Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының əлеуметтік-педагогикалық себептері



бет1/2
Дата24.05.2020
өлшемі33,16 Kb.
#70895
  1   2
Байланысты:
девиантты мінез


Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының əлеуметтік-педагогикалық себептері

Қоғамдағы экономикалық, əлеуметтік, саяси тұрақсыздықтар бала мінез-құлқындағы ауытқушылықтарға алып келеді. Қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын түпкілікті өзгерістер, сонымен бірге адам іс-əрекетінің көптеген салаларын жетілдіруді ынталандыратын позитивті өзгерістер жағдайында негативті тенденциялар да күшейіп келеді. Əлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, əлеуметтік жəне психологиялық бағыттала алмау мен бейімделе алмау, жалпы адамзаттық адамгершіліктік жəне рухани құндылықтарды талап етудің төмендеуі, күрделі криминалды жағдай, əлеуметтік институттар ісəрекетінің нашарлауы жəне т.б. Қалыптасқан социомəдени жағдай алкоголизм жəне нашақорлық, адамгершіліктік деградация, қылмыстардың жаңғыруы сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуына алып келеді.

Девиантты мінез-құлыққа қатысты мəселелер үнемі ғалымдардың назарында болды, мысалы Рессейлік педагогиканың келесідей классиктері П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б ғалымдардың, психология саласында Б.Г. Ананьев, С.А. Беличева, А.С. Белкин, В.Г. Бочарова, Б.З. Вульфов, А.Д.  Гонеев,  СИ. Григорьев, В.И. Загвязенцев, Е.В. Змановская, В.Т.  Лисовскийдің   жəне   əлеуметтанушылар  А.В.  Мудрик,  М.И.   Рожков,   В.Д.   Семенов, Л.С. Славина В.А. Сластенин жəне т.б көрнекті ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады.

Қиын балалар мəселесін отандық ғалымдардан педагогикалық тұрғыдан, Л.К. Керімов, Г.А. Уманов, И. Трифанов, Д. Қазымбетова т.б., психологиялық тұрғыдан М.М. Мұқанов, Ж.Н. Намазбаева жəне т.б қарастырған. Қиын балалар мəселесінің əлеуметтік жағдайын Ш.Е. Жаманбалаева қарастырған [1].

Л.К. Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тəрбиелеу тұжырымдамасын жəне ондағы педагогтың іс-əрекеттің белгілі жүйесі жасалған [2].

Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез-құлық болады деген сұрақты жəне девиантты мінез-құлықтың болу себептері мен мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен [3].

Ал, Ш.Е. Джаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың əлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген [4].

Жалпы девиантты мінез-құлық деп əлеуметтік нормадан ауытқуды айтамыз. Сонымен қатар, оны ғалымдар қоғамда қабылданған нормаға қарамақайшы əрекет жүйесі ретінде анықтайды.

И.С. Конның анықтауынша, девиантты мінезқұлық, «құқық, мəдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-əрекеттер жүйесі» [5]. Е.Д. Дедков жəне Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған əлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық, деп анықтама береді  [6]. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-əрекеттерді [7] ұсынатын, қылмыстық мінез-құлық болып табылады [8].

Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мəдени мақсаттары мен оған жетудің əлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет