Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік


Бізге тыңдауға не кедергі болады?



бет2/9
Дата04.07.2018
өлшемі289,77 Kb.
#46410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бізге тыңдауға не кедергі болады?

  • Қосылған - ажыратылған тыңдау

Адам сөйлегеннен гөрі тез ойланады. Бүл бір адамды тыңдап түрған кезде өзіңізде “ойлау” үшін бос уақыттың бар екенін білдіреді. Біз осы уақытты көбінесе басқа адамның не айтып түрғандығы туралы ойланудың орнына, түскі ас немесе кешке не істейтіндігіміз туралы ойлануға жүмсаймыз!

  • Көзқарасқа байланысты тыңдау

Бүкіл дүниежүзінде адамдар естіген бойда тыңдауын қоя қоятын сөздер мен тіркестер бар. Мысалы, “капиталист”, “коммунист”, “фундаменталист” сияқты сөздер. Адамдар осы сөздерді естіген кезде тыңдауын тоқтатып, қорғанысқа немесе қарсы шабуылға дайындала бастайды.

  • Енжар тыңдау

Кейде біз өзіміз әңгімелесіп отырған адамның көңілсіз, қате немесе істің мәні бойынша сөйлемегендігі, ал әңгіменің тақырыбы қызықсыз, орынсыз немесе мәнсіз екендігі туралы тез шешім қабылдаймыз, не болмаса бізге оның не айтатындығы белгілі сияқты көрінеді. Сейтіп, тыңдауды тоқтатамыз.

  • Шашыраңқы тыңдау

Бөлмедегі шу, қатты жарық, ауаның температурасы, сондай-ақ басқа да факторлар, тіпті тамақ ішпегендігіңіз бізге тыңдауға кедергі келтіруі мүмкін. Соған қарамастан уақыт өткен сайын біз осындай жағдайлардың өзінде мүқият тыңдауға үйренетін боламыз.







Бізге тыңдауға не кемектеседі?

Біз жан-тәнімізбен және ақыл-ойымызбен тыңдаймыз...



  • сөйлеушіге қарама-қарсы тұрыңыз

  • жан-жағыңызға мұқият қараңыз

•денеңізді ыңғайлы ұстаңыз (қолыңызды кеудеңізге қоймаңыз, теріс бұрылмаңыз...)

•сөйлеушіге қарай сәл еңкейіңіз

•еркін тұрыңыз

Сөйлеуші не туралы айтқанын тыңдаңыз...

•жай ғана “фактіні” емес, ең басты ойды тыңдаңыз



  • көзқарас ырқына кетпей тыңдаңыз

  • бұдан кейін не болатындығы туралы ойлаңыз •талдаңыз және бағапаңыз

  • бөлмеңіз

Тыңдаушыға қалай жеткізеді...

•өзін-өзі ұстау белгілері (мысалы, бет әлпеті, денені ұстауы)

•сөйлеу мәнері

Тыңдау аса маңызды, өйткені...


  • Адамдарға олардың тәжірибесін және олардың айтқандарын бағалайтындығыңызды көрсетесіз

•Адамдарды адал және ашық айтуға ынтапандырасыз

  • Сізге келіспеушілікті анықтауға және оны жою жолдарын көрсетуге көмектеседі







Кім, мен?

Жауапкершілік сезімін дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар

Осы жаттығулар меи тапеырмаяар жеке жауапкершілік түсінігіне назар аудартқызады. Адщідық пен күнделікті міндеттер туралы мәселені қою үшін нақты өмірден алынған ізгіліктік тағылымдар қарастырылады. Басқа жаттығу қадағалау және билік өкілеттігін жауапкершілікпен пайдалану мәселесін кетереді. Осы жаттығулардың жалпы мақсаты - барлық қүқықтардың тиісті міндеттемесі бар екендігін керсетеді.

Осы жаттығулар 65-70 бетгерде берілген теменгі сыныптағы балаларына арналған осындай жаттығулар мен тапсырмаларға орайлас қүрылған.

Қүқықтар мен міндеттемелер

Мақсаты:

Осы жаттығулар балаларға қүқықтар мен міндеттемелер арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Әрбір қүқықтың тиісті міндеттемесі бар.

Сізге не қажет:

  • Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы (163-бетті қараңыз).

  • Қүқықтар мен міндеттемелер бойынша ақпарат (111-бет).

Уақыты: 45 минут

Тапсырма қалай орындалады:



  • Сыныпты жүптарға бөліңіз. Әр оқушы өзі мектепте ие болуға тиіс деп санайтын бес маңызды қүқықты және үйде болуға тиіс бес маңызды қүқықты жазуы қажет. Мысалы, жеке орынға отыру қүқығы.

  • Оқушылар өз әріптестерімен тізімдерін ауыстырсын. Әр оқушы өз әріптесінің тізіміндегі әрбір қүқыққа сай келетін міндеттемелер туралы

Қүқықтар мен міндеттемелер бойынша ақпарат

Әрбір құқықтың тиісті міндеттемесі бар. Мысалы, сіздің пікіріңізді еркін білдіру құқығыңыз, жалған сөйлемеу, басқа адамды қорлайтын және оның адамгершілік мәртебесі мен беделіне нұқсан келтіретін жәйттарды айтпау міндеттемесімен шектеледі.

Құқықтар мен міндеттемелер теңдігі бізге құқықтарымызды, әдеттегідей, белгілі бір шекте іске асыру керектігін көрсетеді.

Әртүрлі адамдардың қүқықтары мен міндеттемелері қайшылыққа түсетін көптеген жағдайлар кездеседі. Мысапы, кейбір елдерде көліктегі қауіпсіздік белбеуін тағуға міндеттейтін заңдар бар. Көптеген адамдар бүның олардың еркін жүру құқығын шектейтіндігін дәлел етіп, наразылық білдіреді.

Бұл елдердің үкіметтері адамдар машинада келе жатқан уақытында жарақат алмауы үшін олардың ауруханаға, дәрігерге және жалпы қоғамға қатысты барлық мүмкіндікті жасау міндеттемесі бар екендігін дәлел ретінде келтіреді. Егер олар қауіпсіздік белбеуін тақпаудың салдарынан жарақат апса, сырқаттарға бөлінетін ақшаны, уақытты және жатын төсектерін алады, сөйтіп олардың тиісті дәрігерлік кемек алу қүқығын шектейді.

Жағымды” және “жағымсыз” қүқықтар туралы ақпарат

“Жағымсыз” термині бізге қатысты қандай да бір қатерлі немесе қабылданбаған іс-әрекетке жол бермейтін қүқықтарды сипаттау үшін қолданылады. Мысапы, өмірге қол сұғушылықтан қорғану қүқығы немесе қатаң қарым-қатынасқа үшырамау қүқығы, не болмаса өз мүлігімізді үрланудан қорғау қүқығы. Бүлар - жағымсыз қүқықтар. Сондықтан да олар сізге қайғы-қасірет немесе залап шектірткісі келетіндерге “ЖОҚ” дейді.

“Жағымды” термині бір әрекет жасау үшін сіздің еркіндігіңізді анықтайтын қүқықтарды сипаттау үшін пайдаланылады. Мысалы, еңбегіңізге ақы апу қүқығы - бүл жағымды құқық. Өйткені олар сізге: бүған сіздің құқығыңыз “БАР” дейді және басқаларға да осы қүқықты қолдау керектігін айтады. Мысалы, жұмыс берушінің сізге еңбегіңізге ақы төлеу міндеттемесі бар.

Ұры?

Мақсаты:

Нақты істі зерттеу оқушылардың алдында қоғамның алдындағы жауапкершілікті түсіндіру мақсатындағы ізгіліктік мәселесін қояды. Осы мысапда біреуге қателік бойынша үлкен ақша сомасы төленеді және көптеген оқушылар дүкенде оларға ақша қайтарымын дүрыс бермейтін және оларға осындай таңдау жасауды қажет ететін жағдайға түсуі мүмкін.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Әрбір қүқықтың тиісті міндеттемесі бар. Мысалы, заңның алдындағы теңдік қүқығының заңды сақтау жөніндегі тиісті міндеттемесі бар.

Сізге не қажет:

Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы (163-бетті қараңыз).



Уақыты: 1 сағат шамасында

Тапсырма қалай орындалады:

  • Сыныпты бес-алты адамдық шағын топқа бөліңіз.

  • Мына мәтінді оқып беріңіз:

“Әрбір ай сайын Александр жергілікті банктегі өз есебіне жапақысының болмашы бөлігін салады. Бүл көп емес, тек оның өзі ғана өз балаларымен демалысқа бару үшін жеткілікті ақшаны үнемдей алады.

Банк әрбір ай сайын оған қаражатының сомасы көрсетілген есептің көшірмесін жібереді. Бүл айда Апександр есебіндегі ақшаның өзі ойлағандағыдан гөрі едәуір көп екенін көреді. Ақиқатында, бүл қате. Ол банкке хат жазып, өз есебінде 2000 доллардың артық екенін көрсетеді.

“Жоқ, - дейді банк. - Ешқандай да қате жоқ. Ақша сіздікі”. Апександр қайта жазады... “Біз қайта тексердік, ешқандай да қате тапқан жоқпыз”, - деп жауап береді банк.

Александр сонда да қанағаттанбайды. Ол банкке үшінші рет жазып, қайтадан ақшаның өзінікі екендігі турапы жауап апады.

Бүдан кейін Александр өзінің ештеңесі кетпейтіндігі туралы ойланады. Ол ақшаны қажеттілік бойынша жүмсауды бастайды. Ол жаңа жиһаз алады, пәтеріне жөндеу жүргізеді және жанүясын демалысқа алып келеді.

Кейіннен банк қызметкерлері өз қатесін байқайды. Екі мың доллар аты-жөні дәл осындай клиентке тиесілі. Банк Апександрдан осы соманы қайтаруды талап етеді. Ол өзінде қалған 1000 жуық долларды қайтарады. Александрға үрлағандығы туралы айып тағылады.

Сотта Александрды үрлық жасағандығы жөнінде айыптау үшін мына жәйттар дәлелденуі тиіс:


  • қасақана жасады

  • өзге мүлікті алды немесе жаратты

  • өзге мүлікті түрақты пайдапану ниеті болды”.

  • Оқушылардан өз топтарында Александрдың үрлық жасағандығы турапы кінәлі деп тануға болатындығын шешулерін сүраңыз. Олар үш сүраққа жауап берсін:

  • Александр қасақана жасады ма?

  • Александр басқа біреуден бірдеңе алды ма?

  • Апександрдың өзіне тиесілі емес мүлікті пайдапану ниеті болды ма?

Егер оқушылар үш сүраққа да “иә” деп жауап берсе, Александр заң бойынша кінәлі. Егер олар бір немесе бірнеше сүраққа “жоқ” деп жауап берсе, ол кінәлі емес.

  • Егер оқушылар Александр заң бойынша үрлық жасағандығы турапы кінәлі деп шешсе, онда олардың пікірі бойынша, Александрге қандай жаза қолдануға тиіс? Мысалы, Англияда осындай қылмыс жасағандығы үшін судья 10 жылға дейін түрмеге қамау немесе 2000 фунт стерлинг (3000 доллардан астам) көлемінде айып сапу туралы үкім шығара алады (сіз өз еліңізде заңның қандай жаза қолданатындығын анықтап, бүл туралы оқушыларыңызға айтуға болады).

  • Егер оқушылар Апександр кінәлі емес деп шешсе, ол отбасы мен үй- ішіне жүмсаған ақшаны қайтаруға міндетті деп санай ма?

  • Енді сыныпқа ақиқатында не болғанын айтып беріңіз:

“Үш күндік сот тапқысының барысында алқалар (присяжныйлар) Апександрды үрлық жасаған жоқ деп таныды. Присняжныйлар өз шешімін түсіндіруге тиіс емес, алайда біз Апександрдың банкке оның қатесін көрсетуге әрекеттенгендігінің арқасында ғана алқаның оның іс-әрекетінде арам ниеттің болмағандығына көзі жеткендігін болжаймыз.

Апександр үрлық жасағандығы турапы кінәлі емес болып танылса да, оның жүмсаған ақшаны қайтаруға тиіс пе деген мәселе қалды. Соттың бүл мәселені шешуге өкілеттігі жоқ. Сондықтан банк залапды өтеу туралы басқа сотқа шағымданды”.



Сүрақтар:

  • Александрдың орнында сіз не істер едіңіз? Неліктен?

  • Банктің қатесін түзеу үшін жауапкершілікті Александр ма, жоқ әлде банк көтере ме? Неліктен?

  • Егер ақша сомасы көп (аз) болса, сіздің жауабыңыз қандай болмақ?

  • Басқа жағдайларда ше? Мысалы, машинаның иесі машинасын ашық қалдырса жауапкершілік көтере ме немесе бүл ол ашық қалса да қалған адамдардың машинаны үрламау керектігі туралы міндеттемесі ме?

  • Өзіңізді Александрдың досы ретінде қойып көріңіз? Сіз ол туралы полицияға хабарлар ма едіңіз?

  • Заңның сақталуын қамсыздандыру үшін кім жауапкершілік көтереді?

  • 163-беттегі Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасын алыңыз. Әңгіме қандай қүқықтар туралы болып отыр?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Оқушылар ізгіліктік шешім қабылдау жөніндегі өзіне жауапкершілік апуға тиіс сюжет бойынша әңгіме жаза алады. Мысапы, олар көшеден ақша тауып алды - оны милицияға тапсыра ма?

  • Жоба ретінде оқушыларға өз еліңіздегі сот жүйесімен танысуды үсыныңыз. Көптеген сот мәжілістерінің залдарына қатысқысы келгендерге рүқсат етіледі. Жобаның соңында қүқық пен міндеттемеге қатысты іс бойынша сот талқысын ойша өткізуге болады.

Айтуыма мүмкіндік беріңіз!

Мақсаты:

Хаттарды дайындау жөніндегі осы тапсырма жеке адамдар мен мемлекеттің өз көзқарастарын, наным-сенімдерін білдіру бостандығы бойынша құқықтары мен міндеттерінің жайын қарастырады. Оның көбінесе оқушылар мен мұғалім арасындағы өзара сенімге құрылуына байланысты, ең дұрысы тапсырмаларды адам құқығы жөнінен тәжірибесі, білімі бар оқушылар берген дұрыс болады.



Меңгеруге арналған басты түсініктер:

  • Әрбір құқықтың тиісті міндеті болады.

  • Мысалы, көзқарастарын білдіру бостандығы құқығының басқалардың көзқарастарын құрметтеу бойынша тиісті міндеті болады.

Уақыты: 1,5 сағат

Сіздерге не қажет болады:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нұсқасы (163-бет). 117-беттегі Бұқарапық ақпаратты бақылау.



Жүмысты қалай жургізу керек:

  • Әрбір оқушы өзін жергілікті газетке мақала жазады деп ойласын. (Егер редакциясы болмаса, сіздер оның аталуын, басылып шығу жиілігін және т.б. ойлап табуларыңыз керек). Олардың өз ауданындағы өздеріне ұнамайтын мәселе жөнінде қысқаша хат жазуын өтініңіз. Осы хаттардың мазмұнының сыныптан тысқары таратылмайтынын түсіндіріңіз. Оның нақ осылай болуын қамтамасыз етуге тырысыңыз.

  • Олар хаттарын жазып болған соң, сыныпты екі топқа бөліңіз. Олардың хаттарын өзара алмасуын өтініңіз. Енді олардың барлығы да өздерін жергілікті газеттің редакторларымыз деп сезінсін. Олар, өздерінің сақтанғанындай, әкімге ұнамайтындығы туралы хат алды. Олардың ойынша, хаттың қауіпті деген бөлімін сызуды (цензурадан өткізуді) өтініңіз. Оларға хатты өз қалауынша “редакциялауға” рүқсат етіледі.

  • Хаттардың барлығын олардың авторларына қайтарыңыз. Төменде келтірілетін сұрақтарды бүкіл сынып болып немесе топтарда талқылаңыздар.

  • Талқылаудан соң 117-беттегі “Бұқаралық ақпаратты бақылау” мәтінін оқыңыздар және сыныптан тармақтардың әрқайсысының мазмұнын баяндайтын сценарийді ойлап табуды сұраңыз. Айталық, “Бұқаралық ақпаратты бақылау” деген айдардың астында “суретшілердің шығармашылығы” деп көрсетілген. Оқушылардан, олардың ойынша, әлде біреудің цензурадан өткізгісі келетінін сұраңыздар. Егер сіздердің елдеріңізде цензура бар болса немесе бүрын болған болса, олардың ықпалын нақты мысапдар келтіріп, баяндаңыздар.

Сүрақтар:

  • Сіз хат жазған сәтте оны өз цензураңыздан өткізгіңіз келді ме? Неге?

  • Сіз хатыңызды қандай сипатта: сыпайы немесе қорлайтын ауыр сөздермен жаздыңыз ба?

•Сіз сыпайы етіп жаздыңыз, себебі басқа адамдардың сезімі алдындағы

жауапкершілікті сезіндіңіз немесе жазаланудан сақтандыңыз ба?



  • Сіз жағдайды қалай жақсартудың жайын ойладыңыз ба немесе жәй ғана ашу-ызаңызды білдіргіңіз келді ме?

•Хатыңыз цензурадан өткенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

•Хатыңыз тексеруден өткен соң, ол қандай жағдайда еді?



  • Досыңыздың хатынан қажетсіз сөздерді сызып тастауды қапай шештіңіз?

  • Егер сіз жергілікті өкімет органының ресми адамы болсаңыз және шағым- хатты алсаңыз, бұған қапай мән берер едіңіз? Егер хаттың мазмұны сізге шабуыл жасау сипатында болса немесе мазмұны өзіңізді қорлау сипатында болса ше?

  • Сіздің хатыңыз “қауіпті” болды ма?

  • Сіз қапай ойлайсыз, біз бұл тапсырманы неге орындап отырмыз?

Жүмыстың басқа нүсқалары:

Егер сіз дұрыс деп есептесеңіз, онда тапсырманы өзгертуге болады және оқушылардан олардың мектептегі қабырға газетіне хат жазуларын өтінуге болады.

Жоба ретінде (30-бетті қараңыз) оқушылардан газеттің белгілі бір кезеңдегі нөмірлерін қарауды өтініңіз. Олар белгілі бір оқиға туралы хабарды таңдай алады және әр түрлі бағыттағы газеттерде осы оқиға жайында қалай жазғанын көре апады.


  • Егер оқушыларды әлдебір мәселе толғандырса, олар газетке сыпайы сипатта хат жазып, өздерінің көзқарастарын білдіре алады.





Бүқаралық ақпаратты бақылау немесе қуқығын шектеу (цензурадан өткізу)

Ой-пікірді еркін білдіру қуқығы - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында белгіленген.

Көпшілік жұрт оны жариялылық тұрғыда ұйымдасқан қоғамның түп қазығы деп есептейді. Кейбір адамдардың пікірінше, шектен тыс бостандық қауіпті болуы мүмкін деп санайды. Нәсілдік немесе діни өшпенділікке әкеліп соғатын, бүлік шығаруға, зорлық-зомбылыққа арандатушылық болып табылатын қандай да бір үгіт жүргізуге заң түрғысынан тыйым салынуы тиіс. Кейбір елдерде үкімет атына сын айтушылар да шектеуге үшырайды.

Бақылау құқығына кімдер ие?


  • ресми түрдегі бақылау орындары - үкімет _ - заң

    • ақпарат қүралдары

    • көрсетуші топтар

    • пікір

    • суретшілер

    • қоғам сыншылары


  • мемлекет қызметкерлері - одақтар - қысым

Бақылауға нелер тартылады?

  • ақпарат қүралдары - ақпаратқа қол жеткізу

  • үйымдасқан қозғалыстар - үжымдық акциялар

  • жазушылар - саяси ағымдар

Бақылау не үшін қажет?

  • ақпараттарды немесе мәселені (жағдайды) жете білмейтіндігін жасыру үшін

  • үкімет саясатын қорғау

  • басқалардан артықшылығын қорғау (бүркемелеу)

  • халықтың анағүрлым әлсіз бөлігін, мысапы жасы толмағандарды қорғау

  • билікті үстап түру үшін қажет.

Бақылау қапай жүзеге асырылады?

  • жүргізіліп жатқан бір нәрсені тоқтату арқылы

  • шара өткеннен кейін жазалау жолымен.

Бақылау қай кезде іске асады (жүргізіледі)?

  • сайлау апдында

  • ірі қоғамдық өзгеріс кезінде

  • үлттық/халықаралық дағдарыс кезінде

  • үкімет әлсіз немесе қауіп төнген кезде

Сіз не істер едіңіз?

Мақсаты:

Саяси кісі өлтіру туралы нақты істі зерттеу оқушыларды мемлекет пен адамның жеке жауапкершіліктерін қарау қажеттілігіне итермелейді.



Игеру үшін басты мәселе:

  • Кез-келген қүқықтың өзіне тиісті міндеттемелері болады. Мысалы, жеке басы қауіпсіздігі құқығы, басқалардың да осы қүқығын қорғауды міндеттейді.

Сізге не қажет болады?

  • Луис Диас ісі (119-бет)

  • Саяси желеумен кісі өлтіру турапы ақпарат (120-бет)

  • “Оқиға әрі қарай қапай өрбіді” мәтіні (121 -бет)

Уақыты: 1 сағат шамасы

Тапсырма қалай орындалады?

  • “Луис Диас ісі” мәтінін оқыңыз немесе балапар өздері оқысын.

  • Луистың қазасы секілді өлім түрлері заңсыз жазапау немесе саяси кісі өлтіруге жататынын оқушыларға түсіндіріңіз (120-беттегі қараңыз).

  • Луистің жанүясы оның өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті. Армия мәселенің бүлай өріс алуын қаламайды. Луистің жанұясы мен армияның қарама-қарсы көзқараста болуын балалар 4-5-тен топтасып, талқыласын. Келесі сүрақтар пікіртапастың бастапуына көмектеседі.

  • Луистің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыз? Армия ма, үкімет пе, Луистің өзі ме, әлде өлтірген солдат па?

  • Егер кінәлі солдаттар жазапанса, онда бүл қауіпсіздік күштерінің басқа мүшелеріне қалай әсер етеді?

  • Егер кінәлі солдаттар жазапанса, онда бүл шара үкімет билігін, қауіпсіздік күштерді немесе армияны нығайта ма әлде әлсіретіп жібере ме? Олардың абырой-атағына қандай түрғыда әсер етеді?

  • Егер оларға еш жаза қолданбаса не болады? Армия халық сенімін жоғаптпай ма?

  • Армияның халық сенімін сақтауы маңызды ма?

  • Осыған үқсас адам өлімі болған жағдайда солдаттар қылмыстық жауапкершілігіне тартылмауы мүмкін деп айта апасыз ба?

  • Егер солдаттар ешқандай жазаға тартылмаса, жүртшылықтың заң жүйесі туралы түйсігіне қалай әсер етеді (соттарға, судьяларға, т.б.)?

  • Луисті өлтірген кезде балапар оның маңында жасырынып жатқан болып көз алдына елестетсін. Олар Луисты атқан солдатты және оның армиялық нөмірін көрген, бірақ өздерін ешкім байқамаған делік.

Мүндай жағдайда сіз не істер едіңіз?

Егер сіз:

  • Үйіңізге кетіп қалып, бұл турапы ұмытар ма едіңіз? Ол мүмкін бе?

  • Полицияға бүл турапы барып хабарлайсыз ба?

  • Луистің жанұясына немесе басқа біреуге көргеніңіз туральгайтар ма едіңіз?

  • Мүнан басқа бірдеңе істейсіз бе? Не? Неге?

  • Соңынан оқиғаның әрі қарай қалай өрбігені жайлы балаларға оқып беруіңізге болады (121-беттегі қараңыз).

Жүмыстың басқа түрлері:

  • Оқушылар заңсыз жазаға үшыраушыларды өздерінің достары, жанүя мүшесі немесе қызметтес адамы ретінде көз алдарына елестетсін. Оларға сол адамдардың қасіреті мен күйін бейнелейтін сурет салуды немесе әңгіме, елең жазуды үсыныңыз.

  • Әрбір топқа жоба ретінде (30-бет) журнапистердің Луистің жанұясымен кездесуі, оның елімі жағдайын бейнелейтін қысқа сахналық көрініс етіп қоюға ұсыныс жасаңыз. Тапсырмаға бірнеше сұрақтар:

Оқушылардың журналистпен сөйлескісі келе ме? Бүл қауіпті ме? Олардың оған сенуі мүмкін бе? Журналистке не керек? Луистің өліміне оның көзқарасы қандай? Журналистің оның еліміне жұртшылықтың назарын аударуға көмектесуі мүмкін бе? Луистің қызметтестері, туыстары (достары) мүны қажет ете ме?

Әрбір топ өздерінің сахналық қойылымын үсына апады.



Каталог: uploads -> doc -> 11f9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f9 -> Сабақ жоспары : Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
11f9 -> Сабақтың мақсаты: Б. м. А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларынан оқушыларға мағлұмат беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет