Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә


§ 146. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ



бет16/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 146. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.
§ 147. ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қ а й т с е? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей?қайтпейінше?не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді.

Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) етістіктің шартты рай түрінен болады. Осыңдай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, ол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кетер едік (Ғ. Мүсірепов).

151
ә) болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Өткен мәдениеттегі өміршең атаульшың барлығын бойға д а р ы т ы п алмай, жарқын жаңа мәдениет жасау мүмкін емес. (Ә. Кекілбаев).

б) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов).
§ 148. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.

Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).

ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).


§ 149. МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Мезгіл баяғыныңқылы сөйлем қ а ш а н? қашаннан бері?қашанға шейін? деген сүрақтарға жа-

уап береді.

Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай

тұлғалардан жасалады:

а) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты (Ғ. Мүсірепов).

ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесуінен болады: Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі (Ғ. Мүсірепов).

б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін және кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады: Сейіттің әке-шешесі даланың бір айналсоқ қырғыны обадан өлгеннен кейін, Игілік — қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қолына алдырған (Ғ. Мүсірепов).

в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Ол жұрт кейін мекенге қайтып, малын сұрағанша, қолдан-жолдан қосылған жеті мың жылқы таңбаланып та қалған еді (Ғ. Мүсірепов).



152
г) көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасыннан болады: Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. (М. Әуезов).

з) етістіктің шартты райынан да болады: Осындай қарбалас күңдердің бірінде Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. (С.Бәкіров)

е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады (М. Әуезов).
§ 150. ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады. (Ә. Тауасаров).

ә) болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады: Мотор үні өшті демесең, екпіні басылмаған винт ақырьйі ғана айналып тұр (Ә. Әлімжанов).

б) көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын (3. Қабдолов).

в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).

г) көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады: Патша қатесін мойнына алып кешірім сұрағанын біле тұрып, Рүстем батыр қаһарлы райынан қайтпады (М. Қаратаев).

ғ) шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: Алексей Мересьев аяқтары үсігеніне немесе мылжаланғанына қарамастан, орман мен балшықты аралап күндіз-түні еңбектеді (Б. Полевой).


§ 151. СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

153
Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов).

ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады ("Қазақ әдебиеті").

б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой).


§ 152. МАҚСАТ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастық түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз. Мақсат бағыныңқылы сөйлем не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? н е г е? деген сұрақтарға жауап береді.

Мақсат бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) етістік пен б о - л ы п көмекші етістіктің тіркесінен болады: Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақболып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).

ә) тұйық етістік пен ү ш і н шылауының тіркесінен болады: Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге аркалықтар тегіс тиіп тұру керек (Мұстафин).

б) шартты, бүйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады: Сол шаңқыл тына қалар ма екен деп, Көпей самауырды есік алдына қайта шығарды (Ғ. Мүсірепов).
§ 154. КӨП БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамында екі я одан да көп бағыныңқылы сөйлем бар сабақтасты көп бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаласта бір ғана басыңқы болады да, бірнеше (екі я одан да көп) бағыныңқылы сөйлем болады. Бағыныңқы сөйлемдердің өзін бағынған сөйлеммен байланысу ерекшелігіне қарай жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп екіге бөлеміз.



Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы: Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. (М. Әуезов) деген құрмалас үш жай сөйлемнен құрылған. Бірінші бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлеммен

154
қарсылықты мәнде тікелей байланысқан, сондықтан бұл құрмаласты екі ғаңа жай сөйлеммен (бағыныңқы-басыңқы) құрауға әбден болады: уайым ойламаса да, Абай тамақ іше алмады. Екінші бағыныңкы сөйлем де басыңқымен себеп мәнде тікелей байланысып тұр: қаланың ыстық шағында тұншығып бұлыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмайды. Сөйтіп, бұл бағыныңкылар әр түрлі мағыналық қарым-қатынаста басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Оны схемамен былай көрсетуге болады.

Бағыныңқы сөйлемдер басыңқымен тікелей байланыспай, өз ара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтаста жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастағы сияқты бағыныңқы сөйлемнің бірін түсіріп айтуға болмайды. Өйткенде сөйлем арасындағы мағыналық қарым-қатынас бұзылып, өз ара байланыс үзіліп, құрмалас сөйлемдік касиеттен айрылады. Мысалы, Екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап, үйінде отырды. (М. Балақаев) деген құрмалас төрт сөйлемнен тұрады. Бірінші бағыныңқы сөйлем екінші бағыныңқымен ғана байланысқан, тікелей басыңқымен байланыспайды: екі-үш жыл кісіге жалданып, үйінде отырды деуге болмайды, екі-үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң... деп қана айтуга болмайды. Сондай-ақ екінші бағыныңқы үшінші бағыныңқы сөйлеммен байланысқан: інісі ер жеткен соң, жалдануды тастап... Енді осыдан кейін ғана үшінші бағыныңқы басыңқы сөйлеммен байланысқан: жалдануды тастап, үйінде отырды. Сөйтіп, оны схемамен былай көрсетуге болады:



§ 154. АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Демек, аралас кұрмаластың құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады да, оның біреуі бағыныңқы, оның баяндауышы тиянақсыз болып, қалған екеуінің баяңдауышы тиянақты болады. Сонда жай сөйлемдердін өз ара байланысы бағыныңқы — басыңқы — басыңқы (схемасы:--------------------) немесе басыңқы — бағыныңқы — басыңқы (схемасы:------ —--------)

болуы мүмкін. Сөйтіп, бағыныңқы сөйлем аралас құрмаластың құрамыңда сөйлемнің басында да, сөйлемнің ортасында да қолданыла береді. Аралас кұрмалас кейде үш қана жай сөйлемнен емес, одан да көп жай сөйлемнен құралуы мүмкін. Ондайда бір я екі сөйлем бағыныңқы болады да, екі я үш сөйлем басыңқы болады. Аралас



155
құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-катынастары, байланысу тәсілдері сабақтас құрмалас пен салалас құрмаластың құрамындагы жай сөйлемдердей болып келеді: бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдер арасындағы байланыс сабақтас та, басыңқы мен бағыныңқы, басыңкы мен басыңқы сөйлемдердің арасындағы байланыс салалас болып келеді. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап-сықтап жалынып еді,Михаил оған жұдырығын түйді (М. Горький) деген құрмаластың бірінші сөйлемі — бағыныңқы, баяндауышы есімше тұлғалы етістік пен соң септеулік шылауының тіркесінен болып, екінші сөйлеммен мезгілдік қатынаста байланысқан. Екінші сөйлем — басыңқы, баяндауышы тиянақты (жалынып еді), үшінші сөйлеммен — салаласа, қарсылықты мәнде жалғаулықсыз байланысқан.Схемасы: мезгіл бағыныңқылы сабақтас қарсылықты салалас:


Қабен болса жөнді білмейді,— білгісі келеді, ал Тайман білгенін ашып айтпайды, Қабен сұрай бастаса-ақ табанына тікен қадалғандай безек кағады (3. Қабдолов) деген құрмаласта бес жай сөйлем бар. Бірінші және екінші жай сөйлемдер қарсылықты мәнде жалғаулықсыз, салаласа байланысқан, 1-сөйлемнің баяндауышы тиянақты; екінші және үшінші сөйлемдер де қарсылықты мәнде ал деген жалғаулық мәндегі сөз арқыльг салаласа байланысқан, 2-сөйлемнің баяндауышы да тиянакты; үшінші және төртінші жай сөйлемдер ыңғайластық мәнде іргелесе байланысқан, 3-сөйлемнің баяндауышы да тиянақты, тертінші және бесінші жай сөйлемдер шартты мәнде сабақтаса байланысқан, төртінші бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты райынан болған, 5-сөйлем басынқы. Схемасы:

Аралас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай сабақтас құрмаластың және салалас құрмаластың ішіндегі жай сөйлемдер-дің арасына қойылатын тыныс белгілері қойылады.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2. Құрмаластың сабақтас болуының белгісі қандай? 3. Сабақтастын құрамындағы

156
жай сөйлемдер қандай тәсілдермен құрмаласады? 4. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдерді не себепті бағыныңқы және басыңқы деп бөлеміз? 5. Бағыныңқы сөйлемнің бастауышы мен баяндауышы арасында қандай байланыс болады? 6. Сабақтас құрмаластың қандай түрлері бар? 7. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қандай тұлғадан жасалады? 8. Шартты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 9. Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қандай тұлғалардан жасалады? 10. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 11. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қалай жасалады? 12. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

13. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қалай жасалады?

14. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 15. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяңдауышы кандай тұлғалардан жасалады? 16. Себеп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не және оның баяндауышы қалай жасалады? 17. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дегеніміз не және оның баяндауышы қалай жасалады? 18. Көп багыныңқылы құрмалас дегеніміз не? 19. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 20. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 21. Аралас құрмалас дегеніміз не? 22. Аралас құрмаластың салалас пен сабақтастан айырмашылығы қандай? 23. Араластың құрамында қанша жай сөйлем болады? 24. Араластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады? 25. Араластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгілері қойылады?


ТӨЛ СӨЗ БЕН ТӨЛЕУ СӨЗ.
§ 155. ТӨЛ СӨЗ БЕН ТӨЛЕУ СӨЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Кейде сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің де сөзін, айтқан ойын келтіріп отырады. Сөйтіп, бір сөйлемнің ішінде екі адамның сөзі, пікірі, ойы қолданылады. Мысалы: Жұман көштің алдына түсіп алып: "қайтсем Игіліктің жанына қаттырақ батырар екенмін",деп келе жатыр еді (Ғ. Мүсірепов). Бұл мысалда қайтсем Игіліктің жанына қаттырақ батырар екенмін" деген Жұманың сөзі өзгерілместен сөйлемнің ішіне енген. Міне, осындай біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілуін төл сөз дейміз. Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап беруін т ө л е у с ө з дейміз. Жоғарыдағы сөйлемді былай да құруға болады: Жұман көштің алдына түсіп алып, қайтсе Игіліктің жанына қаттырақ батыруды айтып келе жатыр еді. Бұнда Жұманның сөзі өз аузынан шыққан қалпындай беріліп тұрған жоқ. Мысалы: Амандық-саулық сұрасқаннан кейін, комиссар Мухамедияров менің, осы ротага политрук болып тағайындалғанымды айтты. (Ғ. Мүсірепов) деген комиссар Мүхамедияровтың сөзі сол күйінде емес, сөйлем ішінде мазмұны сақталып берілген.

157
Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.
§ 156. ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ.
Төл сөзді де, төлеу сөзді жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз. Жоғарыдағы мысалдарда: Жұман көптің алдына түсіп алып... деп келе жатыр еді және Амандық-саулық сұрасқаннан кейін, комиссар Мүхамедияров... айтты дегендер автор сөзі болады. Сөйтіп, автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап белгілеп тұрады. Төл сөз бен автор сөзі айтылуда белгілі дауыс ырғағы арқылы, жазылуда тыныс белгілер арқылы ажыратылады да, төлеу сөз бен автор сөзі олай ажыратылмай, тұтас бір сөйлем құрамында жұмсалады. Төл сөз бен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын де (д е д і, д е п, д е й д і, д е г е н, д е г е н д е й) көмекші етістігі арқылы байланысады.
§ 157. ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІНІҢ ОРЫН ТӘРТІБІ.
Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібі төрт түрлі болады:

1. Төл сөз автор созінен бұрын тұрады. Мысалы: "Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой,— деп Жамал даусын солғындау шығарады. (Ғ. Мұстафин).

2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрады. Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: "Ұят болды. Өзім де өкіндім". (М. Әуезов).

3. Төл сөз автор сөзінің ортасында тұрады. Мысалы: Келді де: "Абай шырағым, сені әкең шақырып жатыр",деді. (М. Әуезов).

4. Төл сөз автор сөзінің екі жағында тұрып, автор сөзі төл сөздің ортасына орналасады: "Өз өлеңім емес,деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ еткендей боп,бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі”. (М. Әуезов).

Кейде төл сөз бен автор сөзінің көп құрамды күрделі түрі де кездсседі. Ол сабырлы, момын пішінмен: “Шүкірлік, әке,деп біраз тұрды да: Ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатихасын алып қайттым",деді. (М. Әуезов). Төл сөз бен автор сөзі бір-бірінен арнаулы тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төл сөз әдетте тырнақшаға алынады да, төл сөз хабарлы сөйлем болса, үтір (сөйлем бітсе нүкте), лепті сөйлем болса, леп белгісі, сұраулы сөйлем болса, сұрау белгісі қойылады. Төл сөздің алдында тұрған автор сөзінсн кейін қос нүкте қойылады да, төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан сызықша койылады. Оны схемамен былай көрсетуге болады:

1. |"төл сөз",|автор сөзі. 2. автор сөзі: | "төл сөз".|

3. автор сөзі: |"төл сөз",|—автор сөзі.



158
4.| "төл сөз",|автор сөзі,| "төл сөз".| Кейде төл сөз тырнақшаға алынбай, төл сөз сызықшамен басталып жазылады. Схемасы былай:

автор сөзі: — |төл сөз|— автор сөзі — | төл сөз І — автор сөзі.
§ 158. ДИАЛОГ.
Көркем әдебиетте екі я одан да көп адамдардың тікелей бір-бірімен сөйлескен сөзі беріледі. Ондай екі кісінің бір-бірімен тікелей сөйлескен сөзін д и а л о г дейміз.

Диалогта әрбір кісінің сөзінің алдынан сызықша қойылып, жаңа жолдан бастап жазылады.

Баймақан итті елеместен сөйлеп тұр:

— Жолдас Ахмет Борантаев, сіз әскерде болдыңыз ба?

— Жоқ.

— Мичуринді де оқыған жоқсыз ба?



— Оқымасам да, хабарым бар. (Ғ. Мұстафин).
§ 159. ТӨЛЕУ СӨЗ.
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, мазмұнын ғана сақтап беруді төлеу сөз дейміз. Ондайда басқа біреудің сөзі автор сөзімен тұтасып айтылады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып қолдануға да болады:

Абай бұған күлді де: "Шыңғыс деген белгілі хан аты ғой",— деді (М. Әуезов) деген сөйлемді төлеу сөзге айналдырсақ, былай болар еді: Абай бұған күлді де, Шыңғыс деген белгілі хан аты екенін айтты.

Төл сөз төлеу сөзге айналғанда, мынадай өзгерістер болады:

1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүшелердің біріне айналып кетеді. Мысалы: "Биік мансап — биік жартас",— дейді Абай. Мансап — бастауыш. Төлеу сөзге айналдырайық: Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтады.

2. Төл сөздің автор сөзімен байланысы үшін, тексте жоқ болса да, төлеу сөзде айтты, хабарлады, бұйырды, өтінді, сұрады сияқты етістіктер қажет болып отырады.

Төл сөз Төлеу сөз

Ол менен: Ол менен қайда баратынымды

— Сен кайда барасың?— (қайда баратыным жөнінде) сұрады.

деп сұрады:

Асан: Асан әкесінің көп жылдардан

— Әкем көп жылдан бері бері колхоздың жылқысын

колхоздың жылқысын бағатынын айтты.

бағады,— деді (С. Бақ.).

3. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш қызметіндегі сөз немесе сөздер тобы төлеу сөзге айналғанда, толықтауыш, бастауыш,

159
сиякты сөйлемнің басқа мүшелеріне айналып кетеді. Мысалы: "Жұмысқа күнде кешікпей келуге міңдеттісіңдер",— деді бригадир. (Міндеттісіңдер — баяндауыш). Төлеу сөз: Бригадир біздің жұмысқа күнде кешікпей келуге міндетті екендігіміз туралы айтты. — Колхозшылардың жалпы жиналысы болады,— деді Рамазан (Н. Ғабділлин). Төлеу сөз: Рамазан колхозшылардың жалпы жиналысы болатындығын айтты.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Төл сөз деген не? 2. Төлеу сөз деген не? 3. Автор сөзі деген не? 4. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі қандай? 5. Диалог деген не? 6. Төл сөзді қалай төлеу сөзге айналдыруға болады?
СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ.
§ 160. ӘДЕБИ ТІЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Әдеби тіл деп орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшелген, сұрыпталған сымбатталған жүйелі түрін айтамыз. Сөйтіп, әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің бір түрі. Бірақ оның өзіне тән белгілері мен сипаттары бар. Ол, ең алдымен, орныққан, тұракды нормаларынын, болуы. Егер ондай нормалары болмаса, әркім, өз бетінше сөйлей берсе, жұрт бірін-бірі түсініп болмас еді. Бұл — бір. Екіншіден, ол нормалар сол әдеби тіл қызмет етіп отырған халық өкілдерінің бәріне ортақ, түсінікті болу керек. Халыққа түсініксіз, жат тіл оған қызмет те ете алмайды. Үшіншіден, әдеби тіл халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени тұрмысымен тығыз байланыста болып қызмет етеді, қоғамнан тыс тіл болмайды, халықтың қоғамдық ой-санасы, мәдени өресі, рухани байлығы, бір жағынан, әдеби тілінен көрініп отырса, екінші жағынан олардың өмір сүріп, сақталып, тарамдалып, дамуына әдеби тіл қызмет етеді. Төртіншіден, әдеби тіл — әр түрлі әдебиет жанрлары арқылы, халықтың талай ғасырлық сөйлеу тәжірибесі арқылы, сөз шеберлерінің творчестволық лабораториясынан өтуі арқылы екшеліп сұрыпталған, көрікті де көркем, икемді де сымбатты тіл. Сондықтан да оны жалпы халықтық тілдің ең жоғары түрі дейміз. Әдеби тіл халықтың коғамдық өмірінің бар саласында, саяси іс-әрекетінде, шаруашылық тұрмысында, мәдениет өндірісінде, әдеби-рухани өресінде қызмет етеді.

Қазіргі қазақ әдеби тілі — міне дәл осындай әдеби тіл. Өйткені қазақтың әдеби тілі — Қазақстан деген бір мемлекеттегі қазақ деген халықтың ұлттық тілі. Қазақ тілі — қазақ халқының өкілдері арасындағы қатынас құралы. Қазақ тіліндегі жазба



160

әдебиеттің сан түрі дүниеге келіп, өмір сүріп отыр. Ғылыми және техникалық әдебиеттер, оқу-педагогикалық әдебиеттер, публицистикалық әдебиеттер (газет-журналдар), көркем әдебиеттің неше түрлі жанрлары, ресми іс кағаздары (қаулы-қарарлар, заң жинактары т. б.) сиякты жазба әдебиеттің түрлері казақ тілінде дүниеге келіп өмір сүріп отыруы осының айғағы болып саналады. Қазақ тілінде ресми жиналыс, конференция, "мәжілістердің өтуі, радио, телевизор арқылы түрлі хабарлардың жүргізілуі, орта және жоғары мектептерде оку-тәрбие ісінің жүруі, ұлттық театрдың болуы — бәрі қазақ әдеби тілінің қоғамдык кызметі жан-жақты, әр алуан екенін көрсетеді.

Қазақ әдеби тілінің жазба түріне байланысты қалыптасқан орфографиялық нормасы да, сөйлеу түріне байланысты орфоэпиялық нормасы да бар. Оның үстіне дыбыстардың айтылу ерекшеліктері мен жасалу орны, жолына қарай, сөз мағынасының айтылу ерекшеліктері мен жасалу орны, жолына қарай, сөз мағынасының дамуы мен жаңа сөз жасау ерекшеліктеріне, грамматикалық құрылысының сипатына, сөздердің бір-бірімен байланысып, тіркесуіне қарай қалыптасқан нормалары тағы бар. Бұл сияқты орныққан, тұрақты нормалары сұрыпталып, жетіліп, дамып отырады. Сондықтан да әдеби тіл — жүйелі тіл.

Мысалы, XIX ғасырда болыс, старшын, төбе би, шар салу, құн төлеу сиякты сөздер мен сөз орамдары жиі қолданылған тілдік норма болса, казіргі кезде бұлар әдеби тілден шығып қалды, тек тарихи шығармаларда ғана қолданылады. Бұған керісінше депутат, оқулық, оқырман, аялдама, тоңазытқыш, оқу залы, дауыс беру, қамқорлыққа алу тәрізді сөздер мен сөз орамдары — кейінгі кезде туып қалыптасқан нормалар.


§ 161. ӘДЕБИ ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ.
Әдеби тіл белгілі коғамда өмір сүреді де, екі түрлі қызмет атқарады. Әдеби тілдің ең бірінші, басты қызметі — белгілі қоғамдағы адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз, өзіміздің ойымызды жеткіземіз, тілегімізді білдіреміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Бұны әдеби тілдің коммуникативтік (ағылшынның мәнді хабар білдіру деген сөзі) қызметі деп атайды.

Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны окушыға жеткізіп қана коймай, оқушының сезіміне әсер етуге де болады. Оқушы белгілі бір шығарманы оқуы арқылы белгілі бір оқиғаны біліп қана коймай, оған қатты қуанып, шаттануы да, немесе күйініп, күйзеліске түсуі де мүмкін. Міне, окушы сезіміне әдеби тілдің екінші қызметі, экспрессивтік-эстетикалык, (ағылшынның мәнерлі, сәнді және гректің сезіну, сезімтал деген сөздері) қызметі, арқылы түрліше әсер етіледі. Ол әсіресе көркем шығарманың тілінен анық көрінеді.



161
Мысалы, М. Әуезов жасаған Құнанбай портретінен мына үзіндіні "Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі оның көтеріңкі жал тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді калт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші" немесе Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлкесіндегі" Жұманның "Қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай" түрін ешбір әсерсіз түсіну мүмкін бе? Құнанбай портретінен келешек қиянаттың қаһары көрініп, зорлық-зомбылықтың зардабы есіп тұрғандай... Ұнамсыз кейіпкер Жұманның мына келбеті оқушыны одан сайын безіндіре түспей ме?! Тағы бір мысал. С. Торайғыровтың "Бір үйде жиюлы екен қазына мал" деп басталатын әйгілі "Бір адамға" өлеңін оқып керейік, небәрі 24 жолдан тұрады. Сырт қарағанда жай ғана нәрселер сияқты: жиюлы қазына мал, оқалы шен-шекпен, бұлды түйме, сылдырлақ, теңгелер, күміс кесе, алтын аяқ. Ақсақал шал "ата-бабамыздың еңбегі" деп бұйымдарды шаттана көрсетеді. Ең соңында "Кесені айналдырып қарай бердім, ішінде нахақ көзден жас бар ма деп",— деген жолдарды сабырлы қалыпта түршікпей оқу мүмкін бе? Өйткені бұл дүниелер сорлы момындардың сорын қайнатып, қанын сорып, аяусыз қанауынан жиналған екені белгілі болды.
§ 162. ӘДЕБИ ТІЛДІҢ СТИЛЬДІК ТАРМАҚТАРЫ.
Әдеби тілде өзінің атқаратын қызметіне, айтылатын ойдың мақсатына қарай әр түрлі тілдік кұралдар, сөздер мен тілдік үлгілер сұрыпталып қолданылып отырады. Жекелеген сөздер болсын, әр түрлі грамматикалық тұлгалар арқылы бір-бірімен байланысып қалыптасқан сөз тізбектері, т. б. тілдік единицалар сөйлемде қолданылғанда өздерінің негізгі мән-мағыналарынан басқа ойдың айтылу мақсатына, айтушының ойға деген көзқарасына, тыңдаушысына әсер ету талабына сай да қосымша мәндерді білдіріп тұрады. Мысалы, жоғарыда келтірілген М. Ә. Әуезовтің "Абай жолы", Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке" романдарынан алынған үзінділерге тағы бір назар аударайық. "Құнанбайдың жалғыз сау көзі оның көтеріңкі жал тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады" дегенде, ең алдымен, Құнанбайдың портреті берілген. Бірақ бұл портрет жалаң сипатталып тұрған жоқ. Құнанбайдың бет пішінінің өзінен ызғар есіп, каталдық пен қиянатшылдық нышаны көрініп тұр. Әңгіме Құнанбайдың жалғыз көзді екенін ғана көрсету емес, әңгіме сол жалғыз көздің басқаның екі көзінен да артық қызмет ететінін, өткір екенін, ештеңені қалт жібермейтінін, оның қулығы мен зұлымдығына, каталдығы мен зомбылығына жалғасатынын көрсету болып отыр. Құр "Құнанбай жалғыз көзді еді" десе, одан бұндай мән тумайды да, бұндай әсер алынбайды. Немесе "Жұман көсе еді" десе, оның сақалы болмағанын ұғамыз. Ал Жұманның "қаска иегінен тағалы ат тайып

162
жығылғандай" дегенде ол ұғым әсем де әсерлі, образды беріліп отыр. Бұл жолдарды езу тартпай оқу мүмкін емес.

Тілдің көркемдегіш, бейнелегіш, мәнерлі, әсерлі мән беретін құралдарын зерттейтін тіл білімінің саласын стилистика дейді. Ол гректің stylos жазу құралы деген мағынаны білдіретін сөзінен қалыптасқан. Осыған байланысты стиль деген термин қолданылады. Стиль көркемдеп сөйлеудің, ойды айтылу мақсатына қарай мәнерлі, әсерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы, тілдік единицалардың (дыбыстардың грамматикалық тұлғалардың, сөздердің, сөздер тіркесі мен сөйлемдердің) қалыптасқан жүйесі деген ұғымды білдіреді.

Әдеби тілдің, әсіресе оның жазба түрінің, жетілген шағында,

қоғамдық кызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі. Жазба

әдебиеттің әртүрлі жанрлары дамиды. Қазіргі кезде ғылымның әр

түрлі саласына байланысты ғылыми әдебиеттер, оқу-ағарту ісіне

байланысты оқу-педагогикалық әдебиеттер, техниканың дамуына

байланысты техникалық әдебиеттер, газет-журналдар, ресми іс

қағаздары, көркем әдебиеттің өз ішінде талай түрлі жанрлары

дамып отыр. Әдебиеттің әр түрлі жанрлық түрлерінің жеке-жеке

өмір сүріп, дамуына лайық ойдың айтылу мақсатына карай олар-

дың әрқайсысының өзіңдік тіл өрнектері қалыптаса бастайды.

Сөйтіп, әдеби тілдің стильдік тармақтары туып қалыптасады.

Қазіргі кезде әдеби тілдің мынандай стильдік тармақтары бар:

1) ресми іс қағаздар стилі; 2) публицистикалық стиль; 3) ғылыми стиль; 4) көркем әдебиет стилі.

Ғылыми әдебиеттерде стиль деген термин кейде жеке жазушының сөз саптау шеберлігі, сөз қолдану ерекшелігі, немесе тілдің жазбаша және ауызша түрі, не ой білдіру мақсатына лайық тілдің көркемдегіш құралдарын сұрыптап қолданылу ерекшеліктері деген сияқты түрлі ұғымдарды білдіріп те жұмсала береді.

Ресми іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері, кеңсе, ресми қағаздары жатады. Олар: өтініш, сенім хат, қол хат, хабарландыру, анықтама, мінездеме, жолдама, шақыру билеті, протокол, қатынас қағаздары, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, қаулы, қарар, шешім т. б. Ресми іс қағаздары қалыптасқан белгілі бір үлгі, форма бойынша жазылады. Оның бұрыннан жаттанды болған тұрақты қолданылатын сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады.

Публицистикалық стильге газет-журналдардың, ақпарат құралдарының тілі жатады. Публицистика деп саналатын қоғамдық-саяси әдебиет, газет-журналдар қазіргі кезде қоғамдағы саяси-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге ат салысатын күнделікті айбынды құралы болып саналады да, оның беттерінде еліміздің ішкі-сыртқы саясатына, қоғамдық құрылысына, экономикалык жағдайы мен дамуына, ғылыми-техникалық прогрестің ар-туына, мәдениетінің өркендеуі мен басқа да әлеуметтік істеріне байланысты актуальды мәселелер көтеріліп, талданады.

Ғылыми стильге ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми әдебиеттің лексикалық құрамының, әсіресе терминдік жағынан,



163
айырмашылықтарымен бірге онда грамматикалық тұлғалардың, сөз тіркестері мен сөйлем түрлерінің колданылуында өзіндік ерекшеліктер байқалып отырады. Онда сөздер өздерінің негізгі, тура мағынасында қолданылып, ауыс мағынада, образды мәнде жұмсалуы кездеспейді. Басты міндет белгілі бір тұжырымды, ойды, пікірді ғылыми дәлелді, нақтылы, түсінікті жеткізу болатындықтан, сол мақсатқа сай тілдік қүралдар таңдалып қолданылады. Баяндау мәнері, дәлелдеудін мәні, соған лайық сөз саптау ерекшеліктері әр ғылым саласындағы әдебиеттерге көбіне ортақ болып отырады. Көркем әдебиет стиліне көркем шығармалар жатады. Онда тіл ерекше экспрессивтік-эстетикалық қызмет атқарады. Оқушының сезіміне әсер ету үшін, ойды образды түрде жеткізу үшін көркем шығармада көбіне сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыс мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем әдебиет тілі — бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге әсер ететін тіл. Ұлы ақын оны "Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас" деп тегін анықтамаған.
§ 163. КӨРКЕМ СӨЗ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ.
Тіліміздегі мыңдаған сөздерден ойға лайық сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп, сөйлемді дұрыс құру оп-оңай іс емес. Оған ұкыптылық, сауаттылық қажет, үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді, көркем әдебиеттерді, тарихи және педагогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икем болады. Тартымды сөйлеуге, жазуға жаттығу үшін, әсіресе көркем әдебиетті көп оқу, үйрену қажет, оның басқа әдебиеттерден айырмашылығы көркем стилінде (көркем сөз). Көркем сөз дегеніміз — ауыспалы мағыналы түрлі сүреттеме бейнелеуіш сөздер (теңеу, суреттеу, эпитет, балама). Пейзаж, портрет, мінездеу, кейіптеу, диалог, монолог т. б. тілдік көркем құралдардың барлығы көркем әдебиетке тән, ғылыми әдебиеттерде олар болмайды. Көркем сөз — көркем суреттің, образ жасаудың сырлы бояуы, жазушының, акынның әсем шеберлігінің материалы.

Мысалы: Төнгенде қатерлі күн, қара тұман,

Аякқа шырмалғанда шұбар жылан,

Ту ұстап, тұлпар мініп ел қорғауга,

Азамат, азамат па аттанбаған?!— деген (А. Токмағ.)

өлең шумағындағы: қатерлі күн, қара тұман, шұбар жылан, ту ұстап, тұлпар мініптердің бәрі — көркем сөз.

Асау Терек долданып, буырқанып,

Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.

Арыстанның жалындай бұйра толқын.

Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып,—

деген Абай аудармасы — түгелімен көркем сөз.

164
Терек — өзеннің аты. Ол — тау өзені, Кавказ тауында. Әдетте асау деген анықтауыш үйретілмеген деген мағынада малға байланысты айтылады. Бұл жерде Абай "жүген, құрық тимеген" деген мағынаны таудан кұлап аққан өзенге балап, ол мәнді күшейте түсіп, "долданып, буырқанып",— деп, оның үстіне "тауды бұзып жол салған, тасты жарып"— деп, тау өзенінің күдіретті күшін, ешбір тоскауылға тоқтамай, оны бұзып өтетін дүлей күштің иесі екенін әсірелей суреттейді. Көз алдына осындай сурет елестейді. Енді сырт қарағанда таудан құлай аққан өзен мың бұралған айдаһарға ұқсап, оның қуалай аққан толқыны арыстанның жалындай бұйраланып кетеді. Қандай әдемі көрініс, әдемі сурет!
§ 164. ТЕКСТ.

Текст деп әдетте айтылатын ой-пікірдің, белгілі творчестволық жұмыстың, шығарманың не солардан үзіндінің кағазға түскен жазбаша түрін айтады. Текст өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, жалғасты ойлар жиналып келіп автордың белгілі бір пікірін, көзкарасын білдіреді. Демек, текст — жазба тілдің көрінісі. Жазба тіл көркем шығарма да болуы мүмкін, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін. Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым сала-сына, мысалы, биология, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, астрономия, техника т. б. байланысты.


§ 165. ТІЛДІҢ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ.
Тілімізде ойды әсерлі етіп, көркемдеп жеткізудің түрлі-түрлі тәсілі бар. Ойды тұжырымды, дәл, түсінікті әрі әсерлі, көркем түрде айта алу, жеткізу ең алдымен әдеби тілдегі қалыптасқан нормалардың негізінде сөйлемді дұрыс құра білумен, ондағы сөздердің мағыналық сәйкестіктерінің сақталып, орынды қолдана білуімен байланысты. Кейде сөйлемде сөздер өзінің әдеттегі мағынасынан бүтіндей басқа мағынада да жұмсала береді. Мысалы, С. Торайғыровтың "Бір адамға" деген өлеңінің соңғы жолында жұмсалған "нахақ көзден жас" тіркесіндегі жас сөзі тіпті де көзден ағатын жас емес, ол — кедей, жалшылардың ақысыз еңбегі, мандай тері, каналған еңбегі деген мағынаны біддіреді. Немесе мына мысалдағы жаман деген сөздің қолданысына назар аударайық: Үндемей түйіліп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп шіміркенген жоқ. Қайта теріс кергендей мойнын бұрып, Абайға қарап:— Одан да не күтсеңдер де, осы жаман қарадан күтсеңдерші — деді (М. Әуезов). Осындағы жаман деген сөз тіпті де жирену мәніндегі әдеттегі жаман мағынасын білдіріп тұрған жоқ керісінше жақсы көру, сүйсіну, еркелету мәнінде жұмсалып тұр. Жым-жырт жиынның ішінен алдынан сөйлеген — майысқақ Қаратаи (М.Әуезов). Сонымен, Боздақ бидің ойында үміт пен қауіп өріле есіп, биекең үмітпен ұйықтап, қауіппен оянып келіп еді (Ғ. М.) деген сөйлемдегі мына сөздерге назар аударайық.

165
Майысқақ сын есімі әдетте адамға қатысты қолданылмай, өзінің тура мағынасында жұмсалатын. Бұл жерде Қаратайдың характерін аша түсу үшін, оның табанды емес, уәдесінде тұра бермей, тайып кететін жан екенін дәл де нақтылы көрсетіп, майысқақ анықтауышы қолданылған. Екінші сөйлемде мағыналары карама-қайшы антоним сөздер антитеза болып қолданылып, ерекше әсер етерлік образды ой білдіріп тұр: үміт пен қауіп және олардың өріле есілуі, үмітпен ұйықтау және қауіппен ояну.

Әсерлі, әсем әрі көрікті, образды ой тілдің сүреттеме және көркемдегіш құралдары арқылы беріледі. Олар теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха сияқты сөздің негізгі мағынасын ауыстырып, көркемдеп, бейнелі түрде қолданылатын троп түрлері мен стильдік фигураның әсірелеу, кішірейту, қайталау, антитеза тәрізді түрлері болып табылады.


Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Әдеби тіл дегеніміз не? 2. Қазақ әдеби тілін қандай қасиеттеріне қарап дамыған әдеби тіл дейміз. 3. Әдеби тілдің нормалары қандай? 4. Әдеби тілдің қызметтері каңдай? 5. Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі дегеніміз не? 6. Әдеби тілдің зкспрессивтік-эстетикалық қызметі дегеніміз не? 7. Әдеби тілдегі стиль дсген ұғымды қалай түсінеміз? 8. Әдеби тілдің кандай стильдік тармақтары бар? 9. Ресми іс кағаздары стилі дегеніміз не? 10. Публицисти-калық стиль дегеніміз не? 11. Ғылыми стиль дегеніміз не? 32. Көркем әдебиет стилі дегеніміз не? 13. Тілдің кандай көркемдегіш кұралдары бар? 14. Текст деген не?

Исаев Сейлбек Мухамеджарұлы


Қазақ тілі
Жауапты редакторы профессор Әбілақов Ә. Ә.
Казахский язык

(на казахском языке)


Редакторы Е. ОМАРОВ

Техн. редакторы 3. БОШАҢОВА



Корректоры Е. АЙТШБЕТОВ

Суретшісі Е. АЙТІМБЕТОВ
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет