Жеке тұлғаның эволюциясы А. Дюрердің автопортреттері



Дата11.01.2022
өлшемі86,7 Kb.
#110740
Байланысты:
Жеке тұлғаның эволюциясы А. Дюрердің автопортреттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Жеке тұлғаның эволюциясы А. Дюрердің автопортреттері

Орындаған: МырзахметоваМаржан

Қабылдаған:

Тобы: ДМ 19-11

2020 -2021 оқужылы

Альбрехт Дюрер (нем. Albrecht Dürer21 мамыр 1471Нюрнберг — 6 сәуір 1528Нюрнберг) — неміс суретшісі, портрет жанрының шебері, ксилографияның еуропадағы қас шебері деп танылған, Қайта өрлеу дәуірінің ең үздің батысеуропалық шебері. Өз заманының көптеген қайраткерлерінің сан алуан іс әрекеттеріне үңіле қараған суретші адам образын өз шығармашылығының басты такырыбы етіп алды. Ол бейнелеген жандар халық үшін қалтқысыз қызмет еткен әр мінезді, әділетті, парасатты қайраткерлер. Айырылмас досы Пиркгеймер, жазушы досы Эразм Роттердамский, қоғам қайраткерлері Мелантхон портреттері — суретшінің гуманистік идеяларын жан-жақты ашып көрсететін, терең мағыналы шығармалар. Сонымен қатар әлемге аты кең тараған: "Жас жігіт портреті" (Дрезден галереясы), "Кәрі бюргер" (Мадрид), Хальциеуар портреті (Берлин), өмірінің соңғы жылдарында аяқтаған "Төрт апостол" (Мюнхен) және басқа да туындылар Дюрер есімін Рафаэль, Тициан, Джорджоне есімдерімеп қатар қоюға мүмкіндік береді.

Ескерте кететін бір жайт, Дюрер суретшілердің ішінде бірінші болып қарапайым халық өкілдерінің бейнесін реалистік жолмен көрсетуге тырысты. Мысалы, 1497—1500 жылдары жазылған "Үш шаруа" деп аталатынын сурет — шаруалар соғысы қарсаңындағы әлеуметтік жағдайды көрсететін, тарихи маңызы бар шығарма. Сол сияқты "Шаруа және оның әйелі", “Би үстіндегі шаруалар”, “Жәрмецкеге бара жатқан екі шаруа” тағы басқа бірқатар еңбегі арқылы Дюрер сол кездегі ел тұрмысын шынайы суреттеп берді. Және қарапайым адамдар — колөнершілер, жер емген шаруалар өмірі өзекті тақырыптарының біріне айналған еді.

Өнер тарихында Дюрер тек қана суретші ретінде ғана қалған жоқ. Бос уақытында ол мүсін, сәулет үлгілерімен де айналысты. Ғылымның қоғамдағы орнына айрықша назар аударып, суреткер Италия математиктерінің, Нюнберг астрономдарының күрделі еңбектерімен жан-жақты танысты, соғыс бекіністерін салу туралы арнаулы еңбек жазған инженер болды. "Пропорциялар туралы төрт кітап" атты трактаты суретшілердің тамаша өсиет кітабына айналды.

Альбрехт Дюрер 1528 жылы 6 сөуірде дүние салды. Содан бері 480 жылдай уақыт өтсе де, ұлы неміс суретшісінің есімі дүниежүзілік мәдениет, өнер, ғылым тарихында аса көрнекті орын алады.

Өмірбаяны]



Альбрехта Дюрердің таңбасы, 1523 жыл

Альбрехт Дюрер кезінде тоғыз жол торабы болған, қолөнер, сауда-саттық істермен аты шыққан Нюрнберг қаласында дүниеге келген. Әкесі ауыр да азапты тұрмыстан еңсесін бір көтере алмай кеткен екен. Ертеректе, 1455 жылы, "Жерұйық" — Венгриядан келсе керек. Содан осы қалада тұрақтап, үйелмелі - сүйелмелі он сегіз Паланы асыраудың қамымен арып-ашып, жоқшылықта күн кешеді. Бірақ өзі де қара жаяу емес еді. Зергерлік өнері бар, ісмер кісі болыпты. Шама-шарқынша балаларының барлығында осы өнер жолына баулып, білгенің, көңілге түйгенін үйретіпті.

Сол он сегіз баланың ішінен Альбрехттің зейіні мен бейімі барлығын әке жүрегі ерте сезіп, оның талабына іштей сүйсінеді. Он үш жастағы зерек Альбрехт әке өсиеттерін бұлжытпай орындадыграфика өнеріне ерекше назар аударды. Қолына түскен бор, көмір, қылқалам оның негізгі "ермегіне айналды". Болашақ суретшінің үй-үйдің қабырғаларындағы алуан-алуан тақырыпқа салынған суреттері көз сүрінетіндей болады. Оның салған суретін көрген жұрт сүйсінбей өте алмайтын.



А. Дюрер. Агнеса Дюрер. Қыл қалам. 1494

Оның алтыннан, күмістен және басқа да асыл тастардан жасаған өрнектері, әшекейлі бұйымдары назар аударта бастайды. Алайда білікті маман, нағыз шебер болу үшін әке тәлімі аз еді. Білімін көтеріп, тәжірибе жинақтау үшін А. Дюрер 1486 жылы көрнекті өнер қайраткері Михаэль Вольгемут шеберханасына оқушы болып барады. Сонда өткізіген үш жыл үлкен үйрену мектебі, ізденіс жолы болды. Кейін осынау игілік жолын одан әрі жалғастырып, басқа да көптеген суретшілердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алады. Саяхат Майндағы Франкфурт қаласынан басталды. Рейн өзенімен жоғары жүзіп СтрасбургКольмарБозел қалаларын аралайды. Өзімен пікірлес көптеген достар табады. Төрт жылғы саяхат оған ұшан-теңіз білім береді. Ұстазы Вольгемут шеберханасында сурет салудың техникалық тәсілдері мен әр түрлі материалдарды пайдалануды үйренсе, Германияның басқа қалаларын аралау сапарынан адам анатомиясын зерттеп дене қимылдары механикасына зер салады, кітап басу ісіне, оны көркемдеу мәселелеріне ерекше назар аударады.

Кольмар қаласындағы әйгілі кітап бастыру ісімен танысып, көптеген білім, ғылым, мәдениет қайраткерлерімен де жүзбе-жүз кездесіп, олардан көптеген ақыл-кеңес алады.

Ел аралау кезінде А.Дюрер салған суреттер сан жағынан аздау, саусақпен санағандай еді. Оларға “Автопортрет” (1484 жыл), "Әке портреті" (1486 жыл, екеуі де Вена қаласында), "Әулие Христос" (1486), "Адасқан ұл", "Ерлер моншасы" (1497), "Самсон", "Геркулес" (1498) және тағы басқа суреттер жатады. Кейіннен салған түрлі табиғат көріністері, хайуанаттар суреті — бұл туындылар Дюрердің аз уақыт ішінде нағыз қылкалам шебері болып қалыптасқанын, өз ерекшеліктері бар ойшыл суретші екенін танытқанды.

Дюрер Италияда болуды армандайтын, таулы Тирольді, мәңгі мұз шыңдары күн көзімен шағылыскан Альпіні, ақындардың талайы жыр еткен ғажайып қала Венецияны оймен шарлайтын. Соның сәті 1494— 1495 жылдары ғана түседі. Табиғаттың ғажайып көріністерін көріп, сәулет өнерінің, қылқалам күдіретінің небір классикалық үлгілерімен танысады. Ірі баспаханалардың жұмысын қызықтап, Джованни Бельини, Карраччи, Мантенья, Поллайоло туындылары қиялына қанат, ойына шабыт береді. Осы сапардан қайтып оралған соң, Дюрер ерекше шығармашылық шабытпен іске кіріседі.



Бұл жерде айта кететін бір жайт, XV ғасырдың аяғында Германияда көптеген әлеуметтік толқулар басталды. Феодалдар, князьдар алауыздығы елді саяси бытыраңқылыққа итермеледі. Император өкіметі, католик шіркеуі ұзаққа созылған бақталастық соғыстан титықтады. Бұл кез Реформация мен ұлы шаруалар соғысының қарсаңы еді.

Көреген де сезімтал азамат Германия үшін орасан зор маңызы бар, пісуі жеткен бірқатар мәселелерге өз шығармалары арқылы жауап беруге тырысты. Соның бір тамаша айғағы — “Апокалипсис” деп аталатын он бес гравюра. Бұл шебер жазылған туындыда Дюрер "Ақырзаман болады-мыс" деп халықты үрейлендірген шіркеу өкілдерін өлтіре сынға алды. Халық Дюрердің шығармасының күшті идеясын, ішкі философиялық мәнін терең түсініп, есімін мақтан тұтады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет