жалпы орта мектеп педагог-психологы
Жасөспірімдердегі сиуцидтық көрініс мінез-құлығының бір түрі болып табылып аутоагрессия, ересектердің сиуцидтік мінез-құлығынан белгілі ерекшеленеді. Осылайша, жасөспірімдердің 90%-і осы тәсілмен қаза болуы – «көмек беру туралы» белгісін білдіреді және тек 10% - шынымен де өмірмен қоштасу белгісін білдіретін. Негізінде психологиялық – педагогикалық және психотерапевтік көмекті талап ететін жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау күйзелісін уақытысында анықтау қажет. Осылайша, А.Г. Амбрумова және Е.М. Врононың пікірінше, осы топқа жататын 6-7 жасар балаларғаөлім туралы түсінік «басқа тіршілік етумен» қалыптасатын, ересектеулері, 10-12 жастағылар, бір жағынан, өлім деген ол мәңгілікке өмірден кету екенін түсінетін, басқа жағынан оларда өлім-өмір сүрудің ақыры деген түсінік болмайтын, олардың пікірінше, осындай әрекетке барып, олар тығырықтан шығады немесе өздерінің қарсыластарын мәңгі емес, тек бір мезгілге жазалаймыз деген ой қалыптасатын. Өтпелі шақта өлім туралы түсініктер ересектердің түсініктеріне ұқсас келеді. Бұл кезеңнің ерекше айырмашылығы – жасөспірімдердің өлім туралы тақырыбында деген қызығушылығы, өмір мәні туралы ой-толғаулар, осы бағыттағы философиялық мәселелеріне қызығушылық білдіру. Жиі мұндай құбылысы жоғары парасатты тұлғаларда кездеседі. Өтпелі шақтың тұлғалық ерекшеліктері – тез қызушылық, ашуланшақтық, эмоционалды тұрақсыздық, дау-дамайлық жағдайлардағы шешім қабылдай алмау қасиеті-жасөспірімдердің «суицидалды предиспозициясын» құрайды. А.Е. Личко жасөспірімдердің «сиуциалды мінез-құлқын» үш түрге бөледі: қыр көрсетушілік, ауытқу, нағыз. Қыр көрсетушілік қасиет өз мәнінд е үнемі жасөспірімдердің өзі басынан кешетін жағдайды толық түсінбеушіліктен бейнеленеді. Мұндайда жасөспірім өлімге ұшырауы да мүмкін, себебі көп жағдайда атқаратын іс-әрекеттерінің қауіптігін түсінбейді. Ауытқу суицидалды мінез-құлықтың мінездің өзгеруі, психопатия немесе мидың органикалық зақымдануының қалдық құбылыстары аясында пайда болған күшті психогенді реакцияның бір түрі болып табылады. Осындай суицидалды мінез-құлық түрінің бір формасы – өтпелі жастағы енжарлық наразылық реакциясы. Мұндай реакцияның негізінде бірдеңеге қатты наразы болу күйі немесе айналасындағыларды немесе өзін жақтырмау, кек қайтару, жазықсыз жазаланған тұлғаларды жауапқа тарту, қорлау қасиеттері жатқызылады. Мұндай реакция тек өлім туралы оймен немесе сиуциалды әрекеті іске асырумен шектеледі. Соңғы жағдайда шешім ертеден қабылданбай-ақ «қысқа тұықталу» механизмі бойынша пайда болады. Қыр көрсетушілік суициалды реакцияларға қарағанда, наразылықтың суициалды реакциялары жалғыздықты іске асырылады. Егер де мұндай әркет өлімге келтірмесе, онда балалар және жасөспірімдер, әдетінше өз қылығынан қысылып, оны жасыруға тырысады, ал қыр көрсетушілік реакциясы айналасындағылардың назары мен түсінігіне бағытталған.

Нағыз суициалды мінез-құлқын білдіруде жасөспірімнің өз-өзін өлтіру ниеті және оған ешкім кедергі болмайтындай етіліп көп уақыт дайындалады. Өлім алдында қалдырылған хаттарда жиі осы әрекетке бару себептері, жағдайлардың субъективтік бағалары, өз-өзін кінәлау т.б. айтылады. Жасөспірімдердің нағыз суициалды мінез-құлығының шығу тегі түрлі жан күйзелістік орын алады. Негізінде адамның барлық психикалық және физикалық көріністері орын алған күйзелістің, жасөспірімдердің, ересектердің депрессиялародың өзектігі тек олардың жиі орын алуымен білдірмей, «көңіл-күйді көтеретін, уайым-қайғыны жасыратын маскүнемдікке немесе есірткі заттарын қолдауға бағыттайды». Нағыз суицидалды мінез-құлықты жасөспірімдердің ерекшеліктері:

1. өлім туралы түсініктердің және өлім салдарын дұрыс түсінбеушілігі салдарынан өзінің суицидалды мінез-құлығына жеткіліксіз баға беру;

2. бұл жаста нағыз ниет және қыр көрсетушілік іс-әрекет арасында нақты айырмашылықтың жоқтығы;

3. сыртқы сылтау және оған деген реакциясы, яғни ересектердің пікірі бойынша «мағынасыздық», «өткішілік», «ұшқалақтық», яғни сиуцидалды әрекеттер сарындары – осы жерде фактінің «кенеттігі» орын алады;

4. кез-келген психопаталогиялық бұзушылықтардың бейнелеу деңгейі емес, жағымсыз, жүйкесін зақымдайтын, микроәлеуметтік ортаның ықпалы /мектеп, отбасы, құрбы-құрдастары/;

5. өз-өзіне қол жұмсаудың әрекеттері мен суициалды іс-әрекеттерінің ауытқушылық мінез-құлқының кейбір көріністерімен өзара байланысының нақтылығы:

- үйден, интернаттан, қашып шығу, сабақтан қашу, ерте бастан темекі тарту, маскүнемдік, нашақорлық жағдайлары, ата-аналармен жандалдасу, ұсақ құқық бұзушылықтар т.б.



Суицидалды мінезқұлықты жасөспірімдердің ерекшеліктері: Өкпе, жалғыздық, алшақтылық, түсініспеушілік: ата-аналық мейрімділікті шын немесе жалған жлғалту, қызғаншақтық; Ата-анасының өлімімен, ажырасуымен, біреуінің үйден кетуіне байланысты уайымдар;

Ұят, қысылу сезімдері, қорланған менмендік, әйгілі болу қорқынышы, қорлану, жазалану қорқышы, кешірім сұрау қалаусыздығы, махаббаттағы сәтсіздіктер, сексуалды эксцестер, қыз балалардың жүкті болып қалуы, кек қайтару, налу, наразылық, ескерту, ақша талап ету, өз тағдырына назар аудару, өзіне аяныш, жалыныш сезімдерін тудыру, жағымсыз салдардан құтылу, қиын жағдайдан құтылу, жолдастарына, кітап немесе кино кейіпкерлеріне аяныш білдіру немесе еліктеу. Өз-өзіне қол жұмсауға тәуекелді жасөспірімдердің сипаттамалары:



  • Шиеліністі, экстремалды немесе ұзақ уақытқа созылған, психологиялық ауыр

күй кешетін жасөспірімдер;

  • Мінез-құлығында депрессия, дисфория формасындағы ауытқу

бұзушылықтары бар жасөспірімдер /негізделмеген уайым/;

психопаттық және психопатологиялық күйін кешетін жасөспірімдер;

  • Спирттық ішімдектерді қолданатын жасөспірімдер және мінезі қоғамға

қайшы келетін жасөспірімдер;

  • Берекесіз отбасыларынан шыққан және психикалық ауру туыстарымен

маскүнем және нашақор ата-аналармен немесе бұрын осындау құбылыс алған отбасылармен бірге өмір сүру.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С.Әбенбаева. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, «Дарынә, 2004

  2. Ж.Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткеншектер тәрбиесі. Алматы, «Рауан», 1990

  3. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттерінің  алдын алу // Алтын ұя, 7 мамыр 2009ж.

  4. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың сипаты // Таптым-таптым –эврика,№4 2009ж.



ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫ МЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Бакпанбетова Куралай Мусаевна

ОҚО, Мақтарал ауданы № 25 Т.Титов ЖОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы».

Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа. Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген. Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік. Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.

1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

2. Екінші топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам аласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды.Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты. Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез-келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.

Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.

Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік. Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді. Тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау. Ол үшін біріншіден, әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат. Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендей, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдердің шиеленісті жағдайда болады,ондай қарым-қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді. Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады. Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының бұзылығын көрсетеді. Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі-ақ оқушыны тәрбиесі қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті. Аталған тәрбиесі қиын балалардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерделеу.Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керек. Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, ол ондай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек.

Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады. Девиантты балаларған педагогикалық әсер ету жолдары. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу-тәрбие жұмысында қиын балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады. Біріншіден, мектеп жоспарында қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар белгіленуі тиіс. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарының болуы ләзім.

Осындай жоспарларда қиын балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығуын арттыру, қандай да бір істерге ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ, қиын оқушылардың жағымды жақтарын нақтылап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік педагогтің нағыз ерлігі болып саналды. Әрине, әлеуметтік педагог барлық уақытта сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қоймайтынын саналы ұғынуымыз керек. Қиын балалардың сыныптастары және пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту жолдары.

Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004.

  2. Ақанов А.А., Жылқыайдарова А.Ж. «Мектептердегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №2, 2004.

  3. Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2005.

  4. Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2001.


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АРҚЫЛЫ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ӨСУІН, ЖЕТІЛУІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Бегманова Асель Мамыровна

ОҚО, Мақтарал ауданы «Асық-ата » ЖОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологиясын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық глобальды жүйеге шығу болып табылады. Нәтижесінде, уақыт пен қоғам талабын жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған жаңа оқыту технологиясын іздестіру мен тәжірибеге ендіру кеңінен өріс алды.

Жаңа оқыту технологиясы, яғни, инновациялық оқыту, бұл-саналы түрде ұйымдастырылатын оқыту процесінің проекцияланған түрі. Инновациялық оқытуға өту инновациялық технологияны, атап айтсақ, альтернативті әдістемелерге, бағдарламаларға, бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануды түсіндіреді.

Отандық өнегелік-рухани білім беру әдістемесін құру және оқыту процесіне ендіруді идеолог, осы жобаның авторы және жетекшісі Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің шығармашылық тобының алдына мақсат етіп қойды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – білім беру саласына жаңа көзқарас, адамгершілік-рухани, өнегелі ағарту әдістемесін кеңінен қолдану болып табылады.

Білім берудің әдістері мен оқытудың едәуір тиімді негізгі жолдарын іздестіру қажет. Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасын құру мен білім беру процесіне жаңа «Өзін-өзі тану» сабағы арқылы ендірудегі негізгі инициативасы төмендегідей болып табылады, яғни, өзінің жекелік қасиеттерін, өзіндік құндылықтарын және қоршаған ортаны тани білуге қабілетті жан-жақты және жарасымды дамыған жалпы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, өзін-өзі тани білуге, өзін-өзі басқара білуге үйрету және творчестволық саналы білім дағдыларын дамыту мен қалыптастыруды көздейді. Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын таба біліп, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап, қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді. Өзін-өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін–өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

-өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

-өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы. Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К.Роджерс).Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. «Өзін-өзі тану» – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану – бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік «Меннің» қалыптасуы. Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді: Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің «Мені» деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады. Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну – адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін-өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

«Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?» деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып студент: өзіндік сана – өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Психогимнастикалық жаттығуларды өткізгенде төмендегі кезеңдерді есепке алу маңызды:

-топ жағдайын немесе әр қатысушыны өзгерту ниетін есепке алатын жаттығуды дұрыс таңдау; топтың даму кезеңі, оның құрамы, мезгілі, одан әрі жұмыс жүргізудің мазмұны; жаттығуды орындау алдында топқа нұсқау беру, қалай орындалу керектігін көрсетуге немесе мысалмен дәйектеп суреттеуге болады;

-жаттығуды орындауға қызығушылық ең жоғарғы шегіне жетіп, төмендемей тұрған кезде жаттығуды аяқтауға болады;жаттығуды талдау.

Өзін-өзі тану курсы бойынша жүргізілетін жаттығулардың негізгі мақсаттары – адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әуелетін барынша көп қолдануына бағытталған. Бұл сабақтар адамның өзін-өзі тануына, әлеуметтік ортаға жылдам, қиындықтарды жеңе отырып бейімделуге көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін танып білуге жағдай жасайды. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» дегендей осылайша бірлесе қызмет жасаған кезде әрбір адамның жеке тұлға болып қалыптасуы дұрыс деңгейде жүреді және ұлттық рухани мәдениетін танып, өмірден нақты орнын табады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет