Жаттығулар мен тапсырмаларға түсінік



бет6/9
Дата04.07.2018
өлшемі289,77 Kb.
#46410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Босқындар туралы ақпарат

Жыл сайын ондаған мың адамдар соғыс пен қуғындау салдарынан өз үйлерін, көп ретте өз елдерін де тастап кетуге мәжбүр. Бүл адамдар босқындарға айналады. Барлық уақытта дерлік олар күтпеген жерден өздеріне бардың бәрін тастап, туыстарынан да ажырап, қашуға мәжбүр. Көпшілігі ешқашанда үйлеріне орала алмайды. 1992 жылы дүние жүзінде 19 миллион босқын болған.

Босқындардың дені баспананы көрші елдерден сүрайды. Өзгелері қауіпсіз жерлерді іздеп, алысқа кетуге мәжбүр. Босқындар көбіне өз елінен алыс елдердің аэропорттары мен теңіз порттарына келіп, баспана беруді өтініп жатады.

1951 жылды БҰҰ Босқындар мәртебесі туралы Конвенция қабылдады. Олар босқындарды өзінің қорғауына алып, оларды барғанда қуғындау мен өлім қаупі күтуі мүмкін өз еліне қайтармауға келіседі. Конвенцияның

  1. бабында: “Шарт жасасқан елдер босқындарды ешбір жағдайда да нәсілі, діні, азаматтығы, белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси сеніміне қатысы салдарынан олардың өміріне немесе бостандығына қауіп төнетін елдің шекарасына өткізбейтін немесе қайтармайтын болады”, делінген.

Бүл қағида үкімет босқынды ол жақтан үйіне қайтарылуы мүмкін басқа елге өткізуге тырысқан жағдайда да қолданылады. Үкімет сондай-ақ босқындардың сол елде қауіпсіздікке ие болғысы (баспана тапқысы) келетін тілегін қарауға тиіс. Бүл қағида олар 1951 жылғы Конвенцияға қатысқан-қатыспағанына қарамастан барлық елде жүзеге асырылады.

Конвенцияда көрсетілгендей, босқын дегеніміз бұл - нәсілдік, діни нанымдық, азаматтық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси сенімге жататындығы бойынша қуғындау құрбанына айналуына негізді қатер төнуі себепті орала алмайтындықтан елін тастап шыққан адамдар.

1951 жылғы Конвенция сондай-ақ босқындардың қанауға ұшырамауға және өздеріне баспана берген елдің барлық құқықтарын пайдалануына тиіс екенін де айқындайды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының көптеген баптары босқындарды қорғауға бағытталған. Әйткенмен, елдер арасында кім “нағыз” босқындар деген мәселеде келіспеушіліктер туындап жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер көбіне олар нәсілдік алауыздықтар тудыратынын, тұрғын ұй тапшылығы мен жұмыссыздықтың өсуіне ықпал ететінін дәйектей отырып, босқындар санын шектеуді талап етеді.

Соңғы жылдары әлемнің көптеген ең бай елдерінің үкіметі босқындар қабылдау квотасын мына екі себепке байланысты қысқартып отыр: Біріншіден, авиабилеттер арзандай бастады, мүның өзі дамушы елдерден ағылатын босқындардың дамыған елдерге жеткісі келетіндерінің саны анағүрлым арта түсетінін білдіреді. Екіншіден, әлемдік экономикалық құлдырау жұмысшы күшінің көп көлемдегі қажеттігін төмендетіп жібереді. Мүның өзі бұрын елге маусымдық жұмысшы есебінде келіп жүрген босқындар енді өздеріне босқындар тәртібін беруді сүрауға мәжбүр екендігін білдіреді.

Бай елдер босқындарға квота енгізудің ақталуы ретінде көбіне босқындар қуғындаудың қүрбаны емес, тек жақсы өмірді аңсағандықтан келеді дегенді дәлел қылып тартады. Оларды “экономикалық босқындар” деп атайды. БҮҰ-ның Бас Ассамблеясы босқындар қүқығын қорғау үшін 1950 жылы желтоқсанның 14-ші жұлдызында Женева қаласында БҰҰ- ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы коммиссарының (БІЖК) офисін белгіледі.

Үкіметтер босқындардың қаупі асыра сілтенген немесе тіпті олар жалған дегенді мәлімдейді. Босқындарды мүндай пайымдаулардан үйымдар қорғап, үкіметтің көзін жеткізу үшін олар келген елдерде адам құқығының бұзылып жатқандығы жөнінде айғақтар келтіріп, олардың баспана беру жөнінде өтініш жасауына мүмкіндік тудырады.

Іске кірісеміз: Адам қүқықтары - сыныптан тыс уақытта!



Бұл жаттығулар бапаларға адам қүқығы - ол әр адам қай жерде жүрсе де қорғап және сол үшін күресе алатындықтарын сезінуіне көмектеседі. Сондай-ақ алған білімді практикада қолдану женіндегі ұсыныстар “жұмыстың езге нусқалары” айдарында келтіріледі, бұл жоғарыдағы ұсынылған барлық жаттығулар мен тапсырмаларға да қатысты. Бұл жаттығулар мен тапсырмалар кіші жастағы мектеп балалары үшін жаттығулар мен тапсырмалар тәрізді қүрылған, мәліметтер 91 -93-беттерде.

Әрекет күші

Мақсат:

Бұл әйгілі құқық қорғаушы туралы нақты тарихты оқып-үйрену қүқық қорғау жолына түскен адамның бойында қандай ықпал күші болатынын көрсетеді.

Игеру үшін басты түсініктер:


  • Жекелеген адамдар және әсіресе адамдар топтары қолданатын әрекеттер адам құқықтарының бұзылуына ойдағыдай қарсы түра алады.

Сізге не қажет:

Махатма Гандидің тарихы, 153-бетте.

Уақыт: 30 минут шамасында

Тапсырма қалай орындалады:



Ганди тарихын оқып беріңіз немесе оқушылардың өздері оқысын.

Төмендегі сүрақтардың көмегімен пікірсайысты бастаңыз (пікірсайысты жүргізу жөніндегі үсыныстар 28-бетте берілген).

Сүрақтар:



Үнділер күш қолданбай-ақ қарсылық білдірді. Қандай жолмен деп ойлайсыз?

  • Егер олар күш қолдануға барып, мәселен, ағылшын солдаттарын өлтіргенде, сіздің пікіріңізше, британдықтар не істеген болар еді? Көптеген үнділіктер де өлген болар еді деп ойлайсыз ба?

Ганди “Әлемді қүқық пен күш арасындағы күреске лебіз білдіруге” шақырды. Егер үнділіктер британдықтарға шабуыл жасағанда әлемнің езге халықтары өздерінің ынтымақтастығын білдірер еді деп санайсыз ба? Неге?

  • Бүл жағдайда бейбіт қарсылық дүрыс таңдау болды деп санайсыз ба? Ал басқа жағдайда ше? Мәселен, біздің елімізде?

Жумыстың басқа нүсқалары:

  • Біздің елімізде өз қуқығын қорғап шыққан адамды немесе адамдар тобын мысалға келтіріңіз. Жоба ретінде (30-бетті қараңыз) оқушыларға мұндай адамның немесе топтың қызметімен танысуды ұсынуға және плакатты, әңгімені немесе пьесаны керсетуге болады.

152
11—1391


Махатма Гандидың тарихы

Махатма Ганди (Абзал жан) зорлық-зомбылықсыз дегенді жаңаша зерделеуді үйретті. Оның пікірінше, зорлықпен келетін нәрсені иеленудің қажеті шамалы.

Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылы Үнді елінде, Гуджаратиде дүниеге келді. Заң факультетін Англияда бітіргеннен кейін ол Оңтүстік Африкада тәжірибеден етті, сол жерде алғаш рет нәсілдік кемсітушілікпен бетпе-бет кездесті. Елде қабылданған заңдар ақ түсті емес адамдарға көптеген тыйымдар салатын еді, мәселен, олар заңгер бола алмайтын және оларға вагондардың бірінші класымен жүруге рүқсат етілмейтін. Қара нәсілді адамдар Оңтүстік Африкада қайыршылықта өмір сүріп, оларға ақ түсті адамдар қысымшылық жасады, мүның бәрін Ганди өз көзімен көрді. Ол бірнеше рет қарсы ереуілдер үйымдастырды да, кейіннен оны әділетсіздікке қарсы күрескені үшін деп түрмеге жапты.

Өмірін күресуші ретінде бастағаннан бастап діни наным-сенімі үшін де қудаланып отырған. Ол зорлық-зомбылықтың дүрыс емес екендігіне әрдайым сенді. Ганди Үндістанға 1915 жылы қайтып келді. Үнділер ол кезде кедейшілік хәлде өмір сүретін еді. Британдықтар елде қатаң тәртіп орнатқан еді, адамдар үшін өте ауыр салық белгіленетін, үнділер өз елін басқару ісіне қатыса алмайтын, өндірістің дамуына кедергі жасалынып, елді бақылау үшін күш қолданылатын еді. 1930 жылы Ганди түзға салық салу мәселелеріне қарсы шықты, алғашқыда британдықтар бүл мәселені үсақ-түйек ретінде санап, аса мән бере қоймады. Түзды теңіз суынан алуға болады, бірақ Үндістанда барлық түзды өндіретін де, сататын да, одан пайда табатын да британ өкіметі болатын. “Түз - Үндістандікі, мен заңды өзгертемін”, - деді Ганди.

Осы мәселені талқылау үшін ол британ өкіметінің Үндістандағы басшысы, вице-корольмен кездеспекші болды. Вице-король бүл мәселеге аса мән бермегендіктен, кездесуге келісім бермеді. Содан кейін 60 жасар Ганди өзінің ізбасарларымен бірлесе отырып 1930 жылдың 12 наурыз күні түз алу үшін теңізге бағытталған 322 километрлік жорығын бастайды. 24 күн бойы бүкіл Үндістанның және дүние жүзіндегі адамдардың назары осы оқиғада болды. Күту оңайға түспеді. 6-сәуір күні мыңдаған адамдардың көзінше Ганди теңізге түсіп, бір уыс түзды жоғары алып шықты. Бүл бағынбаушылық актісі болатын, ұлт үшін бүл бір белгі ретінде қабылданды. Енді теңіз бойын жағалаған елдің адамдары түзды рүқсатсыз өндіре бастады. “Мен дүние жүзі қүқық пен күш арасындағы күреске өз лебіздерін білдіргенін қалаймын” деп жазды ол. Бір айдан кейін Ганди тұтқынға алынды, он мыңдаған адамдар түрмеге түсті. Британдықтардың кетуі үзаққа созылды, Ганди мен үнді халқы бірнеше жылдар бойы қарсылық көрсетіп отырды. Олар жорықтар үйымдастырып, бірлесіп жүмыс істеуге қарсылық білдірді, британдықтардың қаражатын жүмсап, түрмеге отырғызса да, айтқан беттерінен қайтпады. Үндістан 1947 жылы жеңіске жетті. Британдықтар өздерінің үстемдігінен бас тартты да, Үндістанның тәуелсіздікке қолы жетті.

Іске кірісеміз!” рөлдік ойыны



Мақсат:

Бұл рөлдік ойын балаларды нақты жағдайда өз құқықтарын пайдалануға үндейді.

Игеру үшін басты мәселелер:

  • Адам құқықтарының бұзылуы күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады және әр адам оған қарсы тұра алады.

Сізге не қажет:

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы (163-бет). (4-5 адамға бір данадан болса жетеді, мәтінін қолдан көшіріп алуға да болады).

  • Рөлдік ойындар жөніндегі ұсыныстар 24-бетте.

  • Рөлдік ойындар үшін жағдайлар 155-бетте.

Уақыты: 1,5 сағат

Тапсырма қалай орындалады:

  • Сыныпты 3-4 адамнан тұратын шағын топқа бөліңіз. 1 -ші рөлдік ойынды оқыңыз да, балалардан Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасынан осыған қатысты бабын анықтауын сүраңыз. Төменде кейбір сәйкес келер жауаптар берілген, бірақ бүл дәл болмауы да мүмкін. Бүған 5-10 минут бөліңіз.

  • Мұны 2 және 3-ші рөлдік ойындар үшін де қайталаңыз.

  1. ші рөлдік ойындарға мына баптар жатады:

  2. бап, 6 және 7-баптар, 13-бап.

  1. ші рөлдік ойындарға мына баптар жатады:

  1. бап және 23-бап.

  1. ші рөлдік ойындарға мына баптар жатады:

19 және 20-баптар, 24-бап.

  • Енді сыныпты үш топқа бөліңіз де, әрбір топқа бір жағдайдан беріңіз. Әрбір топ өз жағдайы бойынша ойын үйымдастырсын. Олар рөлдерді бөліп, қалай аяқталуын ойластыруды қажет (рөлдік ойындар жөнінде егжей- тегжейлі үсыныстар берілген 24-бетті қараңыз).

  • Әрбір топтың кезек-кезегімен өз қоиылымын бүкіл сынып алдында ойнауын сүраңыз. Әрбір орындаудан кейін орындаушылардан жағдай туралы не ойлайтынын сұрап, сонан соң бүкіл сыныптан аяқталуының басқа да мүмкіндіктері туралы ойлануды өтініңіз. Олардан мүндай жағдайда алған адамдардың өз қүқықтары бүзылуына жол бермейтін шешімдерді табуды сүраңыз.

Жүмыстың басқа нүсқалары:

  • Егер сынып бөлмесі шағын болса немесе уақыт мүмкіндік бермесе, бірнеше оқушы бір рөлдік ойынды бүкіл сынып алдында ойнауына болады.

Рөлдік ойындар:

Бірінші: Ида көрші елде түратын адамға түрмысқа шыққан қызымен кездесуі үшін шекарадан өткісі келеді. Шекарашылар оның өтуіне рүқсат етпейді. Олар өз елдеріндегі мейманханаларға ақша телеу үшін оның тым кедей екенін айтады.

Екінші: Иван машина жуатын жерде жүмыс істейді. Қыста ол мүздың қырына қолын жаралап алған. Қожайыны оған қолғап сатып алуға тиым салады, себебі ол тым қымбат екенін айтады. Иванның өзінде оны сатып ала қоятындай ақша да жоқ. Ол өз кәсіподағынан өзіне көмектесуді сүрайды. Қожайыны мүны білгеннен кейін Иван жүмысынан айрылады.

Үшінші: Қаланың соңғы саябағын көліктер үшін гаражға айналдырмақшы болды. Бүл ауданның он адамы саябақта бейбіт шеруге шығып, бүл орын демалыс үшін және олардың балаларының ойнауы үшін қажеттігін айтады. Полиция келіп, шеру өткізуге рүқсат етілмейтінін және олардың тарауы керектігін айтады. Шерушілер тарамай, жерге отырып алады. Полиция оларды күшпен таратып, шеруге қатысушылардың біразын жарақаттайды.

У-БӨЛІМ:

Адам

қүқықтары жөніндегі

қүжаттар

Бұл бөлімнің мазмұны:



  • Адам құЧйктарын.ыіч ^алШй',

декларвцияеы л'-’ ^&'}--*) г ?*іЛ. ,.іҒ.

: й*\‘»

  • Адам құқиқтаруның жэлпыға бірдей д/аищт#асының клсқарзътған нұскасы

.-К;, и

  • Баяалар қуқығы туралы Котеоддоянын

Біз қүжаттардың қысқаша мазмунын қағазға жазып, сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қойдық - олар, шын мәнінде, әр сабақтың қалқасы болды!”

Хорватиялық мектеп инспекторы

156
12-4391

Адам қүқықтарының жалпыға бірдей



декларациясы

1948 жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында қабылданып Бас Ассамблеяның 217 (III) қарарымен жария етілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам қүқыкгарының жалпыға бірдей декларациясын, 1948 жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында қабылдады, төменде оның толық нүсқасы беріледі. Осы тарихи актінің ізінше Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Үйымының барлық мүше-мемлекеттері ратификациялап, декларациясының мәтінін жариялады, “елдердің саяси мәртебелері мен шекаралық айырмашылықтарына қарамастан оны негізінен мектептер мен басқа да оқу орындарында зерделеп, оқып, кеңінен таратуды қамтамасыз етуге шақырды”.

Преамбула

Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынын назарға ала отырып,

адам қүқықтарына деген елемеушілік, менсінбеушілік адам баласы арының зығырданын қайнататын тағылық жағдайға әкеліп соғатынына және дүние жүзі адамдары сөз бен наным-сенім бостандықтарына ие болып, үрей мен мүқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру - адам баласының жоғары мәртебелі үмтылысы ретінде жарияланғанын назарға ала отырып,

адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мәжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін адам қүқықтары заң билігімен қорғалуы керек екенін назарға ала отырып,

халықтар арасында достық қарым-қатынастың дамуына жәрдемдесу керек екенін назарға ала отырып,

Біріккен Ұлттар елдері өз Жарғысында адамның негізгі құқықтарына, жеке адам басының қадір-қасиеті мен қәндылығына және ер азаматтар мен әйелдердің теңдігіне сенімдерін растап, әлеуметтік прогресс пен адамға ылайық өмір сүру деңгейін нақтыланған бостандықтардан тыс, кең ауқымды бостандықтарда арттыруға жәрдемдесу керек деген шешімге келгендерін назарға ала отырып,

мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтаса отырып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жаппыға бірдей қүрметтеліп сақталуына ықпал жасауға міндеттенгендерін назарға ала отырып,

бұл міндеттемелерді толыққанды жүзеге асыру жолында осы қүқықтар мен бостандықтардың мән-мағынасы мен ерекшеліктерін ұғынып түсінудің маңызы зор екендігін назарға ала отырып,

Бас Ассамблея,

Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясын бүкіл хапықтар мен мемлекеттердің үмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы Декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы қүқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап.үлттық халықарапық шаралар арқылы үйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың қүзырына қарасты территориялардың хапықтары арасында да, жаппыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр.

  1. БАП. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен қүқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

  2. БАП. Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік- топтық немесе басқа да жағдайларға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық қүқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс. Сонымен қатар ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территориясының саяси, қүқықтық немесе халықарапық мәртебесінің негізі бойынша және де ол территория тәуелсіз, әлде біреудің қарамағында, әлде өзін-өзі басқарушы емес, немесе оның егемендігі әртүрлі нысанда шектеулі болған күннің өзінде де, алапанбауы тиіс.

  3. БАП. Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және өзінің жеке басына қол сүғылмауына қүқылы.

  4. БАП. Ешкім де қүлдықта немесе кіріптарлықта ұстапуы тиіс емес. Қүлдық пен қүл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.

  5. БАП. Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазапануға тиіс емес.

  6. БАП. Әр адам қай жерде жүрсе де, қүқық субъектісі болып танылуға қүқылы.

  7. БАП. Заң алдында жүрттың бәрі де тең және де алаланбай, бірдей тең қорғалуға қүқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бүзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға қүқылы.

  8. БАП. Әр адам, конституциямен немесе заңмен берілген негізгі қүқықтары бүзылған жағдайда, қүқығын қүзіретті сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге қүқылы.

  9. БАП. Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда үсталуға немесе қуғынға үшыратылуға тиіс емес.

  10. БАП. Әр адамның, өзінің қүқықтары мен міндеттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық айыпталудың негізін белгілеу үшін, ісі толық теңдік негізінде әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына қүқығы бар.

  11. БАП.

  1. Қылмыс жасалды деп айыпталған әр адам қорғану қүқығы қамтамасыздандырылып, заңды жолмен және ашық соттың істі қарауы оның кінәсін толық анықтағанға дейін, кінәсіз деп есептелуге қүқығы бар.

  2. Ешкім де әрекеті немесе әрекетсіздгі негізінде жасаған қылмысы үшін, егер олар үлттық заңдар немесе халықаргілық қүқық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмайды. Сонымен қатар қылмыс үшін берілген жаза, қылмыс жасалған кезде заңмен көзделген жазадан ауыр болмауға тиіс.

  1. БАП. Әр адам жеке өзінің және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-апысу қүпиясына қол сүғуынан, ар-намысы мен абырой-беделіне нүқсан келтіруінен қорғалуға қүқығы бар.

  2. БАП.

  1. Әр адамның әр мемлекеттің ішінде жүріп-түруына және өз қалауынша түратын мекен-жайды таңдауына қүқығы бар.

  2. Әр адам кез-келген елден соның ішінде өзінің туған елінен, басқа елге қоныс аударуына және өз еліне қайтып оралуына қүқылы.

  1. БАП.

  1. Әр адамның қуғынға үшыраған жағдайда, басқа елдерден баспана іздеп және сол баспананы пайдалануға қүқығы бар.

  2. Бүл қүқық шын мәнінде саяси емес қылмыстың негізінде немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидапарына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді.

  1. БАП.

  1. Әр адамның азаматтыққа қүқығы бар.

  2. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту қүқығынан еріксіз айыруға болмайды.

  1. БАП.

  1. Кәмелеттік жасқа толған ер-азаматтар мен әйелдер өздерінің нәсіліне, дініне қарамастан некеге түрып, отбасын қүруға қүқылы. Олар некеге түрған, некеде болған және некені бүзған кезде бірдей қүқықтарды пайдапанады.

  2. Неке, тек екі жақтың өзара еркін және толық келісімі бойынша ғана қиылады.

  3. Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.

  1. БАП.

  1. Әр адамның дүние мүлікті жеке өзі немесе басқалармен бірлесіп иемденуге қүқығы бар.

  2. Ешкім де өз мүлкінен еріксіз айрылмауға тиіс.

  1. БАП. Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына қүқығы бар; бұл қүқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін наным- сенімін жеке өзі немесе басқа адамдармен бірігіп түтып, жария түрде немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды.

  2. БАП. Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруге қүқылы; бүл қүқық өз наным-сенімін кедергісіз үстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген қүралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды.

  3. БАП.

  1. Әр адамның бейбіт жиналыстар мен ассоциацияларды құру бостандығына қүқығы бар.

  2. Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға зорлықпен кіргізуге болмайды.

  1. БАП.

  1. Әр адамның, ез елін басқаруына тікелей өзі немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға қүқығы бар.

  2. Әр адам өз елінде мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуге құқылы.

  3. Халықтың еркі үкімет билігінің негізі болуы тиіс; бүл ерік мерзімді және бүрмаланбаған сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сайлау жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен немесе сайлау бостандығын қамтамасыз ететін, осы мәндес, басқа әдістер арқылы өткізілуі тиіс.

  1. БАП. Әр адамның, қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына және оның қадір-қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша қүқықтары әрбір мемлекеттің қүрылымы мен ресурстарына сай, ұлттық ықпал және халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылуына қүқығы бар.

  2. БАП.

  1. Әр адамның еңбек етуге, жүмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жүмыссыздықтан қорғалуына қүқығы бар.

  2. Әр адам қүндылығы тең еңбегі үшін, қандай да бір қанаусыз, теңеңбекақы алуға қүқылы.

  3. Жүмыс істеп жүрген әр адам өзінің және отбасының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететіндей әділ және қанағаттанарлық, және қажет болған кезде басқа әлеуметтік қамсыздандыру қүралдары арқылы толықтырылып отыратын сый-сияпатқа қүқылы.

  4. Әр адам кәсіподақтарын қүруға және өз мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтарына кіруге қүқылы.

  1. БАП. Әр адам тынығуға және бос уақытын өткізуге, оның ішінде ақылға оңтайлы жүмыс күніне және ақылы демалысқа қүқылы.

  2. БАП.

  1. Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын, өмір сүру деңгейіне қүқылы және де жүмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шағында немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айрылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына қүқылы.

  2. Ана және нәрестелі болу жағдайы айрықша қамқорлық пен көмек алуға қүқық береді. Балалардың бәрі, некелі немесе некесіз туған, бірдей әлеуметтік қорғауды пайдаланады.

  1. БАП.

  1. Әр адамның білім алуға қүқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.

  2. Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және қүқықтары мен негізгі бостандықтарына деген қүрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық үлттар, нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы жүмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс.

  3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдау қүқығы басымды.

  1. БАП.

  1. Әр адам қоғамның мәдени өміріне еркін қатысуға, өнерді тамашалауға, ғылыми прогреске ат салысуға, әрі оның игілігін пайдалануға құқылы.

  2. Әр адам өзі автор болып табылатын ғылыми еңбегінің, әдеби немесе керкем шығармаларының нәтижесінде туындайтын рухани және материалдық мүдделерінің қорғалуына қүқылы.

  1. БАП. Әр адам осы декларацияда баянды етілген қүқықтар мен бостандықтарды толық жүзеге асыра алатын әлеуметтік және халықаралық тәртіпке қүқылы.

  2. БАП.

  1. Әр адамның, адам баласының еркін және толық кемелденуіне мүмкіншілік беретін қоғам алдында міндеттері бар.

  2. Өзінің қүқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және қүрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана демократиялық қоғамдағы моральдық, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс.

  3. Осы бостандықтар мен қүқықтардың жүзеге асырылуы Біріккен Ұлтар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмеуі тиіс.

  1. БАП. Осы Декларациядағы ешбір қағида қайсыбір мемлекетке, адамдар тобына немесе жеке адамдарға аталмыш Декларацияда баянды етілген қүқықтар мен бостандықтарды жоятын қызметпен айналысу немесе іс-әрекет жасау қүқығын береді деп пайымдалуы тиіс емес.

Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қысқартылған нүсқасы

Каталог: uploads -> doc -> 11f9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f9 -> Сабақ жоспары : Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
11f9 -> Сабақтың мақсаты: Б. м. А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларынан оқушыларға мағлұмат беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет