Жеке адамныѕ денсаулыєын болжау



Дата12.09.2020
өлшемі31,5 Kb.
#77854
Байланысты:
Жеке адамның денсаулығын болжау


Жеке адамның денсаулығын болжау.

Денсаулығыңызда болар өзгерістерді ғылыми негізде күнібұрын айту,денсаулықты болжау.Бұл өзі әлеуметтік гигиенаның басты тақырыбы,оның зерттемелері әр адам денсаулығындағы уақытына орай болып жатқан өзгерістер заңдылықтарын саралауға негізделген.Мейлінше ғұмвр ұзақтығын болжау қажет болған тұста,ол болашақ өмірдің орта статистикалық көрсеткіштерімен шектелінбек.Әр адам ғұмыр ұзақтығының бар болжамы 5 жылдық шамада.

Денсаулық болжамының негізгі қағидалары:

1.Денсаулықты болжау мүмкіндігі

2.Субъективтік және объективтік көрсеткіштер тіркесі.

3.Ғылыми негіздемелері.

Болжам жасағанда денсаулыққа әсер ететін факторлар қатарын тысқары және ішкі деп бөлуді ескеру қажет.Ішкілері организмнің тек(генетикалық) бағдарламасының бағытына байланысты.Осы ішкі факторларға сүйене отырып,организмнің дамуы кезеңдеріне байланысты болашақ өзгерістердің қалыптамасын болжауға болады.

Ең алғаш болжам-«тууға дейінгі болжам».Тек туралы генетикалықкеңестер және тек көрсеткіштерінің(генеологиялық) тарихын зерттеу(зерделеу),болашақ әке-ананың генотипіне,фенотипіне негізделген,туар баланың жағдайын,нәресте табиғатындағы өзгерістерді тууға дейін,тіпті,ұрық бітер сәтке дейін де білуге мүмкіндік береді.Тек таралымының тарихын және конструкциялық табиғи ерекшеліктерді білудің өзі-ақ ересектерде белгілі бір ішкі аурулардың дамуына себепкер болатын ішкі факторлар туралы мағлұматтар бере алады.

Денсаулық болжамының түбегейлі мақсаты-саулықтағы нашар,кемшін қалған жерлерді табу.Болашақта денсаулыққа кесірін келтіретін қауіп-қатерлердің алдын алып,олордың көзін жою.

Белгілі бір аурулардың қатер факторлары ретінде көбіне мына тысқары факторлар қатары келтіріледі:а)экологиялық факторлар;б)тамақтанудың физиологиялық мөлшер өлшемдерінің бұзылуынан туындайтын аурулар тобы;в)денсаулыққа семірудің кесірі-бұл әсіресе организмде тағы бір әмбебапты фактор –гипокинезияның әсерінен нақты көрінісін табады;г)сезім жан күйзелісі;д)зиянды дағдылар,әсіресе темекі шегу,араққа,есірткі заттарға әуестік.

Тіпті дене салмағының болмашы өсуінің өзі-5кг болса,семіздікті былай алып қойғанда,міндетті түрде зат алмасу үрдісінің бұзылуына әкеліп соғады,әсіресе липопротеидтердің алмасуын-атеросклероз қатерінің және жүректің ишемиялық ауруының негізгі факторларын қиындатып жібереді.

Денсаулыққа семіздіктің тигізер кесірі организмде тағы бір «әмбебапты» фактордың –гипокинезияның(гиподинамия) қышқылдың жеткіліксіздігі әсерінен айқын көрінеді.Жан күйзелісі гипокинезия әсерін үдетіп жібереді.

Темекі шегушілердің арасында жүрек тамырлары жүйесі аурулары 3,3есе жиі,асқазандағы және он екі елі ішектегі ойық жаралар темекіні тартпайтындарға қарағанда 1,5есе жиі кездеседі.Өлім көрсеткішінің деңгейі жас кезінен бастап шылым тартып,ересектер арасында басқа темекіні аузына алмағандарға қарағанда,көп жоғары.

Темекі шегу дағдысының бойға сіңіп қалуы,оны аузына ала бастаған жас шамасына тікелей тәуелді екендігі анықталады:неғұрлым жастар темекіге ерте бой ұрса,соғұрлым есейген шағында, олардың темекіден бас таратады дегенге күмән бар.

Келесі «әмбебапты» әсері бар қатер факторы болып ішімдік есептелінеді.Сана дерті, қан қысымының көтерілуінен болатын аурулар, созылмалы арнайы емес өкпе аурулары, бауыр аурулары, жұқпалы жыныс аурулары, туберкулез-ішімдікке үйірсек адамадарда, бұған ықыласты емес тұрғындарға қарағанда, 2-2,5есе көп кездеседі.

СҰРАҚТАМА

«Үкі» немесе «Қараторғай»

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) организмге өтіп жатқан үрдістерге, ағза, мүшелер қызиетіне әсер етіп, реттеп отырады және оған деген жауаптың әр адамда ерекшеліктері болады. Сол ОЖЖ 5% ерекшеліктеріне орай адамдарды «Қараторғай», (экстраверт), «Үкі» (интраверт) деп екіге бөледі. Бұл сау адамның жауап ерекшеліктері.

Тыныштық қалпында 1минут бойындағы жүректің жиырылу жиілігін(ЖЖЖ) және тыныс алу жиілігін(ТАЖ) есептеп, жүрек жиілігін тыныс жиілігіне ондықтарға дейін бөл!

ЖЖЖ:ТАЖ(ондықтарға дейін)

Егер нәтиже 5,0-ден көп болса, онда сіз «қараторғай» қатарына жатасыз.

Егер де нәтиже 4,0-ден – 5,0-ге тең болса, онда сіз «үкісіз».

Егер де бөлу нәтижесі 4,0-ден кем болып жатса, онда Сіз аритмик «көгершін» болдыңыз.

Сіз Экстраверт немесе Интравертсіз бе?

Өзіңізге сайма-сай сәйкес деген пікірлер белгісін («а» немесе «б») айналдыра жиектеңіз.

1 а) мен саяхаттауды ұнатамын, әсіресе ол көз үйренбеген экзотикалық жер болса.

б) мен қауіп-қатерлі істі жақтырмаймын.

2 а) мен көпшілік қатысатын тым болмаса 40-50 адамнан тұратын семинарларды жақсы көрем.

б) үлкен семинарлардан гөрі 8-10 адамды оқытқанды тәуір көремін.

3 а) мен ел-жұртпен қатысқаннан рахаттанамын.

б) кейде мен жалғыздықты ұнатамын

4 а)сабақ жоспарын жазғаннан 50 адамды оқытқанды артық көремін

б) мен 50 адамды оқытқаннан сабақтың жоспарын жазғанды артық көремін

5 а) мен дос-жораларымның көп болғаның жақсы көремін

б) менің тек жақын достарым ғана бар

6 а) мен ел алдына әсерленудің оқасы жоқ деп санаймын

б) мен өзім жақсы білетін адамдар болмаса олардың адында ешқашан да әсерленіп, ақымақтық жасамаймын

7 а) мотоциклді мінуден де бас тартпаймын

б) мотоцикл-ол қауіпті. Мен мотоциклге мінбес едім

8 а) менің оқытқым келеді

б) мен сахна қызыметнен гөрі, оның айналасындағы жұмыстарды жоспарлауды, ұйымдастыруды жақсы көрем

9 а)егер сабақ талдында өзімнің естелігімді жоғалтқан болсам, сабақты өздігінен жүргізе аламын

б) егер сабақ алдында сабаққа деген естелігімді жоғалтсам, мен үрейленіп, байбалам салам

10 а) мен топ алдында сөйлегенді жақсы көремін

б) мен топ алдында сөйлеткенлі ұнатпаймын

Қорытынды жасаңыз: («а» мен «б») әріптерінің саны:

«а» 7 не 7-ден жоғары болса, онда Сіз экстраветсіз, Сіз елмен қатынаста болғандықтан бақыттысыз

«б» 7 не одан төмен болса, Сіз интравертсіз. Сіздің жаныңызға жайлысы жалғыздық.



Егер «а» және «б» саны тең болса, онда Сіз көпшілік арасында да, жалғыз қалғанда да жаныңыз жәй табады,жақсы сезінесіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет