Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы «Тексерілді»



Дата15.09.2017
өлшемі1,42 Mb.
#32782
Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы

«Тексерілді»

Директордың оқу – тәрбие

Ісі – жөніндегі орынбасары

_________ Момбекова А.М.

«__»_________2015ж.



«АВС ағылшын клубы»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым».

Оқытушы: Умарова Н.Ж.

Шымкент 2015



Кіру

Жүргізуші 1: Біздің отан кең – байтақ

Көп ұлттық мекені

Біз құшақты кең жайсақ

Әлем сыйып кетеді.


Жүргізуші 2: Армысыздар құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!
Жүргізуші 1: Қазақстан Республикалық Гимн айтылсын!

Жүргізуші 2: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан – Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Содан бері тәуелсіз Қазақстанға міне 24 жыл толды. Мемлекетіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары егемендігіміз баянды болып Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Жүргізуші 1: Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
1 бала

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаңа
2 бала

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!
3 бала

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ жері өнерлі, өсиетті.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.
4 бала

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Оқушылар орындарына музыкамен отырады.

Жүргізуші 2: Сіздердің алдарыңызда Қобызбен қазақша күй орындайтын Ақмырза Айсәулені қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1: Би «Туған жер»

Жүргізуші 2: алдарыңызда Отан, Бақыт, Туған елім тақпақтары.

1 бала


Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң Ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағында гүл атам.

2 бала

Шығысыңнан арайлы



Күліп атқан құба таң

Сеннен бақыт тарайды

Баршамызға ұлы Отан.

3 бала


Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен, Отан.


4 бала

Ең 1-ші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
5 бала

Ал 2-ші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.
6 бала

Бақытым бар 3-ші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
7 бала

Менде сөйлер сөз болса-

өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой.

8 бала


Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой.


9 бала

Толқығанда сезім – ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім.
10 бала

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма – шуақ кезімнің

Рахатын сездірдің!
11 бала

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!
Жүргізуші 1: Ән «Қазақ елі».

Жүргізуші 2: Алдарыңызда телеарна Шымкент жүргізушісі Айбек пен Аягөз қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 1: Би «Астан» вальс.
Жүргізуші 1: Сіздердің алдарыңызда Домбырамен қазақша ән «Туған жер» орындайтын Гүлдананы қарсы алыңыздар.
Жүргізуші 1: Алдарыңызда ту, елтаңба, ән ұран тақпактары.

1 бала


Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.


2 бала

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

3 бала


Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым күәсі

Туғандай бір енеден.


4 бала

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған!
5бала

Дүние әлем көзіндей,

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны –

Кереге қанат қамалы.
6 бала

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ – күн, уық –нұр.

Мәңгі сөнбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
7 бала

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пыпағым.

Хас тұғырға қондырған,

«Қазақстан»и- Ұраным.
8 бала

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!


9 бала

Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс –

Айтылатын ар, затым.
10 бала

Жұртымның мұң, мұратын

Құлқыма құйып тұратын

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.
11 бала

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле,

Жанып тұрар мың жанар.



Жүргізуші 2: Ән «Жаса Қазақстан».

Жүргізуші 1: Далада дұман, қалада жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан!

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.



Тәуелсіз Қазақстаным!
Би: «Қазақстан».

Апа кіреді шашу шашады.

Құттықтау сөздер.

Жүргізуші 2: Қымбатты қонақтар, еліміз әрқашан береке, бірлік, теңдік, тыныштық болсын! Баршамызға зор – денсаулық, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға гүл сыйлаймыз!

Жүргізуші 1-2: Келесі кездескенше, сау саламат болыңыздар!




Каталог: uploads -> doc -> 017f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
017f -> Сабақ (тарих) 7 «Б» сынып Тақырыбы: Қасым хан.
017f -> Мына тарихи даталарға сәйкес келетін тарихи оқиғаларды атаңдар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет