"жазушы" баспасы



бет8/17
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41631
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

ӨТКЕН ЕСКЕ ТҮСКЕНДЕ

Сонау 1930 жылдарда Москва университетінің профессоры Никольскийдің «Тап қоғамына дейінгі тарих» («История до классового общества») деген кітабы қазақ тіліне аударылды. Аударған – осы жолдардың иесі. Сол кітапта, ұмытпасам, мынадай деректер бар еді. Біздің заманнан бес жүз жыл бұрын Грекия немесе Эллада елі үш мемлекет шаһарға (полиске) бөлініп, біріне-бірі бағынбай, бытырап дәурен сүреді екен: Афина мемлекет шаһары – демократиялық ел, Спарта мемлекет шаһары – аристократиялы ел, Коринф сауда-саттық шаһары болыпты. Афина қаласын Халық жиналысы билейді. Бұл кездегі Афинаны басқаратын патшасы Перикл екен. Бұл Перикл өзінің мектеп жолдасы, жасынан бірге өскен досы – философ Анаксагорды жер аударған, ал жолдасы философ Сократты отқа өртепті. Ендеше, ол – Афинаның қатыгез де айлакер әкімі болған ғой. Перикл тұсында мына фарсы елінің шаһы Дарий соғыс ашып, Грекияға шабуыл жасапты. Сол заманда Персия империясында теңіз флоты күшті, кемелері көп екен де, Грекияда теңіз флоты әлсіз екен. Грек елін, кеме жасамаса, ол кезде соғыс қуаты күшті фарсы елі жеңбек, шетінен бөксере тиіп, Грекияны тықсырып келе жатқан кезі. Гректің сол дәуірдегі көп құдайларының ең ірілері Делос аралында, ұлы храмның жанында тұрыпты-мыс. Осындай қысылшаң жағдайда Перикл Делосқа барып, храмның ұлы абызымен (жрец) ақылдасады. Құдайдан тіл алып бер, діндар грек елін ағаштан кеме жасататын ет дегенді айтады. Екеуі бір жігітті түнде шақырып алып,


139


ақша береді: «Ешкімге аузыңнан шығарма!» деп келіседі де, ертеңінде халық храмға намаз оқу үшін жиналардың алдында әлгі жігітке Перикл үш сөз үйретеді: «ағаш, қабырға, сақтану» деген; осы үшеуін созып, даусыңды көмескі шығары п, адамша түсінікті сөйлемей, құдайша міңгірлеп, үздігіп айтарсың, дейді. Әлгі жігіт жасырын көрші бөлмеде отырады, сол бөлмеге мехраптан (алтарь) шыққан газдың иісі баратын бір саңлау бар екен, ол саңлаудан мына жиналған жұртқа да дыбыс естіледі. Мешіттің абызы мехрапта тұрып, дәріні күйдіреді, содан газ шығып, әлгі саңлау арқылы жігітке жете- ді, осы мезетте ол жігіт иіс тигендей сандырақтайды: «А-а-ғаш»... әлден уақытта «қа-а- быр-ға»... тағы біраздан кейін талмаураған «са-а-қ-та-ну»... деген булыққан үн азар шығады. Халық түгел естиді, бұл сөздерді Перикл жазып алады да ұлы абызды куә есебінде Афинаға ертіп әкетеді. Келе сала Перикл Халық жиналысын ашып сөз сөйлейді. «Грекияның зор құдайынан үн келді, оның жарлығы мынау: «Афиналықтар қорған-пананы ағаш қабырғалардың тасасынан іздесін! деп тұр, ендеше, ағаштан кеме жасалсын, сонда ғана бас сауғалаймыз!» депті.

Осыдан кейін діндар ел жұмыла кірісіп, кемелер жасап, екі жылдың ішінде фарсы әскерін Грекиядан қуып шығыпты-мыс, – деп толғайды профессор Никольский.



Үстіміздегі жыл санауымыздан алты ғасыр бұрын Иран елінің (Фарсы) патшасы Кир Алдыңғы Шығысқа әмірін жүргізіпті, сонда ең әуелі Лидия жұртын шауып оның атақты патшасы Крезді тұтқынға алыпты. Сол заманда Крезден бай, одан күшті, одан дана патша, көне шығыста болмапты-мыс. (Дарийдің әкесі Камбиз Кирдің баласы – С. Т.)

Лидияның патшасы (біздің заманымыздан бұрын 560 —546 жылдарда болған.—С. Т.) тұтқын Крезді Кир дарға асуға бұйырыпты. Дарының астында тұрған Крез: «Солон! Солон! Солон!»—деп, үш қайтара ышқына айғайлаған екен. Сонда Кир:

«Не сандырақтап тұрсың, Солоның кім?» – деп сұрағанда,

140
Крез: «Мен дүние жүзінің бәрін жалғыз тарының қауызына сиғызған қаһарлы, ақылды асқан бай патша атандым. Алтын, күміс, лағыл, гауһар тәрізді асыл қазына менің ордамда тірелігі тұрды. Қой бастаған серкедей осылай дәурен сүріп жүргенде, маған Афинаның данышпаны Солон қонаққа келді. Оған дүние - байлығымды алдына жайып, аралатып болдым да: «Жер бетіндегі бақытты адам кім екен?» деп, дөрекілеу сұрақ қойдым. Мен асылық жасадым, дәуде болса, «бақытты Крез» деп айтар-ау деген дәмем болды. Қайран Солон дәметкенімді айтпады, өз даналығын көйітіп: «Бақыт–сағым. Байлық ұрлық. Билік– қорлық, Мақтан дарақылық. Өлім тыным» деп еді. Бәрі рас екен. Ол мен туралы айтпады-ау деп ойлап ем. Жоқ, ол дәл мен туралы айтқан екен. Данышпан аз сөзбен көп айтыпты. Мен байғұс түсінбеппін. Енді білдім. Кеш білдім. Ол менің бар өмір - баянымды он сөзге сиғызыпты-ау! Сол Солон есіме түсіп кетті»,



  • депті Крез.

Осындай бағы заманғы мәдениеті бар, ежелден белгілі философ ғалымдар шыққан грек (Эллин) елін баяғыда аузына қаратқан фарсы елін ертеде казақ «қызыл бас» деп атайтын, ол – мына тәжік елімен туыстас, ежелгі сағдилар, согдийцы, согдияне. Иран халқының бір тұқымы тәжік халқының бабалары.

Иран елінің бағы заманғы дінін біздің заманға дейінгі 1000 жылдардан бұрын өмір сүрген Заратустра жасапты. Оны грек жазушылары Зорохстр деп атап кеткен. Европа сол дінді

«зорохстризм» деп атайды. Заратустра дінінше, жарық дүние мен жаксылық дүниесін жаратушы ұлы құдай – Ағырмазда (Европаша: Егурмазда немесе Ормузд); қараңғылық дүниесі мен жамандық дүниесін жаратушы құдай – Әңгірмайныс (Европаша: Ангро- Майных немесе Аримон). Кейін, VIII—IX ғасырларда ісләм дінін қабылдаған. Бұл екі діннен бұрын отқа табыну діні де фарсыдан шығып, монғол мен қазаққа содан тұрады деген пікірді жақтайтындар да болыпты.

Дарий шаһтың заманы бергі Фараби, Рудаки, Фирдоусилер заманынан 1500 жылдай бұрын. Мәдениеті ерте дамыған елдің ұлы ақыны Фирдоуси 999 жылы «Шаһнаманы» жазып бітірді, ал Сағди Ширази 1208 жылы туса керек. Осы ақындардың бәрі де біздің Фарабидан бас- қалары фарсы – тәжік – бағы Сағдиядан шыққан алыптар. Біз орысша жазылған тарихи деректерге сүйеніп айтып отырмыз. Түпкі куәміз – тарихшы Геродот.

Кейінгі бір кезеңде Европа елі: «көркем әдебиет тілі – ағылшында, философия тілі – немісте, дипломатия тілі французда» – деп бөлісіп алды. Осылай айтушылардың тиянағы да болды, өйткені XVIII ғасырда ағылшында ақын Уильям Шекспир туды да алдына жан салмады, немістен Гегель, Кант, Фейербах, Маркс, Энгельс сынды философтар шықты.

Жаңа заманда дүние жүзіндегі дипломаттар үлкен конгрестерде, зор мәжілістерде француз тілінде сөйлейтін қағида болды.

Заман ауысып, қазір бұл дәстүрлердің бәрі де күйреді, біз тек өткен кезеңді айтып отырмыз.

Бұрыйғы есте жоқ ескі дәуірлерден бері қарай тәжік – фарсы тілін ақындар тілі, тәтті тіл деп атаған-ды. Мұны әуелі XI ғасырда Махмуд Қашғари айтқан. Ол:

Арабтың тілі — тіл, Фарсының тілі — шекер Ләбзи араби — ләбіз әст, Ләбзи фарсы — шәкәр әст,—

депті. Ал XVIII ғасырда фарсы – тәжік ақындарын аспанға көтерген, оны ақындардың ордасы деп атаған Европаның асқан данасы Вольфганг Гете болатын.

Ол – «Бес ғасыр бойына фарсы елі іріктеп, жеті ақынды таңдап шығарды. Солардың ауызға ілінбей калғандарының өзі де менен артық жатыр», – деген болатын. Заты, Гете, Әбілхасан, Фирдоуси, Омар һаям сияқты әлемге аян өрен жүйріктерді есіне алып отырған болар.

Осы санатқа кірмей қалған Аттар ақын да ошалаң торғай емес, ол бір байға жалданып түйе бағып жүргенде, шахтың сарайын алыстан көріп қызығып, қасида (мадақ өлең) шығарыпты. Ол өлеңді шах естіп, дән риза болады да Аттарды өзінің сарай ақыны етіп алады.

Шах сарайына келген соң, оның ішінде болып жатқан неше-алуан сұрқия-сұмдықты көзі көріп, адал туған шын дарынды ақын Аттар шахтың да сұмырайлығын, сарайының бетімен кеткен бұзықтар мекені екенін айтып, сынап-мінеп өлең шығарыпты.

Бұл өлеңге ашуланған шах Аттарды қайтадан түйеші етіп жіберіпті.

Түйе бағып жүрген Аттар өлеңінің мазмұны мынау еді: «Менің шешемнен туғанда үш жолдасым болды, соның бірі – «қуаныш», екіншісі «бақыт», үшіншісі – «қайғы». Осы төртеуміз өмірді өрлеп сапарға аттандық, ауылдан шыға бере-ақ «қуаныш» өз бетімен қаңғып кетті, ал «бақыт» деген досым да алыс жолға төзе алмай қалып қойды: дүниеде айнымайтын дос «қайғы» екен, сол ғана үдере тартып, өзімнің қасымда болды, шіркін шын дос деп «қайғыны» айтсаңшы!» – депті.

Міні, бұл Аттар әлгі Гете айтқан жетеудің ішінде болмай-ақ, осал емес екені көрініп-ақ тұр-ау!

Бағы мәдениеттің елшісіндей, тәжіктің классикалық әдебиетіне мұрындық болған Әбілхасан Рудаки айтқан екен:

Қанша бақыт бұлдыр сағым— Ол жалғанның сырлары?

Бұхара мен Таразының Тартты мені жырлары,—

депті. Бұған карағанда, өзінің Таразыда да (қазіргі Жамбылда, революциядан бұрынғы Әулиеатада) болғаны анық. Туыстас, достас тәжік-фарсы ақындарын ұлы Абай да өзіне пір тұтты.


Фзули, Шәмси, Сәйкали Науаи, Сағди, Фирдоуси,

деп сыйынды.


Хожа Хафиз бұ һәммәси, Мәдәт бер, иә шағири фәрияд!

Тәжік елінің туындыларын қазақ халқына Шәді төре, Ақылбек, Мұхаметжан Сералин, өз заманында, өз әлдерінше жеткізіп бақты.

Өткен ғасырдың бас кезінде Сағдидің өлеңін аударып, өзінің әйгілі

«Бақша сарай фонтаны» атты поэмасына Александр Сергеевич Пушкин эпиграф етіп алды.

деп берді.

Многие, так же как и я, Посещали сей фонтан, но Иных уже нет, другие Странствуют далече,—


Ұстазы Пушкиннің жолын қуып, 1917 жылы қазақтың революцнонер ақыны Сәкен Сейфуллин де Сағдиді аударды:

Қалтасында біреудің Жұпары болса сақтаулы, Жұпарын ол дауыстап Көрмейді лайық мақтауды. Мақтамай-ақ әркімге, Жұпардың өзі-ақ білдірер; Үндемей-ақ төңірекке

Тәтті иісін жәйіп сіңдірер,—

деді. Бұл өлеңді «Шейх Сағдише» деп өзі жазды. Ал «Кәлилә мен Димнаны» Сағдиден мың жыл бұрын Үнді елінде – Қашир өлкесінде тұратын бір брахман сансккрит тілінде жазып қалдырған, осы бағы мұраны академик И. Ю. Крачковский 1957 жылы орыс тіліне:

«обладающий мудростью не скроет своего совершенства, несмотря на свои усилия утаить его. Это подобно мускусу, который держит в скрытом и запечатанном виде, что не мешает распространяться аромату его...» деп берген-ді.

Сәкен Сағдиден:

«...Ән мен күйге түйе де Шаттанар, хайуан десек те.

Сезбейтін оны адамды Салпаң құлақ есек де!

дейтін өлеңді сол 1917 жылы аударып берген.

Сағдидың бұл жолдарының орысша аудармасы мынау.


Ты не видел как в пляс верблюд вступает, Когда арабской песне он внимает.

Верблюда, знать, в восторг напев привел.. А тот, кто глух, хуже чем осел!

Сағдидың бұл өлеңі оның «Бустан» («Жеміс бағы») поэмасынан алынып отыр.

Қазақ халқының қалам қайраткерлері туысқан тәжік елінің мәдениетінен ылғи алып та келеді, үгіттеп те бағады. Сонау Шоқан, Ыбырай, Абай, Сәкен, Мұхтар, Ілиястардан бастап, бері келе, Әбділда Тәжібаев, Қапан Сатыбалдин, Қуандық Шаңғытбаев тәрізді ақындарымыз фарсы, тәжік поэзиясын қазак тілінде сайратуда.

Қазір біздің қазақ халқы Әбілқасым Лахутиді, Садриддин Айниді, Мирзо Тұрсын-заданы, Мирсаид Миршакарды, М. Рахимиді, А. Сухайлиді, С. Уәли-заданы, С. Улуғ-заданы, Фатех Ниязиді, Р. Жәмиді, тағы басқаларды машық біледі. «Алаған қолым береген» демекші, біздің ұлылы-кішілі табыстарымыздан тәжік елі де құралақан емес шығар-ау.

Осы арада бір шындықты айта кеткен жөн болар. Әрбір адам өзінің ана тілін сүйеді, соны ерекше құрметтейді, өйткені ол, басқа тілді қанша меңгерсе де, ана тілінен артық біле алмайды ғой. Алайда басқа тілдерді де зерттеп, үйреніп көрдік. Соның ішінде ағылшын, неміс, француз тілдерін де шет пұшпақтап оқыдық. Кейбіреулер итальян тілін музыка тілі деседі. Ал, Тәжікстанға барып, аймағын аралап, тәжік елінің адамдарымен өздерінше сөйлесіп, өлеңдерін тыңдағанда, жүрегімізде сақталғанын баяндалықшы, бұл 1929 жыл еді-ау!

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы;

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,—

деп Абай айтқандай, тәжіктің әдемі, ырғақты жұмсақ дыбысымен әлдилейтін асыл өлеңдерін сол тұста естігеміз.

Қысыр сөз, құрғақ мақтау ешкімді ұйыта қоймас, фактіге жүгінелік. Алдымызда өткен, өз ойларын бізге мұра етіп тастап кеткен, ұлылы- кішілі ағаларымыздан үлгі-өнеге алып, өзіміз де тәжік-фарсы тілін үйренуге құмарттық. 1928 жылы Ташкенге барып, Орта Азияның мемлекеттік университетінің Иран бөлімшесіне (Иранское отделение) оқуға түсіп, студент атандық. Фарсы-тәжік тілін бізге бірінші курста профессор Михаил Степанович Андреев, екінші курста профессор Александр Александрович Семенов оқытты. «Чанд хикаяти фарси» («Бірнеше фарсы әңгімесі») атты кітапшаны фарсы тілінде жаттадық. Профессор Михаил Степанович Андреев – өзі алпыстан асқан шал, кекештеу сөйлейтін кісі – бізге анда-санда тәжікше-фарсыша, қысқа- қысқа нақылдар, өлеңдер үйретіп отырды.

Бір күні ұстазымыз Андреев сыдырта жөнелді:

Тауана буад, һәрки дана буад, Зи (аз) даниші діл, пир бәрна буад.

Мұның мәнісі: «Кім дана болса, сол мықты болады, жүрегі даналыққа толғандықтан шал бала болады» – деген сөз екен.

Қазақша өлең тілімен айтқанда:

Дүниедегі ең мықты болар дана. Нұрлы жүрек дана қарт ол бір бала.

(Аударған — Жарылғапов Ісләм).

Тағы бір сәтте Михаил Степанович сабақ беріп отырды да, фарсыша бір өлең айтты:

Чи тәдбир, ей мусулманан, Ки мән худра нәмидонам.

Нә тәрсә, уя яһуди-әм, Нә гәбрә әм, на мусулман-әм. Нә шәрки әм, нә ғарби әм, Нә бәһри-әм, нә бәри-әм, Нә аз мүлки ираки-әм,

Нә аз хаки Хорасан-әм.
Қазақша мәнісі: «Ей мұсылмандар, айтыңдаршы, бұл не деген тәртіпсіздік, мен кім екенімді өзім де білмеймін. Мен отқа да табынбаймын, Яһуда да емеспін. Кәпір де, мұсылман да емеспін. Шығыстан да, батыстан да емеспін. Оңтүстіктен де, солтүстіктен де емеспін. Ирак мемлекетінен де емеспін. Хорасан топырағынан да емеспін, ендеше мен кіммін?» – деген екен.

Содан бері қырық төрт жыл өткеннен кейін тек есімізде қалғанын баяндап отырмыз, мүлт кеткен жеріміз болса, оқырманнан кешірім сұраймыз. Қанша білдік дегенмен білетініміз жоқтың қасы, білмейтініміз ұшан- теңіз. Телегей теңіз білімді, терең ойлы философ Сократ: «Я знаю то, что я ничего не знаю!» – «Менің бар білетінім – мен түк білмеймін!» деген сөзді ылғи аузынан тастамайды екен. Бұл кішіпейілділік қана емес, ұлы шындық.

1929 жылы студенттердің біразын тәжік тілін үйреніп қайтуға Тәжікстанға аттандырды – тіл тәжірибесіне жіберді. Соның ішінде мен де бармын. 19 январь күні Бұхар округіне қарайтын Ромитән ауданындағы бағы Шурча қыстағына бардым. Сонда Мағмур Нәбираев деген шалдың

«бирунханасында» (қонақ үйінде) бір жарым ай жаттым. Үйдің ортасында «сандал» (еден пеш) бар, үстінде дөңгелек үстел, оның үстінде қалың қос көрпе, астында қазылған шұңқыр, оның түбінде шоқ жатады. Келген кісі аяқкиімін шешіп тастап, көрпенің астына кіреді. Жып-жылы. Сырткиім шешілмейді, түнде басыңа жастық береді, шалқаңнан түсіп ұйқтайсың, аяғы жылы жерде болған адам тоңбайды екен! Таңертең түрегеліп

бетіңді жуу қиын, өйткені босағадағы шелекте тұрған судың беті қабыршақтанған мұз болады.

Мағмурдың кемпірі мен келіні «Дуруханада» (ішкі үйде) тұрады, тамақты екеуімізге кемпір әкеп береді, оның бетінде паранжасы бар.



Осы бір жарым айдың ішінде бір тәжік әйелінің бетін көрсем, көзім ақсын! Ол кезде солай еді, енді, әрине, өзгерді ғой. Бағы Шурча базарына сәрсенбі күні төнрегіміздегі қыстақтардың бәрі жиналады, сөйтіп базар әр қыстақта әр күні өтеді, екінші сәрсенбіге дейін азық-түлікті сол күні ғана жинап аласың.

Бағы Шурчаның ең байы осы Мағмур Нәбираев, оның қырық танап жері, бір аты, үш есегі болды. Қышлақ Шора – мені ауқатты үй деп осында орналастырған-ды.

Менің қызметім Ромитан ауданының ортасындағы «Пахта шіркәтіне» – (Мақта серіктігіне) әр қыстақтан мақта арттырам, мақтаны арбаға тиеп

«Мақта серіктігіне» апара жатқан тәжіктердің бармақтарын бастырып қолхат алып қалам, қолхатты тәжікше өзім жазам. Бірте-бірте тәжіктер де маған үйренді, өздері келіп «шуг» (мәтел-ертек) өлеңдер айтып отырды. Сөйтіп, тәжікше жақсы-ақ біліп едім, енді қырық төрт жыл өткенде, тәжі- рибенің жоқтығынан ұмытып та қалған тәріздімін.

Қыстақ арасына мінуге Мағмур Нәбираев маған бір жүрдек есегін берді. Есек қамшылағанда жүрмейді, қолыңа оқтаудай кәлтәк (келте таяқ) ұстайсың да анда-санда «қық» деп шоқтығынан түртіп қойсаң болды, оның аяғы аяғына жұқпайды.

Алыстаған сайын адам сол өмірді сағынатын сияқты. Кейде өткен еске түсіп, мезетте сонау бағы Шучадағы Мағмур үйіне де барып қайтқым келеді. Тар кезеңде, бала күнімде дәмін татқан, құлағымның құрышын қандырып әңгіме айтқан Мағмур Нәбираевтай қарт атаны сағынғанда, осы еске түседі.

Бүгінде, шау тартқан шағымда, өткен кездің бір көлеңкесін елестетіп, жас ұрпаққа паш еттім, жастық ша-

ғымды көз-алдымнан өткізіп, өзім де бір жасап қалдым. Мені де оқытқан, өсірген – Сәкен айтқан Советстан. Советстанның бел балаларының бірі – мен. Біздің басымыздан кешкен сонау 20 жылдар өмірі бүгінгі жастарға да, келер ұрпаққа да бағы замандай таңсық қой деп жазғаным талшық болуға жараса, еңбегімнің жанғаны. Сәбит ағаша айтсам:

Ескі өмір құрысыншы, құмар емен, Ескіге емес, алдағы күнге сенем: Бірақ ескі өмірдің мұңды зарын, Жаңа өмірге бейнелеп айтып берем.

Екінші бөлім




ТҰЛҒАЛАР

АДАМНЫҢ ЖАН ЖҮЙЕСІН ТЕБІР ЕНТКЕН АҚЫН


«Өмірде болуы мүмкін емес нәрсе ге ұмтылатын адамды сүйем»

Вольфганг Гете. («Фауст», II бөлім).

Адамзаттың тамыршысы қарт Достоевскийдің туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осы бір жарым ғасырдың ішінде талай сыннан, талай Сырдан сыңар аяқ өткен Достоевскийді дүние жүзілік әдебиет тарихынан мәңгі өшпейтіндей көреміз.

Орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский туралы М. Горький айтқан екен: «Көркемдік күші – тапқырлығы жағынан Достоевскийдің дарыны тек қана Шекспирмен тең түседі», депті.

Бұдан әлдеқайда бұрын Виссарион Григорьевич Белинский айтыпты:

«Достоевскийдің дарынын кенет ұғынып, тез түсіне қою қиын. Әлі талай таланттар туып, оларды Достоевскийге қарсы қойып, салыстырып та байқармыз, бірақ, сайып келгенде, солардың көбі ескіріп ұмытылатын мезгіліне жеткенде Достоевскийдің даңқы өзінің шырқау шыңына сонда шыққанын көрерміз», – деген екен.

Ұлы сыншымыздың қиырдан болжап, қырағы айтқан осы сөздері бүгін ақталып отыр. Достоевскийдің дарыны өз орнын тауып, дегеніне жетті. Дүние жүзілік әлеуметтен сыбағалы сыйын алды ол!

153

Рас, оның пікірінде кайшылықтар болды, бірақ олардың бәрі де замана қайшылығынан туған еді. Ол – «шыдамды бол, бағынып келісіп отыр» – деп елге уағаз айтты, бірақ сол кездегі шындыққа өзі бағына да, табына да алмады. Кейбіреулер Достоевскийде екі жақтылық (двойственность) бар деседі. Мұны өзі де мойындаған. Мысалы, «менің басымдағы ең жаман нәрсе сол, мен өте құмартқышпын, күйгелекпін, қай мәселеге киліксем де оның соңғы шегіне жетпей тоқтала алмаймын, өмірімде ылғи шектеп шығып отырамын», – дейді Достоевский.



Көреген жазушы Стефан Цвейг өмір бойы Достоевскийге табынған адам, ол екі сөзінің бірінде «бұлай етіп суреттеу тек қана ұлы Шекспир мен Достоевскийдің қолынан келеді», – деп ойын түйетін. Енді бір сөзінде 1928- жылы Максим Горький 60-жасқа толған күні (26 мартта) Стефан Цвейг: «Достоевский де, Толстой да, Тургенев те өздерінің ұлы туындыларында орыс халқының жан-жүйесіндегі молдықты (кеңдіктің), жүрегінің ілгері басып алабұртуын, құмарлана ұмтылуын бізге баяғыда- ақ көрсетіп еді, ал қазір біздің алдымыздан бөгде есік ашылды, ол – тек қана орыстың жан құбылысы емес, түп-түгел орыс адамын әкеліп, анық көрсетті» – дейді.

Россияны дүние жүзіне танытқан патшалары да, қолбасшылары да, айыр көмей шешендері де емес, тек Толстой, Тургенев, Достоевскийлер ғой деп білеміз. Өйткені ұлы дарынның туындыларын бөгей алатын шекара жоқ тәрізді. Сондықтан да баяғы Гомер, Фирдоуси, Данте, Шекспир, Сервантестерді әрбір ел өз даналарындай көретіні даусыз.

Федор Михайлович Достоевский Москвадағы кедейлерді емдеуге арналған «Марийнский» атты аурухананың емшісі Михаил Андреевичтің екінші ұлы. Әкесі бері келе ішкілікке салынып, үнемі

«қызып» жүретін болған, ал 1839-жылы егін шықпай қалып, бұрынғыдан да жаман ауыртпалыққа ұшыраған Михаил Андреевичті крестьяндары далада өлтіріп кеткен екен.

Жоқтықтың тақсіретін тартқан Федор Михайлович Достоевский үнемі қарызданып-қауғаланып өмір сүрген.



Достоевский 1841 жылы «Мария Стюарт» және «Борис Годунов» атты екі драма жазған. 1843 жылы Бальзактың «Евгений Гранде» деген повесін орысшаға аударған. Ол повесть «Репертуар», «Пантеон» атты журналдың 6 және 7 нөмірлерінде 1844-жылы жарияланғанды. Осы еңбегімен қатар, тап сол жылы Сюдің «Матильдасын», Жорж Сандтың

«Последняя Альдини» деген повесін аударған болатын. Әдеби аудармаларға төселіп, талай елдің әдебиетін оқып, таныса келіп, 23 жасында «Бейшаралар» («Бедные люди») атты романын жаза бастаған. Бұл оның тұңғышы, «тырнақ алды» романы. 1845 жылы май айында Н. А. Некрасов пен Д. В. Григорович осы романның қолжазбасын түнде оқиды. «Мен оқыдым, – дейді Д. В. Григорович, – соңғы бетіндегі Девушкин мен Вареньканың қоштасқан жеріне жеткенде өзімді-өзім ұстай алмай, өксіп-өксіп жылай бастадым, білдірмей көзімнің қырын салып қарасам, Некрасовтың да бетінен жасы тарамданып тамшылап тұр екен. Игілі істі кейінге қалдырып сүрсітпелік, кеш болса да (таңғы сағат төрт кезі еді) бүгін барып, оның жетістігімен құттықталық, сонсоң бұл романды қалай, қайда бастыруды дәл бүгін ақылдасалық деп қолқалай бастадым. Некрасовтың өзі де алабұртып асығып отыр екен. Жылдам киіндік те Достоевскийдің үйіне тартып кеттік», – дейді Д. В. Григорович.

Орыс халқының атақты екі сақа жазушысы таң қараңғысында бала жігіт Достоевскийдің пәтеріне келіп, арланбай есігін қағыпты. Бұларға іштен дыбыс беріп, экономкасы: «Мырза жаңа ұйықтап еді» – дегенде, Н. А. Не- красов: «Оят, есігіңді аш, біздің әңгімеміз ұйқыдан көрі артығырақ!» – депті.

Үйге кіріп келіп, Некрасов Достоевскийді құшақтай алып: «Құтты болсын, Россиядан екінші Гоголь бүгін туды ғой, ол сенсің!» – дегенде:



  • Дұрыс, дұрыс, сонда ана қаһар («неистовый») сыншыға көрсетпей-ақ қойыңыз, – деп жалыныпты Федор Михайлович.

«Жо-жоқ, оған көрсетпейміз» – деп уәде берген Некрасов ертең таңертең-ақ Виссарионның кабинетіне кіріп барып: «Сүйінші, Россияда екінші Гоголь туды, ол міні – Федор Михайлович Достоевский, оның жазған романын – «Бейшараларды» («Бедные люди») саған әкелдік, өзіміз түнде оқып шықтық», – деп Некрасов ентіге сөйлегенде, Виссарион: «Гоголь жүз жылдың ішінде бір-ақ мәртебе туатын тұлға ғой, ал саған салса, ол Россиядан күнде туар еді... Алайда қолжазбаны тастап кет, өзім оқып көрейін», депті.

Екі-үш күннен кейін Виссарион: «Сөзің рас болды, көптен бері күтіп жүрген екінші Гоголь анық туған екен, сол жас жазушыны шақыртшы, бетпе-бет әңгімелесейін!» – депті.

Некрасов кісі жіберіп, Достоевскийді алып келгенде: «Қайтпас қара болаттай қаһар сыншымың бет-жүзі өрт сөндіргендей тұнжырап отыр, қай жерімнен ала түсер екен деп қатты сескендім, сөйтсем, мені құттықтауға керекті сөздер іздеп, ойға шомған кезіне килігіппін», – дейді Федор Михайлович өз естелігінде.

Енді Виссарионның Федорға айтқан сондағы сөзін де келтіре кетелік. Достоевский сондағы естігенін былай жазыпты:



«Нені жазып отырғаныңызды сіз өзіңіз ұғасыз ба? – деп даусын көтеріп, бірнеше рет қайталады. Толқып, шын тебіренген кезінде ол үнемі айғайлап жіберетін. Сіз жаза баспайтын анық суреткерсіз, өз сезгеніңізді дәлме-дәл жазып тастауға шамаңыз келген екен, бірақ бізге нұқып көрсетіп отырған, діңкені құртатын осындай ауыр шындықты өзіңіз толғанып түсіне алдыңыз ба? Жиырма жасыңызда мұны түсіну сізге мүмкін емес. Сіздің Ана сорлы чиновнигіңіз (Макар Алексеевичті айтып отыр. С. Т.) өзін-өзі жегідей жеп сондай халге жеткен ғой, әбден титықтап,
жермен жексен болғандықтан ол тіпті өзінің сорлы екенін де біреуге айтып, шағынуды «еркін ойлылық», әбестік, асқандық деп ұғады, бейшара екенін де мойнына алуға әлі келмейді. Ана ізгі адам өзінің генералы, жүз сом бергенде, ол қатты таңырқайды, мүлде далдалы шығып, құрып-суалуға айналады. Өз сөзімен айтсақ: «өз тақсыры емес, өзгелердің тақсыры» мендей жанды осынша аяп-мүсіркеуі неден болды екен? деп далбастайды ол. Ана бір түйменің үзіліп түскен жерін, генералдың қолын сүйген кезін оқығанда ол сорлыны аяп қана қою аз, бұл барып тұрған масқара ғой, масқара! Генералға сол жерде алғыс айтуының өзі масқара! Бұл трагедия! Сіз уақиғаның тиянақты жеріне жеткізіп, пернесін дәл бастыңыз, негізгі мәселелерді жинап-теріп, жалғыз-ақ ауыз сөзбен көрсеттіңіз. Біздей сыншылар, публицистер үнемі толғай береміз, көп сөзбен түсіндіруге тырысамыз, ал сіз нағыз суреткерсіз, жалғыз сызық арқылы бейнелеп, мәселенің маңызын ашып тастайсыз, қолға ұстатқандай етесіз, тіпті өмірі ойланбайтын оқырмандар да кенеттен бәріне де түсіне қояды. Көркемдіктің сыры да, шеберліктің шыңы да, міне осында! Суреткердің шындық үшін еңбек істеуі де міне осы арада көрінеді! Сізге шындықтың беті ашылған екен, бұл өзі келіп дарыған ғой, ендеше бұл дарынды бағалаңыз, осы жолдан айнымаңыз, сонда ғана ұлы жазушы боласыз!» дегенде Виссарионның көздері жарқ-жұрқ етіп жалындана сөйледі...

«...Бар өмірімдегі ең қызықты минутым осы болды. Айдауда (Сібірде) жүргенде де осыны ойласам, көңлім көтеріліп, серпіле түсуші едім. Қазірде де ылғи есіме түсірсем, рахаттанып отырам»,1– депті Ф. М. Достоевский.

Осыдан кейін 10 июнь кезінде Белинскийдің Достоевскийге жазған хаты мынау: «Достоевский, менің жаным (мәңгі өлмейтін жаным) сені сағынып отыр. Біздің үйге



1 Ф. М . Д о с т о е в с к и й . «Дневник писателя», 1877. Январь., гл.

II., раздел III.

157

бүгін келіңізші. Осы хатты тапсырушы адамның өзі алып келеді. Біздің үйді сіз түгел көресіз, үй иесін де жатырқамаңыз, сізді көруге оның өзі де ынтық»1 – деп қол қойыпты В. Белинский.



Енді И. С. Тургенев пен Достоевскийдің кездескенін де айта кетелік:

«Жақын арада ақын Тургенев Парижден қайта оралды... Бір көргеннен- ақ маған жақындығын білдіріп, достаса бастады, осы қылығын маған Белинский түсіндірді: «Ол саған мүлде ғашық», – дегенді айтты.

«Шырағым- ау, Тургенев қандай адам десеңші!? Мен де оған ғашық болуға аз-ақ қалдым. Өзі ақын, өзі дарын, ақ сүйек аристократ, өзі сұлу, өзі бай, асқан ақылды әрі білімді, 25 жастағы жігіт екен, табиғаттың одан нені аяп бермей қалғанын мен таба алмадым. Мінез-кұлқы мейлінше дарқан, ойын бүкпей айтатын турашыл, асқан әдемі жігіт, бәрі де жақсы мектепте жүріп қалыптасқандай. «Отечественные записки» атты журналда оның «Андрей Колосов» деген повесі жарияланды, сен соны оқып шық. «Андрей Колосов» – оның дәл өзі, әйтсе де өзін дәріптеуді ойламаған ол!»2– дейді Ф. М. Достоевский.

«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді...» деген қазақ елінің данышпан мақалын бұлжытпай орындаған осылар екен! Мініки, мені ерте қызықтырған да бұл ұлы жандардың осындай кесек қылықтары еді.

Достоевскийді ақ патша өлім жазасына бұйырғанда, әлгі В. Г. Белинскийдің Гогольге жазған хатын жұрт алдында оқыдың деген айып таққанды. Сол домалақ тұжырым бойынша, томаға-тұйық айдауға кете барған ол.

Белинский тәрізді ұлы данышпанға ұнаған Достоевскийге Тургеневтің ғашық болуы да заңды, өйткені ол кездегі орыс халқының бетке ұстар азаматтары Белинскийге мұқылас бағынғанды.



1 В. Г. Б е л и н с к и й. Полн. собр. соч. т. XII. М., 1956.
2 Өзінің туған ағасы Михаил Михайлович Достоевскийге арнап 1845 жылы, 16 ноябрь күні жазған хатында.

158


Осы пікірлерімізді дәлелдеу үшін, мына бір айғақты көрелік. 1856- жылы, 16 декабрьде Парижде отырып, И. С. Тургеневтің Л. Н. Толстойға жазған хаты мынау екен. «Сіз жұрттың бәрінен де Чернышевскийді жек көресіз, бірақ осыныңыз да аз-маз көбеңсіген көтеріңкі қылық болар, анығында сізге Чернышевскийдің Белинскийге табынуы жақпайды, көненің көрін ақтарады деп ашуланасыз, сіздің ойыңызша оған тимеуі керек тәрізді, бірақ ойланыңызшы, әңгіме адам туралы болып отыр, ол (Белинский) өмір бойы еңбек істеген, саудагердің1 малайы болған кісі еді ғой, ол саудагер мұның қолымен от көсейді де тапқан табысын (қалам ақысын) өзі иеленеді (бұған бірнеше қабат өзім куә болдым), сорлы Белинскийге бақытты тіршілік құру немесе тыныш өмір сүру былай тұрсын, ел қатарлы қанағат тұтатын қолайлы тұрмысы да болған жоқ қой, осы күні әлемге аян, бәріміздің де бойтұмар етіп жүрген ойларымызды ол ерте-ақ айтып еді, сол үшін оны лай-батпаққа көміп, тас атқылап, кекетіп-мұқатып, өтірік арыздар жаудырды, осылардың зардабынан өліп кұтылады ол, әйтпесе насырға шабатын еді, міні енді осының бәрін көріп-біліп отырып, тіпті өлгенше мадақтап жіберген күнде де сол екі-үш мақаланың жарық көргенін сіз бір ұлы мәртебе деп ұқтыңыз ба? Бір «шіріген жұмыртқа» деп, осыны да көпсіндіңіз бе? Бұл мақалалар жөніндегі менің ойымды білгіңіз келсе, бұдан он жыл кейін кездеселікші, сонда көрейін мен сізді, өзіңіздің жас күніңіздегі бірге қуанып, бірге жыласқан, өзі беттеген әділ пікірдің қуатына ғана сүйеніп өмір сүрген досыңыз туралы мақтан сөйлеуге тиым салса, қандай халде болар едіңіз, соны көрсем екен!.. Бірак, өткен өміріңізді түгел ақтарғанда да, ондай ұлы адам сіздің тұсыңыздан табыла кояр ма екен?..» – депті. Міні – В. Г. Белинскийдің өз тұсында кім болғанын ұғыну үшін, И. С. Тургеневтің осы сөзі де жеткілікті.




1 «Отечественные записки» атты журналдың редакторы. А. А. Краевскийді нұсқап отыр. (С. Т.)

159


Ал Достоевскийдің «Бейшаралары» сонау отызыншы жылдарда қазақ тілінде жарық көрді. Бұған бірінші себепкер Белинскийдің мақтауы еді. Енді екінші себебін айталық. «Бейшаралар» романы әрбір тіршілік тақсыретін тартқандарға және кешегі ақ патша тұсында жазықсыз жапа шеккен ұсақ ұлттың балаларына ұнымауы мүмкін емес: «Әркімге-ақ белгілі, Варенька, сорлы кедей адамның құны ескі-құсқыдан да төмен, ешкімнен ешқашан ол сый-құрмет көре алмайды... онда ешбір қадірлі- қасиетті нәрсе, не бір адамгершілік болмайтын сияқтанады...» – деп толғайды ғой сорлы Макар! Осындай ауыр шындықты аузы барып айта алған – тек қана данышпан Достоевский! Бұл толғаныстар кімнің сайсүйегін сырқыратпас!?

Үшінші себеп, қазақ елінен шыққан ардагер ағамыз Шоқан Уәлиханов Достоевскийді қыршын күнінде танып, дос болған-ды. Екеуі бірге түскен суреті Октябрь революциясынан көп бұрын, «Униженные и оскорбленные» атты Достоевский романының бірінші бетінде тұр; өткен күннің айнасындай осы екі тілсіз бейнені көргенде, теңсіз телегей мақтаныш бойымызды еріксіз билеп әкеткен-ді.

Шоқан жиырма жаста. Достоевскийдің 1855-жылы жаздыкүні солдат болып Семейде жүргенде, Шоқан ағамыз оған сәлем бере барыпты. Осыдан былай қарай олардың достықтары өмірі үзілмеген екен!

Солдат шинелін еріксіз сүйретіп жүрген ұлы тұлға – Федор Михайловичты қиырдан тануы Шоқанның өлшеусіз қырағылығы. Жұпыны киіміне, жүдеу түріне қарап түңілмей, ішіне үңілген ғой ол!

Федор Михайловичтің: «Батыс Сібір мен Қазақстанға орыс офицерлері мен чиновниктерін кім шақырды екен?» – деген сұрағына, Шоқан:

«...Дарқан кең-жайқын Татар сахарасында біраз серуендеп байығысы келетін болар... қырғызды (қазақты) тонап, солардың ақшасын әйелдеріне жұмсап, әдемі көйлек-көншек сатып әпергісі келетін шығар»... деп ащы мысқылмен именбей жауап берген екен. Патша чиновниктерінің мінез-құлқын жетік білетін және

160

мейлінше жек көретін Достоевский «...Сібір қанша суық болса да, чиновниктерге жылы екен-ау!»1 – деп, Шоқанның пікіріне үн қосады. Досқа дос қаймықпай айтады. Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ф. М. Достоевскийге жазған бір хатында өзі қызмет істеп жүрген Омбы қаласын ұнатпай, содан кеткісі келгенде, өзінің туған ағасындай көріп, Федрдан ақыл сұрайды. «Омбының өсек-аяңы сонша діңкеме тиеді, осы жерден мүлде безіп кеткім келеді. Бұл қалжыңым емес, шыным, осыған сіз қалай қарайсыз? Ақыл беріңізші, Федор Михайлович, қайтсем тәуір болар екен?» – деп жазады. Дәл сол 1856 жылы Парижде жүрген И. С. Тургенев те жанқияр досы Лев Николаевич Толстойға хат жазған болатын: «Париж бұдан бұрын маған мұндай көрінген емес еді. Бұл калаға тым рахат тұрмыс жараспайды. Мен Парижді басқа бір жағдайда көріп едім, онда маған өте ұнаған болатын...» 2 – дейді. Иван Сергеевич Тургенев пен Шоқан Уәлиханов – екеуі бірін-бірі көрмей, білмей-ақ сол 1856 жылы екі қала туралы жазған хаттары қандай сабақтасып жатыр десеңізші. Екі халық ардагерлері бірін-бірі осылай алыстап ұғысатын, ұқсасатын тәрізді.



Біздің қазақ ақыны Наурызбай Наушабаев:

Қуған да аллалайды, қашқандағы; Белгілі әр адамның баспалдағы.—

десе, Федор Михайлович Достоевский де: «Қуған да құдайға сиынып қуады, қашқан да аллалап қашады», – дейді. Бұлар бірін-бірі көрген де жоқ, білген де жоқ; ендеше, бірінен-бірі алған да жоқ. Бұл тіл туыстығы емес, ой туыстығы:

Федор Михайловичтің барлық туындыларын түгел






1 И. Ф. Б а б к о в. «Воспоминание о моей службе в Западной Сибири» СПБ, 1912. стр. 49.
2 И. С. Т у р г е н е в. Собр. соч. том 12, стр. 233, 1848 жылғы революция кезінде көргенін, сонда Париждің өзіне қатты ұнағанын айтып отыр. (С. Т.)



6—2462

161


қамтуға орын тар және жер жүзіне мәлім нәрсені қайталай беру де артық әрекет тәрізді.

Жалғыз-ақ «дүниеде болмайтын нәрсені болдыруға ұмтылған» асқақ жан, алып суреткер Ф. М. Достоевскийдің өз тұсында жазықсыз соққы жеуінің бір себебін көрсеткіміз келеді.

«Баяғыда белгісіз бір солдат соғысып жүргенде, қамауда қалған өзінің патшасын ажал аузынан айырыпты, оған данышпан біреу «өзің қашып құтыл» десе де болмапты, өйткені осы қылығы үшін патшасы артынан алғыс айтар деп есептесе керек; артынан алғыстың орнына, қарғысқа ұшырап, өзі өлім жазасына бұйырылыпты» – деген Рим тарихшысы Плутархтың әңгімесін келтіреді де, көсем де шешен жазушы Стефан Цвейг былай толғайды: «Көбінесе патшалар өздерінің арамза қылықтарына куә болғандарды мейлінше жек көреді, сондықтан жүгенсіз өскен тоғышарлар ақыл бергендерді кешірмейді; өздері- нен, бір елі болса да, ақылы артық жандарды көре алмайды, суқаны сүймейді1 – дейді.

Россияның, орыс елінің беделін аспанға көтере білген Достоевскийдей тұлпар тұлғаның алғыс ала алмай, қарғыс алуы, еңбегі еш, жігері құм болуы, заты, осыдан шығар!..

Тіпті мына жазушы атанған бейбақтардың да оны көре алмауы – осы Достоевскийдің мойыны өздерінен анағұрлым асып тұрғандығы болар; өйткені ол: «Әй, осы бір ертекшілер-ай! Жоға, тіпті, пайдалы, жанға жағымды, қызғылықты бірдеңе жазсайшы, түге, қайдағы жеті қат жер астындағының бәрін қазбалай бергенше!..

Мен болсам, осыларды жазудан тияр ем? Япырай, мұндайды кім көрген: оқисың... еріксіз ойға шомасың, сол- ақ екен, қайдағы-жайдағы бірдеңелер басты қатырады-ай кеп, расында да, осыларға түк жазғызбас едім; тіпті бар



1 Стефан Цвейг. Избр. произвед. в 2-х томах том 2. ГИХЛ, М., 1957, стр. 238.

162

ма, мүлдем тиым салар ем» – дегенді де ерте әйгілеп еді ол, Федор Михайлович Достоевский.

Өткеннің өрескел әрекеттері біздің өскелең заманымызға мұра бола алмаса керек, сондықтан өз ағамызды, өз атамызды, үлгілі ұстаздарымызды, бүгін Шоқанша тануымыз қандай ғанибет!





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет