Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы



бет1/7
Дата27.02.2020
өлшемі2,79 Mb.
#57766
  1   2   3   4   5   6   7
20.01.2015 жылғы редакциясында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысы
Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 429 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар);

2) жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесі;

3) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітілсін.



Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 429; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2014 № 763 қаулыларымен.

1-1. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесін бекітсін.



Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 429 қаулысымен.

1-2. Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар тізбесі бекіту ұсынылсын.



Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 429 қаулысымен.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жыл сайын, жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша (25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.



Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 429 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша

(10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспарлаудың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының




Премьер-Министрі

С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары



Р/с



Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру

1.1. Бәсекелес ортада қызметін жүзеге асыратын және жекешендіруге берілуге тиіс мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін қалыптастыру

1

Заңды тұлғаларды коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияларды құру

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша), өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді




2

Мынадай базалық критерийлерді:

1) қызметін осы тауар нарығында жүзеге асыратын;

2) әлеуметтік қызметтер

көрсетпейтін (бәсекелестіктің мүлде болмауы не халықтың осы көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін толық

қанағаттандыру үшін жекеше заңды тұлғалар саны жеткіліксіз болған кезде);

3) қызметі ұлттық қауіпсіздік,

мемлекеттің қорғаныс қабілеті немесе құқық тәртібі мәселелерін қозғамайтын жеке тұлғалардың немесе жекеше заңды тұлғалардың болуын ескере отырып, жекешелендіру немесе өзге иеліктен айыру негізінде Жеке секторға

берілуге тиіс мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін



қалыптастыру

Республикалық меншік бойынша - Комиссия шешімдері

Республикалық меншік бойынша - ЭБЖМ, БҚА, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - өңірлік комиссиялар шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҚА, ҰКП (келісім бойынша)

3

Республикалық және коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау

Республикалық меншік бойынша - Қаржыминінің бұйрығы

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

4

Мемлекет қатысатын ұйымдар жұмыс істейтін тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне тұрақты негізде талдау мен бағалау жүргізу. Олардың осы тауар нарығында одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу

Республикалық меншік бойынша — Комиссия шешімдері

БҚА, ҰКП (келісім бойынша)

Жартыжылдық негізде, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - өңірлік комиссиялар шешімдері

1.2. Сату алдындағы дайындық және мемлекеттік меншік объектілерін сату

5

Сауықтыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізілгеннен кейін сатылуы мүмкін Мемлекет қатысатын рентабельді емес ұйымдардың тізбесін қалыптастыру

Республикалық меншік бойынша - Қаржыминінің бұйрығы

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ТСУО

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

6

Мемлекет қатысатын рентабельді емес ұйымдарды сауықтыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

ЭБЖМ-ге есеп

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині

Жартыжылдық негізде, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

7

Республикалық және коммуналдық мүлікті иеліктен айыру тетіктерін таңдау бойынша айқындалған критерийлерді ескере отырып, тиісті салалардағы уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік меншік объектілерін сату шарттары бойынша ұсыныстар беруі

Республикалық меншік бойынша - Қаржыминіне ұсыныстар

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ТСУО

Мемлекеттік меншік объектіле ін сату туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір ай ішінде

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

8

Жеке меншікке берілуге тиіс мемлекет меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген мемлекеттік меншік объектілерін сату туралы шешім қабылдау

Республикалық меншік бойынша - Қаржыминінің бұйрығы

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині

2014 жылғы мамырдан бастап, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

9

Жекешелендіру түрін көрсете отырып, мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілері болып табылатын мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ТСУО

2014 жылғы мамырдан бастап, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

1.3. Ерекшілігін ескере отырып, жекелеген салаларда қызметін жүзеге асыратын мемлекет қатысатын ұйымдардың одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

10

Мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын мемлекет қатысатын ұйымдардың одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі бірыңғай тәсілдерді әзірлеу:




10.1.

білім беру

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




10.2.

денсаулық сақтау

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




10.3.

мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Мәдениетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




10.4.

дене шынықтыру және спорт

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




10.5.

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




10.6.

бұқаралық ақпарат құралдары

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БАА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді




1.4. Рәсімдік-іске асыру іс-шаралары

11

«Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 шілдедегі № 1052 қаулысының күші жойылды деп тану

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржымині, ДСМ

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді




12

Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді жүргізу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында жекешелендіру жөніндегі тиісті комиссиялардың құрамдарына ҰКП, өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерін енгізу

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині ММЖК-нің бұйрығы

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині ММЖК, ҰКП (келісім бойынша) және өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) және өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

13

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда акциялардың қосымша эмиссиясын шығару және орналастыру бойынша корпоративтік шешімдер қабылдау

Ұйымдарды басқару органдарының шешімі

республикалық меншік бойынша - ТСУО коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы мамырдан бастап, тұрақты

Талап етілмейді




14

Жеке меншікке берілуге тиіс мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген мемлекеттік меншік объектілерін сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру

Сатып алу-сату шарттары

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині

2014 жылғы мамырдан бастап, тұрақты

2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде: республикалық меншік бойынша 016 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу», коммуналдық меншік бойынша 009 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу»

Республикалық және жергілікті бюджеттер

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың активтерін жеке секторға беру

15

Компаниялар активтерін өткізу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында бәсекелес ортаға активтерді беру жөніндегі тиісті комиссиялардың құрамдарына ҰКП, және өзге тұлғалар өкілдерін енгізу

ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының шешімдері

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша) және өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




16

Жеке меншікке берілуге тиіс компаниялардың тізбесін қалыптастыру

Комиссияның шешімі

ЭБЖМ, ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




17

Компаниялар жұмыс істейтін тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау мен бағалау жүргізу және олардың осы тауар нарығына одан әрі қатысуының орындылығы бойынша ұсыныстар енгізу

Комиссияның шешімі

БҚА, ҰКП (келісім бойынша)

Жартыжылдық негізде, тұрақты

Талап етілмейді




18

Жеке меншікке берілуге тиіс компаниялардың тізбесін бекіту

ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының шешімдері

ҰБХ, ҰХ, ҰК (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым - шілде

Талап етілмейді




19

Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған оларды сату алдындағы дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен кейін сатуға болатын компаниялардың тізбесін қалыптастыру

ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді




20

Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында оларды сату алдындағы дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізу

ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусымнан бастап, тұрақты

Талап етілмейді




21

Компанияларды және олардың активтерін сауда-саттыққа шығару кестесін әзірлеу және бекіту

ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді




22

Компанияларды және олардың активтерін іске асыруды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күні

Талап етілмейді




23

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар корпоративтік құрылымының көпдеңгейлілігін (еншілес, тәуелді компаниялар) қысқарту бойынша ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қазан

Талап етілмейді




3. Мемлекеттік меншіктің оңтайлы құрылымын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік меншікте қалатын ұйымдарды оңтайландыру

24

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын айқындай отырып, мемлекет қатысатын ұйымдарды оңтайландыру және олардың одан әрі жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар дайындау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Республикалық меншік бойынша - ТСУО, ҰКП (келісім бойынша) коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді




25

Мемлекеттік кәсіпорындарды, жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қайта ұйымдастыру және жою туралы шешімдерді қабылдау

Республикалық меншік бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары

Республикалық меншік бойынша - ТСУО, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілдеден бастап, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

26

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині ММЖК-нің бұйрықтары

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині

2014 жылғы шілдеден бастап, тұрақты

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша — облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері

коммуналдық меншік бойынша — облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері

27

Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін концессияға беру

Концессия шарттары

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган концессия шартын жасасуға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар

2014 жылғы шілдеден бастап, тұрақты

Талап етілмейді




28

Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік меншік объектілерін жеке бизнеске пайдалануға беру жөніндегі комиссиялар құрамдарына ҰКП, өзге тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерін енгізу

Республикалық меншік бойынша Қаржымині ММЖК-нің - бұйрықтары

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша) және өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді




коммуналдық меншік бойынша — облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдері

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) және өзге мүдделі тұлғалар мен ұйымдар

5. Ақпараттық қамтамасыз ету

29

Жекешелендіру объектілерін сату туралы хабарламаларды мерзімді баспа басылымдарында және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жариялау

Ақпараттық хабарлама

Республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 - 2016 жылдар, тұрақты

Мынадай 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде: республикалық меншік бойынша 016 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіргеннен кейінгі жұмыс және онымен байланысты дауларды реттеу», коммуналдық меншік бойынша 009 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіргеннен кейінгі жұмыс және онымен байланысты дауларды реттеу»

Республикалық және жергілікті бюджеттер

коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

30

Компанияларды және олардың объектілерін (бейінді, бейінді емес) бәсекелес ортаға өткізу (өтінім беру мерзімдері, қажетті құжаттар мен өзге мәліметтер тізбесі) бойынша ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, компаниялардың веб-порталдары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және әртүрлі салалардың кәсіпкерлер қауымдастықтары арқылы жариялау және тарату

Ақпараттық хабарлама

ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 - 2016 жылдар, тұрақты

Талап етілмейді




31

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруді жүргізу, компаниялардың активтері мен объектілерін жеке секторға өткізу барысы туралы мақалаларды жариялау

Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларды жариялау

ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)

2014 - 2016 жылдар, тұрақты

Талап етілмейді



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігі

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау

агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

ҚМ ММЖК Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

СДШІА - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі

БАА - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

ТСУО - тиісті саладағы уәкілетті орган

ҰКП - Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰБХ - ұлттық басқарушы холдингтер

ҰХ - ұлттық холдингтер

ҰК - ұлттық компаниялар

Мемлекет - мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қадағалайтын

қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі

ұйымдар серіктестіктер

Компаниялар - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық

холдингтердің, ұлттық компаниялардың еншілес және

тәуелді ұйымдары

Комиссия - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16

сәуірдегі № 365 қаулысымен құрылған Квазимемлекеттік

сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын

мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі

комиссия


Өңірлік - Жергілікті атқарушы орган құрған Квазимемлекеттік

комиссия сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын

мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі

өңірлік комиссия

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 қаулысымен
бекітілген

Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар


Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет