Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә


§ 4. ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



бет3/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 4. ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен

9
ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.
§ 5. ДЫБЫС ПЕН ӘРІП.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.

Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.



10
Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады.

Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.

Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.


§ 6. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР.
Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у. Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.) және и мен у екеуі қосыңды (дифтонгойд) деп аталады: и—ы+й немесе і+й және у—ү+у немесе ү+у. Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі. 1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауыс-тылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.

2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысан, болып бөлінеді.

Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.

Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.

Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.

Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.

Сөйтіп, дауысты дыбыстардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.


Ерін қатысына қарай

Езулік

Еріндік




Иек (жақ) қатысына

жасалу орнына) қарай



ашық

қысаң

ашық

қысаң

Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай









Жуан

Жіңішке

а

ә, е

ы(и)

і(и)

о

е

ұ(у)

ү(у)

11
§ 7. ДАУЫСТЫ ДЫБЫС ӘРІПТЕРІНІҢ ЕМЛЕСІ
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың сөз құрамында

қолданылу тәртібі бірдей емес.

1. А, е, ы, і әріптері сөздің барлык орындарында қолданыла береді: алғандары, ыстық, елдес, еріншек т. б.

2. Сөздің соңғы буынында ы, і дыбыстары болып, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, кей сөздерде ы, і дыбыстары түсіп қалады: көңіл — көңлі (көңілі емес), ауыл - аулы (ауылы емес), халық — халқы (халықы емес).

3. Тек түу одағайынан басқа сөздерде у әріпінің алдынан ұ,ү. ы, і әріптері жазылмайды: тоқы — тоқу (токыу емес), шоқы шоқу (шоқыу емес), біл — білу (біліу емес), күл — күлу (күлүу емес).

4. ә, ө, о, ұ, ү әріптері жалаң сөздердін бірінші буындарында қос сөз бен біріккен сөздердің екінші сыңарларының бірінші буынында жазылады: Жәнібек, орман, өңір, көңіл, жұмыртқа, жүгіру Үмбетәлі, көл-көсір, Тереңөзек, Әсемкүл, тоғызқұмалақ т. б.

5. ә, ұ, ү әріптері мына сөздердің екінші буынында жазылады: сірә, күнә, іңкәр, мәрмәр, мазмұн, бұлбұл, мақұл, мәжбүр, дәстүр дүлдүл, т. б.

6. Етістіктің -йы, -йі дыбыстар тіркесіне аяқталатын туынды түбіріне көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда -ый, -ій әріптерінің орнына бір гана и жазылады: колхоз байыды — колхоз байиди (байыйды емес, баиды емес), ол кейіді — ол кейиді (кейійді емес, кеиді емес).

7. Сый, тый түбір сөздерінен ербіген сөздерде ғана -й, -я, -ю әріптерінің алдынан ы жазылады: сый, сыйлық, сыяды, сыю, тый, тыяды, тыюлы.

8. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады электр, экскаватор, вертолет.


§ 8. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР.
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.

Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.

1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз

12

дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.

Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.

2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.

Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.

Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.

3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:

Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.

Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.

Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.

Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.

Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.

Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.

Көмей дауыссызы: һ.

Сөйтіп, дауыссыз дыбыстардын жіктелуін мына кестеден көруге болады.




Жасалу орнына

карай



Ерін


Тіс пен ерін


Тіс


Тіл алды


Тіл ортасы



Тіл арты



Көмей







Айтылуына карай






















Үн қатысына карай






















Ызың


қатаң

п




т, ц

ч

к

қ




ұяң

б




д




г







Шұ -ғыл

қатаң




ф

с

ш, щ




х




ұяң




в

3

ж




е

һ

Үнді (сонор)

м, у







н, р,

л, й




ң




13
§ 9. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС ӘРІПТЕРІНІҢ ЕМЛЕСІ
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.

1. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив - активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.

2. Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь — календары, календарьлық. Медаль — медалы, медальға, медальдан.

3. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль — нольге, нольді; февраль — февральда, сентябрь — сентябрьде, сентябрьден.

4. В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль т. б.

Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады.

Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б.

X әрпі орыс тілінен және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, археология, цех, хал, хат, тарих, кітапхана т. б.

5. Соңғы дыбыстар ог, уг және рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск, лк, окт, ель, брь, кль, бль, сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге косымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагог тер, педагог-тік, бинокль-ді, парк-тен, пункт-тер, округ-ке т. б.

6. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды кірме сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар кірме сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі сақталады да, дауысты дыбыстан басталатын, қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы: рольдері және ролі, осьтері және осі, дуэтке, актердің т. б.

7. Кт, нк, нд, нг, мп, мб, ск, кс, фт, рв сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме термин сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның арасына дәнекер ретінде қысаң ы не і дыбысы жазылады. Мысалы: факт-і-лері, танк-і-ге, митинг-і-ні, объект-і-лер, штамп-ы-лау, киоск-і-ні т. б.

14
8. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары дыбыстары түсіріліп

жазылады. Мысалы: металл — метал-ға, класс —клас-тын, грамм — грам-дап, прогресс — прогрес-тік, трест — трес-ке, съезд — съез-ге, поезд — поез-дан, ведомость - ведомос-қа т. б.


§ 10. БУЫН.
Сөздегі бір дауысты немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, бала, әке, жақсылык, сияқты сөздер ба-ла, ә-ке, жақ-сы-лық болып, дауыс толқыны бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.

Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тіөзбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: жа-са, о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар — үш буынды сөздер т. б.

Қазақ тіліндегі сөздер бір буынды, екі буынды және көп буынды бола береді. Әдетте түбір сөз бір буынды, екі буынды болады да, көп буыңды сөздер туынды түбір не сөз формалары болып келеді.

Буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, буын ішіңде дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнына байланысты қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

1. Ашық буын бір ғана дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы, а, ға, а, ба, ла, ке, ле деген буындар ашық буын болып табылады.

2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: от, ар-ба, өрт, ант, ас—тық деген сөздердегі от, ар, өрт, ант, ас тәрізді буындар тұйық буын болып табылады.

3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Бітеу буында кем дегенде үш дыбыс болады: дауыссыз+дауысты+дауыссыз. Кейде ортасында бір дауысты басында я соңында екі дауыссыз болады:

Мысалы, қант, мек-теп, жас-тық, сүрт, көз, тақ-тай т. б.


§ 11. ТАСЫМАЛ.
Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздің

15
соңғы буындары дефис (-) арқылы төмендегі тәртіп бойынша тасымалданады.

1. Екі я одан көп буынды сөздер буын жігімен тасымалданады. Мысалы: Рес-пуб-ли-ка-мыз-да, құр-мет-ті, әке-лік т. б.

2. Бір гана дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңына калдыруға да, жаңа жолга тасымалдауга да болмайды. Мысалы: өзі-міз-ге (ө-зімізге емес), ара (а-ра емес), аю (а-ю емес) т. б

3. Екі дауысты дыбыстың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, (жау-ап емес), қа-йың (қай-ың емес), са-уын (сау-ын емес), ке-йін (кей-ін емес) т. б.


§ 12. ЕКПІН.
Сөздерді айтқанда, сөздегі буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрі бірдей бір қалыпта айтылмай, біреуі басқалардан ерекше каркынмен, күшпен айтылады. Мысалы, жұмысшы деген сөз үш буыннан тұрады да, соңғы үшінші буыны (шы), жұмысшылар дегенде төртінші буыны (лар) күшті айтылады. Осындай сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді.

Әдетте казақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соңғы буынында болады. Мысалы, ба-ла, әкімшілік, терезе, сияқты сөздерде екпін соңғы ла, лік, зе буындарына түсіп тұр. Сөзге косымша (жалғау, жұрнақ) жалғанғанда да, әдетте екпін соңғы қосымшаға түседі. Мысалы: қала-қалалардың-қалаларымыз, жақсы-жақсылык-жақсылықтар-жақсылықтарың т. б.

Бірақ казак тілінде барлык қосымшаларға екпін түсе бермейді. Екпін түспейтін (қабылдамайтын) косымшалар:

1. жіктік жалғауларына екпін түспейді. Мысалы: жақсы-сың, бара-мыз, жүре-ді, үлкен-сіз т. б.

2. етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: айқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-ма-ған, айтыңқыра-ма-ды т. б.

3. Есім создерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей, және -ша, -ше жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы: үй-дей, бала-ша, келген-дей, айтқан-ша т. б.

4. етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мәнін білдіретін -шы, -ші қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: көр-ші, айтыңқыра-шы, көрсең-ші, барайық-шы т. б.
§ 13. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (СИНГАРМОНИЗМ).
Қазақ тілінде сөз кұрамында не сөз аралығында дыбыстар бір-біріне үннің, дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай әсер етіп тұрады. Мысалы: Жастықта еңбек ету қандай қызық (Байғанин)

16
деген сөйлем Жастықта еңбег ету қандай ғызық болып айтылады: еңбек сөзіндегі соңғы қатаң к дыбысы келесі сөздін бірінші дыбысы е дауысты болғандықтан ұяңданып, г болып естіледі; қызық сөзінің алғашқы қатаң қ дыбысы алдындағы сөздің соңғы дыбысы й үнді (сонор) дыбыстың әсерінен ұяңданып, ғ болып айтылады. Сондай-ақ жастықта деген сөздегі -тық жұрнағы сөздің соңғы дыбысы с қатаң болғандықтан, қатаңнан басталып (-дық немесе -лық емес), бір буынды сөздің өзі жуан болғандықтан, қосымша да жуан болып (-тік емес) жалғанған; келесі жатыс септік жалғауы да, біріншіден, сөз қатаң қ дыбысына (жастық) аякталғандықтан, қатаң дыбыстан басталатын -та (-да емес) болып, екіншіден, соңғы буын жуан болғандықтан (жас-тық), жуан буынды -та (-те емес) болып жалғанған.

Сөйтіп, түбір мен қосымшанын жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды.

Әдетте дауысты дыбыс дауысты дыбысқа және дауысты немесе дауыссыз дыбыс дауыссыз дыбысқа әсер етеді. Қандай дыбысқа (дауысты ма, дауыссыз ба) әсер етуге байланысты үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі және дыбыс үндестігі (ассимиляция).


§ 14. БУЫН ҮНДЕСТІГІ.
Әдетте қазақ тілінің сөздері бірыңғай жуан буынды я жінішке буынды болып келеді. Қосымша ол сөзге соған үндесіп жалғанады.

Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына карай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейміз. Яғни буын үндестігі дауысты дыбыстың дауысты дыбысқа әсері болып табылады.



Мысалы: қой, ән сөздеріне қосымшалар жалғап көрейік:

Бұл екі сөздің біріншісі (қой)— жуан буынды сөз, оған жалғанған қосымшалар да жуан буынды -шы, -лар, -ы, -мыз, -дың, -ға, -шы; ал екінші (ән)— жіңішке буынды сөз, оған жалғанған қосымшалар да жіңішке буынды: -ші, -лер, -ге, -дер, -ім, -ді т. б.

Түбір мен косымша арасында буын үндестігінін мынадай заңдары бар:

а) Қазақтың байырғы түбір сөздерінің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, ал тубірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.

17
Мысалы: жазу-шы-лар-ға, (жазы-ші-лер-ге емес), іні-лер-ім (іні-лар-ым емес).

ә) Соңында жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздер мен -брь, -ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады.

Мысалы: роль-ден, циркуль-ді, сентябрь-де.

Тіліміздегі осындай заңдылықтармен бірге буын үндестігіне бағынбайтын мынадай қосымшалар бар:

-мен, -бен, -пен көмектес септігі: арба-мен, жас-пен, қыз-бен.

-қор: пәле-қор, бейнет-қор.

-паз: әсем-паз, өнер-паз.

-қой: сән-қой, әзіл-қой.

-нікі: (-дікі, -тікі): Алматы-нікі, Жамбыл-дікі;

-тай, -тал, -еке: Ер-тай, өсім-тал, Ас-еке;

-кер, -гер: талап-кер, мұра-гер;

-хана: ем-хана;

-күнем: пайда-күнем;

-ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ист, -изм: Сәбитов, Жылкелдиев, Сүлейменова, Балғабаева, Салғарин, машинист, коммунизм.

Басқа тілден енген термин сөздер кейде қазак тілінің буын үндестігіне бағынбайды да, косымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Мысалы: депутат-тар-ға, са-мо-лет-тер-і т. б.

Қазақ тілінде айтылуда ерін үндестігі де байқалады. Мысалы, өрік, ұзын, құлын сияқты сөздердегі бірінші буындағы еріндік дауыстылардың (ө, ұ) әсерінен екінші буындағы і, ы дыбыстары еріндік болып (ү, ұ болып) айтылады. Бірақ жазуда бұндай үндестік (әсер) есептелінбейді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет