Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мемлекеттік тілді оқытудың маңызы



Дата25.12.2016
өлшемі129,49 Kb.
#5193
Кумпеисова Казиза Кабытаиевна

Семей қаласы, №15 орта мектеп



Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында

мемлекеттік тілді оқытудың маңызы
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторлары болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылады.

Тілді үйретуге қатысты А.Байтұрсыновтың ұсынған тиімді тәсілдері мен қағидалары мыналар:

1. Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактикалық принципті өте тиянақты ұстаған, оны уағыздаған.

2. Кез келген тілді үйретуді «қарыптан», яғни әріптен, әліпбиден бастау қажет.

3. Тілді үйрену ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатар жүруі тиіс.

4. Тілді оқытуда мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелер маңызды орын алу қажет.

5. Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мән берілуі керек.

6. Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.

7. Мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар, халықтын ұғымына таныс, жақын болуы тиімді.

8. Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.

9. Тілді оқытуда тілді ұстартуға, көркем сөзге де ден қойған дұрыс.

10. Мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыру қажет.

Оқушылар сөз мағынасына көңіл бөле отырып, сөз тіркесін жасайды. Егер оны сызба түрінде белгілесек, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құрауға дағдыландырамыз.

1



. а) - ә) -

Алма - ағаш Алма - жеміс ағаш.

б) - ,

Алма - көпжылдық, жеміс ағашы.



2. а) - ә) -

Асан - оқушы. Асан - озат оқушы.

б) - ,

Асан - үлгілі, озат оқушы.

Сөйлемдердегі сөздер мен алма ағаш, көпжылдық ағаш, жеміс ағашы, т.б бірнеше сөз тіркесін жасата отырып, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуді үйретеміз. Мәтінмен, сөздікпен, оқулықпен жұмыс жүргізуде оқушының оқығанын өмірде іске асыруға, өз көзқарасын, пікірін, білдіруге қабілеті қандай екендігін анықтаймыз. Оқушы мәтіндегі сөз мағынасына көңіл бөле отырып, ұсынуға ауыр сөздерді дәптерлеріне жазып, аудармасын табады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда диалог, монолог, жағдаят, сұхбат арқылы оқушылардың тілін дамытамыз.

Бастауышта тіл дамыту дегеніміз – оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету болып табылатыны белгілі.

Бұдан тіл дамытудың мағынасы, көлемі кең ұғым екендігін байқауға болады.

Адам ойын ауызша не жазбаша түрде жеткізеді.Сондықтан оқушы тілін дамытуда ауызша және жазбаша бағыттар бір-бірімен байланысты жүргізеді. Адамның сөйлеуінде қолданылатынтілдік нұсқалар-дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің тілді оқытудағы негізгі мәселелер екендігі анық.

Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстарын жүргізеді.

Бастауыш сынып оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Сондықтан да орыс мектептерінде орыс тілді оқушылардың қазақша тілін дамытуда мынандай әдістермен жұмыс жүргізуге болады.



  1. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының тілін дамыту.

  2. Мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту. Функционалдық сауаттылығын арттыру.

  3. Көрнекті құралдарды пайдалану арқылы тіл дамыту.

  4. Жаттығулар арқылы тіл дамыту.

  5. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушының тілін дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады. Сондықтан да оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі-сөздік жұмысы. Сөздік арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар жазуға да дағдыландыра аламыз. Балаларға үйрететін жаңа сөздің мағынасын мына жолдармен меңгертуге болады:

  1. Затты көрсете отырып, оның атын алдымен қазақша соңынан орысша айту.

  2. Сөздің орысша баламасын беру (суреттің көрсетуге келмейтін, дерексіз зат есімдер, оның түсін білдіретін, не қимылды білдіретін сөздер, т.б.)

  3. Сөздердің мағынасын антоним сөздер арқылы түсіндіру.

  4. Амоним сөздердің мағыналық айырмашылықтарын сөйлем ішінде келтіріп, түсіндіру.

  5. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, алдыңғы сұрақ- жауап түріндегі әңгіме арқылы жаңа мағынасын түсіндіру және де осы жаңа сөздерді тек сол сабақта пайдаланып қана қоймай, күнделікті өмірде , қарым- қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру, оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай жұмыстар жүргізу керек:

  1. Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға ғана түсіндіру.

  2. Жаңа сөздердің оқушының есте сақтауын қамтамасыз ету.

  3. Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру, яғни жаңа сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

  4. Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.

Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға түсіндіру де оқушыға бұрын таныс синоним сөздерді пайдалану, заттардан өзін көрсету алғашқы кезеңде көбірек орын алады, бірақ мүмкіндігіне қарай ол кейін де қолдана береді.

Екінші бір тілді үйретуде, оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті. Мәтін оқушыға білім береді, оқушыны оқуға үйретудің басты құралы, ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін оған мынандай талаптар қойылады:

А) Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болу керек.

Осымен байланысты әр сыныпта оқылатын мәтін әртүрлі деңгейде болады. Бір сыныптың өзінде алғашқы мәтіндер мен оқу жылының аяғындағы мәтіндердің көлемі құрылысының ауыр, жеңіл бірдей болмайды.

Ә) Мәтін мазмұнында әр сыныптың оқушылардың білім деңгейіне, дүние танымына сай болуы керек. Оқушыларға таныс емес, оқушы түсінбейтін қиын мазмұнды мәтін алынбауы керек.

Б) Мәтіннің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы керек. Қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.

В) Мәтіндер қазақ халқының әдет-ғұрып мәдениетімен, ұлттық мерекелерімен, жетістіктерімен, оқушыларды таныстыру қызметін атқаруға тиісті. Мәтін бойынша бірнеше жұмыстар жүргізуге болады. Мәтінді оқу, аудару, мазмұнын ауызша аудару, мәтінді әңгімелеу үшін жоспар жасау, мазмұндама жасау, сұрақ-жауап ретінде әңгімелесу, яғни диолог құру.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің үлгісі:



  1. Мәтінді мәнерлеп, дауыстап бір ырғақпен оқып шығу.

  2. Дұрыс оқуын қадағалау.

  3. Сөздікпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздерді есте сақтау. Жазбаша және ауызша оқылуына мән беру.

  4. Осы сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару.

  5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  6. Мәтінді қалай түсінгендігін тексеру, қорыту мақсатымен мәтіннің мазмұнын айту және осы мәтіннің тақырыбын ашатындай сөзжұмбақ құрастыру.

Осы тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазғызып, жаттап келуге беру. Жатқа айту-мәтінмен байланысты тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Баланың тілі жаттығады. Сөздік қоры көбейеді, сөздердегі екпінді дұрыс түсіруді үйренеді. Орта, жоғары буында ауызша жұмыс түрлерімен қатар мәтіннің мазмұнын қағаз бетіне түсіру адамның ойлау, есте сақтау және түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты болады да, төменде көрсетілген бірнеше жазбаша жұмыс түрлері арқылы іске асады, олар:

  1. Жоспар құру;

  2. Тезистеу;

  3. Қажетті тұстарын көшіріп алу;

  4. Конспектілеу.

Мәтін мазмұнына жоспар құруда, ең алдымен, жалпы мазмұнды жеке бөлімдерге бөле білуді қалайша іске асыруға болатындығын анықтап алу қажет. Бұл орайда, негізінен, мына жағдайларға назар аударған жөн:

А) белгілі бір тарихи оқиғалар;

Б) оқиғалар өрбуіндегі уақыттың, мезгілдің көрсетілуі.

В) кейіпкерлердің іс –әрекеттері мен мінез -құлқындағы өзгерістер.

Жоспар құру барысы мына кезеңдерден тұрады:


  1. Мәтінді оқып шығып, мазмұнымен танысу.

  2. Мәтіннің жалпы мазмұнын жеке бөлімдерге бөлу;

  3. Әрбір бөлімге қысқаша тақырып қою.

Әрбір сөйлемге жеке тақырып қоюды атаулы сөйлемдер, хабарлы сөйлемдер немесе сұраулы сөйлемдер арқылы іске асыруға болады. Бұл жерде жоспардың барлық бөлімдерін біртектес сөйлемдер арқылы рәсімдеу қажет екендігін еске сала кеткен дұрыс.

Түбегейлі жоспар түрінде мына жайттар ескерілуі тиіс:



  1. Жоспардың мәтін тақырыбына сай болуы әрі оны толық және терең бейнелей түсу;

  2. Белгілі бір мақсатқа бағытталуы;

  3. Ой жүйелілігі;

  4. Негізгі бөлімдердің көлемінің өзара сәйкес болуы.

Жалпы, мәтіннің мазмұнына жоспар құру шығармадағы оқиға желісін, автордың негізгі ойын түсінуге жол ашады, оның үстіне білімгерлердің неғұрлым қысқа , көркем әрі жүйелі түрде өз ойын жеткізуге мүмкіндік береді.

Келесі кезең – мәтінің мазмұнын тезистеу. Оның екі түрін атауға болады:

А) мәтіннен автордың тезистерін дөп басып, табу;

Б) ғылыми немесе ақпараттық сипаттағы мәтіндердің негізгі қағидаларын жасау.

Егер сабақ жүргізетін орта бірыңғай орыс тілділер болса, шағын мәтіндердің сөздіктерін түбір, «Қазақша-орысша сөздік» (Х.Махаудов, Ғ,Мұсабаев), «Қысқаша орысша-қазақша сөздіктерін» (Жалпы редакциясын басқарған – Ш.Ш.Сарыбаев) пайдаланған тиімді. Жаңадан тіл үйрене бастағандарға берілетін мәтіндер құрамындағы сөздердің бәрін аталмыш сөздіктерден табуға болады.

Бірақ сөздердің түбір күйіндегі нұсқасының (не қазақша, не орысша) аудармасын (түрленген, тұлғаланған) сөздіктен іздеудің әурешілдігінен арылту жолы – грамматиканы меңгеру екенін естен шығармаған жөн. Мысалы, ар (честь, совесть) сөзінің аудармасын білген тіл үйренушіге арлы, арсыз, арсыздық сөздерінің аудармасын сөздіктің әр тұсынан іздеп қиналғанша, жұрнақтардың қызметін ажыратқаны әлдеқайда тиімді. Яғни түбірлес сөздердің сөздігін сабақ барысында грамматикалық көрсеткіштерімен айшықтап отыру қерек.

Үлгі: 1. Ой -----------------------------мысль

ой+лы------------------------мыслящий

ой+ла -------------------------думай

ой+шыл -----------------------мыслитель

2. біл -------------------------------знай (узнай)

Біл+у ----------------------------знать (узнать)

Біл+ім ---------------------------знание (образование)

Білім+ді ------------------------------образованный

Біл+гіш ---------------------------------знающий

1-үлгі. Омонимдік түрлену сөздігі:

Зат есім. Открытый участок земли.

Алаң Зат есім. Площадь

Зат есім. Беспокойство

Зат есім. Фруктовый сад

Зат есім. Счастье

Бақ Етістік. Пасти (животных)

Етістік Расти (детей)

Етістік. Следить (наблюдать)


2- үлгі. Синонимдік түрлену сөздігі:

салмақты (имеющий большой вес)

Ауыр (тяжелый) қиын (тяжкий)

зілдей (тяжесть)

жылдам (в быстром темпе)

Тез (быстро) бірден (сразу)

лезде (мгновенно, мигом)

бір сәтте (в момент)

3-үлгі. Антонимдік түрлену сөздігі:

Бар – жоқ (есть-нет)

Алыс – жақын (далекий - близкий)

Ұзын – қысқа (длинный - короткий)

Көп – аз (много - мало)

Ашу – жабу (открывать - закрывать)

Қазақ тілін өзге тілде оқытумен айналысқан ғалымдардың бірі Қ.Қадашева өз еңбегінде интерактивті әдістерін «жоғары белсенділікті дамыту» деп отырып, оның негізгі ұстанымдарын төмендегідей белгілейді:


  • өзінен-өзі пайда болатын ұстаным;

  • ішкі сезім уәждемесі (ішкі мотив);

  • стратегиялық қуаттылық;

  • тәуекелге бару;

  • тіл мен мәдениет арасындағы байланыс;

  • аралық тіл;

  • коммуникативтік құзырет.

Оқу үрдісінде интерактив әдістерін қолдаудың негізгі көздейтін мақсаты – жүйелі түрде сұхбатқа (диалогке) әңгімелесуге құрылуы, оқушының білімді меңгеруде белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікір таласа, қарым-қатынаста болуы, алға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып шешуі. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.

Дидактика ілімінде оқытудың интерактив әдістеріне мыналарды жатқызып жүр:



  • пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;

  • ми шабуылы («мозговой штурм»);

  • эвристикалық немес «Сократ» әдісі;

  • «дөңгелек үстел» әдісі;

  • іскерлік, ролдік ойындар (симуляция);

  • драматизациялау (драмалау);

  • ТОҚ (дыбыстық-бейнежазбалар), мультимедия жүйесі.

Пікірсайыс – соңғы кезде жиі қолданыла бастаған интерактив әдістерінің бір түрі. Оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған теориялық материалды оқушының өз бетімен еркін түрде талдауы.

Пікірсайыс өткен материалды толық меңгеруге, мәселелерді дұрыс шешу жолында ізденуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға түрткі болады. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілерге сүйене отырып жауап беруі, өз сөзімен еркін жеткізуі тақырыпты еркін меңгеруіне көмектеседі. Бұл элемент батыс елдерінің оқу орындарында жиі қолданады.

«Ми шабуылы» әдісін қолдану барысында мына ережелер есте болуы қажет:


  • оқушылардың айтқан пікірлері сыналмайды, талқыға салынбайды;

  • басқарушылар және бағынушылар болмайды;

  • әр түрлі мазмұндағы пікірлер неғұрлым көп болса, соғұрлым мақсатқа жақындау мүмкіндігі мол болады:

  • қатысушыларды, олардың пікірлерін, идеяларын мадақтап, мақтап отыру қажет;

  • қысқа және жүйелі түрде жеткізілуі керек.

Эвристикалық немес «Сократ» әдісі.

Бұл әдісті оқыту үрдісінде келесі мәселе қоя отырып (проблемаларды) оқыту әдісіне де жатқызады.



«Сократ» әдісі негізінен сұрақ-жауапқа құрылады. Әңгіме әдісі орыс мектебінде жаңа білімді хабарлау, алған білімді бекіту, білімді тексеру сияқты сабақтың барлық буындарында қолданылады. Жаңа білімді хабарлау кезіндегі әңгіме әдісі оқушылардың алдында алған біліміне сүйенуге болатын жағдайда ғана қолданылады. Әңгіме арқылы материалды игертудің екі логикалық жолы бар: индуктивті (ережелерден тіл фактілерін талдауға көшу), дедуктивті (тіл фактілерін талдау арқылы ереже, анықтамаларды баяндау).

Іскерлік ойындары жүргізудің негізгі дидактикалық мақсаты – оқушының оқу белсенділігін арттыру, бірлікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.



Дамытушылық мақсаты- зейін, қиялын, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, оқу әрекетінің мотивациясын дамыту.

Сонымен балаға біл үйретудің сан қырлы жолы болғанмен оны жеткізе білу, меңгерту, оң нәтижеге қол жеткізу тіл үйретуші ұстаздың бұл іске атүсті қарамай, зор жауапкершілікпен талмай ізденісін талап етеді.

Оқу- инемен құдық қазғандай екендігін ескерсек, тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қажыр –қайрат жасауды қажет етеді. Елдігіміздің болашағы қазақ тілінің мәртебесіне тікелей байланысты.

«Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес»,- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әр балаға қазақ тілін үйрету, қазақша сөйлету, сауатты жаздырту бүгінгі таңда басты мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологиялармен үзбей кең ауқымда жұмыс істеу. Сол арқылы біз оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырамыз, өз жұмысымыздың нәтижесін көреміз.


Әдебиеттер

  1. Ф.Ш.Оразбаева. Тілдік қатынас негіздері. Алматы 2005, 10б

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 1.2008

  3. Қазақ тілі: әдістеме. №6. 2007 (14)

  4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

  5. М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы. Оқушыны дамыту құралы

Каталог: uploads -> doc -> 07f8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07f8 -> Тақырып: Әдептен озбайық Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер
07f8 -> 8 сынып Қазақстан тарихы Қолданбалы курс Тақырыбы: «Тұлғалар және оқиғалар» Түсініктеме


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет